Шымкент кампусы «Жоғарғы медициналық білімнен кейінгі білім беру» факультеті


Жеңіл дәрежелі преэклампсияның жүргізу тактикасы



бет5/10
Дата08.12.2022
өлшемі2.99 Mb.
#466864
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
СРС 12

Жеңіл дәрежелі преэклампсияның жүргізу тактикасы

  • 37 аптасына дейін – бақылау, ем қабылдау.
  • 37 аптасынан кейін – босандыру.

Ауыр дәрежелі преэклампсия кезінде жүргізу жоспары

  • 34 аптаға дейін
  • Дексаметазон 6 мг б/е 12 сағат сайын - 2 тәулік тағайындау ( мах дозасы 24мг)
  • Босандыру 24-48 сағат аралығында
  • 34 аптадан кейін
  • Босандыру жолдарының дайындығымен 24 сағат аралығында босандыру
  • Эклампсия - жайылмалы тырысумен өтетін гестоздың өте ауыр және қауіпті түрі. Эклампсияны грек тілінен аударғанда «найзағай» дегенді білдіреді. Милық қан айналымның ауыр бұзылуымен жүрген жағдайда команың дамуымен қосарлануы мүмкін. Ұстамалы тырысулардың негізіне ми қан тамырларының тарылуы жатады, кейіннен тамырды кеңейтетін және қарқынды терапияның нәтижесіздігінен бас миының сусіңділенуі қосылады. Бұл жағдайда әйелде сана сезімінің жойылуы, есінен тануы және бүкіл денесінің бұлшықеттерінің тырысуы болады. Эклампсия жағдайында ми тіндерінің айқын гипоксиясы, ісінуі, тұрақты қанайналысы бұзылады. Бүкіл ішкі мүшелердің және жүйелерінің шамасыздығы байқалады.

1. Тырыспа алды кезеңі - әйелдің бетінің бұлшық еттерінің фибрилярлық тартылуы, тахикардия, санасы айқын болмайды.Ұзақтығы 20-30 секунд. 2.Тоникалық тырысу - Әйел есінен айырылады, дем алысы тоқтайды, тоникалық тырыспа басынан, мойнынан басталып, денесіне жайылады. Басы артқа қарай шалқаяды, беті көгереді, көз қарашығы үлкейіп жағы қарысады, тілін тістейді, жүрек қағысы мен тамыр соғуы нашарлайды, денесінің бұлшық еттері қатып, сіресіп қалады. Ұзақтығы 20-30 секунд 3.Клоникалық тырысу басынан басталып, төмен қарай тарайды. Қатып, сіресіп, бұлшық еттері бірінің артынан бірі селкілдеп тартыла бастайды. Қорылдаған дем алыс пайда болады, аузынан қан аралас көпіршік шығады. Ұзақтығы 1-2 минутқа дейін. 4.Таралу кезеңі - тырыспа басылады. Дем алысы, жүрек қызметі қалыптасады, ауру әйел есін жиып, өз-өзіне келе бастайды. Кейде талма біткеннен кейін әйел қатты ұйықтап қалады немесе комаға түседі, көп уақытқа дейін есіне келмеуі мүмкін.

  • Эклампсия кезеңдері:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет