Сабақтар (сағаты) 15 соөЖ (сағаты) 15 СӨЖ (сағаты) 45 Барлық сағаттар 90 Курстың мақсаты



Pdf көрінісі
бет18/60
Дата26.04.2024
өлшемі6.9 Mb.
#499894
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   60
Снимок экрана 2024—04—18 в 22.58.51

жеті колледжде ашылды. ХІХғ. аяғына қарай Америкада жалпы есеппен 27
психологиялық лабораториялар мен кабинеттер бар екені анықталды.
1894ж. Д.Кеттел жəне Д.Болдуин төмендегідей белгілі журналдарды шығара


бастайды: 
«Психологическое 
обозрение», 
«Психологические 
монографии»,
«Психологический индекс», «Психологический бюллетень»(1904).
Психологияның жеке ғылым ретінде қалыптасуының бірінші нұсқасы Вильгельм
Вундтың (1832-1920) физиологиялық психологиясы болды. Ол қабылдау аумағындағы
өзінің зерттеулерін Гейдельберг университетінде бастады.
Олардан «Қабылдау теориясының очерктері» (1862) кітабы құралды. Бұл
«Очерктерде» Вундт психологияны эксперименталды ғылым ретінде дамытады. 1863
жылы шыққан «адам жəне жануарлар жаны туралы дəрісте» Вундт экспериментпен қатар
психологиялық зерттеулердің деректемелерін адам жанының өнімін саралау деп атайды.
Бұл ойлар халық психологиясының дамуының міндеттерін белгіледі. Сонымен, 60
жылдардың басында эксперименталды жəне мəдени – тарихи екі əдісті біріктіретін
психологиялық бағдарлама қалыптасты. 1874 жылы шыққан Вундтың «физиологиялық
психологияның негізі» психологияның жеке ғылым ретінде қалыптасуының бастамасы
болды. Оның нысаны ретінде мына үрдістер жарияланады, яғни бір мезгілде ішкі жəне
сыртқы бақылауларға қол жетімді болатын жəне физиологиялық жəне сонымен қатар
психологиялық қыры бар жəне сондықтан да тек физиологиялық немесе тек
психологиялық болып түсіндірілмейтін: бұл түйсінулер жəне қарапайым сезінулер. Əдіс
бойынша физиологиялық психология эксперименталды психология болып табылады. 1875
жылдан бастап Вундт Лейпциг университетінде жұмыс істеді. Мұнда 1879 жылы
психологиялық лабораторияны жасап шығарды, осының негізінде басынан-ақ
психологтарды дайындайтын халықаралық орталыққа айналған, екі жылдан кейін
эксперименталды психологиялық Институт қалыптасты. Мұнда Э. Крепелин, Г.
Мюнстерберг, О. Кюльпе, А.Киршман, Э.Мейман, К.Марбе, Т.Липпс, Ф.Крюгер
(Германия), Э.Титченер (Англия), Э.Скрипчур, Ф. Энджелл, Ст. Холл (Америка),
В.М.Бехтерев, В.Ф.Чиж, Н.Н.Ланге (Россия) жəне тағы да басқалары оқыды.
Психологияның жеке ғылым ретінде қалыптасуы тарихының басталуынан Вундтың
мектебі құрылды.
Вундт зерттеушілікпен қатар үлкен мұғалімдік іс – əрекетін атқарды. Оның көлеміне
Вундтың Лейпцигте əр жылдары курстардың бір – бірден тізімін жатқызуға болады: əдіс
туралы ілім мен логика, тіл психологиясы, психология, психологияны айқындаушы мидың
жəне жүйке жүйесінің физиологиясының ортақ нəтижелері, жаңа философия тарихы,
космология, математикалық логиканың құрамдас бөліктері, натурофилософияның
құрамдас бөліктері, халық психологиясы, құқық философиясы жəне əдеп негіздері,
метафизика негізі жəне т.б.
1880 жылдары Вундтың философиялық онкүндігі ретінде танымал. Бұл кезеңде
оның философия, əдеп, логикаға байланысты көптеген мақалалары жəне кітаптары
шығады. 1896 жылы Вундтың психологиялық жүйесі қысқаша мазмұндалған «Психология
очерктері» шығарылды. 1911 жылы «Психологияға кіріспе» жарық көрді. 1900 жылдан
бастап он томдық «Халық психологиясы» шыға бастады. Басылым 1920 жылға дейін
жалғасты. Оның соңғы кітабы – «Еске түсіру» (Erlebtes und Erkanntes). Вундт 420 кітап
жəне мақалалар жазды. Вундт 1920 жылдың 31 тамызында дүниеден озды.
Психология пəнінің бұрынғы түсінігін (жан жəне ішкі тəжірибе туралы ғылым) сыни
талқыға сала отырып, Вундт психологияны тура тəжірибе туралы ғылым деп жаңа
анықтама берді. Объект пен субъект ажырамас біртұтастық ретінде көрсетіледі: кез –
келген объект ұсынылған объект болып табылады (Vorstellungsobjekt). Бұл ұғым Вундта
Махтың «бейтарап бөліктері», ұғымымен сəйкес, яғни: тəжірибеде субъект жəне
объектінің ажырамас қағидасы, объективті əлемнің болуы субъектіге тəуелсіз болуы
күмəнді болуы ретінде қарастырылады. С.Л.Рубинштейннің мінездемесі бойынша, Вундт
психологияны оның бағытындағы махистикалық жолына бағыттады. Бірегей тəжірибені
екі түрлі көзқараспен қарастыруға болады. «Бұл көзқарастардың айтуы бойынша, əр
тəжірибе тікелей екі факторға бөлінеді: бізге берілген мазмұнына жəне бұл мазмұндағы
біздің қабылдау тəсіліне». Танымдық субъектіден алаңсыз алынған жəне объективті
құбылыстардың байланысын табуға бағытталған тəжірибе жаратылыстануды оқытады.
Бұл əдістік тəжірибе. Тəжірибе, оның қарым – қатынасында субъектіні жəне оған
субъектілі жазылатын қасиеттерін қарастырады, бұл тікелей тəжірибе, психологияны да
оқытады. Психология, тікелей тəжірибені ғылым ретінде анықтауда Вундтың мəлімдеуі
бойынша, яғни субъектіге берілген түріндегі мазмұнының байланысын көрсететін
эмпирикалық психологияның түрлері болып табылады.
Бұл мақсатта, психологияны оқытудағы объектісі сана болып қала береді. Бірақ Вундт
оның сипаттамасына жаңа бағыт енгізеді. Вундт барлық ескі психологиядағы
интеллектуализмге қарама – қайшылықта психиканы үрдіс ретінде қарастырады. Сонымен
ерік əдеттегі үрдістен алынады. Вундт өзінің психологиясын волюнтаристі деп атай
отырып, өзінің жүйесінің Шопенгауэрдің философиялық волюнтаризмінен ерекшелігін
белгілейді.Барлық ғылымдар қаншалықты бір пəнді əр түрлі көзқараспен оқытса да,
соншалықты «психологиялық жəне жаратылыстық – ғылыми əдістер арасында ешқандай
да принципиалды айырмашылықтар жібермеу керек». Сондықтан да психологияға
эксперименталды əдістерді де қолдану керек, «жаратылыстануды табиғаттын құбылысы
деп қабылдайтын талдауды, яғни психологиялық үрдістердегі тура талдауларды жүзеге
асыру мақсатында болу». Эксперимент өзіндік бақылауды жоққа шығармайды, ол


психологиядағы жалғыз жəне тура əдіс болып қала береді. Мінез – құлық, іс - əрекет –
объективті құбылыс дегенді, - Вундт психологиядан айрықшалады. «Адам өздігінен
ешқайдан пайда болмайды, бірақ қалай өз – өзіне тура беріледі» деген, психологияның
жеке мəселесі болып табылады. Эксперимент тек өзін – өзі бақылауды тура жасауға
мүмкіндік береді.
Бірақ барлық психика эксперименталды оқытуға бағына бермейді. Вундт экспериментті
қарапайым психологиялық үрдістер аймағымен шектеді – түйсік, ұсыну, реакция уақыты,
қарапайым қауымдастық пен сезімдер. Ішкі шектеулер эксперименттегі вундтық
түсініктердің ерекшеліктерімен байланысты: бұл психологиялық емес, керісінше сол
нəтижеге байланысты объективті тіркеу жəне материалдық қозулардың жоспарлық
өзгерістеріне бағытталған психофизикалық жəне психофизиологиялық эксперимент.
Жоғары психикалық даму жəне психикалық қызметтік зерттеулер басқа əдістерді қажет
етеді. Нəтижесінде, Вундт тұлғалар арасындағы қарым – қатынас құралы болып
есептелетін: тіл, аңыз, салт – дəстүрді адам жанының өнімі деп есептеді. Психологиядағы
бұл бөлімді ол оған жекелік эксперименталды психологияны қарсы қоя отырып, халық
психологиясы деп атады. Вундтың əдістері мен құрамы бойынша ерекшеленетін, əр түрлі
бағытталған екі психологиясының кіріспесі бойынша, жан туралы ғылымға жəне
жаратылыстануда, біртұтас ғылымның бөлінуі болады, яғни бірден – бір себеп болып ХХ
ғасырдың екінші он жылдығында психологияда дамыған дағдарысты ашатын мінез –
құлық белгісі табылады. Вундтың психологиялық жүйесі элементтерді (туйсік жəне
сезім), жан заңдылықтары зерттеулерінің элементтері мен құралдары арасындағы
байланыстарды саралауды оқытады. Бұл бағдарламада Вундтың атомизмі айқын көрінеді,
қауымдастық психологиясына сай келетін: өзінің табиғатын сезіну, біріншілік, күрделі
екіншілік құрылу сияқты қарапайым элементтер. Бірақ Вундт қауымдастықтың шегіне
дейін күреседі: ол қауымдастық өнімінде зейінің алғашқы элементтерге жатпайтын жаңа
сапаларға аударады. Вундт барлық қауымдастықты бір қақытты жəне бірізді деп бөледі,
яғни өз кезегінде бірнеше нысаны болатын: бір уақыттық құйылу, ассимиляция –
диссимиляция жəне шиеленісу нысанында болады, бірізді – тану жəне еске түсіру.
Қауымдастықтың бұл түрлерінде ес жəне қабылдау жасырынады. Вундт ескі
психологияның қызметтерімен күресе отырып, қауымдастық бірлестігінің біртұтас
нəтижесі ретінде қарастырады. Қауымдастық субъектінің белсенді қатысуынсыз өтетін,
енжар түрде қарастырылады. Вундтың психологиясында субъект те жоқ, тұлға да жоқ: «...
барлық психикалық – бұл құбылыстың тікелей ауысымы, үздіксіз құрылулар мен
көрінулер...Өзінің түсіндірілуінде бұл жан өміріндегі анық деректер ешқашан басқа
субстрактіні қажет етпейді, сонымен қатар өзімізге берілген болса». Вундт
қауымдастықтан басқа, апперцептивті байланыстарды ажыратады. Олар сананың белсенді
қатысуымен қалыптасады. Апперценция – бұл сананың ерекше қызметі, ішкі зейінінің
көрінуінен жəне субъекттің белсенділігімен пайда болады. Санадағы барлық жиынтық
құрамынан, жай перцепциядан, апперцепция немесе зейін объектіні белгілейді,
нəтижесінде оның қабылдауы анығырақ жəне айқынырақ болатын: ол сананың анық
нүктесіне еніп – апперципирияланады. Іс – əрекетке дайындық үрдісіндегі əр түрлі
негіздемелер арасындағы таңдауларға бағытталған апперцепция ерік болып табылады.
Вундт апперцепция жəне зейін, ерік ұғымдарын жақындастырып қана қоймай, сонымен
қатар оларды қарастырады. Ұсынылған апперцептивті тіркестер апперцепция өнімі болып
табылады. Ойлау мен қиялдау апперцепция қызметтерінен көрінеді. Жан өміріндегі
күрделі құбылыстарды ұғына отырып, апперцепция өзі түсіндірілмейді: оның қайнар көзі
санада. Вундтың психологиясының соңғы бөлімі болып психикалық өмір
заңдылықтарын оқыту болып табылады. Олардан сипаттама жиегінен шығу, субъективті
əлемнің ерекшеліктерін өзінше айқындау əрекеттері көрінеді – оларды Вундт психикалық
үрдістегі физиологиялық механизмдерден өзгеше, тəуелсіз психикалық себеп деп атайды.
Бұл заңдылықтар қарым – қатынасты жəне психологиялық қарама – қарсылықты
байланыстыратын жалғасу мақсатындағы шығармашылық туынды. Олардан табиғат
заңдылықтарына сай келмейтін, адам өмірінің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты ішкі
қабылдаулардан берілетін, психологиялық үрдістердің өзіндік ішкі байланыстары
көрінеді. Вундт психологиясын жан өзектілігінің принципі қорытындылайды, яғни оның
түсінігі бойынша санадағы əсерлердің барлық байланыстардан жəне барлық
көзқарастардан жанды өзіндік субстанция ретінде ерекшелейді.
Вундт қарастырған бағдарлама көлемді жəне тəжірибе жүзінде қарапайым
əсерлерден бастап, тарихпен байланысты мəдениет мəселелеріне дейін барлық
психологиялық мəселелерді қамтиды. Оны Вундт психология алдына қойған ыңғай жəне
міндеттердің құрылымына байланысты атауға болады. Сананың құрылымы психология
пəні болып табылады, немесе оларды тек бақылауға болады. Вундтың психологиясы
сенсуализмге жəне элементаризмге тəн, ол мінез – құлықтың жекеленуінде зерттелетін
сананың құрылымымен тұйықталған. Психология міндеті – «бір – бірімен ішкі
байланыстағы бізге қаншалықты үрдіс ретінде берілсе, соншалықты олардың өзіндік
байланыстарынан психикалық үрдістерді талдау». Психологиядағы осындай бағытты
ұстанатын психологтарды И.М.Сеченов «психиканы жекелегендер» деп атады. Вундтың
барлық еңбектерінен тарихи маңыздылары психологияға экспериментті енгізуі,
эксперименталды психологиялық Институтты ұйымдастыруы жəне ( 1876 жылы А. Бэн


негізін салған «Mind» кейін) бірінші жеке психологиялық журнал болып табылатын
арнайы «Психологиялық зерттеулер» (алғашында «Философиялық зерттеулер» )
журналын шығаруы.
Россияда Вундпен бірге психологияны құру бағдарламасын Иван Михайлович
Сеченов (1829 – 1905) жүзеге асырды. Сеченов Петербургтегі əскери инженерлік
училищені жəне Мəскеу университетіндегі медициналық факультетін аяқтады.Маңызды
пікірталастардың ахуалында, əлемдік көзқарастардың Россиядағы жергілікті сұрағына
айналған, адам табиғатына, ерік бостандығына, тəртіптің төмендеуіне қатысты, Сеченов
қиын психологиялық мəселелерді шешуге бағытталған бірнеше жұмыстар қатарын жүзеге
асырды. «Менің міндетім, -деп жазды ол, - келесідей қорытындыланады: оқырмандарға
адамның сыртқы іс – əрекетін танымал анатомиялық үлгімен (А.Ж. қолданған қарапайым
рефлекс) түсіндіру... қандайда бір қолданыстағы жоғары принциптің атынан жəне өзінің əр
қадамына жауап беретін мінсіз күшті ерікпен – бір сөзбен айтқанда, еріктің жоғарғы түрін
ұсынатын іс - əрекетпен».
Психологияны пəн ретіндегі міндеттері жəне психика туралы жаңа ұсыныстары
Сеченов жұмысының нəтижесі болып табылады. Шындығында Сеченовты отандық
психологияның негізін салушы деп есептеуге болады. Оның психологиядағы маңызды
еңбектері: ерікті жəне еріксіз қозғалыс мəселесіне байланысты рефлекторлық теория
қалыптасқан «Бас миының рефлекстері» (1863); «Кімге жəне қалай психологияны өңдеуге
болады» (1873), бұл пікірталаста К.Д.Кавелиннің психология міндеттері мен əдістері,
пəнге көзқарастар, психологияны енгізудегі жалпы бағдарламасы мазмұндалады; «Ой
элементтері» (1878), мұнда танымдық процестерді зерттеудің қорытындысы ретінде
ойлаудың жаратылтану – ғылымдық талдау беріледі; 90 жылғы мақалалар: «Əсер жəне
ақиқат», «Ақиқат жəне пəндік ойлау», «Физиологиялық көзқарастағы пəндік ойлар
туралы» жəне т.б.
«Бас миының рефлекстеріне» Сеченов «психикалық өмірдің пада болуынан
физиологиялық білімнің айқындалу мүмкіндіктерін дəлелдеу» міндетін қойды. Бұл
міндеттін шешімі психикадағы рефлекторлық теорияға айналды. Сеченов бойынша, ішкі
əсерді ұсыну түрінде қабылдау қабілеті (көру, есту жəне т.б.) тəжірибеде рефлекстер
түріне қарай жіктеледі; нақты əсерді, есті, рефлекс арқылы пайда болатын барлық
психикалық іс – əрекетті талдау қабілеті. Психикалық үрдістердің үлгісі рефлекстің үлгісі
сияқты: психикалық процесс бастамасын сыртқы іс – əрекеттен алады, орталық іс –
əрекетпен жалғасады, жауапты іс – əрекетпен – қозғалыс, сөйлеу, əрекетпен аяқталады.
Психикалық үрдіс тұлғаның қоршаған ортамен қарым – қатынас үрдісінен пайда болады
жəне қорытындыланады, яғни біріншілік сезім түріндегі сыртқы əсерден. Түрткілер,
дерексіз ұсынулар біздің тəртібіміздің алғашқы себептері болып табылмайды. Психика
ұғымын психикадан шықпайды, соған қарамастан «өзіндік сана сезім дауысы... күніне
анық шамадан тыс он рет маған айтады, менің ерікті іс – əрекеттерімнің импульсі өзімнен
туындайды жəне мұқтаж емес, демек ешқандай да сыртқы қозудан емес». Сеченов сыртқы
санамыздағы тұйықталған əлемнен психологияны «жұлып алу» талпынысын қабылдайды,
психикалық үрдістердің шығу тегін түсіндіреді, онтогенездегі сананың қалыптасуын
қадағалайды.
Рефлекторлық принцип арқылы психика өзінің себебін алады, өзінің сапасын
сақтай отырып, физиологиялық мінездемеге жанаспайтын. Оның жалғасы «Кімге жəне
қалай психологияны өңдеуге болады » мақаласында жалғасады, тарихшы Константин
Дмитриевич Кавелиннің (1872) кітабымен байланысты жазылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет