Педагогикалық технология құрылымы:
Концептуалдық негізі.
Мазмұндық бөлігі:
Процесуалды бөлігі- технологиялық процесс:
оқыту процесін ұйымдастыру;
оқушының оқу әрекетінің әдістері мен түрлері;
ұстаздың оқу материалын меңгеру процесін басқару әрекеті;
оқу процесін диагностикалау.
Сонымен бірге, кез келген педагогикалық технодлогия негізі методология-лық талаптарды қанағаттандыруы керек.
Методологиялық талаптар:
Концептуалдық негізінің болуы. Қандай технология болса да философиялық ғылыми тұжырымдамаға негізделуі тиіс.
Жүйелілігі. Педагогикалық жүйенің барлық бөліктерінің логикалық байланыста болуы шарт.
Басқаруға оңтайлығы. Диагностикалық болжау жасауға, жоспарлауға , нәтижені өңдеу, өзгеріс енгізу мақсатында әдіс- тәсілдерді кезектеп пайдалану мүмкіндігі болуы керек.
Тиімділігі. Білім беру стандартын қанағаттандыру тиіс.
Қайталауға жарамдылығы. Басқа ұжымда дәл осы күйде қолдануға мүмкіндіктің болуы.
Педагогикалық технологияның даму көзі мен құрамдас бөліктері болып:
Әлемдік білім беру кеңістігіндегі педагогикалық технологиялардың ғылыми философиялық негізін мыналар құрайды:
Сциентизм- адамзат қолғамының қоғамының мәдениет жүйесінде ғылым мен техника рөлін даралап бағалау.
Табиғаттәнділік- адамның табиғи мүмкіндіктерін ескеруді уағыздаушы көзқарас, адам мен табиғаттың үйлестігін басшылыққа алу.
Гуманизм (ізгіліктік)- әлеуметтік құбылыстарды бағалау өлшемі, адамның жағдайы, қоғам қағидасы- теңдік, әділеттілік.
Теософия- діни бағыттағы мектептердің негізі. Ол ұлттық редагогикадан терең тамыр алады, жастарды жақсылық пен жамандық аражігін ашуға тәрбиелейді.
Антропософия-адамның рухани құндылығын зерттеуші бағыт.
Прагматизм- тұлғаның интелектуалды және адамгершілік сапарлары, оның табиғи жаратылысы. Оның көрінуі тек даралық ерекшеліктеріне байланысты. Олар адамгершілік сапалары қалыптастыру емес, дамытуды өзін-өзі реттеу жағдайының алғы шарты деп есептейді.
Экзистенциализм- адам өзін-өзі жасаушы деген ойды басшылыққа алу.
Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология болғандықтан әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту миақсаты болып қалады.
Жаңа технологияның тағы бір психолгиялық оқыту үрдісінде оқушының ақыл-ойының дамуы актуалды даму аймағынан жақын арадағы даму аймағына ауысуы туралы теориясы. Бұл ауысу тапсырмаларды қайталап орындауға ғана арналған бірінші деңгейден өнімді іс-әрекетті қажет ететін келесі деңгейлерге өту негізінде іс-әрекет арқылы жүзеге асады. В.П.Беспалько бұл деңгейлерді төртоке бөледі.
---міндетті, оқушылық.
---алгаритімдік.
---эвристикалық
---шығармашылық.
Оқытудың жаңа технологиясы жағдайында оқушылардың өздігінен жүргізетін танымдық іс-әрекеті үшін тапсырмалар күрделілігі төтр деңгей бойынша құрастырылып,ондағы бар деңгей оқушыларды ынталандыруда қолданады.
Деңгейлік тапсырмаларды енгізудегі басты мақсат- сынып оқу шыларын «қабілетті», «қабілесіз»деп жасанды бөліктерді болдырмау.Деңгейлеп оқыту барысында оқушының бірінші деңгейдегі тапсырмаларды дұрыс орындағаны есепке алынып отырады.Жалпы жаңа педагогикалық технологияда бағалау үрдісі арнайы «қосу» әдісімен жүзеге асырылады. Бағалау жүйесінде оқушы білімініңең төменгі деңгейі негізге алынады,және сол деңгей мемлекеттің ең төменгі талабына сай келеді.Дарындылығына бейімділігіне, жоғарғы даму деңгейіне қарамастан оқушылардың барлығы бірінші деңгей тапсырмаларын орындауы шарт.Жаңа педагогкалық мұндай технологиялар арқылы оқытуды ізгілендіру иен демократияландыруға, оқушылардың өздігінен бағыт-бағдарын анықтап,дамуына, ең бастысы,өзін-өзі тәрбиелей алатын тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасауға болатыны күмәнсіз.
Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға,оның өзіндік және шығармашылық қабілеттін арттыруға,обьективтік әдістемелік мүмкіндіктерін қамтиды.Әрбір педагогикалық жаңа технологиялар мен әдістемелер міндетті түрде пайдалану қажет.
-қатар отыратын екі сыныптағы оқушылардың жас ерекшеліктері мен білім деңгейлерін ескеру қажет.
-әдістеме мен технологияның сабақтастығы,
-оқушының өз бетінше іс-әрекет жасау тәсілдерін меңгеруіне мұғалім тарапынан көмек беруді біртіндеп азайту.
-параллель сыныптардағы сынып топтарының ерекшеліктерін ескеру,
-мұғалімдердің ықыласы мен шеберлік деңгейінің болуы.
Әдебиеттер:
Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. А., 2004.
Тұрғынбаев Б.А. Дамыта оқыту технологиясы. А., 2000.
Шестка Н.В. Технология проведения круглого стола. М., 1997.
СелевкоГ.К.Современные образованные технологии. М., 1998.
Янушкевия Ф. Технология обучения в системе высшего образования. М., 1986.
Ильина Т.А. Педагогическая технология. Буржуазная педагогика на современном этапе. Минск, 1984.
Амонашвили Ш.А. Личностно-гуманная основа педагогического процесса. Минск, 1990.
Достарыңызбен бөлісу: |