Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектер және оларға амалдар қолдану. Сабақтың мақсаттары


Сабақты қорытындылау, оқушы білімін бағалау



бет10/14
Дата16.06.2016
өлшемі3.15 Mb.
#138342
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Сабақты қорытындылау, оқушы білімін бағалау.

  • Үйге тапсырма беру. №1302, 1303

    №112

    Пән: математика

    Сынып: 6 «ә», 6 «б»

    Күні:


    Сабақтың тақырыбы: Функцияның графикпен берілуі

    Сабақтың мақсаты:

    Білімділік мақсат: Оқушыларға графикпен берілген функционалдық тәуелділікті түсіндіру, сызықтық функцияның графигін сызуын үйрету;

    Дамытушылық мақсат: Оқушылардың білімділік дағдыларын қалыптастыру, аргументнің берілген мәніне сәйкес функцияның мәнін табуды және функцияның мәніне сәйкес аргументтің мәнін табуды үйрету

    Тәрбиелік мақсат: Оқушыларды өзара көмекке үйрету, білімге ұмтылу қасиеттерін бойында тереңдету.

    Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту

    Сабақтың әдісі: Практикалық

    Сабақтың барысы

    І..Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, ынталандыру

    II.Үй жұмысын пысықтау:

    Үй тапсырмасының орындалуын тексеру




    1. Функция дегеніміз не?

    2. Функционалдық тәуелділіктің жазылуының жалпы түрі қандай?

    3. Функцияның анықталу аймағы деген не?

    4. Функцияның мәндерінің аймағы деген не?


    III. .Жаңа тақырып беру /конспектілеу, оқулықпен жұмыс/
    Функцияның графигі деп координаталық жазықтықтағы абсциссалары аргументтің мәндеріне тең, ал ординаталары функцияның сәйкес мәндеріне тең нүктелердің жиынынан тұратын сызбаны айтады.
    ІV. Практикалық бекіту:
    Тақтада орындалатын тапсырмалар: №1307, №1308, №1309
    Орындарында орындалатын тапсырмалар: №1310, №1311
    V. Қорытындылау

    • Берілген график бойынша функция теңдеуін құруға болады ма?

    • Берілген график бойынша кестені толтыруға болады ма?


    . Үйге тапсырма: §42, сұрақ 1-3 333 бет,, №1312, №1313

    VІІ. Оқушыларға сабаққа қатысқанына сай баға қою

    №113


    Пән: математика

    Сынып: 6 «ә», 6 «б»

    Күні:

    Сабақтың тақырыбы: Функцияның графикпен берілуі
    Сабақтың мақсаты:

    Білімділік мақсат: Оқушыларға графикпен берілген функционалдық тәуелділік ұғымын бекіту, сызықтық функцияның графигін сызу дағдысын дамыту;

    Дамытушылық мақсат: Оқушылардың білімділік дағдыларын қалыптастыру, аргументнің берілген мәніне сәйкес функцияның мәнін табуды және функцияның мәніне сәйкес аргументтің мәнін табуды үйрету

    Тәрбиелік мақсат: Оқушыларды өзара көмекке үйрету, білімге ұмтылу қасиеттерін бойында тереңдету.

    Сабақтың түрі: Бекіту сабағы

    Сабақтың әдісі: Практикалық

    Сабақтың барысы

    І..Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, ынталандыру

    II.Үй жұмысын пысықтау:

    Үй тапсырмасының орындалуын тексеру

    Өтілген тақырыпты қайталау:


    • Функцияның графигініәң анықтамасын тұжырымдаңдар.

    • Графиктен аргументтің берілген мәніне сәйкес функцияның мәні қалай табылады?

    • Қандай жағдайда график функцияның графигі болады?


    III. Практикалық :
    Тақтада орындалатын тапсырмалар: №1315, №1316, №1317
    Орындарында орындалатын тапсырмалар: №1318
    V. Қорытындылау

    • Берілген график бойынша функция теңдеуін құруға болады ма?

    • Берілген график бойынша кестені толтыруға болады ма?


    . Үйге тапсырма: §42, сұрақ 1-3 333 бет,, №1319, №1320
    VІІ. Оқушыларға сабаққа қатысқанына сай баға қою

    №114


    Пән: математика

    Сынып: 6 «ә», 6 «б»

    Күні:

    Сабақтың тақырыбы: Сызықтық функция және оның графигі

    Білімділік: Сызықтық функцияның анықтамасы және графигімен таныстыру, сызықтық функцияға қатысты есептер шығару дағдыларын қалыптастыру.

    Дамытушылық: Теориялық білімдерін практикада оптимальды қолдана алуы

    Тәрбиелік: Білімге талпыну, іздену, жұмыскерлік қабілеттерін тереңдету

    Сабақтың түрі: Жаңа тақырып

    Сабақтың типі: Түсіндіру , практикалық

    Сабақтың барысы:

    І.Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, ынталандыру

    II.Үй жұмысын пысықтау:

    Үй тапсырмасының орындалуын тексеру



    III.Жаңа тақырып / теориялық бөлім/

    y = kx + l (мұндағы x -  тәуелсіз айнымалы, k мен l – нақты сандар) түріндегі формуламен берілетін фуннкцияны сызықтық функция деп атайды.

         у = kx + l  функциясының анықталу аймағы барлық нақты сандар жиыны.

        Егер у = kx + l сызықтық функциясындағы l = 0 болса, онда       у = kx түрінде жазылады. у = kx функциясы тура пропорционалдық деп аталады.

         Егер у = kx + l формуласындағы  k = 0 болса, у = 0x+l,                онда у = l; у = l функциясы тұрақты функция деп аталады. у = l тұрақты функциясы сызықтық функцияның дербес жағдайы.

     Сызықтық функцияның  графигі

    у = 1,5x - 2 сызықтық функциясының графигін сызайық.

    Ол үшін x пен y-тің сәйкес мәндерінің кестесін құрастыру керек.



     х

    -3

    -2

    -1

    0

    1

    2

    3

    у

    -6,5

    -5

    -3,5

    -2

    -0,5

    1

    2,5

     

    Координаталық жазықтықта координаталары кестеде көрсетілген нүктелерді белгілейік.

    Белгіленген нүктелерді қоссақ, түзу сызылады. Осы түзу у = 1,5x - 2 сызықтық функциясының графигі болады. y = kx + l функциясының графигі түзу сызық

    Жазықтықтағы екі нүкте арқылы бір ғана түзу жүргізілетіндіктен, түзуді жүргізу үшін, оның екі нүктесінің координаталарын білу жеткілікті.

    Y = kx + l сызықтық функциясының графигі болатын тузу ординаталар (Оу) осін (0;l) нүктесінде, ал абсциссалар (Ох) осін (к:0) нүктесінде қияды.

    ІV.Практикалық бекіту.

    Ауызша : №1327

    Тақтада орындалатын тапсырмалар: №1329, №1330
    Орындарында орындалатын тапсырмалар: №1331, №1332

    V.Қорытындылау


    • Сызықтық функцияның графигі қандай сызық болады

    • y = kx + l функциясының графигі қалай салынады


    VІ. Үйге тапсырма беру: §43, сұрақ 1-4 344 бет, №1333, №1334, №1335

    VІІ. Оқушыларға сабаққа қатысқанына сай баға қою

    №115


    Пән: математика

    Сынып: 6 «ә», 6 «б»

    Күні:

    Сабақтың тақырыбы: Сызықтық функция және оның графигі

    Білімділік: Сызықтық функцияның анықтамасы және сызықтық функцияның графигіне байланысты есептер шығару дағдыларын дамыту.

    Дамытушылық: Теориялық білімдерін практикада оптимальды қолдана алуы

    Тәрбиелік: Білімге талпыну, іздену, жұмыскерлік қабілеттерін тереңдету

    Сабақтың түрі: Бекіту

    Сабақтың типі: Практикалық

    Сабақтың барысы:

    І.Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, ынталандыру

    II.Үй жұмысын пысықтау:

    Үй тапсырмасының орындалуын тексеру



    Өтілген тақырыпты қайталау:

    • Сызықтық функцияның графигі қандай сызық болады

    • y = kx + l функциясының графигі қалай салынады

    y = 3x +5 функциясының г рафигінен k-ның, l-дің мәні нешеге тең?

    III.Практикалық бекіту.

    Тақтада орындалатын тапсырмалар: №1336, №1337, №1340
    Орындарында орындалатын тапсырмалар: №1341, №1342

    V.Қорытындылау

    • Сызықтық функцияның графигі қандай сызық болады

    • y = kx + l функциясының графигі қалай салынады



    VІ. Үйге тапсырма беру: §43, сұрақ 1-4 344 бет, №1343, №1344, №1345
    VІІ. Оқушыларға сабаққа қатысқанына сай баға қою
    Сынып: 6

    Күні


    Сабақтың реті; 126
    Сабақтың тақырыбы: Сызықтық функция және оның графигі

    Білімділік: Сызықтық функцияның анықтамасы және сызықтық функцияның графигіне байланысты есептер шығару дағдыларын дамыту

    Дамытушылық: Теориялық білімдерін практикада оптимальды қолдана алуы

    Тәрбиелік: Білімге талпыну, іздену, жұмыскерлік қабілеттерін тереңдету

    Сабақтың түрі: Бекіту

    Сабақтың типі: Практикалық

    Сабақтың барысы:

    І.Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, ынталандыру

    II.Үй жұмысын пысықтау:

    Үй тапсырмасының орындалуын тексеру



    Өтілген тақырыпты қайталау:

    • Сызықтық функцияның графигі қандай сызық болады

    • y = kx + l функциясының графигі қалай салынады

    y = 7x +9, y = -8x -15 функцияларынң г рафиктерінен k-ның, l-дің мәні нешеге тең?

    III.Практикалық бекіту.

    Тақтада орындалатын тапсырмалар: №1346, №1347, №1351
    Орындарында орындалатын тапсырмалар: №1352, №1353

    V.Қорытындылау

    • Сызықтық функцияның графигі қандай сызық болады

    • y = kx + l функциясының графигі қалай салынады



    VІ. Үйге тапсырма беру: §43, сұрақ 1-4  344 бет, №1354, №1355, №1356
    VІІ. Оқушыларға сабаққа қатысқанына сай баға қою

    Сынып: 6


    Күні:

    Сабақтың реті: 127



    Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы №8.

    Функция. Функция. Санды теңсіздіктер. Симметрия (тоқсандық)


    Білімділік: Оқушылардың «Функция» тарауы бойынша алған білімдерін тексеру

    Дамытушылық: Тақырып бойынша алған жалпы теориялық білімдерін практикада ұтымды қолдануын дағдыландыру

    Тәрбиелік: Өзара сыйласу, бір-біріне дұрыс көмек беру, жанашырлық, уақытты ұтымды қолдана білу, іздену қасиеттерін бойында тереңдету.
    Сабақтың жоспары:


    1. Ұйымдастыру кезеңі

    2. Бағыт – бағдар беру

    3. Бақылау жұмысының мәтінін тарату




    І нұсқа

    ІІ - нұсқа

    1.Функция у=2х+1 формуласымен берілген.

    А) х=2; 0 мәніне сәйкес у-тің мәнін тап

    Ә) у=-1; 3 мәніне сәйкес х-тің мәнін тап


    1. Функция у=3х-2 формуласымен берілген.

    А) х=0; 3 мәніне сәйкес у-тің мәнін тап

    Ә) у=4;10 мәніне сәйкес х-тің мәнін тап



    2.F(x)=kx функциясынан k-ны табыңдар:

    1)f(2)=3; 2) f(3)=15; 3) f(-5)=10



    2.F(x)=kx функциясынан k-ны табыңдар:

    1)f(4)=12; 2) f(-3)=6; 3) f(7)=28



    2.Велосипедші қаладан 7 км қашықтыққа барған соң одан әрі саяжайға қарай 200м/мин жылдамдықпен tмин жүрді. Велосипедшінің барлық жүрген жолының уақытқа тәуелділік функциясының формуласын жазыңдар.

    3.Поезд станциядан 25 км қашықтықты жүріп өткен соң 78км/сағ жылдамдықпен жүрді. Поездың барлық жүрген жолының уақытқа тәуелділік функциясының формуласын жазыңдар.

    1. Теңсіздіктерді шешіңдер:

    8х+3<7 3x-5

    1. X>0.7 b. x<2 c. x>0.5 d. x<3

    1. Теңсіздіктерді шешіңдер:

    9х-7>20 5x-6<3x+8

    1. X<6 b. x<7 c. x>1 d. x>3

    5.Қабырғасы 4 см ABCD квадратын салып, оның:

    1) А төбесі мен В төбесінің симметрия осін сызыңдар;

    2) А төбесі мен С төбесінің симметрия осін сызыңдар


    5.Қабырғасы 3 см ABCD квадратын салып, оның:

    1) В төбесі мен С төбесінің симметрия осін сызыңдар;

    2) В төбесі мен D төбесінің симметрия осін сызыңдар


    Қорытындылау

    Сынып: 6

    Күні:


    Сабақтың реті: 128

    Сабақтың тақырыбы: Функция. Бақылау жұмысын пысықтау

    Мақсаты:

    Білімділік: Оқушылардың «Функция» тарауы бойынша алған білімдерін коррекциялау

    Дамытушылық: Тақырып бойынша алған жалпы теориялық білімдерін практикада ұтымды қолдануын дағдыландыру

    Тәрбиелік: Өзара сыйласу, бір-біріне дұрыс көмек беру, жанашырлық, уақытты ұтымды қолдана білу, іздену қасиеттерін бойында тереңдету.

    Сабақтың түрі: Пысықтау сабағы

    Сабақтың әдістері:Практикалық

    Сабақтың көрнекілігі:

    Сабақ барысы:

    І. Ұйымдастыру кезеңі:

    а) Сәлемдесу

    ә) Оқушылар тізімін тексеру

    б) Сабақтың мақсатымен таныстыру.


    ІІ Бақылау жұмысын талдау:


    1. Оқушылардың сұрақтарына жауап беру

    2. Бақылау жұмысында қиындық туғызған есептерді талдау

    3. Қатемен жұмыс жасау


    ІІІ Дамыту кезеңі. Есептер шығару:
    Тақтада орындалатын тапсырмалар: №1357, №1358
    Орындарында орындалатын тапсырмалар: №1359
    Сабақты бекіту кезеңі:

    • Координаталары берілген нүктенің түзуге тиісті екенін қалай тексереміз?


    Сабақты қорытындылау: Оқушыларға сабаққа қатысқанына сай баға қою.
    Үй жұмысы: 2006ж. №1360

    Сынып: 6


    Күні:

    Сабақтың реті: 129



    Сабақтың тақырыбы: Пысықтау

    Мақсаты:

    Білімділік: Оқушылардың «Функция» тарауы бойынша алған білімдерін дамыту

    Дамытушылық: Тақырып бойынша алған жалпы теориялық білімдерін практикада ұтымды қолдануын дағдыландыру

    Тәрбиелік: Өзара сыйласу, бір-біріне дұрыс көмек беру, жанашырлық, уақытты ұтымды қолдана білу, іздену қасиеттерін бойында тереңдету.

    Сабақтың түрі: Пысықтау сабағы

    Сабақтың әдістері:Практикалық

    Сабақтың көрнекілігі:

    Сабақ барысы:

    І. Ұйымдастыру кезеңі:

    а) Сәлемдесу

    ә) Оқушылар тізімін тексеру

    б) Сабақтың мақсатымен таныстыру.


    ІІ Дамыту кезеңі. Есептер шығару:
    1. f(х) = функциясы берілген. Функцияның f(5) мәнін табыңдар.

    2. f(х) = 9х + 1екендігі белгілі. Салыстырыңдар: f() және f(- )

    3. f(х) = және g(х) = функциялары берілген. Табыңдар f(1) - g(3).

    4. Аргументтің қандай мәнінде f(х) = -ның мәні -ге тең.

    5. Салуды орындамай, у = 5 + х және у = 3 – х функцияларының графиктерінің қиылысу нүктелерін табыңдар.
    6. Әрқайсысы 25 теңгеге тең п доп және 500 теңгеге гирь сатып алды. Купили п мячей по 25 тенге каждый и гирю за 500 тенге. Сатып алынған заттардың құнының С тәуелділігін жазыңдар.
    7. у = х – 1 функциясының мәндер облысын табыңдар, егер -2 < х < 8
    8. f(х) = 5х + 9 функциясының мәні 7,5-ке тең. Аргументтің сәйкес мәнін табыңдар.
    Сабақты бекіту кезеңі:


    • Координаталары берілген нүктенің түзуге тиісті екенін қалай тексереміз?


    Сабақты қорытындылау: Оқушыларға сабаққа қатысқанына сай баға қою.
    Үй жұмысы: 2006ж. №1360
    Сынып: 6

    Күні:


    Сабақтың реті: 130

    Сабақтың тақырыбы: Пысықтау

    Мақсаты:

    Білімділік: Оқушылардың «Функция» тарауы бойынша алған білімдерін дамыту

    Дамытушылық: Тақырып бойынша алған жалпы теориялық білімдерін практикада ұтымды қолдануын дағдыландыру

    Тәрбиелік: Өзара сыйласу, бір-біріне дұрыс көмек беру, жанашырлық, уақытты ұтымды қолдана білу, іздену қасиеттерін бойында тереңдету.

    Сабақтың түрі: Пысықтау сабағы

    Сабақтың әдістері:Практикалық

    Сабақтың көрнекілігі:

    Сабақ барысы:

    І. Ұйымдастыру кезеңі:

    а) Сәлемдесу

    ә) Оқушылар тізімін тексеру

    б) Сабақтың мақсатымен таныстыру.


    ІІ Тест:
    1. Функцияның анықталу облысын табыңдар:

    у =

    2. Функция f(х) = 4 - формуласымен берілген. Аргументтің 3-ке тең мәніне сәйкес функцияның мәнін тап.
    3. f(х) = 0,5х - 4 функциясының мәні - 6,5-ке тең. Аргументтің сәйкес мәнін табыңдар.

    4. 1 м2 –ге бағасы 210 тенге 1 кг бояу жұмсалады. Еденнің ауданы а м2. Осы еденді сырлауға керекті бояудың С құнының тәуелділігін жазыңдар.

    5. у = х – 3 функциясының мәндер облысын табыңдарң, егер -1 < х < 5.
    6. f(х) = функциясы берілген. Функцияның f(-2) мәнін табыңдар.

    7. у = функциясының анықталу облысын табыңдар.


    8. f(х) = және g(х) = функциясы берілген. Табыңдар f(1) + g(4).
    Сабақты бекіту кезеңі:

    • Координаталары берілген нүктенің түзуге тиісті екенін қалай тексереміз?


    Сабақты қорытындылау: Оқушыларға сабаққа қатысқанына сай баға қою.
    Үй жұмысы: 2006ж. №1409, №1410

    Сынып: 6


    Күні:

    Сабақтың реті: 131


    Сабақтың тақырыбы: : Пысықтау

    Мақсаты:

    Білімділік: Оқушылардың «Функция» тарауы бойынша алған білімдерін дамыту

    Дамытушылық: Тақырып бойынша алған жалпы теориялық білімдерін практикада ұтымды қолдануын дағдыландыру

    Тәрбиелік: Өзара сыйласу, бір-біріне дұрыс көмек беру, жанашырлық, уақытты ұтымды қолдана білу, іздену қасиеттерін бойында тереңдету.

    Сабақтың түрі: Пысықтау сабағы

    Сабақтың әдістері:Практикалық

    Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта

    Сабақтың жүрісі:
    І . Ұйымдастыру.

    ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

    Үй тапсырмасының орындалуын тексеру



    Кестедегі бос орындарды толтырыңдар: y=x2


    Аргумент х

    1

    2

    3

    4

    5

    6

    7

    Функция у

    1

    4

    9

    16

    25

    36

    49


    ІІІ. Дамыту кезеңі. Есептер шығару:

    №1


    мин

    0

    1

    2

    3

    4

    5

    6

    7

    8

    t0C

    17

    35

    50

    65

    75

    85

    90

    95

    100




    1. Ыдыстағы судың алғашқы температурасы неше градус?

    2. Ыдыстағы су неше минут қыздырған соң қайнады?

    3. Ыдыстағы суды 4 минут қыздырғанда оның температурасы алғашқы температурасынан неше градусқа көтерілді?

    №2

    Дамир мен Бауыржан баскетбол добын оның қапшығына лақтырып ойнады. Баскетбол қапшығына Дамирдың лақтырған 15 добының 7-еуі түссе, Бауыржанның лақтырған 18 добының 10-ы түсті. Қайсысының нәтижесі жақсы.


    №3

    у=2(x+1)



    1. Аргументтің -2-ге; 2-ге және 0 ге тең функцияның мәндерін табыңдар;

    2. Функцияның 4-ке ; 8-ге ; 6-ға тең мәндеріне сәйкес аргументтің мәнін табыңыз.



    ІV. Тест сұрақтары: Интербелсенді тақтаны пайдалану

    1. Қай түзулер қиылыспайды?








    А) Б) В)
    2.Дұрыс сөйлемді таңдап ал:

    • 1. Перпендикуляр түзулердің ортақ нүктесі жоқ;

    • 2. Жазықтықтағы қиылыспайтын екі түзу параллель деп аталады;

    • 3. Шеңбердің екі симметрия осі бар

    3. Екі түзу қиылысқанда пайда болған бұрыштардың біреуі 1000 . Қалған бұрыштарын тап:

    • А) 400, 1600, 400 Б) 1000, 800, 800 В) 400, 1400, 400

    4. Көрсетілген шамалардың ішінде бір-біріне тәуелділері қайсысы: Жүрілген жол мен қозғалыс уақыты

    А) ені мен ауданы; Б) аудан мен жол; В) жол мен уақыт.


    5.Дөңгелектің ауданы неге тең?

    А) S=
    Б) S=
    В) S=

    6.Шеңбердің ұзындығы неге тең?

    A) С=
    Б) С=


    В) С=




    7. Қай фигураның симметрия осі жоқ?


    А) Б) С)


    8. Қай түзу перпендикуляр түзу?






    А) Б) В)




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет