13 дәріс. Мамандардың перспективалары мен тенденцияларын дамытуға тұлғалық өсудің әсері.
Зерттеу обьектісі: Д.Б.Эльконин бойынша тұлға дамуы.
Міндеті:
Психологиядағы жеке тұлға туралы ғылыми түсініктерге тоқталу;
Жеке тұлға дамуындағы Д.Б.Элькониннің көзқарастарымен танысу;
Д.Б.Эльконин бойынша тұлғаның даму кезеңдеріне сипаттама беру;
Балалық шақтағы қиыншылықтарды түсіну;
Мектепке дейінгі кезеңдегі тұлға дамуындағы қиыншылықтарды қарастыру:
Тұлғаның қалыптасуындағы ойынның әсері туралы мағлұмат алу;
Соның ішінде, ойын жайлы: Гроос, Бойтендайк теорияларымен танысу;
Жеке тұлға дамуындағы Д.Б.Элькониннің көзқарастары.
Д.Б.Элькониннің жеке тұлға туралы көзқарастарын талдамас бұрын өмірбаянына қысқаша тоқталып кетейік. Даниил Барисович Эльконин 1904жылы Ресей елінде Полтавск губерниясында дүниеге келді. Осы жерде алғаш білімін алып, кейінірек А.И.Герцин атындағы Ленинград педагогикалық институтінде оқыды. 1929жылыдан бастап осы институтта жұмыс істеп жүріп, Л.С.Выготскиймен бірігіп балалар психологиясын зерттеген. 1940жылы өз дессертациясын мектеп оқушылары сөйлеуінің дамуы тақырыбында қорғайды. Ұлы Отан соғысы кезінде әрекеттік әскер қатарында болып, медаль, ордендермендер марапатталды. Ал 1946 жылдан бастап АПН - де психология факультетінен сабақ бере бастады.1962жылы докторлық диссертациясын қорғап, психология ғылыми академиясының мүшесіне кірді.
Өзінің балалар психологиясына арналған зертетеулерін Л.С.Выготский оқушылары А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурия, П.Я.Гальперин, Л.И.Запорожец сияқты психологтармен бірге жүргізді. Б.Д.Эльконин шет елдің балалар және педагог психологтарымен тығыз қарым-қатынаста болды. Әсіресе Л.С.Выготский теорияларына сүйенген АҚШ психологтарымен. Соның ішінде ерекше айтатындары Дж. Брунер, М.Коул, Дж. Вертчем.
Эльконин өзінің көзқарастарын дамыта отырып, бала психикасының даму периодизация теориясын жасады. Ол жас және жастық ерекшеліктер деген қатынастық түсінік қана, жалпы жасқа тән ортақ жастық ерекшеліктерді бөліп көрсетуге болады деді. Ғалым бала жасерекшелігінің дамуын, тұлғаның жалпы өзгеруіне өмірлік позицияның өзгеруі, қарым – қатынас принциптері мен қоршаған орта құндылықтары мен әрекет мотивтерінің өзгеруі әсер етеді деген болатын. Бала психикасының дамуы бірқалыпты өтпейді: эволюциялық, қалыпты, жылдам немесе критикалық кезеңдер орын алады. Эволюциялық даму кезінде бала психикасындағы өзгерістер біртіндеп жинақталып, бірден үлкен қадам болған кезде, бала белгілі бір жас ерекшелік шекарасынан өтеді. Критикалық өзгерістер айқын байқалып, баланы тәрбиелеу қиынға соғады.
Д.Б.Эльконин өз теориясында бала дамуының әлеуметтік тарихи жағдайына сүйенді. Әрбір тарихи кезең, әрбір мәдениет бала психикасының дамуында, қоғам талаптарынан тыс, өз заңдарын қалыптастырады. Оның айтуынша, соңғы жылдарда жастары қатарлас балалардың психикалық ерекшеліктері бірнеше онжылдықтар бойы өзгеретінін айтқан. Қазіргі балалар өзі сияқты, елу жыл бұрынғы баланың жасынан қарағанда көбірек ақпарат алады және өңдейді деген. Сондықтан ол, өзінің периодизация теориясында балалардың әрқайсысының жеке психикалық ерекшеліктеріне емес, бірақ, оның даму заңдылықтарын ескерді.
Д.Б.Эльконин балалар психологиясын өте терең зерттеген. Оның ойы бойынша әр кезеңнің өзіндік ерекшеліктері болады. Төменде көрсетілген Д.Б.Элькониннің жіктеуі:
Тікелей эмоционалды қарым-қатынас – нәрестелік кезең (0-1жас);
Заттық - манипулятивтік қарым-қатынас - ерте балалық шақта (1-3жас);
Ойын - мектепке дейінгі кезеңде (4-6жас);
Оқулық іс-әрекеттер – төменгі сынып оқушылары (7-11жас);
Интимді - тұлғалық қарым-қатынас - жеткіншектік кезеңде (11-15жас);
Оқулық - кәсіби іс - әрекет – жасөспірімдік кезең (16-18 жас);
Достарыңызбен бөлісу: |