Сабақтың түрлі кезеңдеріне цбр элементтерін енгізу арқылы оқу үрдісінің тиімділігі артады


{Білім беруде қолданылатын виртуалды (VR) және толықтырылған шынайылық (AR)



бет44/45
Дата24.05.2024
өлшемі0.59 Mb.
#501816
түріСабақ
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
ББЦТ ЖАҢА

{Білім беруде қолданылатын виртуалды (VR) және толықтырылған шынайылық (AR)

Күнделікті оқытуда ең озық технологияларды қолдану маңызды деген ой қазіргі зерттеушілердің ғана емес, барлығымыздың дерлік ойларымыздан кетпейді. Тіл білімі мен психология саласындағы мамандардың пікірінше, жаңа білімді игерудің ең қолайлы шарттары балалық және жасөспірімдік шақ. Бірақ қызығушылықтың жетіспеушілігі, шашыраңқылық және қиын нәрселерге шоғырлана алмау кез келген жаста тиімді білім алуға мүмкіндік бермейді. Қазіргі білім беру жүйесі ойын-сауық саласымен бәсекелес және студенттерді жаңа білімді игеру үдерісіне тартатын қабылдау тетіктерін қажет етеді. Ақыр соңында, тиімді оқыту қызығушылыққа негізделген, оны алдымен қалыптастыру керек, содан кейін оны қолдау қажетекендігін көрсетеді. Тек ХХІ ғасырда студенттерді суреттермен баурап алу, ескі фильмдерді көру немесе тез ескірген әдебиеттерді оқу мүмкін емес. Сондықтан VRжәне AR қолдауы бар құрылғылар бүгінде білім беруде танымал бола түсуде. Білім берудегі AR және VR форматтары әртүрлі болуы мүмкін, бірақ олардың бетпе-бет оқытудан артықшылығы айқын. Тәжірибе мен суреттерді виртуалды және толықтырылған шындық арқылы беру, ең алдымен, тартудың тиімділігіне, демек, білім беру үдерісін жақсартуға мүмкіндік береді. Мұнда біз мульти-сенсорлық визуалдау мен интерактивтіліктің үйлесімділігін виртуалды шындықты тиімді оқуға қалай сәйкес келтіруге болатынын қарастырамыз және осы тиімділікті тәжірибелерден алынған белсенді оқытудың артықшылықтары тұрғысынан түсіндіруге тырысамыз. Біз сондай-ақ VR-дің білім берудегі кейбір қосымшаларын және осы технологиямен байланысты кемшіліктерін қарастырамыз.



  1. {ЦББР (цифрлық білім беру ресурстары)

Цифрлық білім беру ресурстары (бұдан әрі — ЦБР) білім беру мазмұнын анықтайтын электрондық оқыту жүйесі компонеттерінің бірі болып табылады. Білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін, оқу үдерісінде өскелең ұрпақтың ЦБР белсенді қолдану, бүгінгі таңда берілген бағдарлама аясындағы педагогикалық қоғамдастықтың алдында өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Цифрлық білім беру ресурстары оқыту мазмұнын анықтайтын, электрондық оқыту жүйесінің негізгі компоненті болып табылады. Оқытудың жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін, оқу үдерісінде жаңа буынды цифрлық білім беру ресурстарын тиімді қолдану барлық педагогикалық қауымдастықтың алдында тұрған ең өзекті мәсле болып тұр. Осы жағдайдан шығудың негізгі жолдарының бірі — сапалы электронды оқу құралын жасау және телекомуникациялық желіде (wi-fi) сәтті қосылулармен қамтамасыз ету. Бұл жағдай ең алдымен, қоғам өміріне, ғылымда, мәдениетте және т. б. динамикалық түрде өзгерістер мен толықтыруларға негізделеді. Оқытуда цифрлық білім беру ресурстарын қолдану оқуға деген қызығушылықты арттырып, оқу материалдарын жеңіл игеруге көмектеседі. Сондай-ақ ақпараттық технологияларды басқа да кешенді білім беру саласында қолдануға мол мүмкіндігін береді. арқылы оқу сапасын арттыру. ЦБР жұйесін оықтушы оқыту үдерісі кезінде жан-жақты қолдана алады: — жаңа тақырыпты түсіндірген кезде; — өтілген тақырыпты бекіту және меңгеру деңгейін бағалау кезінде; — өздігінен білім алуа; — тапсырмаларды орындау және өзін бағалау кезінде. Жаңа сабақты түсіндіру кезінде аудио, бейнероликтер мен анимациялық көрнекіліктерді қолдануда, жаңа тақырыпты түсіндірудің педагогикалық амалдары төмендегідей мүмкіндіктерге жол ашады: — мәселелік жағдаяттарды құру, олардан шығу және салыстыру; — негізгі мәліметтерді ажырата білу, жаңа білімді игеруде зейінді шоғырландыру; — термин сөздерді дәптерге жазып, кілт сөздерді есте сақтау және оқытушының негізгі сұрақтарына жауап беру; — оқушылармен тығыз қарым-қатынас жасау және т. б.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет