Сабақтың тақырыбы: Білім күні. Бейбітшілік сабағы Сабақтың мақсаты



бет6/11
Дата19.06.2016
өлшемі3.66 Mb.
#148241
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ҮІІ. Үйге тапсырма. Қайталау

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 26.09.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Ғ дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты. Оқушыларға өтілген Ғ дыбысы бойынша алған білімдерін пысықтау. Оқушылардың сабақта сурет бойынша әңгіме құрастыру арқылы сөйлеу қабілеттерін дамыту. Оқушыларды ұқыптылыққа, реттілікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі. Аралас
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып, қажетті ұүралдарын алғызу.

Сыныпты сабаққа дайындау
Психологиялық дайындық

Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз

Партамызға отырып

Өзара көз тастаймыз

Жаңа білім алуға

Алға қадам жасаймыз
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Үйге берілген тапсырманы тізбектей оқыта отырып, түсінгендерін сұрау.


ІІІ. Жан-жақты білімдерін пысықтау

  • Біз осы уақытқа дейін қандай әріптермен таныстық

  • Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырату


ІҮ. Жаңа сабақ

Ғ дыбысы мен әрпі қандай дыбыс? Суретке қарайық.

-Балалар , мына суретке қарайықшы.

Бұлар біздің ұшқыш ағаларымыз.1-сурет Тоқтар Аубакиров , Талғат Мусабаев. Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер ағаларымыз.

Оқулықпен жұмыс, буындап оқу

Аға таға апта

Ана тана пана ТА ПА НА ҒА
Сергіту сәті

Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.
Ү. Жаңа сабақты бекіту Өтілген ғ дыбысы бойынша сөздерге мысалдар келтіріп, пысықтау.

Дәптермен жұмыс.


ҮІ. Сабақты қорыту

-Бүгін біз сендермен кімдермен таныс болдық. Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкерлер туралы не айтамыз?


ҮІІ. Үйге тапсырма. Бағалау

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Математика

Күні: 22.09.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Кесіндінің ұзындығын өлшеу. Cантиметр.

Сабақтың мақсаты: Ұзындықты өлшеудің мысалы ретінде см-ді қолданудың ерекшелігімен таныстыру. Ұқыптылыққа баулу. Ой-өрісін дамыта отырып, см-дің көмегімен кесіндінің ұзындығын анықтауға үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: Ұзындығы 1 см жолақша сызғыш..

Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың мазмұны.

І. Ұйымдастыру.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


Психологиялық дайындық

Ойға толсын санамыз

Бестік болсын бағамыз

Баласындай бір үйдің

Тату болсын арамыз.
ІІ. Өткен сабақты еске түсіру:

Кесінді дегеніміз не?


ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Ұзындықты өлшеудің мысалы ретінде см-ді қолданудың ерекшелігімен таныстыру. Ұқыптылыққа баулу. Ой-өрісін дамыта отырып, см-дің көмегімен кесіндінің ұзындығын анықтауға үйрету.


ІҮ. Жаңа сабақ:

а) Мұғалімнің түсіндіруі: Заттардың ұзындығын өлшеу құралдары: метр, сызғыш, Сызғыш 1см-ден бірнеше бөліктерге бөлінген. Олардың ұзындықтары бірдей.

ә) Қарындашты өлшеп көрейік:

Демек, қарындаштың ұзындығы 6 см 7 мм.



Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз

Алақанды ұрамыз

Бір отырып, бір тұрып

Тез шынығып аламыз

Ү. Білімді бекіту.

Кесінді деген не?

ә) Дәптермен жұмыс. Кесінді сызуды үйрену.

Үш нүкте, төрт нүкте арқылы кесінді сызу.


ҮІ. Сабақты қорытындылау: Бүгін біз сендермен не жайында білдік?

ҮІІ. Үйге тапсырма Кесінділер сызу

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Математика

Күні: 23.09.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Кесінділер ұзындықтарының қосындысы және айырмасы

Сабақтың мақсаты: Фигураларды бөліктерге бөлуді және құрастыруды түсіндіру. Байқағыштыққа, ұқыптылыққа баулу. Нақты іс-әрекет үстінде бөліктерге бөлу және құрастыру арқылы ой-өрісін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Геометриялық фигуралар.

Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың мазмұны.

І .Ұйымдастыру.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


Психологиялық дайындық

Ойға толсын санамыз

Бестік болсын бағамыз

Баласындай бір үйдің

Тату болсын арамыз.
ІІ. Өткен сабақты еске түсіру: Кесінді дегеніміз не, оны қалай өлшейміз?
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Фигураларды бөліктерге бөлуді және құрастыруды түсіндіру. Байқағыштыққа, ұқыптылыққа баулу. Нақты іс-әрекет үстінде бөліктерге бөлу және құрастыру арқылы ой-өрісін дамыту.


ІҮ. Жаңа сабақ:
а) Геометриялық фигураларды бөліктерге бөліп және құрастырып үйрену.

















































































































































ә) Кесіндінің екі кесіндіден құрастырылғанын, бөлсе одан сондай екі кесінді шығатынын түсіндіру.


б) Дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрышты бөліктерге бөлу.
Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз

Алақанды ұрамыз

Бір отырып, бір тұрып

Тез шынығып аламыз
Ү Жаңа сабақты бекіту. Шығармашылық жұмыс
ҮІ Сабақты қорытындылау:Бүгін біз сендермен не жайында білдік?

ҮІІ. Үйге тапсырма Қайталау

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Математика

Күні: 24.09.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Қайталау.

Сабақтың мақсаты: Бүгінгі күнге дейін не білгенін анықтау. Байқағыштыққа, ұқыптылыққа баулу. Алған білім дағдысын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Геометриялық фигуралар, кесінді, суреттер.

Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: қайталау.

Сабақтың мазмұны.

І.Ұйымдастыру.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


Психологиялық дайындық

Ойға толсын санамыз

Бестік болсын бағамыз

Баласындай бір үйдің

Тату болсын арамыз.
ІІ. Өткен сабақты еске түсіру:

1. Бөліктерге бөлгенде заттардың көлемінің өзгеру ерекшелігі.

2. Құрастыру.
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Бүгінгі күнге дейін не білгенін анықтау. Байқағыштыққа, ұқыптылыққа баулу. Алған білім дағдысын дамыту.


ІҮ. Өткен сабақтардан алған білімін тиянақтау.

а) Қанша? неше? нешеу?

ә) Бірдей, әр түрлі.

б) Ұзын- қысқа , биік –аласа, қалың-жұқа.

в) Артық-кем сонша.

г) Сызықтар.

ғ) Нүкте, сәуле, бұрыш.
Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз

Алақанды ұрамыз

Бір отырып, бір тұрып

Тез шынығып аламыз
Ү. Оқулықпен жұмыс.

1) Кітап қанша? (3) 1) Кітап- қалың

Дәптер қанша? (3) Бірдей. 2) Кітап -жұқа
Бояу қарындаш -6 5-і артық.

Қалам-1


Қылқалам ұзын (қызылы) Өшіргіш-1 (бір түсті)

Қылқалам қысқа (қарасы.) Өшіргіш екі түсті 2 бөлік)

2) Геометриялық фигураларды ажырата білу.

3. Дәптермен жұмыс:



0 0 1 1 ? ? / / /
ҮІ. Сабақты қорытындылау:

Бүгін біз өз білімімізді еске түсіріп пысықтадық.


ҮІІ. Үйге тапсырма Қайталау

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Математика

Күні: 25.09.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Қайталау

Сабақтың мақсаты: Қарапайым түсініктер тақырыбы бойынша еркін игеруге тиісті қандай деңгейде білетінін анықтау. Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу. Алған білім деңгейін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Геометриялық фигуралар, кесінді, суреттер.

Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: қайталау.

Сабақтың мазмұны.

І. Ұйымдастыру.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


Психологиялық дайындық

Ойға толсын санамыз

Бестік болсын бағамыз

Баласындай бір үйдің

Тату болсын арамыз.
ІІ. Өткен сабақты еске түсіру:

Кітап пен дәптердің саны қанша?

Қалың кітап нешеу?

Жұқа кітап нешеу? Не артық? Не кем? (сурет бойынша.)

Қайсысы ұзын, қайсысы қысқа?

Геометриялық фигураларды ата.


ІІІ Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Қарапайым түсініктер тақырыбы бойынша еркін игеруге тиісті қандай деңгейде білетінін анықтау. Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу. Алған білім деңгейін дамыту.


ІҮ Оқушының білім деңгейін анықтау.
а) Өздік жұмыс:

1.Жоғарғы суреттегі фигуралардың ұқсасын қорша.

2. Әр топта қанша фигура болса, сонша алма, алмұрт, лимон суретін сал.











3. Үш нүкте арқылы және төрт нүкте арқылы кесінді жүргізіп фигура сыз.
Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз

Алақанды ұрамыз

Бір отырып, бір тұрып

Тез шынығып аламыз
4 Фигураларды үйлерге сызықтар арқылы орналастыр.













5.Орындаған жұмыстарынан білім деңгейін анықтап алу.

1) Салыстыру.

2) Сонша

3) Кесінді.

4) Фигураны ажырата біледі


Ү.Үйге тапсырма Фигуралар салуды үйрену

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Дүниетану

Күні: 21.09.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Күндіз. Түн

Сабақтың мақсаты: Табиғат пен адам өміріндегі байланыс туралы түсінік беру. Табиғаттан үйренуге болатын заттарды есте сақтай есте сақтай отырып, логиакалық ойын дамыту.Танымдылық қабілетін таныту табиғатты сүюге оны қорғауға үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер.

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы.

І .Ұйымдастыру

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Үйге берілген тапсырманы пысықтау, сұрақтар қою.


ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру:

-Суреттегі түнгі көрініске қарап, оларға ат қой.

- Суреттегі табиғи денелерді ата.

-Түн мезгілінде туған ойыңды әңгімеле.

-Айналадағы дүниені қалай танып білуге болатынын айт.
ІҮ.Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Табиғат пен адам өміріндегі байланыс туралы түсінік беру. Табиғаттан үйренуге болатын заттарды есте сақтай есте сақтай отырып, логиакалық ойын дамыту.Танымдылық қабілетін таныту табиғатты сүюге оны қорғауға үйрету.


Ү. Жаңа сабақ:

а) Тақырыпты оқи отырып түсіндіру.

ә) Адам өзіне қажеттінің бәрін табиғаттан алатынына баланың көзін жеткізу.

б) Табиғаттан үйренудің қажеттілігіне зерттеу жұмысының мәнінің зор екенін түсіндіру.



Сергіту сәті.

Видеоролик арқылы сергіту сәтін өткізу


ҮІ. Жаңа білімді бекіту.

1 Суреттегі техникалардың қайсысы қандай жануарлардың іс-әрекетінен туындағанын әңгімелеу.

2 Өзің табиғаттан не үйрендің?«Адамды адам еткен- еңбек» деген мақалдың мазмұнын қалай түсінесің

3 Дәптермен жұмыс.


ҮІІ. Сабақты қорытындылау: Адам өз өміріне қажеттінің бәрін табиғаттан үйренеді екен. Сондықтан адам табиғатты аялап, қоғауы керек.

ҮІІІ.Үйге тапсырма. Бағалау.

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Бейнелеу өнері

Күні: 23.09.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Түстің негізгі сипаттамаларын зерттеу

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:                      Пән бойынша білім-білік дағдыларын

                                            қалыптастыру.

 

ә) Дамытушылық:             Жеке тұлғаны дамыту.



 

б) Тәрбиелілік:                  Сұлулық тәрбиесі.

 

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Түрлі-түсті қарындаштар, фломастер, акварель, қылқалам, палитра, күз көрінісі бейнеленген фотолар, ақ қағаз, және тағы басқа. 

 

 Сабақтың өту барысы:



1.      Ұйымдастыру кезеңі.

2.      Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.      Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.      Тапсырмаларды орындау.

5.      Сабақты бекіту.

6.      Үйге тапсырма.    

                            

Сабақтың барысы:

    Оқушыларға түстік тон, түстердің үйлесуі жайлы тереңірек мағлұмат береміз. Живописьтік шешім – бұл тек бояу түсі ғана емес, сонымен қатар ол түрлі түсті заттардың бір жерде орналасуынан пайда болатын күрделі үйлесімділік. Живописьтік шығармада түстердің өзара үйлесіп, жарасып келуі колорит болып табылады, «колорит» - латын сөзі, ол «бояу түсі» деген мағынаны білдіреді. Живописьтік шығарманың өте ұтымды, көз тартарлық, сезім терберлік болуы және түстердің өзара үйлесіп, жарасымды шығуы оның колориті болады. Суретшінің колориті әншінің даусы сияқты. Әр суретшіні колоритіне қарап бірден ажыратуға болады. Нағыз колоритте түстері бірдей зат болмауға тиіс, өйткені әр зат түсін таңдайды. Қашанда әр суретшінің өз колориті болады. Кололритті үйренуге болмайды, бұл айрықша табылған дарын, тек сол дарын өзінде бар болса ғана оны дамытуға болады. Колориттік дарынсыз суреттің колориттік шешімі де болмақ емес, суреттің жақсы құрастырылып, жақсы ойланып салынуы мүмкін емес, оның сезімге әсері де шамалы болады. Суреттің байыбына бармай жатып-ақ көруші суретшінің колорит құралдары арқылы берген көңіл күйін түсіне алады. Суреттегі түстер қайта үйлесіп келгенде суретші колоритінің құпиясы оның шеберлігіне байланысты. Колорит әдемілігі кенептегі түс пен реңнің орналасуына сәйкес, сол түс пен реңнің әр алуан әрі топтасып келуінен көрінбек. Бірте-бірте қайшы келді-ау деген түстердің өзін суретші бояулардың үйлесім табуы үшін біртұтас жүйеге келтіреді. Суретші суретті қандай да бір ортақ түсте салмақ болып, ойлағанда бір-біріне жақын түстерді қолданады. Бірақ ойлаған жерден шығу үшін де сол түстердің қиылысып келуін көздеп, қарам-қайшы түстерді қолданады. Қажет болған түсті тапқан суретшілер өз суреттерінің көрушіге әсерін мейлінше күшейтуге мүмкіндік алады. Суреттердің живописьтік шешімі тек реңге түс арқылы ғана белгіленбейді, суретшінің түпнұсқасында өз өнерінің әсер, ықпалын күшейтуге керекті өзге де құралдар бар. Суреттің беті ьегіс болатыны белгілі. Бірақ оаған бояудың жағылуына қарай ол айнадай тегіс немесе кедір-бұдыр болып көрінеді. Ал мұның өзі әр қилы әсер қалдырады. Суреттің бетін белгілеу үшін суретшілер «фактура» деген арнаулы термин қолданады.

    Сабақ барысында оқушыларға олардың күзгі бояу яғни, бау-бақша өсімдіктерімен, көкөніс түрлерімен таныстырамын, сабақтың негізгі мақсатымен таныстырамын. Ол мақсат – балаларға таныс күзгі ағаш жапырақтары мен бау-бақша өсімдіктерінің жапырақтарын бейнелеу.

    Сабақтың мақсатына байланысты негізгі бөлімін мына төмендегідей

    – Енді осы көрсетілген бау-бақша өсімдіктерінің жапырақтарына жекелеп көңіл аударсыңдар, құрылыстарынан көптеген өзгешеліктерді табасыңдар. Сонымен бірге формалары да, түстері де бөлек.

    Асқабақтың жапырағы көлемі жағынан үлкен, түсі негізінен жасыл көк болады, ал күзде басқаша сарғыштау болады. Қиярдың жапырағы одан кішірек, түсі шөптес жасыл болып келеді. Жүзімнің жапырағы құрылысы жағынан көп тармақты, түсі жасыл, кейбір жерлерінде сары, қызыл қоңыр, күлгін түстер аралас болады. Ал қарбыздың жапырағы құрылысы жағынан ерекше тармақталған, күзде сарғыштау тартып кетеді. Берілген суреттерге қарата отырып, сурет салуға еліктетемін.

    – Ал енді осылардың ішінен жүзімнің жапырағын ерекше қарап ал, суретін салуға дайындал, ең алдымен қағаз бетіне дұрыс орналастыруды ойла. Содан кейін барып қарындашпен жеңіл сызықтар арқылы жапырақтың жиектерін, негізгі тармақтарын белгілейсіңдер, - деп дайындаймын.

 

       



   Үйге тапсырма беру: Суық және жылы түстерді қолдана отырып күзгі көріністерді бейнелеу.

 

Тексерілді: Калиниченко Л.С



Пәні: Еңбекке баулу

Күні: 25.09.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Гүлдерден және жапырақтардан аппликация жасау, Күзгі гүлшоғын дайындау.

Сабақтың мақсаты: Жапырақтан құрамақ жасау. Жұмыстың орындалу реті жайлы түсінік беру. Қауіпсіздік ережесін сақта. Ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер.

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны

І. Ұйымдастыру:

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ІІ. Мақсат қою: тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.Жапырақтан құрамақ жасау. Жұмыстың орындалу реті.

Жапырақтан құрамақ жасау. Жұмыстың орындалу реті жайлы түсінік беру. Қауіпсіздік ережесін сақта. Ұқыптылыққа тәрбиелеу



ІІІ. Жаңа сабақ: Жапырақтан құрамақ жасау. Жұмыстың орындалу реті.

1.Кептірілген жапырақтардан әдемі аппликация құрауға болады.



Аппликация – қағаз бен матаның бетіне қағаз, мата қиықтарын, табиғи материалдарды бекіту.

2. Жұмыстың орындалу реті жайлы түсінік беру.

3. Қауіпсіздік ережесін сақтай білуге баулу.



ІҮ. Білімді бекіту:

Көжектің аппликациясын құрауға қандай материалдарды пайдаландың?

Аппликация деген не?

Көжектің бейнесі неше жапырақтан тұрады?

Қандай ағаш жапырақтарын пайдаландың?
Ү. Сабақты қорытындылау: Біз нені үйрендік?




Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Еңбекке баулу

Күні: 26.09.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Мозайка туралы мәлімет. Мозайка әлеміне экскурсия. Сақина мозайкасы.

Сабақтың мақсаты: Ағаштың айналасын сақина мозаикамен сәндеу.Мозаикалық жол жайлы түсінік беру. Қауіпсіздік ережесін сақтау. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет