Vі. Қазақ хандығының құрылуы және дамуы


Найман және керей ұлыстарының мемлекеттiк басқару құрылымы



бет18/46
Дата20.09.2022
өлшемі154.27 Kb.
#461046
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   46
МЕМЛЕКЕТ ҚҰҚЫҚ ТАРИХЫ

Найман және керей ұлыстарының мемлекеттiк басқару құрылымы. IХ-ХI ғасырларда цзубу конфедерациясын, яғни көшпелiлер бiрлiгiн далайхан атақ дәрежесiндегi билеушi басқарды. Ол кезде аталған одаққа кiретiн әрбiр бiрлестiктiң билеушiсi хандар болды. Кейбiр жазбаларға қарағанда сол кезде наймандарды Таяндар және хандар билеген. Бiрақ, бұл атақ-дәреженiң ара-жiгiн айырып, көрсететiн мәлiметтер жоқ. 1092 жылғы қидандармен болған соғыста Далай-хан Маргузаның жеңiлiсi көшпендiлердi Ляо империясының билiгiне бағындырды. Кейiн қайта тәуелсiздiк алғаннан соң мемлекеттiк басқару жүйесi бiршама өзгердi. Ал, керей билеушiсi Бұйрық-хан атағын алып және ол мұрагерлiкпен алмастырылып отырылды. Керейлер бағындырған моңғолдарды гурхан биледi. Ол Бұйрық-ханға тәуелдi болды. 1183 жылы Керейлердiң билеушiсi Тоғұрылды Қытай империясы ван — патша ретiнде мойындап, Керей мемлекетiнiң егемендiгi жарияланды. Сөйтiп, Тоғұрыл ван-хан атақ дәрежесiн алады. Ван-хан туралы әртүрлi жазбаларда әрқилы айтады. Мысалы, Шыңғыс хан талқандаған керей ұлысының билеушiсi Ван-ханның (Бұл жерде атақ-дәреже емес) наймандар иелiгiн қорғаған найман қарауылымен қақтығыста қаза тапты деген мәлiмет бар. 1203 жылы керейттердi моңғолдар күйретiп, олар өздерiнiң тәуелсiздiктерiн жоғалтады.
ХII ғасырдың аяғы ХIII ғасырдың басында Найман мемлекетiн екi билеушi — Бұйрық-хан және Таян-хан биледi. Найман және Керей мемлекетiнiң атқарушы билiгiнiң органы болып, хан ордасы және оның үкiметi болды. Орда хан және оның әскер мүлiктерiн басқарды. Басқару қызметiн ерекше категориядағы қызметкер адамдар немесе шенеунiктер атқарды. Ордада арнаулы iс-қағаздары хан мөрiмен белгiлендi. Найман ханының кеңсе бастығы және мөрiн сақтаушысы ХII ғасырда ұйғыр Тататунг болды.
Найман мен Керей ұлыстарының территориясы мен әкiмшiлiк жүйелерi. Цзубу мемлекетiнiң территориясы бiрнеше жартылай тәуелсiз бiрлестiктерге бөлiндi. Оның Солтүстiк цзубуы керейлер аталса, ал батысы наймандар болып аталды. Наймандар мен Керейлер тәуелсiздiк алғаннан кейiн көшпелi мемлекеттiң бiр формасы Ұлыс пайда болды. Ұлыс терминi “халық”, “халық билiгi” деген ұғымды бiлдiрiп, өзiн-өзi басқаратын әрi өзiнiң территориясы мен халқы бар саяси жүйе болып саналды. Территория шекаралары ат басын шалатын бекеттер арқылы белгiленiп қорғалды. Керейлердiң Тоғұрыл (Ван-хан) ханы найман күзетшiлерiне жолығып қалып, сол қақтығыста қайтыс болғаны тарихтан белгiлi. Керей ұлысы әскери-потестарлық құрылым — “тайпаға” бөлiндi. Кейбiр жазбалар бойынша олар әскери әкiмшiлiк бөлiнуге қарай әрбiр тұрғындар әкiмшiлiк бөлшек «түмен”, “мыңдық”, “жүздiк”, “ондық” болып бөлiндi. Бұл қаншалықты әскер барын аңғартатын цифрлар. Найман ұлысы болса екi қанатқа бөлiндi. Оларда да жоғарыдағыдай түмендерден, мыңбасылардан, жүзбасылардан, онбасылардан тұратын. Наймандар мен керейлерде өз билеушiлерiмен бiрге жергiлiктi қауымдастықтардан, әсiресе қыпшақтар мен қаңлылардан шенеунiктер қызметке тартылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет