Пəнді оқудың нəтижесінде төмендегідей жайттарды жүзеге асыра аласыздар:
дағдысы болуы қажет:
Дене тəрбиесі жəне спорттық жаттықтыру үдерістерін жүзеге асыру барысында тиісті əдістерді, құралдарды, инновациялық технологияларды пайдалану.
Студенттер өзіндік жұмысы, жеке жəне топтық тапсырмаларды орындауымен байланысты. Студент бұл жұмыстың барысында өз бетімен мақсат пен міндеттерді қоюға, өзінің əрекетін жоспарлауға жəне оны іске асыруға қабілетін дамытады. Осы мақсатқа студенттің дене шынықтыру жəне спорт теориясы мен əдістемесін терминологияны, педагогикалық процесстің заңдылықтарын, құбылыстарын, даму бағыттарын игеруі кіреді.
Мақсаты – дене шынықтыру жəне спорт теориясы мен əдістемесінің жалпы талаптарын игеру жəне осы бағыттағы дене шынықтыру жəне спорт маманына қажетті білімді қалыптастыру.
Оқу құралында берілген материалды бекіту үшін тестілік тапсырмалар ұсынылған. Студенттің өзін - өзі бағалау тапсырмалары берілген.
Бұл оқу құралымен жұмыс жасағанда, құрметті студент сенің қолыңда келесі материалдар болу қажет, яғни:
Пəн бойынша силлабус
Дəптер (сабақта берілген тапсырмалар т.с.с.)
Тиісті жабдықтар (қалам, қарандаш, сызғыш т.с.с.)
Оқу құралын игеру барысында келесі ережелерді сақтауың қажет:
Түсінбейтін жерлерін өзіңнің дəптеріңе жазып алу (сосын оларды оқытушыдан сұрау)
2 – ші жəне 3 – ші тараудағы («тестілер» жəне
«бағалау») берілген материал бойынша өзіңнің түсінбегеніңді тексеру.
ТИПТІК БАҒДАРЛАМА
Бұл типтік бағдарлама «Дене шынықтыру жəне спорт теориясы мен əдістемесі» оқу пəнінің негізгі мазмұны мен құрылымын анықтайды. Бұл оқу пəні 5В010800 - «Дене шынықтыру жəне спорт» мамандығы бойынша кəсіби мамандарды даярлауға арналған негізгі пəн болып табылады.
Бұл пəнді оқытудың мақсаты - студенттерге дене шынықтыру мен спорт туралы терең теориялық білім берумен бірге оларды осы білімді тəжірибелік жұмысында қолдана білуге үйрету.
Пəнді оқыту міндеттері:
«Дене шынықтыру жəне спорт теориясы мен əдістемесінің» негізгі категорияларының көлемі мен мазмұны, оның шектес ғылымдар саласындағы орны жəне студенттер мен дене шынықтыру ЖОО-н бітіруші маман иелеріне маңыздылығын ашып көрсету.
Дене шынықтырудың жалпы мəдениеттің бір түрі ретіндегі рөлін, олардың өзара жəне адамның басқа да нақты өмірінің əр түрлі жактарымен байланысын, оның кұрылымын, мазмұны мен қызметтерін ашу.
Жеке тұлғаның дене шынықтыру қалыптастыру əдістеріне, құралдарына, негізгі қағидаларына, міндеттеріне, мақсаттарына оқытудағы жаңа тəсілдерге, дене қасиеттерін қалыптастыру жəне қимыл-қозғалыс іс-əрекеттеріне оқыту əдістемесі мен мазмұнының басты аспектілеріне, дене жаттығу сабақтарын құру түрлеріне, жоспарлауға, бақылауға жəне есеп жүргізуге сипаттама беру.
Адам өмірінің əр түрлі кезеңдерінде дене шынықтыруды бағытты қолдану ерекшеліктерін айқындау.
Спортқа дене шынықтырудың құрамдық бөлігі ретінде сипаттама беру, спорттық жаттығулардың мəнін, оның мақсатын, міндеттерін, өзіне тəн қағидаларын, мазмұнын, құрылымын жəне жоспарлау мен басқару технологиясын ашу.
Мамандарды даярлаудағы пəннің ролі мен маңыздылығы, оның оқу үрдісіне енгізудің объективті қажеттілігі негізінде дене шынықтыру туралы ғылыми-практикалық білімдерді меңгеру арқылы коғамдық құбылыс ретінде тани отырып, адам өмірі мен
қызметіндегі білім, тəрбие, өндіріс, күнделікті тұрмыс, демалыс жəне қалпына келу, спорт жəне мəдениет кұндылықтарын арттыруға арналған білімдерді тереңдету, кеңейту.
«Дене шынықтыру жəне спорт теориясы мен əдістемесі» оқу пəні жоғары кəсіптік білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сəйкес дене шынықтыру теориясының қазіргі тұжырымдамалары негізіндегі білімнің, біліктілік пен дағдының ең аз көлемін ұсынады.
Бұл бағдарламаның құрылымы үш бөлімнен тұрады:
«Дене тəрбиесінің теориясы мен əдістемесінің жалпы негіздері». Бұл жерде оқу пəнінің элементтері қарастырылады, яғни: пəн, негізгі ұғымдары, дене шынықтыру білімі мен тəрбиесінің əдістері мен құралдары. Спорт пен дене шынықтырудың қоғамдағы негізгі түрлері мен қызметтері қарастырылады.
Дене тəрбиесінің жас ерекшеліктер негіздері. Мұнда ерте, мектепке дейінгі жəне мектеп жасындағы балалар дене тəрбиесінің негіздері, студент жастар мен ересек түрғындардың дене тəрбиесінің негіздері жан -жақты талқыланады.
Спорт теориясы мен əдістемесінің негіздері. Мұнда спорттық жарыстар мен спортшыларды даярлау жүйелері сонымен бірге жарыстар мен оған дайындықты толықтыра, күшейте түсетін жəне жарыстан, жаттығудан тыс жағдайлар да қарастырылады.
«Дене шынықтыру жəне спорт теориясы мен əдістемесі» пəнін оқытар алдында «спорттық морфологияға негізделген анатомия», «мамандану», «дене шынықтыру мен спорт биомеханикасы», «дене шынықтыру тарихы», «физиология» сияқты пəндерді оқып білген тиімді.
«Дене шынықтыру жəне спорт теориясы мен əдістемесі» пəнін оқыту барысындағы қосалқы пəндер: «Спорттық морфологияға негізделген анатомия», «Мамандану», «Дене шынықтыру мен спорт биомеханикасы», «Дене шынықтыру биомеханикасы», «Спорт түрлері мен дене тəрбиесінің негіздері», «Дене мəдениеті мен спорт тарихы», «Валеология»,
«Дене шынықтыру мен спорт педагогикасы», «Дене шынықтыру мен спорт психологиясы», «Дене шынықтыру мен спорт экономикасы», «Олимпиядалық білім жəне кəсіптік спорт»,
«Мектеп жасына негізделген дене шыныктыру гигиенасы»,
«Дене шынықтыру мен спортты басқару», «Спорттық кешендер», «Балалар мен жасөспірімдер спортының негіздері»,
«Емдік жəне сауықтыру негізіндегі дене шынықтыру»,
«Спорттық медицина», «Жас ерекшелік физиологиясына негізделген адам физиологиясы», «Спорттың кұқықтық негіздері», «Ұлттық спорт түрлері», «Педагогикалық жəне өндірістік тəжиребенің əдістемелік негіздері».
Достарыңызбен бөлісу: |