Сабақтыңтақырыбы Жақшалардыашу. Коэффициент. Ұқсасқосылғыштардыбіріктіру(2 сабақ)



бет1/9
Дата28.11.2023
өлшемі171.2 Kb.
#484654
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Жақшалардыашу. Коэффициент. Ұқсасқосылғыштар. Ұқсасқосылғыштардыбіріктіру(2 сабақ)


Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
6.2В Алгебралық өрнектер

Мектеп: «Аққозы жалпы орта білім беретін мектеп – балабақшасы» КММ

Күні:25.11.2018

Мұғалімніңаты-жөні:Аккалиева Ж.А.

Сынып: 6

Қатысқандар: 10

Қатыспағандар:0

Сабақтыңтақырыбы

Жақшалардыашу. Коэффициент. Ұқсасқосылғыштар. Ұқсасқосылғыштардыбіріктіру(2 сабақ)

Осысабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары (оқубағдарламасынасілтеме)

6.2.1.6
коэффициент, ұқсас мүшелер ұғымдарының анықтамаларын білу;
6.2.1.7
алгебралық өрнектерде ұқсас мүшелерді біріктіруді орындау;

Сабақтыңмақсаты

-Коэффициент, ұқсас мүшелер ұғымдарын, ұқсас мүшелерді біріктіру анықтамаларын біледі, түсінеді;
-Ұқсас мүшелерді біріктіріп, алгебралық өрнектерді ықшамдай алады;
-Мәтін есептерге өрнек құрастырып, ықшамдай алады;

Бағалаукритерийі

-Коэффициент, ұқсас мүшелер ұғымдарын, ұқсас мүшелерді біріктіру анықтамаларын біледі, түсінеді;
-Ұқсас мүшелерді анықтап, алгебралық өрнектерді ықшамдайды;
-Мәтін есептерді шығаруда өрнек құрастырады, оны ықшамдайды;

Тілдікмақсаттар



Оқушылар ұқсас қосылғыштарды біріктіріп, алгебралық өрнектерді ықшамдайды.
Пәнге тән лексика мен терминология:
-Қосылғыштар, өрнек, ұқсас қосылғыштар, біріктіру, коэффициент, ортақ әріп бөлігі, ықшамдау.
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
-Коэффициент дегеніміз... (жазылуында сан және әріп көбейткіштер ғана бар өрнектегі сан көбейткішті сол өрнектің коэффициенті деп аталады )
- ab+ac+ad - ... қосылғыштар деп аталады (ұқсас)
- ab+ac+ad – қосылғышындағы а ... деп аталады (ортақ әріп бөлігі)
- Қандай қосылғыштар ұқсас қосылғыштар деп аталады? (Әріп бөліктері бірдей, тек қана коэффициенттері әртүрлі қосылғыштар ұқсас қосылғыштар деп аталады)
-Ұқсас қосылғыштарды қосу ұқсас қосылғыштарды ... деп аталады (біріктіру)
-Ұқсас қосылғыштар қалай біріктіріледі? (Ұқсас қосылғыштарды біріктіру үшін олардың коэффициенттерін қосып, алынған нәтижені ортақ әріп бөлікке көбейту керек)

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік Ел»жалпыұлттық идеясының құндылықтарына сай «Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім» құндылығы. Бірлік пен келісімде жұмыс жасауға, үздіксіз білім алуға тәрбиелеу.

Пәнаралықбайланыс

Жаратылыстану, физика

Алдыңғы білім



-есептер шығаруда жақшаларды ашуды қолданады;
-жақша алдында «+» таңбасы болса, ішіндегі қосылғыштардың өз таңбалары сақталады;
-жақша алдында «-» таңбасы болса, ішіндегі қосылғыштардың таңбалары қарама – қарсы таңбамен алмастырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет