Сабақ жоспарының үлгілері


I бөлім Бастауыш сынып оқушыларының ана-тілі сабақтарында кіші мектеп жасындағы оқушылардың тәрбиесіндегі халық педагогикасының озық дәстүрлерінің теориялық негіздері



бет2/12
Дата25.05.2022
өлшемі146.66 Kb.
#458642
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Бастауыш мектеп оқушыларының адамгершiлiк тәрбиесi

I бөлім Бастауыш сынып оқушыларының ана-тілі сабақтарында кіші мектеп жасындағы оқушылардың тәрбиесіндегі халық педагогикасының озық дәстүрлерінің теориялық негіздері
Қаншама заман өтсе де, маңызын жоймаған халықтық педагогиканы тәлім-тәрбиенің туы қазығына айналдыру ата-ананың да, мектеп ұйымының да басты борышы.
Қоғам барлық тарихи даму кезеңдерінде халық педагогикасы жайлы ұғымды анықтау, әр түрлі ғылыми-педагогикалық көзқарастарды қалыптастыру проблемаларына көптеген ғалымдар, педагогтар көңіл аударды, құнды пікірлер айтты, өмірлік мұра қалдырды.
Әр халық өзінің жас ұрпағын қайырымды, адал, үлкенді құрметтейтін әділ, ержүрек ізгі ниетті, ал-жданы мол болып өссін деп армандайды, бұл мәселені өзінің тұрмыс салтына байланысты шешіп отырды. Ол үін ғасырлар бойы қолданып, сұрыпталып, өмір тәрбиесін сыннан өткен салт-дәстүрлерді педагогикалық әдіс-тәсілдерді пайдаланып келеді.
Халықтық педагогика дәуірдің небір қатал сынынан өтіп, жаңарып, шым болаттай тіршілік тынысы және салт-дәстүрлері мен біте қайнасып, бірге жасалып келе жатқан қазына.
Қазақ халқының ұлы педагогы, этнографы жазуы Ы.Алтынсарин өзінің әдеби және педагогикалық еңбектерінде қазақтың фольклорын пайдалана білген.
Ы.Алтынсарин барлық еңбектерінде жеке адамның жоғары қасиеттерін қалыптастыруда еңбек, адамгершілік ақыл-ой тәрбиесінің ерекше орын алатынын атап көрсетеді. Кемеңгер ұстаз Ы.Алтынсарин ұлағатты сөздерді, педагогикалық мұраларды халық педагогикасында үлкен орын алады. Оларды қазіргі қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрінің қайта жаңғырту кезеңінде кең мағынада насихаттау әрбір ғалымның, мұғалімнің борышы болуы қажет.
Қазақтың ағартушы-педагогтары А.байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.аймауытов, М.Дулатов, Х.Досмұхамедов ұстаздық етуде және тәлім-тәрбиелік еңбектер жазуда өз ұлттың салт санасын терең зерттеген. Сан ғасырлық тарихы бар ата-бабаларының халықтық педагогикасына терең ғылыми талдау жасады. Сөйтіп, олар қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан әдеп-ғұрып, салт-дәстүрімен тәлімдік мұраларын жас ұрпаққа, ұлттық тәрбие беруде пайдалану жолдарын көрсетті. Сол мақсатта олар қазақ мектептерінің оқушылары мен мұғалімдеріне арнап оқулықтар, қу құралдар және әдеби шығармалар жазды.
А.Байтұрсынов қазақтың халық педагогикасын жан-жақты зерттеп, қазақ этнопедагогикасының негізін қалады, ұлттық білімнің шамшырағы болды.
Халық педагогикасының арқауы-ауыз әдебиеті мен халықтық салт-дәстүрлері. Ауыз әдебиеті мен халықтық салт-дәстүрлері-ұлттық тәрбиенің негізі. Міне, осы тұғырлы-тұжырымды ірі ғалым лингвист, әдебиет зерттеуші дарынды ақын, аудармашы, қазақ тілі бөлімінің іргетасын қалаушы, қазақ баспасөз тілінің ұлттың үлгісін жасаған талантты көсем сөз иесі, туған халқының рухани дүниесін жандандырған ғұлама – А.Байтұрснов жан-жақты жерттеп, олардың тәрбиелік мәлін ашып берді. Ол қазақ этнопедагогикасының негізгі нұсқаларын зерлей зерттеп, талғай тауып, олардың ғылыми теориялық негіздерін жасады.
М.Жұмабаевтың ”Педагогикасы” нағыз ұлттық тәрбиені насихаттауға бағытталған, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу мақсатында мектеп мұғалімдері мен тыңдаушыларға арналып жазылған тұңғыш халық этнопедагогикалық еңбек деп толық айтуға болады. Өйткені, Мағжан ”Педагогикасының” басты ерекшеліігі – оның қазақ топырағымен тығыз байланыстығында, өзі айтқандай, қабысып жабқанында. Оқулықтың басынан аяғына дейін ұлттық тәрбие басшылыққа алынып, оған сүйеніп, ұлттық тәрбие беруге мұғалімдерді даярлау туралы ой-пікірлерінің айтылуы қазіргі кезде қазақ мектептерінде оқу-тәрбие үрдісіне ұлттық мазмұн беру қажеттілігімен сипатталады.
Ж.Аймауытов – ақын, жазушы, драматург, сыншы, публист, аудармашы педагог. Ұстаз жазушы ”Тәрбие жетекшісі” деген педагогикалық еңбек жазып, қазақ халқының ұлттық тәлім-тәрбиесіндегі келеусіз жағдайларды ашып көрсетті де, тәрбие ісінде баланы ынталандыру тәсілдерін ұсынды. Баланы шындыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу үшін, оған талап қоя білу, қойған талаптың орындалуын қадағалау, баланың ішкі дүниесіне терең үңіліп, оны арман-тілегі қарай демеуші тәсілдерді қолдау әдісін уағыздайды.
Дарынды зерттеуші 1926 жылы қазақтың ұлттық жан тіршілігін терең көрсетіп, бүкіл адамзаттық психологияның негізінде оқулық жазып, оны ”жан жүйесінің ғылымы” деп атады.
Мұхтар әуезов - қазақ халқының ұлттық мәдени мұраларын жоғары бағалап, рухани байлығын ұлылықпен ашып көрсете білген, қазақ халқын бүкіл әлемге танытқан ғұлама жазушы. Ол қазақ этнопедагогикасының бір негізі – ауыз әдебиетін жан-жақты терең зерттеп, халық педагогикасын қадірін халыққа таныта білді.
М.Әуезов ең әуелі батырлық жырлар мен ғашықтық жырлардың халықты тәрбиелейтін қасиеттерін ашып ”Қыз Жібек”, ”Қозы Көрпеш – Баян сұлу” сияқты ғашықтық жырлардағы қазақтың салт-дәстүрлерінің қайырымды қасиеттерін толғап, таңдап, мөлдір махаббат пен табанды күрескерлікті жастарға үлгі етіп көрсетеді. Қазақ халқының ақындық, өнерпаздық қасиеттерін рухани мұра ретінде ұрпаққа ұлағаттылықпен ұсынды.
Батырлық жырлардың әлемдік әсем нұсқаларын, әсіресе, қырғыз халқының ”Манас” эпосын қазақ эпосымен салыстыра зерттеген ғалым, эпостық ұлы шығармалардың қазақ ауыз әдебиетінде мол екенін дәлелдеп, қазақ халық педагогикасының кереге-қабырғасы кең екенін кейінгі зерттеушілерге айқындап береді.
Халық педагогикасының ауқымды бір саласы – ертегілер. Ұлы ұстаз ертегілердің тәрбиелік мәнін терең ашып, ”Адамдағы кемдікті, мінді бадырайтып, ұлғайтып, жиреншікті етіп көрсету үшін, хайуанның мінез-құлқын дәл адамның мінез-құлқындай етіп сурет әсерлі болады”- деп көрсетеді. Педагог жазушы:… ”Ертегілердегі аса мол атаулар, ұғымдар, ақындық, образдық, стильдік теңеу сөздер қазақ хлқының тілін байытады” - дейді.
Торайғыров Сұлтанмахмұт қазақ халық педагогикасының ой-мақсаттарын өз шығармасы арқылы халық санасына жеткізе білген ұлы ақын. өз өмірінде біраз жылдар журналистік, педагогтық қызмет атқарған ақын ұлттық білім, халықтық тәрбие ісінің келеңсіздік жағдайларын зерлей зерттеп, ұрпақтың үмітін озыдырып, келешегіне кемелді жол сілтеді.
Дарынды жазушы, ”Қамар сұлу” романы мен ”Кім жазықты”, ”Кедей” т.б. поэмаларында қазақ халқының ұлттық дәстүрлеріндегі келеңсіз жағдайларды қатты сынап, дәстүрлердің озықтарын, жаңаша қалыптаса бастаған түрлерін ұлттық мәдениетке пайдалана білуді ұсынды. Халық педагогикасының негізгі бір саласы – ұлттық салт-дәстүрлердегі ”қалың мал” беріп еріксіз үйлендіру, еріксіз ”атастыру” т.б. кесір дәстүрлерге жол беру – ұлттық мәдениетке зардабын тигізетінін ашып айтып, Оңбайды бұл әдетпен қазақ халқы, бұл себеп ақырында қалмасқа ізі деген пікірін айтады.
Ақын ”Мен кіммін” , ”Қала ақыны мен дала ақыны” деген шығармалар арқылы тұрмыс-салт дәстүрлерінің пайдалы, зиянды жақтарын айқындап айтып, ұрпақтың келешегін кемелдендіретін ата дәстүрлерді алға тартады. Әсіресе, халықтың қайырымдылық дәстүрін жоғары бағалап, ”Бишараны шын досқа санар едім” сол үшін оқ астыма барар едім” деп қайырымдылықтыың үлгісін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет