Шошқа шаруашылығы - жылдам салмақ қосып, тез көбейетін әрі жайылымды қажет етпейтін, ауыл шаруаіпылығы үшін тиімді.
Шошқа өсіруде егін шаруашылығынан алынатын жем, жөне тамақ қалдықтары пайдаланылады. Ол біздің елімізде астық шаруашылығы мен картоп өсіру дамыған зонада кең таралған. Бұл саланың географиясына, одан басқа өнімді тұтынатын ірі қалалар мен қалдык жем жеткізіп тұратын тамак өнеркәсібі орталықтарының орналасуы да әсерін тигізеді. Шошқа өсірудің негізгі ауданы - Солтүстік (мал басының жартысынан астамы), ал екінші аудан - Оңтүстік (15%).
Жұмыртқа мен құс етін (тауық, каз, үйрек, күрке тауық) алу үшін құс шаруашылығы дамыған . Ол өндірістің өнеркәсіптік технологияларымен жұмыс істейтін фабрикалар ауыл шаруашылығының алғашқы саласы. Құс фабрикаларында үй құстарының жартысынан көбі шоғырланған. Оларға жем ретінде азықтық дәнді дақылдар пайдаланылады. Сондықтан, құс шаруашылығы бір жағынан, ірі астық шаруашылығы аудандарына, ал екінші жағынан оның өнімдерін пайдаланатын ірі қалаларға таяу орналасады. Өсіресе, үлкен қалалар орналаскан Оңтүстік пен астык шаруашы-лығының негізгі орталығы - Солтүстік ерекшеленеді.
Пантылық марал шаруашылығы Алтайда, Бұқтырма өзенінің аңғарында XVIII ғасырдың өзінде пайда болды. Бұл аудан қазір де марал мен теңбіл бүғы өсірудің негізгі ауданы болыл саналады. Марал шаруашылығының негізгі өнімі - пантокрин алу үшін қолданылатын панты (бұғының жас мүйізі). Елдің ең құрғақшылықты аудандарынан басқа жерлерде, бал, балауыз, прополис алынатын ара шаруашылықтары дамыған. Бүл салада Шығыс Қазақстан алда келеді. Алтай балы дәмі мен емдік қасиеті жөнінен ең жоғары сапалы болып саналады. Оңтүстік Қазақстан облысының жағдайы жібек құртын — піллә өсіруге аса қолайлы.
Бақылау сұрақтары:
1.Ауыл шаруашылығындағы өсімдік шарашылығының маңызын түсіндіріңдер және дәнді дақылдардың түрлерін атаңдар.
2. Мал шаруашылығының басты салаларын атаңдар.
3. Жергілікті жерде мал шаруашылығының қандай салалары таралған?
№ 174- сабақ
Тақырыбы:Ауыл шаруашылығы шикізаттарын өңдейтін
өнеркәсіп салалары. Тамақ өнеркәсібі.
Жоспары:
1.Тамақ өнеркәсібі- тұтас салалар кешені
2. Тамақ өнеркәсібінің салалық құрамы
Сабақтың мақсаты: Қазақстанның тамақ өнеркәсібінің салалық құрамын қарастыру
Теориялық мәлімет:
1.Тамақ өнеркәсібі орналасу сипаты жағынан «барлық жерде кездесетін» сала болып табылады. Оның кәсіпорындары күнделікті қажетті азык-түлік шығаратындықтан, адамдар тұрақты мекендейтін жерлердің бәрінде бар. Кез келген жерде оған қажетті шикізат - астық, картоп, көкөністер, жемістер, сүт т.б. міндетті түрде табылады.
Тамақ өнеркәсібі - тұтас салалар кешені. Тек біздің еліміздегі олардың саны 14. Оның орналасуына шешуші әсерін тигізетіндер - шикізат және тұтыну факторлары. Тамақ өнеркөсібінің жалпы алғанда барлық жерде орналасуына қарамастан, кейбір салаларының өзіндік орналасу ерекшеліктері бар. Материалды көп қажет ететін салаларында дайын өнім бірлігін шығаруға кететін шикізат шығыны үлкен. Мысалы, 1 т күнбағыс майын алуға 2-3 т күнбағыс дәні, ал май алуға - 5-5,5 т мақта дәні қажет. Ондай кәсіпорындарды көбінесе шикізат өндіретін аудандарда орналастырады.
Шикізат факторының әсерін көрсететін нақты мысалға - қант өнеркәсібі географиясын жатқызуға болады. Біздің елімізде «тәтті өнімді» дәстүрлі түрде қант қызылшасынан өндіреді. Қызылша алысқа тасымалдауға келмейді (қанттылығы жойылады). Оның 1 т өнім алуға кететін шығыны 7 т құрайды. Өндіріс көп энергия жұмсалуымен ерекшеленеді (көп энергия, бу қажет). Сонда да олар шикізат базаларына таяу орналасады. Қант дайындау технологиясы көптеген операциялардан тұрады.
Қызылшаны зауытта топырақтан тазартып, қабығын аршиды да жұқа (0,5-1 мм) етіп кеседі. Кесілген қызылшаны бірнеше рет қайталап ыстық сумен жуу арқылы қанты алынады. Алынған қант шырынын әк ерітіндісімен қоспалардан тазартып, күкіртті газбен түссіздендіреді. Тазартылған шырынды буландырады. Алынған тосапты сірне мен қантқа бөледі. Қантты жуып, қайтадан буға ұстағаннан кейін, ақ қант алынады. Онда әлі де қоспалар қалады. Оларды толық жою үшін қантты рафинадтап қайнатады да, қалыптарға құяды. Құйма қанттардың үлкен кесектерін ұсақ бөліктерге бөліп шақпақ қант жасайды.
Біздің елімізде 8 кант зауыты бар. Олар қызылша өсіретін облыстарда орналасқан, құмшекер шығарады . Таразда шақпақ қант еөндірісі бар. Бұл саладағы «бірінші скрипканы» «Қант орталығы» компаниясы ойнайды.
Қант шығару-маусымдық сала болып есептеледі, өйткені қызылшаны ұзақ сақтауға болмайды. Отандық шикізат аздық етеді, барлық зауыттар жұмыла іске кіріскенде ол 20—30 күнге ғана жетеді. Қымбат бағалы құрал-жабдықтар тұрып қалмас үшін, Бразилия және басқа елдерден қант қамысы шикізатын сатып алады. Одан Қазақстан қантының 9/10-ы алынады.
Шикізат базаларына май айыру өндірісі, яғни өсімдік майын алу бағытталып орналасады. Қуатты зауыттар күнбағыс өсірілетін (Өскемен), мақта мен мақсары өсірілетін (Шымкент) аймақтарда орналасқан. Алматы мен Ақтөбенің зауыттары негізінен тасымалданып әкелінген майды рафинадтайды. Өскемендегі май айыру өндірісі халуа шығарумен үйлестірілген.
Жеміс-көкөніс өнеркөсібі тез бұзылатын өнімдер - көкөніс, жеміс өңдеумен айналысады. Ол толығымен дерлік Қазақстанның оңтүстігінде, әсіресе, Алматы облысында орналасқан.
Шикізат көзіне бағытталатын салалардың ішінде балық өнеркәсібі ауыл шаруашылығымен тікелей байланыспағандықтан, ерекше сипатқа ие. Ол ірі көлдердің, су қоймалары мен өзендердің балық қорларын пайдаланады.
Балық аулаудан Каспий теңізі (Жайык өзенімен бірге) алда келеді, сонымен қатар Балқаш, Алакөл көлдері мен Бұқтырма су қоймасын да атауға болады. Еліміздегі балық аулаудың негізгі ауданы — Атырау облысы (ауланған балықтың 3/5-і). Ол бағалы бекіре тұқымдас балықтар түрін - бекіре, қорытпа, қызыл балық береді. Саланың басты кәсіпорны — «Атырау балық» АҢ (Балықшы с.)
Осы кәсіпорын ғана бекіре балықтарының уылдырығын өңдейді. Балқаштағы ескі кәсіпорын Балқаш балық ЖШС (Шашубай).
Тұтыну орындарына өндірістік өңдеуден өткен шикізатты пай-даланатын салалар таяу орналасады. Олардың өнімдері нашар сақталатын (торт, пирожный, басқа да кондитерлік өнімдер, нан) немесе жасалған шикізатынан тасымалдануы қиын болып келеді. Мысалы, 60 тонналық темір жол вагонына 55 т үн, ал макаронның 20 т ғана сыяды.
Нан пісіру көптеген елді мекендерде бар. Оның географиясы ха-лықтың орналасуымен сәйкес келеді. Шағын наубайханалар көп, бірақ ірі қалаларда үлкен нан зауыттары да жұмыс істейді. Кондитер өндірісінің де кеңістікте таралу «бейнесі» осыған ұқсайды. Қарапайым өнімдерді қалалар мен ірі селоларда шығарады. Технологиясы күрделірек болып келетін кәмпит, әсіресе шоколад кәмпиттерін шығару 5—6 орталықта ғана шоғырланған. Сала өнімінің 90% ға жуығын 5 компания - «Рахат» (Алматы, Шымкент), «Баян сүлу» (Қостанай), «Ақтөбе кондитер фабрикасы» (Ақ-төбе), «Қарағанды кәмпиттері» мен «Хамле» (Қаскелен.) шығарады.
Макарон өнімдерін шығаратын кәсіпорндар тұтынушыларға бағыт-талып орналасқан. Бірақ кейде басқаша да болады. Жоғары сапалы шикізат қатты («макарондық») бидай өсірілетін ауданда орналасқан «Сұлтан» АҚ (Петропавл) ұн тарту макарон комбинаты елімізде ең таңдаулы өнім шығарады. Елдегі жалғыз Алматы шай фабрикасы Үндістан мен Шри-Ланкадан (цейлон шайы) әкелінетін шикізатты өңдеумен айналысады.
Тамақ индустриясының бір қатар салалары шикізатқа да, тұтынушыға да бағытталып жұмыс істейді. Ұн тартатын өнеркәсіптер астық өңдеумен айналысады. Ұнға қарағанда астықты тасымалдау жеңілірек. Соған байланысты, ұн тартатын кәсіпорындар тұтыну орталықтары ірі қалаларда да, бидай өсіретін жерлерде де орналасқан.
Сүт өнеркәсібінің бастапқы сатылары (пастерленген сүт, қаймақ, кілегей, айран шығару) тұтынушыға таяу орналасады. Оның соңғы сатылары, мысалы, май шайқау (мал майы және сары май дайындау) мен ірімшік жасау көп сүт алынатын жерлерде көбірек дамыған. Еліміздің ең «сүтті» аудандары — Солтүстік пен Оңтүстік (барлық сүттің 70%-ын береді). Бұл салалар бойынша олар өзара бірінші және екінші орындарды бөліседі. Егер Қазақстандағы негізгі «май шайқау» Оңтүстікте (әсіресе, Алматы) болса, «негізгі сыр жасаушы» - Солтүстік (Солтүстік Қазақстан облысы). Ет өнеркәсібінің орналасуы екі жақты болып келеді. Ет өнімдерін даярлау (шұжық, жіңішке шұжық (сосиска), орама, сүрленген шошқа еті т.б.) өнімді пайдаланатын орталықтарға «бекітілсе», ал ет консервілерін (бұқтырылған ет) өндірісі - шикізат көзіне таяу орналасады. Бірақ, көбінесе бұл өндірістер бір кәсіпорындарға -комбинаттарға біріктіріледі. Тұрғындарды қазіргі уақытта жас етпен қалалық және ауылдық («колхоз», «жасыл») базарлар қам-тамасыз етеді.
Бақылау сұрақтары:
1.Агроөнеркәсіптік кешеннің ұқсатуш факторларына қандай салалар жатады?
2.Тамақ және жеңіл өнеркәсіп орталықтары республика аумағында қандай принциптер бойынша орналасқан?
3. Тамақ өнеркәсібі шикізат түріне қарай неше топқа бөлінеді?
№ 175- сабақ
Тақырыбы: Жеңіл өнеркәсіп
Жоспары:
1.Жеңіл өнеркәсіптің шикізат базалары
2.Жеңіл өнеркәсіптің салалары
Сабақтың мақсаты: Қазақстанның жеңіл өнеркәсіптің салаларын қарастыру
Теориялық мәлімет:
1. Бұл саланың мақсаты - тұрғындарды әдемі, әр алуан, ең бастысы «тиімді — жоғары сапалы киіммен және аяқ киіммен қамтамасыз ету. Ондай тауарлар өсімдік (мақта, жібек) және жануарлар (тері, былғары) өнімдерінен алынады. Біздің еліміз үшін бұның маңызы зор, өйткені, адамдар суық қыс пен ыстық жазда жасанды теріден гөрі мақтадан тігілген киімдер мен былғары аяқ киімдерін киюді артық көреді.
Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінің жақсы шикізат базалары бар: мақта, жүн, табиғи былғары мол. Дегенмен, ол экономикадағы ең бір «шешімін таппаған» сала болып есептеледі. Ел көбінесе Қазақстан шикізатынан жасалған шет елдің киімі мен аяқ киімін киеді.
Бұл сала жоспарлы экономикада негізгілердің қатарына жатқызылған жоқ. 1990 жылдардың басында оның құрал-жабдықтарының 70%-ы 10 жыл бұрынғы ескі болатын. Экономикалық дағдарыс жылдарында ол мүлдем іс-әрекетсіз жағдайда қалды. Арзан (көбінесе сапасыз) шет елдік тауарлар «толқыны» Қазакстанның жеңіл өнеркәсібін жайпап өтті. Жұмыскер саны мен өнім өндіру 10 есе, ал аяқ киім тігу 1000 есеге қысқарды. Қазіргі кездегі елдің өнеркәсібіндегі оның «үлесі» бар болғаны 1%-ды құрайды (1990ж - 15%). Кәсіпорындардың бір бөлігі үкіметтің армия мен полицияға аяқ киім мен формаға тапсырыс беруі арқасында ғана «аман қалды».
Қазіргі кезде жеңіл өнеркөсіпте оң өзгерістер байқалады. Бірақ, оған Қазақстан индустриясындағы алдыңғы қатарлылардың бірі болуы үшін көп нәрсе жасау керек.
Жеңіл өнеркәсіптің 13 саласы бар. Оның негізгілері — тоқыма, тігін, мақта-мақга, былғары, тері илеу салалары. Ол басқа салалармен және салааралық кешендермен тығыз байланысқан.
Жеңіл енеркәсіп (кей жағдайда болмаса) - материалдан гөрі еңбекті көп қажет ететін, экологиялық жағынан «таза» және көбінесе «әйелдер» қызметінің саласы. Өнеркәсіптің өнімі және өңделген шикізаты тасымалдауға қолайлы, әрі ұзақ сақталады. Бұл оның салаларының таралып орналасу «бейнесін» көрсетеді. Оның дамуы ауыр өнеркәсіпті аудандарда еңбек қорларын толығырақ пайдалануға, айтарлықтай минералдық және басқа табиғи қорлары жоқ жерлерде кәсіпорындар ашуға мүмкіндік береді.
Жеңіл өнеркәсіптегі басты сала - тоқыма өнеркәсібі. Негізінен ауыл шаруашылық өнімдерін пайдалана отырып, ол мақта, жүн, зығыр, жібек маталары мен тоқыма өнімдерін, киіз шығарады. Оларды өсімдік (мақта, зығыр) немесе жануарлар (жүн, жібек) өнімдерінен химиялық талшықтар қоса отырып жасайды.
Мата шығару өңдеудің 4 сатысынан өтеді.
Бірінші сатысы - металлургиядағы кен байыту сияқты, мақтаны, жүнді өңдеу болып табылады. Ол мақта тазалайтын зауыттар мен жүн жуатын фабрикаларда атқарылады. Мақтаны дөнінен, қорапшасының қалдықтарынан, жапырағынан, сабағынан ал, жүнді кір мен майдан, басқа да лас заттардан тазартады. Тазаланған талшықтардан қатаң мата тоқылатын жіп иіріледі. Алынған қатаң матаны бояу, бетіне өрнек салады (әрлеу).
1 т жуылған жүн алу үшін 2 т жуылмаған жүн, ал 1 т мақта талшығын алу үшін 3 т. астам мақта шикізаты қажет. Сондықтан, бастапқы өңдеу кәсіпорындары шикізат көздеріне жақын орналастырылады.
Әрбір келесі сатыны жекелеген жіп иіру, тоқыма немесе өрлеу фабрикаларында атқаруға болады. Бірақ ол көлік шығынын көбейтіп, дайын өнімнің бағасын қымбаттатып жібереді. Мақта-мата өндірісінің негізгі сатыларын бір комбинатта жинақтау тиімдірек болады.
2. Мақта-мата өнеркәсіптері Оңтүстікте шоғырланған. Барлық мақта тазалау зауытары (олар 30-дай) Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Жіпті Алматы мен Шымкентте иіреді. Матаны ең көп шығаратын — «Мата тоқу компаниясы» АҢ (бұрынғы Алматы мақта-мата комбинаты). Ол негізінен қатаң мата түрін шығаруға маманданған. Мақта кешені (кластер) Оңтүстік Қазакстан облысында құрылуда.
Кластер орталығы Шымкент қаласында жіп иіру фабрикалары салынып, тесек-орын, түкті джинси маталарын шығаратын тоқыма өндірісі қайта жасақталған.
Жүн өнеркәсібі мардымсыз дамыған. Жүнді бастапқы өңдеу фабрикалары Оңтүстікте (Таразда, Шымкентте, Алматыда) және Шығыста (Семейде), ал мата тоқитын фабрикалар Фабричный кентінде (Алматы маңында), Қостанай мен Семейде орналаскан. Өскеменде жасанды талшықтардан мата тоқылады. Тоқыма өнеркәсібінде Алматы ерекше орын алады.
Былғары, аяқ киім және тері өңдеу өнеркәсіптері бір-бірімен тығыз байланысты. Тері өңдеу (табиғи былғары алу) шикізат көзіне, су мен электр энергиясына жақын орналасады. Еліміздегі тері өңдеу өнеркәсібінің 4 негізгі орталығы -Петропавл, Тараз, Рудный мен Семейдегі зауыттар. Қостанайда, Алматыда, Таразда, Ақтауда аяк киім фабрикалары жұмыс істейді.
Семейдің «Тері-былғары» комбинаты елімізде қой терісін өңдеу арқылы өнім шығаратын (тон, ішік, бас киім) ірі кәсіпорын болса, Шымкенттегі «Қазақиталкаракөл» - қаракөл терісін өңдейтін бірден-бір кәсіпорын болып табылады.
Киізден жасалатын аяқ киімнің (пима) 70%-дайы Қостанай облысында шығарылады.
Жеңіл өнеркәсіптің «кез келген жерде» орналаса беретін саласы - тігін өнеркәсібі. Ол көбінесе тұтынушыға таяу орналасады. Өнімнің негізгі бөлігін шағын тігін шеберханалары шығарады. Бірақ Шымкенттегі «Восход» сияқты ірі фабрикалар да бар.
Бақылау сұрақтары:
1.Жеңіл өнеркәсіп құрамына қандай салалар кіреді және ол халықтың тұтыну қажетін толық қамтамасыз ете ала ма?
2. Тамақ және жеңіл өнеркәсіптерінің салааралық байланыстарын түсіндіріңдер.
3. Жеңіл өнеркәсіп шығаратын өнім түрлері.
№ 176- сабақ
Тақырыбы:Көлік кешені. Аумақтық- өндірістік байланыстар
Жоспары:
-
Құрлық, су көліктері
-
Әуе көлігі.Байланыс.
Сабақтың мақсаты: Қазақстанның көлік кешенін қарастыру
Теориялық мәлімет:
1.Көлік – экономиканың қалыпты жұмыс істеуінің негізі. Ол өндіріс процесін қамтамасыз етіп, кәсіпорындарды, салалар мен аймақтарды байланыстырады, сыртқы сауда жүктерін тасымалдап, халыққа қызмет көрсетеді.
Көлік 4 құрамдас бөліктен тұрады. 1). Көлік құралдары. 2). Жолдар. 3)Ұйымдар. 4) Тиеу-түсіру пункттері. Сол себепті ол тек экономика саласы ғана емес, күрделі кешен болып есептеледі. Осыған байланысты оның жеке салаларға, немесе көлік түрлеріне бөлінеді.
Құрлық көлігі- біздің құрлықтық елімізде – негізгі көлік түрі болып саналады.Темір жолдар – алыс қашықтықтардың еңқолайлы, әмбебап көлігі. Ол барлық жүк түрлерін тасымалдауға жарамды, ал «болат» артерияларды кез-келген бағытта жүргізуге болады.
Темір жолдар Қазақстанда XIX ғ. аяғында пайда болды. XX ғ. басында (1904-1905 ж.ж.) оның аумағынан тұңғыш ірі жол -Орынбор-Ташкент жолы өтті. Ал негізгі жол желісі кеңес кезеңінде қалыптасты. Оның негізін елдің бірнеше бөліктерін қосатын ірі магистралъдар құрайды. Қазақстан темір жолының «келбетін» меридиан бойымен бағытталған 3 магистраль: Орынбор-Ташкент, Түркістан-Сібір (Семей-Алматы- Луговой), Трансқазақстан (Петропавл-Қарағанды-Шу) және ендік бойымен өтетін 2 магистраль: Орта Сібір (Челябі-Қостанай-Көкшетау-Қарасу) мен Оңтүстік Сібір (Қарталы-Астана-Құлынды-Барнаул) бейнелейді. Олар қосылып, Қазақстанның «үлкен темір жол сақинасын» құрайды. Оған басқа да «болат артериялар», келіп тоғысады, оның ішінде Қытайдан Түркияға дейін созылып жатқан Трансазия магистралі де бар.
Темір жол көлігі тасымалдайтын жүктің 3/4 бөлігін көмір, кен, мұнай және құрылыс материалдары құрайды. Бұл жүк ағынының географиясында көрінеді. Бәрінен де Оңтүстік Сібір және Трансқазақстан магистральдарының жұмыстары өте қауырт. Жолаушы тасымалының жартысынан астамы салалардың үлесіне тиеді.
Темір жол көлігінің дамуы: 1)жаңа жолдар салуды; 2) өткізу қабілетін екі есе арттыру үшін оларды электрлендіруді; 3) жоғары жылдамдықты магистральдар салуды; 4) контейнерлік жүк тасымалын қалыптастыруды қарастырады.
Егер темір жол көлігі келік жүйесінің «қаңқасы» тәрізді болса, автомобилъ жолдары оларды байланастыратын негізгі буын болып табылады. Ол көліктің магистральды түрлерін қосып, оларға жекелеген кәсіпорындардың жүктерін тасып жеткізіп, керісінше, олардан жүк алып кетеді. Бұл қысқа кашықтыққа арналған жылдам, ең қолайлы көлік түрі. Автомобильдер аралық кідірі тауарды «есіктен есікке» дейін жеткізеді. Олардың, әсіресе, қалаларда, қалалар маңы мен таулы аудандарда рөлі зор. Алыс магистральдық жүк тасымалын қуатты, жылдамдығы жоғары жүк машиналары атқарады. Бірақ, автокөлік қымбат әрі экологиялық жағынан «лас» көлік түрі.
Автомобиль көлігінің жүмыс тиімділігі жолдардын жиілігі мен сапасына байланысты. Автомагистральдардың жалпы ұзындығы 90 мың километрдей.Қазақстаннынққалыпты шаруашылық жағдайына одан 2,5 есе ұзын жол қажет. Елдегі жол желісі әртүрлі. Ол негізінен темір жолдар географиясын қайталайды. Автомобиль жолдары өте жиі болып келетін аймақ - Солтүстік Қазақстан. Батыс пен Орталықта жолдар саны одан екі еседей аз. Осы уакытқа дейін Қазақстанда батыстан шығысқа қарай кесіп өтетін өтпелі, ендік бағытындағы жол жоқ.
Біздің елімізде автомобиль баяғыдан бері ең жаппай қолданылатын көлік құралына айналды (2004 ж. - 1,5 млн-нан астам бірлік) ал автокөлік жүк (3/4) және жолаушы (98%) тасымалының талассыз көшбасшысы болып табылады.
Өндірістік көліктің рөлі басым болып саналатын тау-кен және металлургиялық облыстар (Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Қостанай) тасымалданатын жүк массасы жөнінен ерекшеленеді. Жолаушы тасымалдау географиясы көбінесе халықтың орналасуы мен сәйкес келеді.
Қазақстанның автомобиль көлігі бірнеше бағыт бойынша дамып келеді. Қолданыстағы жолдар жөнделіп, жаңа магистральдар салынуда. Ауылдық жерлерде жолдар іске қосылуда.
Құрлық жолдары көлігінің арнайы маманданған түрлері - құбыр және электрондық көліктер. Құбыр жүйелері мұнай мен газ айдап, мұнай-газ және мұнай өңдеу өнеркәсіптерімен бірлесіп жұмыс істейді.
Оларды да кез келген бағытта жүргізуге болады, әрі темір жолдан қысқа болып келеді, ал құрылысы көп арзанға түседі. Бір бағытта, тұрақты жерде көп мөлшерде жүк «жіберіледі». Сондықтан, құбыр жүйесі ең арзан көлік түрі болып табылады.
Қазақстандағы ең құбыр жүйесі дамыған аймақ - Батыс, одан мұнай мен газдың қуатты ағындары таралады. Олардың басты торабы Атыраудан мұнай құбырлары тармақталып таралады. Осы өлке арқылы қуатты транзиттік «Орта Азия - Орталык» және «Бұқара - Орал» газ құбырлары жүргізілген. Орталық облыстарды солтүстіктен оңтүстікке қарай «Омбы-Павлодар-Шымкент-Чаржоу» газ құбыры желісі басып етеді. Батыстан оған Құмкөл «бұтақшасы» келіп қосылады да, ал одан шығысқа, Қытайға қарай «құбыр» кетеді.
Электрондық көлік электр энергиясын электр жеткізу желілері (ЭЖЖ) арқылы тасымалдайды. Олар елдің ірі өнеркәсіпті орталықтарын байланыстырып, ауылдық жерлерді электр энергиясы мен қамтамасыз етеді.
Ірі қалаларда жолаушыларды экологиялық жағынан таза электр көліктері троллейбустар (Алматы, Петропавл, Астана, Тараз жөне т.б.) мен трамвайлар (Павлодар, Алматы, Өскемен, Қараганды) тасымалдайды.
Құрлық көлік түрлері су көлігімен тығыз байланысты.
Су көліктері негізінен құрал-жабдықты көп кажет етпейтін табиғи жолдарда жұмыс істейді. Оларға отын аз жүмсалады (1 т. жүкке есептегенде), әрі көлемді тауарларды тасымалдаудың өзіндік құны да төмен. Бірақ, оның қозғалыс жылдамдығы төмен, көбінесе маусымдық жұмысқа ғана жарамды, оның үстіне кеме жүретін жолдар қажетті бағыттарға үнемі сәйкес келе бермейді.
Су көлігі теңіздік және өзендік болып белінеді. Теңіздік кеме қатынасы бар жалғыз аудан - Каспий теңізінің шеткі ЭГЖ теңіз көлігінің негізгі міндетін - сыртқы сауда байланысын жүргізуді анықтап берді. Сондықтан негізгі жүк тасымалы шетелдік болып табылады. Каботаждық тасымал (еліміздің порттарының арасында) аздау, дегенмен, онда да өсу байқалады.
Бұл көлік түрінің флот, порттар, жөндеу зауыттары сияқты күрделі шаруашылығы бар. Теңіз кемелері қымбат, бірақ жүккөтергіштігі жоғары болғандықтан, олардың тасымалдау қызметі ең арзан болып саналады. Сол себепті құрлык ішілік елдер де өз флотын құруға тырысады. Өйткен жағдайда бөтен кемелермен тасымалданған жүктер үшін төлем жасауға (фрахт) мәжбүр етеді.
Теңіз келігі - ең жас, әрі жылдам дамып келе жатқан көлік түрі.
Елдің басты теңіз «қақпасы» - қатпайтын Ақтау сауда порты. Жүк тасымалы бойынша (жылына 10 млн т) - ол Каспий бойындағы ірі порттардың бірі болып саналады. Жүктін. басым бөлігін мұнай (85%), прокат және астық құрайды. Паром өткелдері Ақтау қаласын Ресей мен Әзірбайжанның порттарымен байланыстырады.
Құрық қойнауында жаңа порт салынып жатыр. Ол теңізде таяу уақыттарда пайда болатын (30-60 мың т) ірі танкерлерді қабылдайтын болады. Үшінші, Баутино порты теңіздің мұнай байлығын игерудің тірек базасы ретінде дамып келеді.
Өзен көлігі табиғат жағдайларына көбірек тәуелді. Кеме қоз-ғалысының баяулығы, маусымдық жұмыс, берілетін бағыт бойынша су жолының қалыптасуы - оның ерекшеліктері болып табылады. Бірақ, жоғары жүк көтергіштігі жағдайында теплоход темір жол құрамынан гөрі отынды үнемдірек жұмсайды. Сондықтан, асықпай жеткізілетін, жаппай тасымалданатын жүктер көмір, мұнай өнімдері, ағаш, астық, құрылыс материалдарын тасымалдауға өзен көлігі қолайлы. Әзірше олардың көлемі онша көп емес. Әсіресе Шульба СЭС-ндағы шлюзді қосқаннан кейін ол тез өседі және бүкіл Ертіс үлескісіндегі Зайсан көлінен Ресейге дейін кеме қатынастарын қалпына келтіру. Бұл транспорттық географиялық жұмыстарын екі көлдік алаптар анықтайды.
Әуе көлігі - ең жылдам, бірақ ең қымбат көлік. Оның негізгі мамандануы - алыс қашықтықтарға жолаушы тасымалдау. Ұшақтар, сонымен қатар, шұғыл түрдегі және бағалы жүктерді (пошта, тез бұзылатын азық-түліктер, гүлдер) жеткізеді.
Қазақстандағы әуе тасымалын бірнеше авиакомпаниялар («СКАТ», «Атырау әуе жолы», «Көкшетау», «Семейавиа» және т.б.) орындайды. Олардын ішіндегі ең ірісі - «Эйр Астана», үлттық «авиа тасымалдаушы», компаниясы.
Ол 40-тай халыкаралық және ішкі бағыттарға қызмет көрсетеді. Оның әуе лайнерлері әлемнің 10 мемлекетіне, оның ішінде Ресейге, Қытайға, Германия мен Үндістанға ұшады. «Эйр Астана» республика әye жолаушы-ларының 3/5-н тасымалдайды.
Елдің; ең басты «Әуе айлағы» - Алматы (жолаушылардың 1/2-нен астамы). Қазіргі заманғы халықаралық әуежай астанада салынған.
Авиация ауыл шаруашылығында қолданылады. Оның көмегімен орман өрттерін сөндіреді, құбыр желілерін бақылайды, «шұғыл» жағдайдағы ауруларды тасымалдайды әне мұнай мен газ қорларын игереді.
Көлікті аумақтық ұйымдастыру. Қазақстанда бірыңғай көлік жүйесі қалыптасуда. Оның негізгі бөлігі - түрлі қатынас жолдары болып табылады. Оларды көлік тораптары, яғни әр алуан «жолдар» түйісетін (темір жол, автомабиль, өзен) және бір көліктен екіншісіне жүк ауыстырылып тиелетін орындар қосады. Қазақстанда әр түрлі типтегі ондаған көлік тораптары бар. Әіресе, Алматы, Ақтау, Қарағанды, Павлодар, Астана ерекше бөлінеді.
Байланыс. Коммуникациялық, жүйенің бұл буыны пошта байланысы мен телекоммуникацияны біріктіреді. Оның негізгі міндеті - көлемі мен маңызы жылдам өсіп отыратын әр алуан ақпараттарды беру. «Қазпошта» АҚ орасан үлкен шаруашылығы -пошта байланысы - бұл ертеден келе жатқан сала. Ондағы тораптар мен байланыс бөлімшелерінің саны 3500-дей. Олар елді мекендердің көпшілігінде бар.
Қазіргі телекоммуникациялық, байланыс түрлері «жуан сөмке арқалаған» пошташыны ығыстыра бастады. Олар бірнеше бағытта қарқындап дамып келеді. Оптикалық-талшықты желілердің құрылуы халықты телефонмен қамту деңгейін кетереді (өзірге қалалық отбасылардың 3/5-інде, ауылдық отбасылардың 1/3-інде ғана телефон бар). Оның артта қалуын жартылай желісіз байланыс -пейджинг, ұялы телефондар өтейді. Елде кәдімгі телефонға қарағанда ұялы телефон басым. Қазір әрбір 5-ші қазақстандыктың ұялы телефоны бар. Спутниктік телеарналар мен бүкіл әлемдік интернет торын пайдаланудың маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: |