Тілдік мақсаттар
|
қауіпсіздік техникасы, тәуекелдер;
физикалық қасиеттері, қозғалыс дағдылары
жүгіру, секіру, лақтыру
таңғы гигиеналық гимнастика
төзімділік, күш, жылдамдық, икемділік
дәлдік, бақылау эстафеталар, жеделдету,командалық жұмыс
|
Құндылықтарды дарыту
|
Білім алушылар бір - бірімен келісіп және үйлесімді жұмыс жасауға тәрбиелеу.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Сауат ашу,музыка
|
АКТ қолдану дағдылары
|
|
Бастапқы білім
|
Бұл тарауда оқушылар тапсырмалар арқылы өздерінің жүгіру, секіру және лақтыру дағдыларын дамытады. Оқушылар жүгіру, секіру және лақтыру техникасын, кейбір үйлестіру қабілеттерін дамытады және дене шынықтыру сабағы кезінде жарақат алудан сақтану шараларына назар аударады.
|
Сабақ барысы
Б-барлық сынып, Т-топтық, ЖЖ- жұпптық жұмыс, Ж- жеке,
Тәж -оқушы тәжірибесі,К- мұғалімнің көмегі, Ф-фор.бағалау.
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
10мин
|
Ынтымақтастық атмосферасы.
Б. Оқушыларды шеңберге тұрғызып, бір-біріне бүгінгі сабаққа сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдіреді.
К Ж.Бой сергіту жаттығулары.
Қолға, аяққа арналған жаттығуларды білесіңдер.
- Білім алушылар өз жауаптарын айтады.
-Орындай алатын жаттығуларын көрсете алады.
|
Әр жаттығуға кең, ашық кеңістік. Әр оқушыға үлкен көбік доп.
Доптар: түрлі мөлшер,
Ысқырық,
жалауша,бор.жіп,секіртпе
Іс-әрекеттің әрбір түріне арналған кең алаң
|
Сабақтың ортасы
25 мин
|
(Б, К) Қозғалмалы ойындардағы қауіпсіздік ережелері бойынша нұсқама.
(Ж, К, ҚБ) Түрлі қалыптан тура бағытта жүгіру. Жүгіру жолында паралелді үш сызық сызылады. Алғашқы екеуінің (А, В) - сөрелік сызық бір- бірінен арақашықтығы 5-7 м, үшіншісі (С) – мәрелік, (В) сызығынан 15-20м қашықтықта орналас
Оқушылар екі топқа бөлінеді: мысалы, «қызылдар» және «көктер». «Қызылдар» сөрелік сызықтың біреуіне, ал «көктер» екіншісіне орналасады. В сызығында орналасқан команданың оқушылары отырған немесе жатқан қалыпта болады, А сызығында орналасқан команданың ойыншылары жоғарғы сөрелік қалыпта болады. Белгі бойынша екі команданың қатысушылары жүгіруді бастайды. В сызығынан шығатын ойыншылардың міндеті А командасының ойыншыларына жеткізбей, сөреге тезірек жету. Әр ұсталған ойыншы үшін командаға 1 ұпай беріледі.
Ойын бірнеше рет қайталанады. Келесі жүгірісті өткізу үшін ойыншылар орындарымен ауысады. Көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді
|
(Т, Ж, ҚБ) Сыныпты екі топқа бөлу, ойынға қатысушылар бір тізбекке тұрады. Тізбектің басына бірінші команданың ойыншылары тұрады, олардан кейін екінші команданың ойыншылары орналасады. Әр ойыншы алдында тұрған ойыншының белінен ұстайды. Бірінші ойыншы –
«басы», соңғы ойыншы - «құйрығы». Мұғалімнің белгісі бойынша «басы»
«құйрығына» жетіп алуға тырысады. Белгіленген уақыттан кейін командалар ойындарымен ауысады.
|
|
Сабақтың соңы
5 мин
|
Рефлексия
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
-Толықтай түсінсе бас бармағын жоғары котереді
-Түсінуге жақын болса ,аздап білсе бас бармағын орташа ұстайды
-Егер түсінбесе,сенімсізболса бас бармағын төмен түсіреді
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |