Сабақтың тақырыбы Ақиқатты іздеу жолында Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



бет1/9
Дата15.02.2024
өлшемі457.98 Kb.
#491715
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
6 сынып ҚМЖ


Красный Яр ауылының №3 көпсалалы мектеп-гимназиясы

Бөлім

Таным қуанышы

Педагогтың аты – жөні

Қаратаева А.О

Күні




Сынып: 6 «А», «Ә», «Б», «В»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:



1

Сабақтың тақырыбы

Ақиқатты іздеу жолында

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

Ақиқат – өзін өзі танудың мақсаты, маңызды адами құндылық ретінде.

Құндылығы

Ақиқат

Қасиеттері

Өз-өзіне адал болу, шыншылдық, ойдың, сөздің және істің бірлігі.

Сабақтың мақсаты

Ақиқатпен өмір сүрудің маңыздылығын түсіндіре отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу

Міндеттері

  1. Білімділік: Оқушыларды өз – өзіне адал болуға үйрету.

  2. Дамытушылық: Оқушылардың бойындағы шыншылдық қасиеттерін дамыту

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды ойдың, сөздің және істің бірлігінде өмір сүруге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті



Оқушының әрекеті

Ресурстар



Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Жағымды көңіл – күй




«Нұрға бөлену» мәтінін оқу

Көздерін жұмып отырады.
Алған әсерлерімен бөліседі.

«Хрустальная грусть» композициясы

  1. Сабақтың дәйексөзі.




Тек ақиқат білім ғана күдік туғызбайды, ол өмірді бағалауға, тұрмыс құруға үйретеді.
Шоқан Уәлиханов
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммед Қанафия; 1835, Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Құсмұрын жері — 10 сәуір 1865, Көшентоған, Жетісу) — қазақтың ұлы ғалымы

Сұрақтар:

    1. Адамды қандай қасиеттер ақиқатқа жетелейді?

    2. Өз өміріңізден қандай мысал келтірер едіңіз?

    3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіздер? 

Оқулық,
Ш.Уәлиханов суреті

  1. Оқиға айту (Әңгіме)

Адал бағбан
Ертеде бір қаланың пәк әрі әділ қазысы жалғыз қызын иманды біреуге тұрмысқа бермек болады. Қызын талай байлар айттырады, бірақ олар қазының көңілінен шыға қоймайды. Бір күні қазы дем алу үшін бау-бақшасына барып жайғасады. Бақша күтушісіне жүзім әкелуін өтінеді. Ол бір шоқ жүзімді жуып, қазыға ұсынады. Қазы жүзімді ауызына сала бере, артынан іле-шала жерге түкіріп тастайды да:
— Неге жүзімнің тәттісін алып келмегенсің? — деп сұрайды. Сонда бағбан:
— Қайсы жүзімді әкел десеңіз, соны әкелейін, ал олардың қайсысы тәтті екенін білмеймін.
Қазы таңғалып:
— Екі жылдан бері жүзімдерді өсіріп, баптап келесің. Оның дәмін әлі күнге ажырата алмай жүрмісің?
— Сіз мені жұмысқа аларда жүзімдерді күтесің деген едіңіз. Ал дәмін татып тұр деп айтқан жоқсыз. Сондықтан осы уақытқа дейін бір жүзімді де ауызыма салып көрген емеспін, — депті
Таңғалған қазы әйелімен ақылдасып:
— Біз іздеп жүрген күйебала алыста емес, дәл біздің шаңырағымыздың астында екен. Қызымызды осы жігітке берейік — деп, қыздарын адал бағбанға тұрмысқа береді.



Сұрақтар:
(Оқушылар сұрақтарға жауап береді)

  1. Әңгіме қай құндылық туралы айтылған?

  2. Ақиқат дегенді қалай түсінесің?

  3. Ақиқатты қалай танып білуге болады? Өз пікіріңді білдір.

  4. Әңгімеден қандай ой қорытуға болады?

https://ust.kz/



  1. Шығармашылық жұмыс.

Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, «ізгі ниет, ізгі сөз және ізгі іспен өмір сүретін» адамға мінездеме беріп, оның портретін жасаңдар.
Тиісті сөздер мен сөз тіркестері: ізгілік, беделді, зеректік, адам тағдыры, адамзатты сүю, болашақ, рухани, игілік, адамзат бақыты, өзін – өзі жетілдіру, мәнді өмір, адам болып қалу.

Оқушылар төрт топқа бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет