Тарих, археология және этнология факультеті


ШМТ –тің көппелі мал шаруашылығының қалыптасуы



Pdf көрінісі
бет41/78
Дата28.10.2022
өлшемі1.72 Mb.
#463571
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   78
Учебник Теор. этнология

ШМТ –тің көппелі мал шаруашылығының қалыптасуы. Көбіне қол 
егіншілігі уақыт өте келе егіншіліктің жыртпалы типіне ауысты. Бірақ кейбір 
қоғам басқа ШМТ-тің қалыптасуына яғни көшпелі және жартылай көшпелі мал 
шаруашылығына бет бұрды. «Мал шаруашылығы» ұғымы негізінен үй малын
өсіруге бағытталған шаруашылық іс-әрекетті айқындау үшін пайдаланылды, 
тұрмыс салттың өзгергіштігі уақыты жағдайында «мал өсіру» термині 
егіншілігі басым, мал шаруашылығы қосалқы кәсіп болған экономиканы 
сипаттауда қолданылды.
Мал өсіру тәжірибесі белгілі бір қолайлы жағдайда қоғамды ШМТ-тің 
осы түрін дамытуға бұрды. Үлкен, әрі кең территория болған жағдайда малды 
бағуға болатындығын, мәдени өсімдіктерді өсірудегі шығындарға қарағанда 
мал өсіру де көп өнім беретіндігін көрсетті. Мал толығымен адамды азықпен-
ет, сүт өнімдерімен, жүн, терісы киім, еңбек құралдарын, үй тұрмысы заттарын 
береді. Сондықтан да қоғам үй жануарларын өсіруді көбейте түсті.
Мал өсіру қосалқы кәсіп болып саналатын қоғамда арнайы орында мал 
ұстау және тұрақты жайылымдар қалыптасты. Бір қауымдар енді малдың өсуіне 
байланысты жайылмалы жерлерде бағу арқылы көшіп-қонуға ыңғайланды. 
Міне осылар ШМТ-тің көшпелі мал шаруашылығы мен жартылай көшпелі мал 
шаруашылығын 
қалыптастырды. 
Бұл 
қауымдар 
мал 
шаруашылығы 
мәдениетінің жиі орын ауыстыратын ерекше түрін құрды. Мал құрамына қарай 
жайылымның көші-қон бағыттары анықталды. Жылжымалы баспана түрлері 
пайда болды, ат үстінде ұзақ отыруға арналған киімдер, тамақ, ыдыс аяқ, т.б. 
қалыптасты. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы деп бөлу бар. 
Зерттеушілердің пікірінше, жартылай көшпелілік егіншілікті қосалқы кәсіп ете 


отырып, аялдайтын тұрақты қоныстары бар, сондай ақ қысқа малға азық 
дайындаумен айналысатын тұрмыс салтын айтады. Сондай ақ, мал өсіру негізгі 
шаруашылық болып, отырықшы тұрмыс салтты басынан өткізіп отырған –
Сібірдің якуттарын, қой шаруашылығы негізі болып саналатын Солтүстік 
Европа халықтарын айтуға болады.
Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы ең алдымен қола дәуірінде 
шығыс Европада қалыптасып, сосын басқа территорияларға тарады. Мал 
шаруашылығы түрінің таралған аумақтары Оңтүстік Сібірден және Тибет 
тауларынан батысқа қарай Орта Азия және Орта Шығыс арқылы және ары 
қарай Оңтүстік Батыс Азия мен Солтүстік Африкаға, ол жақтан жіңішке 
Шығыс Африка территориясымен кең алқапты Оңтүстік Африкамен аяқталады.
Тегістіктегі, шөлді және жартылай шөлді жерлердегі көшпелілер мен 
жартылай көшпелілер. Шаруашылықтың бұл түрі Шығыс Европада: татарлар, 
башқұрттар, қалмақтар және ноғайлар; Орталық және Орта Азияда- монғолдар, 
қазақтар, түркмендер, өзбектердің бір бөлегі, Оңтүстік сібірде- тувалықтар, 
шығыс буряттар, оңтүстік алтайлықтар; Оңтүстік батыс Азиямен Солтүстік 
Африкада - араб-көшпелілер, мавры және туарегтер сондай ақ, Батыс және 
Шығыс Африкада – фульбе, данакиль, сомалиліктер, нуэры, масай, т.б. 
халықтар. Бұлардың ішінде де – оңтүстік сібір, ортаазиялық-қазақстандық
солтүстік африкандық және т.б.
Малдың жайылымына қарай олардың көші-қонының да екі типі бар. 
Қазақтарда көбіне қолданылған меридианды көші-қон қыстаулар жартылай 
шөлді және шөлді аймақтардың оңтүстігінде болды. Көктемде малды 
солтүстікке орманды алқаптарға айдаса, ал күзде малды қар көп түспеген, 
малдық тебіндеуіне шөбі бар, қыстауларға айдады. Көшу ұзақтығы 1000 км. 
Дейін жететін. Көші қонның басқа тұрақты (стационарлы) бір түрі түрікмен, 
араб, фульбе, данакильдерде кең таралды. Көші-қонның ұзақтығы жылға 
шаққанда ондаған жүздеген километрді ғана құрап, аса ұзақ болған жоқ. 
Мәселен, құрғақты мезгілдерде малды суы құрғамаған бұлақты жерлерде 
ұстады не болмаса теңіз жағалауларындағы жайылымдарға айдады. Малдың 
негізгі түрлері майда болса, кейде ірі қара мал, жылқы, есек, түйе, өте құрғақты 
жерлерде түйе малы басым болды.
Мал шаруашылығына қосымша егіншілік болды. Кейбір халықтар, 
мәселен арабтар мен туарегтер өзінің жерлерін жалға берді не құлдарды 
отырғызды. Олар дәнді дақылдардың әртүрін - бидай, тары, күріш сондай ақ 
бау-бақша, құрма ағаштарын көп өсірді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет