Сабақтарға (тәжірибелік, семинарлық, зертханалық) арналған әдістемелік нұсқаулар Бас Бет тен



бет4/13
Дата05.03.2016
өлшемі3.17 Mb.
#43430
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

7. Сөйлемді дұрыс құрастырыныз

А) қорыту, ас, ал, ондай, сөзсіз, әркімнің, салмақ, үнемі, түсірері, тұтыну, жүйесіне

Ал ондай үнемі тұтыну әркімнің ас қорыту жүйесіне салмақ түсірері сөзсіз

Б) жеңіл, құрамында, жылқы, қорытылады, холестерин, өте, болмайды, етінің

Жылқы етінің құрамында холестерин болмайды, өте жеңіл қорытылады

8.« Дұрыс тамақтану» деген тақырыпқа эссе жазыңыз.

6. Әдебиет:


  1. Оразымбетова Ғ.Д., Сәлім Е.Қ. Қазақ тілі 2013 ж.

  2. Оразахынова Н.А.

Қазақ тілі ( Сөзжасам. Морфология) : учебное пособие / Н. А. Оразахынова, Ж. Т. Исаева, Г. С. Сүлеева. - Алматы : АРЫС, 2014. - 176 с. : ил

  1. Бектурова А.Ш.

Казахский язык для всех : учебное пособие / А. Ш. Бектурова, Ш. К. Бектуров. - Алматы : Атамұра, 2014. - 718 с.

  1. Бектұров Ш.

Қазақ тілі для начин.: учебник / Ш. Бектұров, А. Бектұрова. - Алматы : Рауан, 2014. - 397 б.

  1. Доскеева Б.Ж.

Қазақ тілі: жоғары оқу орындарының 1 курсына арналған : учебник / Б. Ж. Доскеева. - Алматы : Ана тілі, 2010. - 191 с.

  1. Рысбаева Г.К.

Қазақ тілі: Грамматикалық анықтағыш = Казахский язык. Грамматический справочник / Г. К. Рысбаева. - Алматы : Сөздік-Словарь, 2010. - 192 б.

  1. Сыздық, Рәбиға.

Қазақ тілінің анықтағышы : определитель / Р. Сыздық. - Астана : Елорда, 2010. - 527 б.

  1. Хасанова С.

Контрольно-тренировочные упражнения по морфологии современного казахского языка : учебник / Хасанова С. - 1-е изд. - Алматы : Ана тілі, 2011. - 135 с. : ил

  1. Әуелбеков Ш.

Қазақша сөйлеу үлгілері:Казахский разгов.язык / Ш. Әуелбеков. - Алматы, 2009. - 238 с

7. Бақылау:

1.Әр нәрсе уақытымен қызықты дегенді қалай түсінесіз?

1.Мүшел жас туралы не білесіз ?

5.Уақыт сіз үшін қымбат па, оны тиімді пайдаланып жүрсіз бе?

6.Салауатты өмір салтын ұстанасыз ба?

7.Дұрыс тамақтанудың денсаулыққа әсері бар ма? ?



1. Тақырып №8 атауы: Менің елім- тәуелсіз Қазақстан. Қазақстан- көп ұлтты

мемлекет. Қазақ елі- бай ел.Сөз тіркестерінің валенттілігі.



2. Сабақтың мақсаты: Сөз тіркестері туралы жалпы мәлімет беру. Сөздік қорын молайту, сөйлеу

мәдениетін қалыптастыру.



3. Оқытудың міндеттері:

  • Студент білу керек:

- Қазақстан тарихын;

- патриоттық сезімін айта білуі.

-Мәтіннің мазмұнын,жаңа сөздерді.


  • Студент істей білуі керек:

- Менің елім - тәуелсіз Қазақстан мәтініне байланысты сұрақтарға жауап

беру, сөйлем, сөз тіркестерін құрастыра білуі



4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Менің елім- тәуелсіз Қазақстан.

2. Қазақстанның жер байлығы.

3.Қазақстанның болашағы.

4.Сөйлем құру жүйесіндегі сөз тіркесінің тіркесімділігінің рөлі мен маңызы.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері: мәтінмен жұмыс, аударма, жазылым, сұхбат, тіл дамыту, сөзжұмбақты шешу, эссе жазу

1. Мәтінді түсініп оқып, орыс тіліне аударыңыз.

Менің елім - тәуелсіз Қазақстан.

Қазақстан Республикасы солтүстігінде Ресеймен, оңтүстігінде Өзбекстан, Қырғызстан және Түркменстанмен, шығысында Қытай мемлекетімен, батысында Каспий теңізімен шектеседі.

1991 жылғы 16 желтоқсан еліміздің тарихында алтын әріптермен жазылды. Қазақстан Республикасы бұл күні тәуелсіз мемлекет ретінде дүниежүзілік қауымдастықтан өз орнын алды. Қазақстанның ұлттық болмысын, тарихын көрсететін рәміздер бар. Олар: Конституция, Әнұраны, Елтаңба, Ту және мемлекеттік тіл. Қазақстанның ұлттық валютасы теңге 1993 жылы 15 қарашада айналымға енді.

Біздің республикамызда ұлтаралық, халықаралық қарым-қатынастар жоғарғы деңгейде дамыған. Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері бейбіт тұрып жатыр. Қазақстан – Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі. Еліміз дүние жүзі мемлекеттерімен мысалы, Ресеймен, Қытаймен, Америка Құрама Штаттарымен тағы басқа мемлекеттермен достық қарым-қатынаста.

Қазақстан жері пайдалы кендерге бай, мұнда жер шарында кездесетін кен байлықтарының бәрі бар: темір, мыс, қорғасын, қалайы, күміс, алтын, көмір, фосфориттер. Қазақстанның батысында мұнай мен газдың өте үлкен қорлары болғандықтан, еліміз дүние жүзіндегі мұнай мен газды көп өндірушілердің қатарына жатады.

Қазақстанның болашағы зор. Қазақстан экономикасы нарық жағдайында дамуда. Президент, Үкімет қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайында көп мән береді. 1997 жылы Президенттің республика халқына арналған «Қазақстан 2030» Жолдауы жарияланды. Бұл бағдарламаны негізгі мақсаты – Қазақстан халқының тұрмысын өркендету, тыныштығын қорғау. Қазіргі кезеңде қазақстандықтар осы бағдарламаны орындауда. Мемлекетіміздің экономикасы өсіп, табиғи ресурстары игеріліп, байып келеді. Еліміз дүние жүзіне танылды, Туымыз БҰҰ-ның төрінде желбіреп тұр. Гүлденген, нұрланған Қазақстан бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуға күш салуда.

егеменді - суверенный

асу – превышать

мекендеу – населять

өкіл – представитель

ойпат – низменность

шың – пик

созылып жатыр – простирается

жер көлемі – площадь

аймақ – регион

жер шары – земной шар

асыл – драгоценный

мыс – медь

дамыған – развитой

жоғары мәдениетті – высококультурный

айналу – превращаться



2. Жақша ішіндегі мағынасы бір-біріне жақын сөздердің тиістісін таңдап сөйлемдерді көшіріңіз.

Қазақстан – (егеменді, тәүелсіз, еркін) ел. Елтаңбаның (жоғары, биік, зәүлім, асқар) жағында жұлдыз бейнеленген. Қазақстанның ұлттық болмысын, тарихын көрсететін (рәміздері, нышандары, белгілері) бар. Қазақстан – менің Отаным екенін (әрқашан, әрдайым, әсте, ешқашан) ұмытпаймын. Мен өзімді Қазақстан азаматы екенімді (мақтанамын, кадір тұтамын, ардақтаймын, мақтаныш етемін).



3.Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, мақал-мәтелдерді жаттап алыңыз.

Туған жердей жер болмас, туған елдей ... болмас. Өз елің - өлең ... . Отан - ... да ыстық. Ел іші – алтын ... . Кісі елінде ... болғанша, өз еліңде ұлтан бол. Отан - ... басталады. Туған ... туың тік.



Тірек сөздер: жерге, отбасынан, сұлтан, оттан, төсегің, бесік.

4.Сұхббатты жалғастырыңыз.

- Қазақстанның жері қандай?

- Қазақстанның жері – ұлан-байтақ.

- Қазақстан жері пайдалы кендерге бай ма?

- Иә, елімізде жер шарында кездесетін кен байлықтарының бәрі бар.

- Қазақстанның батысын неліктен мұнайлы аймақ деп айтады?

- ____________________________________________________ .

- Еліміз батысы мен шығысында қандай мемлекеттермен шектеседі?

- ____________________________________________________ .

- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі қай жылы жарияланды?

- ____________________________________________________ .

- Республика күнін қашан тойлаймыз?

- ____________________________________________________ .

5. Сөзжұмбақты шешіңіз.













Р













Ә



















М




























І































З



1. Тудың басқаша атауы?

2. Қазақстанның мемлекеттік рәмізінің бірі?

3. Бүкілхалықтық сайлаудан кейін Н.Ә.Назарбаев қандай құжатты алды?

4. Тудағы қыран ненің белгісі?

5. Елтаңбаның жоғарғы жағында не бейнеленген?



6. Сызба арқылы өз Отаныңыз туралы әңгімелеңіз.














7. Тақырып бойынша мақал-мәтелдер жазыңыздар.

8. Тақырып бойынша меңгерген сөздер мен тіркестерді пайдаланып

«Қазақ елі - бай ел» тақырыбына эссе жазыңыз.



6. Әдебиет:

  1. Оразымбетова Ғ.Д., Сәлім Е.Қ. Қазақ тілі 2013 ж.

  2. Оразахынова Н.А.

Қазақ тілі ( Сөзжасам. Морфология) : учебное пособие / Н. А. Оразахынова, Ж. Т. Исаева, Г. С. Сүлеева. - Алматы : АРЫС, 2014. - 176 с. : ил

  1. Бектурова А.Ш.

Казахский язык для всех : учебное пособие / А. Ш. Бектурова, Ш. К. Бектуров. - Алматы : Атамұра, 2014. - 718 с.

  1. Бектұров Ш.

Қазақ тілі для начин.: учебник / Ш. Бектұров, А. Бектұрова. - Алматы : Рауан, 2014. - 397 б.

  1. Доскеева Б.Ж.

Қазақ тілі: жоғары оқу орындарының 1 курсына арналған : учебник / Б. Ж. Доскеева. - Алматы : Ана тілі, 2010. - 191 с.

  1. Рысбаева Г.К.

Қазақ тілі: Грамматикалық анықтағыш = Казахский язык. Грамматический справочник / Г. К. Рысбаева. - Алматы : Сөздік-Словарь, 2010. - 192 б.

  1. Сыздық, Рәбиға.

Қазақ тілінің анықтағышы : определитель / Р. Сыздық. - Астана : Елорда, 2010. - 527 б.

  1. Хасанова С.

Контрольно-тренировочные упражнения по морфологии современного казахского языка : учебник / Хасанова С. - 1-е изд. - Алматы : Ана тілі, 2011. - 135 с. : ил

  1. Әуелбеков Ш.

Қазақша сөйлеу үлгілері:Казахский разгов.язык / Ш. Әуелбеков. - Алматы, 2009. - 238 с

7. Бақылау:

1. Қазақстан республикасы қандай елдермен шектеседі?

2. Біздің республикамызда ұлтаралық, халықаралық қарым-қатынастар қалай дамыған?

3. Қазақстанда қандай жер байлықтары бар?

4. Қазақстанның болашағы қандай деп ойлайсыз?

1. Тақырып №9, аталуы: Қазақ халқының дәстүрлі өнері. Халықтық қолөнер Өнер жұлдыздары. Сөйлем құрау жүйесіндегі сөз тіркесінің тіркесімділігінің рөлі мен маңызы.

2. Сабақтың мақсаты: Студенттердің ой-өрістерін, ойлау, сөйлеу қабілеттерін

арттыру. өз ойларын ортаға салу, халқымыздың мәдени мұрасы дәстүрлі өнер мен қолөнер жайында тарихты білуі.



3. Оқытудың міндеттері:

  • Студент білу керек:

- дәстүрлі өнер мен қолөнер түрлерін ;

- сабақтың тақырыбы бойынша мәтін мазмұнын;

- тақырып бойынша жаңа сөздерді


  • Студент істей білуі керек:

- қолөнер туындыларының атауын;

-қазақ өнерінің дамуына үлес қосқан атақты адамдары;

- мәтінді аудару, мазмұндау, берілген тақырып аясында сұхбаттасу;

- мәтін бойынша сұрақ құрастыру, сұрақтарға жауап беру.



4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Қазақ халқының дәстүрлі өнері.

2.Халықтық қолөнер.

3. Сөйлем құрау жүйесіндегі сөз тіркесінің тіркесімділігінің рөлі мен маңызы туралы



5. Сабақ беру және оқыту әдістері: оқылым, сұрақ-жауап, талдау, суретпен жұмыс, түсіндіру,

сәйкестендіру, жазылым, эссе жазу



1).Мәтінді оқыңыз.

Қазақ халқының дәстүрлі өнері

Құлақтан кіріп, бойды алар 

Әсем әнмен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең, менше сүй, - деп дана Абай қазақтың ән мен күй құдіретін осылай жырлаған. Себебі, қазақтың әні мен күйі – халқымыздың көне заманнан бері қалыптасқан асыл қазынасы, ұлттың бекзат болмысы, жүрек сыздатқан сағынышы, көңілдің нәзік қылын шертер сезімі, мұң-шері, қызық қуанышы.

Қазақ халқының рухани жәдігерліктерінің ішінде мақтаныш етер бай мұрасының бірі – дәстүрлі әндер. Музыка зерттеушілерінің айтуына қарағанда, халқымызда 5 мыңнан аса күй, 12 мыңға жуық ән бар көрінеді. Бұл  - қазақ әншілік өнердің сан ғасырлық даму тарихының бар екендігін бірден бір айғағы.

Киелі қара домбыра мен қарт қобыз сүйемелдеуімен айтылатын дәстүрлі ән өнері кемел құрылымымен, кең диапазон, күрделі ырғақ-иірімдерімен ерекшеленеді.  Талай ғасыр сүзгісінен өтіп бүгінге жеткен дәстүрлі ән өнерінде әуендік, орындаушылық, құрылымдық өзгешеліктері мен кең тараған мекеніне байланысты шартты түрде бірнеше мектеп қалыптасты. Олар – Арқа, Батыс, Сыр және Жетісу мектептері. 

Дәстүрлі ән мектептерінің өкілдері Рамазан Стамғазиев, Ұлжан Байбосынова, Ардақ Исатаева, Нұрболат Исаев, Нұрсұлтан Елемесов, Зульфия Баймұрзаева.

Мәтін бойынша тапсырмалар:

1. Қандай атақты күйшілерді білесіз?

2. Домбыра, қобыз жайында не білесіз, оларды қандай аспаптар түріне жатқызуға болады?

3. Майлы шрифтпен берілген сөздерге түсініктеме беріңіз



2. Өнер, қолөнер туралы мақал-мәтелдер жазып жаттап алыңыз.

3. Суретте берілген аспап түрлерін үш бағанға бөліп жазыңыз



Ішекті аспаптар

Үрмелі аспаптар

Соқпалы, ұрмалы аспаптар










4.Мәтінді оқыңыздар.

Халықтық қолөнер

Қазақ халқының дәстүрлі қолданбалы өнері – көшпелі түркі тектес халықтар әлемінің алып бәйтерегі, қара шаңырағы. Ол ерте кезден-ақ әлемдік мәдениеттің көрнекті қайраткерлерін қызықтырған. Мысалы, Геродот былай деп жазып қалдырған: «Олардың барлық заты алтын мен мыстан жасалған . Бас киім мен белдік әшекейлері түгелдей алтыннан жасалған. Сондай-ақ ат омырауындағы өмілдіріктер де мыстан соғылып, жүген сулығы ауыздығы тағы да басқа бөліктері түгелдей алтынмен әшекейлендіріп, безендірілген». Геродот пен бірге Ктесий, Страбон да қазақ топырағын мекендеген сақтар мен массағаттардың барлық заттарының әшекейленіп, киімдерінің өзіне тән үлгісі барын айтады.

Академик Ә.Марғұлан: «Есть основание пологать что народное искусство казахов находится в генетической связи с искусством саков, усуней, гуннов и других племен, населявщих в древности территорию Казахстана»,- деп көшпенді халық өнерінен бастау алғанын теория жүзінде дәлелдеген.

Қазақстанда көшпелі шаруашылықтың қажетіне сай қолөнершілер мал шаруашылығына

керекті желі, шылбыр, ноқта, бұршақ,жүген, құрық, бұғалық, тұсау,өре, шідер, кісен, қада, ер-тұрмандар жасаумен шұғылданды. Олар құмнан, тастан, саздан құмыра,көзе, ыдыс-аяқ; мүйізден, сүйектен, мал мен аң терісінен, ағаштан әшекейленген нақышты дүние-мүлік, домбыра, қобыз, сыбызғы,шаңқобыз сияқты музыка аспаптарын; темірден, мыстан қылыш, найза, қанжар, айбалта, күрзі секілді құрал, қару жасады. Қазақ халқының қолөнерінде киіз үй жабдықтарын, ағаш төсек жасау, түйін түю, ши орау, кесте тігу, өрмек тоқу, киіз басу, сондай-ақмоншақ, білезік, сақина, сырға, алқа, шолпы сияқты зергерлік бұйымдар жасау кең дамыды.

5. Мәтіннен қолөнер туындыларының аттарын теріп жазып сөздік құрастырыңыз

6. Берілген сөздердің мағынасын түсіндіріп беріңіз, сөздерді жаттап алыңыз

Дәуіт – пайғамбар, ұсталар мен шеберлердің пірі

Ұста –

Зергер –



Тігінші –

Етікші –

Өрімші –

Ағаш шебері –

Бәдізші –

Тоқымаша –



7.Төмендегі сөздердің мағынасын ашыңыз.

Өнер сүйер қауым –

Халықтың қошеметіне бөлену –

Сал, сері –

Жетістік –

халықтың қошеметіне –

ізденіс –

өз тыңдаушыларын –

терең мағыналы –

8.Төмендегі тірек сөздерді пайдалана отырып, «Мен ұнататын әндер» атты шағын эссе жазыңыз.

тәрізді, әнді жүрегімен айту керек, жанды дауыспен жеткізе білу қажет, халқымыздың тамаша табиғаты, асқар таулары, биік шыңдары, пейіліне сай кең даласы, тамылжыған табиғаты, көңілге біртүрлі жақын әрі жылы сияқты.



6. Әдебиет:

  1. Оразымбетова Ғ.Д., Сәлім Е.Қ. Қазақ тілі 2013 ж.

  2. Оразахынова Н.А.

Қазақ тілі ( Сөзжасам. Морфология) : учебное пособие / Н. А. Оразахынова, Ж. Т. Исаева, Г. С. Сүлеева. - Алматы : АРЫС, 2014. - 176 с. : ил

  1. Бектурова А.Ш.

Казахский язык для всех : учебное пособие / А. Ш. Бектурова, Ш. К. Бектуров. - Алматы : Атамұра, 2014. - 718 с.

  1. Бектұров Ш.

Қазақ тілі для начин.: учебник / Ш. Бектұров, А. Бектұрова. - Алматы : Рауан, 2014. - 397 б.

  1. Доскеева Б.Ж.

Қазақ тілі: жоғары оқу орындарының 1 курсына арналған : учебник / Б. Ж. Доскеева. - Алматы : Ана тілі, 2010. - 191 с.

  1. Рысбаева Г.К.

Қазақ тілі: Грамматикалық анықтағыш = Казахский язык. Грамматический справочник / Г. К. Рысбаева. - Алматы : Сөздік-Словарь, 2010. - 192 б.

  1. Сыздық, Рәбиға.

Қазақ тілінің анықтағышы : определитель / Р. Сыздық. - Астана : Елорда, 2010. - 527 б.

  1. Хасанова С.

Контрольно-тренировочные упражнения по морфологии современного казахского языка : учебник / Хасанова С. - 1-е изд. - Алматы : Ана тілі, 2011. - 135 с. : ил

  1. Әуелбеков Ш.

Қазақша сөйлеу үлгілері:Казахский разгов.язык / Ш. Әуелбеков. - Алматы, 2009. - 238 с

7. Бақылау:

1.Қазақ халқының дәстүрлі өнері жайында не білесіз?

2.Өнер, қолөнер туралы 10 мақал-мәтелді жатқа айтыңыз

3.Қазақ қолөнерін қандай салаларға бөлуге болады?

4.Өрімші, бәдізші деген кімдер?

5.Жай сөйлем түрлері атаңыз

6. «МузАрт» тобы осы уақыт ішінде қандай жетістікке жетті, қандай белестерге көтерілді?

7. Он жыл ішінде неше ән жазылған?

8.Өзіңіз сүйіп тыңдайтын әндер жайында айтыңыз

1. Тақырып №10, аталуы: Ұлттық мәдениет тамыры. Күй атасы-Құрманғазы.

Ұлттық байлық пен ұлттық құндылықтар. Жай сөйлем мен олардың түрлері.



2. Сабақтың мақсаты:студенттерді ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.

3. Оқытудың міндеттері:

Студент білу керек:

- Көпшілік ортада ұлттық мәдениет туралы ойын жеткізе алуы;

- сөздік қордын пайдаланып сұрақтарға жауап бере білуі;

- тақырып бойынша өз ойын дұрыс жүйелі түрде айта алу;


  • Студент істей білуі керек:

- мәтінмен жұмыс істеу білуі керек;

- қабылдаған мәліметті қорытып, өз ойын айта білуі керек.



4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Ұлттық мәдениет тамыры.

2.Күй атасы-Құрманғазы.

3.Жай сөйлемнің негізгі семантикалық ерекшеліктері.

4 Жай сөйлемнің функционалдық ерекшеліктері.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері: оқылым, сұрақ-жауап, ассоциация, айтылым, жаттау,

жазылым.


1. Мәтінді оқыңыз.Түсінгеніңізді айтыңыз.

Күй атасы-Құрманғазы.

Қай ұлтқа, қай халыққа болса да сол ұлтпен, халықпен бірге жасасып келе жатқан киелі мұралары қымбат. Қазақ халқы үшін сондай құнды, бағалы мұралардың бірі – күй.

Қазақ сахарасындағы күй өнері – өте ертеден келе жатқан халқымыздың көне тарихын бойына сіңірген өнер. Күй – қазақтың жансерігі, мұңдасы, сырласы. Күйдің ғажаптығы сол – ол өзің бастан кешіріп отырған өмірдің мән-маңызын ұқтырады. Күй ойға жетелейді. Адам боп өмір сүруге, жақсылыққа, ізгілікке ұмтылдырады. Күй тыңдап, күйді түсінген адам жамандыққа, арамдыққа бара алмайды. Күй құдіреті деген осы.

Құрманғазы Сағырбайұлы (1823-1896)- композитор-күйші, қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі. Оның “Сарыарқа”, “Балбырауын”, “Серпер”, “Адай” сынды күйлері Отан, ел деген ұғымдармен астасады. Құрманғазы өмір бойы заңсыз іс-әрекеттерге қарсы күресіп, қарапайым адамдар құқығын қорғап келген.

Құрманғазының “Сарыарқа”, “Алатау”, “Бұлбұлдың құрқұры” атты күйлері туған жер сұлулығын көрсетсе, “Кішкентай”, “Төремұрат”, “Адай” күйлері батырлар бейнесін “Қайран шешем”, “Қызыл қайың”, “Кісен ашқан” күйлері күйші өміріндегі нақты оқиғаларға арналған. Патша үкіметінің қудалауынан туған жерінде қала алмай елмен қоштасу кезінде “Сарыарқа” күйі жазылған. Құрманғазының «Сарыарқасы» мен «Адай» күйлерін тыңдағанда бойды ерекше сезім кернейді. Ұланғайыр қазақ даласы көз алдыңа елестейді. Желмен жарыса жүйткіген жылқылар. Ат үстіндегі қолын сермей жүзі жайнап бара жатқан бала. Шаттық. Қуаныш. Асқақтаған көңіл-күй сезімін сыйлайды.

Құрманғазының күйлерін халық жақсы сақтаған, қазір 60-тан аса күй көпшілікке мәлім. Ұлы күйшіге құрмет ретінде қазақ ұлттық халық консерваториясына, академиялық қазақ ұлт аспаптар оркестріне, балалар музыкалық мектебіне, саз колледжіне, жас орындаушылар сайысына Құрманғазы Сағырбайұлының есімі берілді.

Ұлттық сана, ұлтты сүю, қадірлеу бабаларымыз аманат етіп кеткен дәстүрден, өнерден бастау алатынын ұмытпағанымыз абзал. Қасиетті өнеріміздің бір тармағы, құдіреттісі – күй өнері. Қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов кезінде «Жалпы музыка атаулы нәрсе елдің сезім байлығы мен ішкі жаратылыс қалпын білдіретін болса, солардың ішіндегі ең толғаулы, ең терең сырлысы – күй» деген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет