«xx ғасыр басындағы қазақ әдебиеті» пәні бойынша



бет5/11
Дата25.02.2016
өлшемі0.94 Mb.
#19986
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Лекция мәтіні

М. Байзақұлы қазіргі Шымкент облысы, Түркістан ауданында қарасты Шоқтас аулында 1849 жылы туды. Мұсабектің арғы аталары дәулетті адамдар болған. Өз әкесі Байзақ дәулеті бар, өз айналасына байлығымен аты шыққан ел арасында, «Байзақ датқа» аталған кісі.

Молда Мұсаның, - дейді М.О. Әуезов, - ата-бабасы болғанымен, бұның өзі кедей болатын. Мұның ата-мұрасы адыра қалып, ел билігі беделділік, байлықпен, ақшамен өлшенетін болып еді. Соны мойындай өскен Мұса ең алғашқы бір өлеңінде:
Бай артық болыстан да, биліктен де,

Әр істі ақша бұзар киліккенде.

Жалы бар, жабы шобыр озып кетті,

Қазан ат жалы кеткен жүйріктен де, -

дейді...

Мұсабек орыс әдебиетімен де белгілі дәрежеде таныс болған тәрізді. Жасында оқи алмаған Мұсабек өз талабымен еңбектеніп тапқан өнер-білімнің арқасында сол кездегі сапалы, білімді ойлы адамдардың бірі боп саналады. Оның молда Мұса деп аталуы да оның білімділігіне байланысты еді.

Ақынның шығармалары, төңкерістен соңғы жылдары, тек кеңес тұсында ғана жиналып, бірқатары дтызыншы жылдардан бастап газет-журнал әдебиеттік хрестоматиялар мен жинақтарда жариялана бастады.

Ақын “Есім аға”, “Қайраты бұл дүниенің мал менен пұл”, “Сайлау деген елге бір бүлік болды” деп аталатын өлеңдерінде байлардың бойындағы топас паңдықты, кесапат мінез, жексұрын әдеттерді сынайды, әкімдердің жат қылықтарын әшкерелейді.

Ынтымақ, достық, бірлік тақырыбы, махаббат мәселесі ақын шығармаларында өзекті мәселе ретінде сөз болады.

Мұсабек ақын шығармашылығында айрықша көзге түсетін соны жанр – оның мысал өлеңдері. Мұсабек мысал өлеңдер жазуға машықтанған ақын.

Мұсабек ақынның “Тышқан мен түйе”, “Жолбарыс пен түлкі”, “Адам мен аюдың достығы”, “Адамдық пен арамдық”,”Қайырымды қыз бен қайыршы”, “Түзу терек”, “Ағаш пен маймыл”, “Семірген есек” деп аталатын мысалда адамдық пен арамдық, әділет пен зұлымдық қатар алынып біріне-бірі қарсы қойылуыарқылы адамгершілік, шынайы әділдік, еңбек мәселесі насихатталады.

Ақындар айтысы – қазақ әдебиетінде мол дамып, кең тараған жанр. Мұсабектің ел араснда тарған бірнеше белгілі айтыс өлеңдері бар.

Ақынның әсіресе “Манат қызбен айтысы” ел арасында кең тараған, оның таланты мен ақындығын көпке таратқан көлемді шығарма.
Лекция №10

(1 сағат)


Тақырып: Ағартушы-демократтық бағыттағы әдебиет
Жоспар:

1.Ағартушы-демократтар тобындағы ақын-жазушылардың шығармашылығы.

2.Шығармаларында ағағтушы-демократтық бағыттың көріну дәрежесі.

3.Тақырып шеңбері, көркемдік ой - дәрежесі.


Пайдаланатын әдебиеттер:

НЕГІЗГІ
1. XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті. А. 1994.

  1. Бисенғали З. XX ғасыр басындағы қазақ романы. А. 1997.

  2. Кенжебаев Б. XX ғасыр басындағы әдебиет. А. 1993.

  3. Қазақ әдебиетінің тарихы. 6 томдық, 2-том, 2-кітап. А. 1965.

  4. Қазақ әдебиетінің қысқашы тарихы. 2-кітап. А. 2002.

  5. Қалижанұлы У. Қазақ әдебиетіндегі діни ағартушылық ағым. А. 1998.

ҚОСЫМША

1. Абай тағылымы. Алматы.1986.

2. Әдіманұлы Ө. XX ғасыр бас кезіндегі әдебиеті. А. 2002.

3.Әбдірахманов Т. Жаңа ғасыр көгінде.А. 1969.



  1. Әбдірахманов Т. Таланттар тағылымы.А. 1988.

  2. Әбдіғазиев Б. Асыл арна. А. 1992.

  3. Әдіманұлы Ө. “Қазақ” газеті А. 1993.

  4. Бес арыс. А. 1992.

Лекция мәтіні

XX ғасырдың бас кезінде демократтық ағартушылық бағытта дамыған қазақ әдебиеті бір ғана белгілі кезеңнің жемісі емес, қайта өткен ғасырда Ыбырай, Аьайлар негізін салған прогресшіл демократиялық-ағартушылық бағытта дамыған жаңашыл әдебиетіміздің заңды жалғасы, жаңа кезеңдегі көрінісі болып табылады.

XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің көптеген өкілдерінің шығармалары өз кезінде баспасөз беттерінде, әсіресе “Айқап” журналында жарияланып немесе өз алдына жеке кітап болып басылып шығып, жарық көріп отырды.Мысал ретінде осы дәуір әдебиетінің көрнекті өкілдері болып табылатын С. Торайғыров, С. Дөнентаев, С. Көбеев, Т. Жомартбаев, М. Сералин, Ә. Тәңірбергенов, Б.Өтетілеуов, Ә. Ғалимов шығармаларын атауға болады. Бұл аталған ақын, жазушылардың, демократтық бағыттағы әдебиет өкілдерінің шығармаларында XIX ғасырдағы классикалық әдебиетімізде, әсіресе Ыбырай мен Абай творчествосы арқылы келіп қалыптасқан жаңашыл дәстүрлер әрі қарай дамыды.

Бұл дәуірдегі демократтық-ағартушылық бағыттағы әдебиет өкілдері өздерінің шығармаларында қазақ тұрмысындағы ескілік қалдықтарын, патша үкіметі мен қазақ феодалдарының халыққа, еңбек адамына істеп отырған озбырлықістерін батыл сынады.Әйелдердің бостандығы мен теңдігін сөз ете отырып, қалың мал тәрізді ескі салт-сананы, қожа-молдалардың бойындағы теріс істерді әшкереледі. Халықты еңбекке, оқу-өнерге, мәдениетке шақырды. Олар осы тәрізді қоғамдық, тарихи үлкен маңызы бар соны тақырыптарды кеңінен сөз ете отырып, жаңа өмірді, әділет заманын, бақытты тұрмысты болашақтан күтті, келер күнге зор үмітпен, сеніммен қарады.

Сөйтіп, XX ғасырдың бас кезіндегі, ұлы төңкеріс қарсаңындағы демократтық бағыттағы әдебиетіміз сол кезеңнің ілгерішіл сипатымен сана-сезімі ояна бастаған халқымыздың қоғам дамуы алып келе жатқан жаңалыққа барынша бой ұрып, еркіндікке ұмтылу талаптарымен тығыз байланысты болады. Қазақ халқы өзін ілгері ұмтылып іргелі, мәлениетті ел болуға, еңбекке, өнер-білімге, ғылымға шақырған демократ жазушылардың, ақындардың прогресшіл үніне қатты құлақ қойып, олармен бірге келер жаңа заманды, әділдіктің туан көтерер еркіндік заманын асыға ынтыға күтті.

XX ғасыр басындағы демократтық-ағартушылық бағытта жазған ақын, жазушылар саны жағынан да, шығармашылық сапасы жағынан да біршама баршылық.


Лекция №11

(1 сағат)



Тақырып: Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931)
Жоспар:

1.Шығармашылық өмірбаяны.

2.Лирика жанрындағы өнімді еңбектері.

3.Поэма жанрында Абай дәстүрін жалғастыруы.


Пайдаланатын әдебиеттер:

НЕГІЗГІ
1. XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті. А. 1994.

  1. Бисенғали З. XX ғасыр басындағы қазақ романы. А. 1997.

  2. Кенжебаев Б. XX ғасыр басындағы әдебиет. А. 1993.

  3. Қазақ әдебиетінің тарихы. 6 томдық, 2-том, 2-кітап. А. 1965.

  4. Қазақ әдебиетінің қысқашы тарихы. 2-кітап. А. 2002.

  5. Қалижанұлы У. Қазақ әдебиетіндегі діни ағартушылық ағым. А. 1998.

ҚОСЫМША

    1. Абай тағылымы. Алматы.1986.

    2. Әдіманұлы Ө. XX ғасыр бас кезіндегі әдебиеті. А. 2002.

    3. Әбдірахманов Т. Жаңа ғасыр көгінде.А. 1969.

    4. Әбдірахманов Т. Таланттар тағылымы.А. 1988.

    5. Әбдіғазиев Б. Асыл арна. А. 1992.

    6. Әдіманұлы Ө. “Қазақ” газеті А. 1993.

    7. Бес арыс. А. 1992.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет