Сабақтарға (тәжірибелік, семинарлық, зертханалық) арналған әдістемелік нұсқаулар Бас Бет тен



бет11/13
Дата05.03.2016
өлшемі3.17 Mb.
#43430
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Жылжу, ауытқу (Омыртқаның ауытқуы, таюы) – смещение

Шытынау (сүйек шытынауы) – трещина

Буын таю(шығу) (буынның шала шығуы) – подвывих

Созылуы (иықбуын созылуы) – растяжение (плечевого сустава)

Байламдардың созылуы – растяжение связок

Жамбас түбегейі созылуы – растяжение тазового дна

Алшақтау, ажырау – росхождение

- сүйек сынықтарының бір-бірінен алшақтауы, ажырауы – росхождение

отломки костей

- бассүйек жіктерінің ашылуы, ажырауы - росхождение черепных швов



Соғып алу, соғылған жер (жұмсақ тіндер соғылуы) - ушиб (ушиб мягких тканей)

Қысылу, қысылып қалу, қысып алу – ущемление

Қан ісік, қанды ісік – гематома

4. Бейнесюжеттік тапсырманы орындаңыздар

1-тапсырма: Сүйектерді нөмірлеп, атауларын жазып қаңқаны құрастырыңыз

2 - тапсырма: Сұрақтарға бірден жауап беріңіз

5. Қаңқаның құрылысын суретке қарап жатқа айтып беріңіз.



6. Әдебиет:

  1. Оразымбетова Ғ.Д., Сәлім Е.Қ. Қазақ тілі 2013 ж.

  2. Оразахынова Н.А.

Қазақ тілі ( Сөзжасам. Морфология) : учебное пособие / Н. А. Оразахынова, Ж. Т. Исаева, Г. С. Сүлеева. - Алматы : АРЫС, 2014. - 176 с. : ил

  1. Бектурова А.Ш.

Казахский язык для всех : учебное пособие / А. Ш. Бектурова, Ш. К. Бектуров. - Алматы : Атамұра, 2014. - 718 с.

  1. Бектұров Ш.

Қазақ тілі для начин.: учебник / Ш. Бектұров, А. Бектұрова. - Алматы : Рауан, 2014. - 397 б.

  1. Доскеева Б.Ж.

Қазақ тілі: жоғары оқу орындарының 1 курсына арналған : учебник / Б. Ж. Доскеева. - Алматы : Ана тілі, 2010. - 191 с.

  1. Рысбаева Г.К.

Қазақ тілі: Грамматикалық анықтағыш = Казахский язык. Грамматический справочник / Г. К. Рысбаева. - Алматы : Сөздік-Словарь, 2010. - 192 б.

  1. Сыздық, Рәбиға.

Қазақ тілінің анықтағышы : определитель / Р. Сыздық. - Астана : Елорда, 2010. - 527 б.

  1. Хасанова С.

Контрольно-тренировочные упражнения по морфологии современного казахского языка : учебник / Хасанова С. - 1-е изд. - Алматы : Ана тілі, 2011. - 135 с. : ил

  1. Әуелбеков Ш.

Қазақша сөйлеу үлгілері:Казахский разгов.язык / Ш. Әуелбеков. - Алматы, 2009. - 238 с

7. Бақылау:

  1. Бас сүйегі қандай бөлімдерден тұрады?

  2. Бет сүйектері қандай сүйектерден тұрады?

  3. Иық белдеуі қандай сүйектерінен тұрады?

  4. Жамбас белдеуі қандайсүйектерінен құралады?


1. Тақырып №25 аталуы: Адам ағзасы. Құрмалас сөйлем.

2.Сабақтың мақсаты: адам ағзасы туралы мағлұмат беру; адам ағзасы туралы мәтінінің мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету;адам ағзасы туралы мәтінді пайдалана отырып, әңгіме-сұхбат құрғызу; жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру;

3. Оқытудың міндеттері:

  • Студент білу керек:

- ағза атауларын білуі

- жаңа сөздер, сөз тіркестерін меңгеруі;

- сұхбатқа түсе білуі;

- берілген сұрақтарға сөздік қорды пайдаланып дұрыс жауап беру;

- тақырып бойынша өз ойын дұрыс жүйелі түрде айта алу;


  • Студент істей білуі керек:

- мәтінмен жұмыс істеу барысында мәтіннің мазмұнын өз сөзімен жеткізе білуі керек;

- естігені бойынша қабылдаған мәліметті қорытып, өз ойын айта білуі керек.



4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Адам ағзасы.

2. Қан айналу жүйесі

3. Жүйке жүйесі

4. Ас қорыту жүйесі

5. Тыныс алу жүйесі

6. Тірек-қимыл жүйесі

7. Зәр шығаружүйесі

8. Құрмалас сөйлем.

9. Құрмалас сөйлем түрлері.



5. Оқу және оқытудың әдістері. оқылым, сөздікпен жұмыс, тілдамыту, түсіндіру, жаттығу жұмыстары, сәйкестендіру, салыстыру.

1. Мәтінді оқыңыз.

Адам деген – ардақты ат, қазақ халқы оны ежелден қастерлеп, табиғаттың ерекше сыйы деп бағалайды және кім деген сұрақ тек адамға ғана қойылады.

Адамның ағзасындағы әрбір мүше белгілі бір қызмет атқарады. Дене мүшелері атқаратын қызметіне қарай бірнеше мүшелерден бірігіп, жүйе құрайды.



Қан айналу жүйесі денедегі барлық мүшелерге оттегі мен қоректік заттарды жеткізіп тұрады.

Тыныс алу жүйесі мүшелеріне мұрын, көмей, кеңірдек, өкпе, бронхылар жатады. Ағзаның оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын бөліп отыруы осы тыныс алу жүйесінде өтеді.

Ас қорыту жүйесі ауыз қуысынан басталады. Ас жұтқыншақ арқылы өңешке, одан асқазанға түсіп, ас қорыту бездерінің әсерінен ішек-қарын жолында қорытылады.

Зәр шығаружүйесі мүшелеріне қос бүйрек, несепағар, қуық жатады. Бүйректе қан тазартылады, несеп түзіледі.

Жүйке жүйесі ми мен жұлыннан тұрады. Жүйке жүйесі мүшелердің жұмысын реттеп отырады және ағзаның біртұтастығын қамтамасыз етеді.

Тірек-қимыл жүйесі қаңқа мен бұлшық еттен тұрады. Қаңқа – денедегі әр түрлі сүйектерден құралған мықты тірек. Сүйектерге бұлшық ет бекиді. Адам бұлшық еттің көмегімен жүреді, жүгіреді, әр түрлі қимылдар жасайды.

Адам ағзасындағы сезім мүшелерінің де қызметі ерекше. Сезім мүшелеріне көру, есту, иіс сезу, дәм сезу, сипап сезу, тепе-теңдікті сезу жатады. Ағзадағы барлық жүйелер арасында әр түрлі жолдар мен өзектер арқылы үздіксіз кең көлемде мәлімет алмасу жүріп жатады. Бұл мәліметтер қан, лимфа және гормон арқылы жүреді.



Адамның тіршілік әрекеттері жас кезеңдеріне сәйкес өзгеріп отырады. Өйткені дамудың әрбір сатысында өзіндік физиологиялық көрсеткіштер қалыптасады. Адам өмірі құрсақта даму, балалық шақ және ересек жас болып үш сатыға бөлінеді.

I.Құрсақтағы 2 айға жуық ұрықтық даму (эмбриогенез) және 2 айдан 9 айға дейін нәрестелік даму (фетогенез) кезеңдерінен тұрады.

II. Балалық шақ (құрсақтан тыс даму) бірнеше кезеңнен өтеді:

  • Жаңа туған (неонаталдық) кезең – туған күннен 4 аптаға дейін, бала қырқынан шыққанша созылады. Бұл кезеңде ағза сыртқы ортаның жаңа жағдайларына икемделеді.

  • Бөбектік шақ – бөбек өмірінің 1-жылы;

  • Сәбилік шақ – 1-3 жас аралығы;

  • Бүлдіршін шақ: 4-7 жас аралығы;

  • Естияр шақ: ұлдарда – 8-12 жас аралығы, қыздарда – 8-11-ге дейінгі жас аралығы;

  • Жеткіншектік – балиғаттық шақ: ұлдарда 13-16 жас аралығы, қыздарда 12-15 жас аралығы;

  • Жас өспірімдік шақ: (бозбала) жігіттерде 17-21 жас аралығы, (бойжеткен) қыздарда – 16-20 жасқа дейін.

III.Ересек жас бірнеше кезеңнен құралады:

  • Кәмелеттік кезең: ерлерде 22-35 жас аралығы, әйелдерде 21-35 жасқа дейін. Бұл кезеңде адамның өсуі тоқтайды, ағзаның құрылымы мен қызметі толық қалыптасады, іс-әрекеті белсенді және тиянақты болады.

  • Кемел шақ: ерлерде 36-60 жас аралығы, әйелдерде 36-55 жасқа дейін. Бұл кезде олардың жүйке және эндокриндік жүйелері өзгеріп, қайта қалыптасады, тіршілік әрекеттерінде айтарлықтай өзгерістер болады.

  • Егделік кезең: ерлерде 61-74 жасқа дейін, ал әйелдерде 55-74 жасқа дейін. Бұл кезеңде ағза тез қартаяды. Сондықтан олар осы кезеңдерінде кездесетін ауруларға жиі шалдығады.

  • Кәрілік кезең ерлер мен әйелдер 75-тен асқаннан кейін басталады. Ағза тоза бастайды, негізгі тіршілік әрекеттері күрт төмендейді.

  • Ұзақ өмір сүрушілер 91 жастан асқан адамдар.

2. Мәтінде кездескен төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіз.

Ардақты ат, қастерлеу, табиғаттың ерекше сыйы, атқаратын қызметіне қарай, бірнеше мүшелерден бірігу, жүйе,оттегін сіңіру, әр түрлі сүйектерден құралған, ас қорыту бездерінің әсері, мүшелердің жұмысын реттеу, тепе-теңдікті сезу, ағзаның біртұтастығы, тіршілік әрекеттері, дамудың әрбір сатысы,қырқынан шыққанша, сыртқы орта, қалыптасу, тозу, қартаю, физиологиялық көрсеткіштер, ұзақ өмір сүрушілер, күрт төмендеу.

3.Мәтінде кездескен төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасын жаттаңыз.

ағза – организм

құрсақ қуысы – брюшная полость

оттегі – кислород

бұлшық ет – мышцы

жұтқыншақ – глотка

өңеш – пищевод

кеңірдек – трахея

зәр, несеп – моча

несепағар – мочеточник

қуық – мочевой пузырь

без – желез

өзек – проток, серцевина

икемделу – приспособиться

кәмелеттік – cовершеннолетний; зрелый

естияр – повзрослевший

күрт – внезапно; резко



4.Мәтіннен төменде берілген қысқа ақпараттарды кеңейтіп толықтыратын үзінділерді табыңыз.

  • Дене мүшелері атқаратын қызметіне қарай бірнеше мүшелерден бірігіп, жүйе құрайды.

  • Қаңқа – денедегі әр түрлі сүйектерден құралған мықты тірек.

  • Адам өмірі құрсақта даму, балалық шақ және ересек жас болып үш сатыға бөлінеді.

  • Балалық шақ бірнеше кезеңнен өтеді.

  • Ересек жасбірнеше кезеңнен құралады.

  • Адам ағзасындағы сезім мүшелерінің қызметі ерекше.

5.Сөйлемдерді бастаңыз.

... жұмысын реттеп отырады және ағзаның біртұтастығын қамтамасыз етеді.

... жас кезеңдеріне сәйкес өзгеріп отырады.

... атқаратын қызметіне қарай бірнеше мүшелерден бірігіп, жүйе құрайды.

... туған күннен 4 аптаға дейін, бала қырқынан шыққанша созылады.

... ағзаның құрылымы мен қызметі толық қалыптасады, іс-әрекеті белсенді және тиянақты болады.



6. «Даму» етістігімен тіркесетін сөздерді көрсетіңіз және құрмалас сөйлем құрастырыңыз.

7. Берілген тұжырымдардың дұрыс не қате екенін анықтаңыз.

Қан айналу жүйесі мүшелерге оттегі мен көмірқышқыл газын жеткізіп тұрады.

Тыныс алу жүйесі мүшелеріне мұрын, көмей, кеңірдек, өкпе, бронхылар жатады.

Бүйректе ас қорытылады.

Тірек-қимыл жүйесі қаңқа мен бұлшық еттен тұрады.

Қаңқа – денедегі бұлшық еттен құралған мықты тірек.

Адам бұлшық еттің көмегімен жүреді, жүгіреді, әр түрлі қимылдар жасайды.

Ас қорыту жүйесі мұрын қуысынан басталады.

Асты қорыту бездерінің әсерінен ас ішек-қарын жолында қорытылады.

Адам өмірі құрсақта даму, балалық шақ және ересектік шақ болып үш сатыға бөлінеді.

Ағзадағы барлық жүйелер арасында үздіксіз мәлімет алмасу жүріп жатады.

Адам өмірі тек қуаныш пен бақыттан тұрады.



8.Төмендегіфразалық тіркестерді оқып, мағынасын сәйкестіріңізжәне осы тіркестерді қатыстыра отырып сөйлемдер құрастырыңыз.

1

Тілге жүйрік

а

әлпештеп өсіру

2

Бас болу

ә

шапшаң қимыл

3

Алақанына салу

б

алда, бірінші қатарда жүру

4

Санын соғу

в

сөзге шешен, тілі бай

5

Көз ілеспеу

г

өкіну

6. Әдебиет:

  1. Оразымбетова Ғ.Д., Сәлім Е.Қ. Қазақ тілі 2013 ж.

  2. Оразахынова Н.А.

Қазақ тілі ( Сөзжасам. Морфология) : учебное пособие / Н. А. Оразахынова, Ж. Т. Исаева, Г. С. Сүлеева. - Алматы : АРЫС, 2014. - 176 с. : ил

  1. Бектурова А.Ш.

Казахский язык для всех : учебное пособие / А. Ш. Бектурова, Ш. К. Бектуров. - Алматы : Атамұра, 2014. - 718 с.

  1. Бектұров Ш.

Қазақ тілі для начин.: учебник / Ш. Бектұров, А. Бектұрова. - Алматы : Рауан, 2014. - 397 б.

  1. Доскеева Б.Ж.

Қазақ тілі: жоғары оқу орындарының 1 курсына арналған : учебник / Б. Ж. Доскеева. - Алматы : Ана тілі, 2010. - 191 с.

  1. Рысбаева Г.К.

Қазақ тілі: Грамматикалық анықтағыш = Казахский язык. Грамматический справочник / Г. К. Рысбаева. - Алматы : Сөздік-Словарь, 2010. - 192 б.

  1. Сыздық, Рәбиға.

Қазақ тілінің анықтағышы : определитель / Р. Сыздық. - Астана : Елорда, 2010. - 527 б.

  1. Хасанова С.

Контрольно-тренировочные упражнения по морфологии современного казахского языка : учебник / Хасанова С. - 1-е изд. - Алматы : Ана тілі, 2011. - 135 с. : ил

  1. Әуелбеков Ш.

Қазақша сөйлеу үлгілері:Казахский разгов.язык / Ш. Әуелбеков. - Алматы, 2009. - 238 с

7. Бақылау:

  1. Қан айналу жүйесі дегеніміз не?

  2. Жүйке жүйесінің қызметі

  3. Ас қорыту жүйесіне не жатады?

  4. Тыныс алу жүйесінің мүшелеріне не жатады?

  5. Тірек-қимыл жүйесін атаңыз.

  6. Зәр шығару жүйесі атаңыз.

  7. Құрмалас сөйлем дегеніміз не?

  8. Құрмалас сөйлемнің қандай түрлері бар?


1. Тақырып №26, аталуы: Санитарлық ағарту -салауатты өмір. Құрмалас сөйлем жүйесіндегі

орын тәртібі.



2.Сабақтың мақсаты:-салауатты өмір туралы ұғымдарын кеңейту, жағымсыз әдеттердің ішімдік, темекі, есірткінің адам ағзасын бұзатын қасиетін ашып көрсету; зиянды әдеттерге негативті көзқарасын дамыту; салауатты өмір салтын қалыптастыруға, өз ісіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
3. Оқытудың міндеттері:

  • Студент білу керек:

  • - үгіт-насихат жұмыстарын жүргізе білуі;

  • - салауаттылықты уағыздай білуі;

- сұрақтарға сөздік қорды пайдаланып дұрыс жауап беру;

- тақырып бойынша өз ойын дұрыс жүйелі түрде айта алу;



  • Студент істей білуі керек:

- мәтінмен жұмыс істеу барысында мәтіннің мазмұнын өз сөзімен жеткізе білуі керек;

- естігені бойынша қабылдаған мәліметті қорытып, өз ойын айта білуі керек.



4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Санитарлық ағарту жұмыстарының түрлері

2. Салауатты Қазақстан бағдарламасы

3.Құрмалас сөйлемнің орын тәртібі



5. Оқу және оқытудың әдістері. сөздік жұмысы, оқылым мәтінмен жұмыс түрлері, жаттығу жұмыстары, аударма, сұрақ-жауап, түсіндіру, мазмұндау

1. Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін оқып, жаттап алыңыз.

темекі-табак, сигареты

есірткі-наркотик

мінез-құлық-характер

сақтау-беречь, соблюдать

тұрмыс жағдайы-бытовое условие

ретсіз тамақтану-нерегулярное питание

тәсіл-метод

дене шынықтыру-физкультура

кему-уменьшаться

сау-здоровый



салауатты өмір салты-здоровый образ жизни

сауықтыру-оздоровить

насихат-пропаганда

жөнсіз-без причин

қалыптастыру-формировать

кепіл-залог

күту-ухаживать

індет-эпидемия

нашарлау-ухудшаться

май басу-ожирение



2. Төмендегі берілген мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

Санитарлық ағарту -салауатты өмір

Әрбір адамның өзін-өзі күтіп, денсаулығын сақтай білуі керек. Денсаулық адамның жан-жақты дамып, еңбек етуіне, тұрмыс жағдайын жақсартып, көңіл -күйінің көтеріңкі болуына мүмкіндік береді.

Медицина ауырғандарды емдеп сауықтыруға, аурудың асқынбауына, жұқпалы індеттердің таралмауына көмектеседі. Түрлі аурулардың қалай алдын алу керек, қалай тамақтанған жөн, зиянды әдеттерден аулақ болуды т.б. насихаттауда дәрігердің орны ерекше.

Қазіргі уақытта адамдардың көпшілігі темекі тартады, арақ ішеді, ретсіз тамақтануынан денелерін май басады. Осылардың әсерінен адамның көңіл - күйі, мінез-құлқы өзгеріп, сана - сезімі төмендейді, зат алмасу үрдісі, бауыр мен бүйрек қызметі бұзылады. Соңғы жылдары елімізде аурулардың түрлері (гипертония, жүректің ишемиялық аурулары, қант диабеті) көбейіп, халықтың денсаулығы күннен-күнге нашарлап, өмір сүру ұзақтығы кеміп барады.

Денсаулықты сақтауда медицинаның бір саласы валеологияның қызметі зор.

Валеология латынның «VALEO» – дені сау болу және гректің «LOGOS» ғылым деген сөздерінен құралған. Сонда валеология дені сау адамдардың денсаулығын сақтау жөніндегі ғылым дегенді білдіреді. Оны ғылымға ХХ ғасырдың 60 - жылдарында профессор М.И.Брехман енгізді. Валеология арқылы халық гигиенаны және салауатты өмір салтын қалыптастырудың негіздерін, денсаулықты сақтау мен насихаттаудың тәсілдерін үйренеді.

Денсаулықты сақтаудың бірден бір жолы – дене шынықтырумен айналысып, тамақтану рационын сақтау, зиянды әдеттерден (есірткі, темекі тарту, арақ ішу т.б.) аулақ болу.



3.Берілген сөздерді орын тәртібі бойынша қойып, сөйлем құрастырыңыз. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз.

1. Емдік, уақытында, анықтап, ауруды, шараларды, қолданған жоқ.

2. Бірі, эндокриндік, көп аурулардың ең, қантты диабет (ҚД), тараған.

3. Мөлшерін, қант, қажет, бар, науқастардың қант диабеті, қадағалауы.

4. Бауырда, балық, болады, Д витамині, майында.

4.Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.

Год здоровья

В соответствии с Указом Главы государства 2002 год объявлен Годом здоровья Республики Казахстан.

Здоровье является одной из главных ценностей как отдельного человека, так и общества в целом. Учитывая разнообразие факторов, влияющих на формирование общественного здоровья и его значимость, как одного из важнейших ресурсов, здоровье является интегральным показателем и объективным критерием успешности проводимых политических, социальных и экономических реформ. Этим объясняется необходимость проведения Года здоровья в Республике Казахстан.

Исходя из этих проблем и поставленных задач, разработан План основных мероприятий по реализации Программы проведения Года здоровья.

Цели Программы Года здоровья:

- Улучшение состояния здоровья народа;

- Поддержка системы здравоохранения;

Пропаганда здорового образа жизни.

(Медицина, 2002, №1)

5. Төменде берілген ауру аттарын қазақшаға аударып, қай мүшенің аурулары екенін айтыңыз.

Ангина, хронический бронхит, язвенная болезнь, бронхиальная астма, ишемическая болезнь сердца, желчекаменная болезнь, радикулит, цистит, эпилепсия, порок сердца, анемия, пневмония, желтуха, брюшной тиф, нефрит, гастрит, сифилис, рахит, бруцеллез, грыжа, корь.


6.Мәтінді оқып шығып, асты сызылған сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіз. Мәтіннің мазмұнын айтыңыз.

Дене тәрбиесі – дәрісіз ем

Қоғамның басты байлығы – адам. Адамның басты байлығы – денсаулық. Ал денсаулықты сақтап, байытатын – қимыл-қозғалыс. Яғни, қимыл-қозғалыс дегеніміз – дене тәрбиесі. Сондықтан спорт өмірге өте қажет.

Дене тәрбиесімен айналысқалы өзімді сергек сезіндім. Ал сергек адамның өмірге, қоршаған ортаға көзқарасы да айырықша. Ол өзін эстетикалық тұрғыдан қалыптастырып, ең бастысы көпшілік, қоғам мүддесін қорғауды негізгі мақсат санайды.

Спорт – салауатты тұрмысымыздың басты кепілі. Өйткені ол үздіксіз еңбектенуді, зор қажыр-қайратты қажет етіп, өмірге құштарлықты арттырады. Яғни, өмірді сүйіп, уақытты қадірлей білуге, тек жақсылыққа ұмтылуға тәрбиелейді.

(Қ.Байдосов. «Денсаулық» журналы. 1991, №5.)
6. Әдебиет:


  1. Оразымбетова Ғ.Д., Сәлім Е.Қ. Қазақ тілі 2013 ж.

  2. Оразахынова Н.А.

Қазақ тілі ( Сөзжасам. Морфология) : учебное пособие / Н. А. Оразахынова, Ж. Т. Исаева, Г. С. Сүлеева. - Алматы : АРЫС, 2014. - 176 с. : ил

  1. Бектурова А.Ш.

Казахский язык для всех : учебное пособие / А. Ш. Бектурова, Ш. К. Бектуров. - Алматы : Атамұра, 2014. - 718 с.

  1. Бектұров Ш.

Қазақ тілі для начин.: учебник / Ш. Бектұров, А. Бектұрова. - Алматы : Рауан, 2014. - 397 б.

  1. Доскеева Б.Ж.

Қазақ тілі: жоғары оқу орындарының 1 курсына арналған : учебник / Б. Ж. Доскеева. - Алматы : Ана тілі, 2010. - 191 с.

  1. Рысбаева Г.К.

Қазақ тілі: Грамматикалық анықтағыш = Казахский язык. Грамматический справочник / Г. К. Рысбаева. - Алматы : Сөздік-Словарь, 2010. - 192 б.

  1. Сыздық, Рәбиға.

Қазақ тілінің анықтағышы : определитель / Р. Сыздық. - Астана : Елорда, 2010. - 527 б.

  1. Хасанова С.

Контрольно-тренировочные упражнения по морфологии современного казахского языка : учебник / Хасанова С. - 1-е изд. - Алматы : Ана тілі, 2011. - 135 с. : ил

  1. Әуелбеков Ш.

Қазақша сөйлеу үлгілері:Казахский разгов.язык / Ш. Әуелбеков. - Алматы, 2009. - 238 с

7. Бақылау:

1. Санитарлық ағарту жұмысарының бағыттары қандай?
2. Салауатты өмір салты дегеніміз не?
3. Жаман әдетке үйір болмай өмір сүру мүмкін бе?

4. Салауатты өмір салты дегенді қалай түсінесіз

5. Салауатты өмір салтын қалай қалыптастыруға болады?







1. Тақырып №27, аталуы:Дәрігерлік этика. Тілдегі объектілік, субъектілік, предикативтік қатынастар.

2.Сабақтың мақсаты: дәрігер этикасы туралы мағлұмат беру, мәтінді өз сөзімен мазмұндауға дағдыландыру.

3. Оқытудың міндеттері:

Студент білу керек:



  • деонталогия ғылымы жайлы білуі;

  • -дәрігерлік этика талаптарын;

- сұрақтарға сөздік қорды пайдаланып дұрыс жауап беру;

-тақырып бойынша өз ойын дұрыс жүйелі түрде айта алу;



  • Студент істей білуі керек:

- науқаспен сұхбатасу этикасын

- мәтінмен жұмыс істеу барысында мәтіннің мазмұнын өз сөзімен жеткізе білуі керек;

- естігені бойынша қабылдаған мәліметті қорытып, өз ойын айта білуі керек.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:


  1. Дәрігер этикасы дегенді қалай түсінесіз?

  2. Дәрігерлік деонтология деген не?

  3. Дәрігер құпиясы дегеніміз не?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет