2. Зайсан ауданы білім бөлімінің миссиясы мен көрінісі.
Білім бөлімінің миссиясы – білім жүйесінің өсу жолдарын қамтамасыз ету, сапалы білім алуға жағдай жасауға ықпал жасау, білім жүйесі қызметінің негіздерін жетілдіру және Қазақстан Республикасы Конституциясы мен Білім заңына сәйкес білім алуға қажетті әлеуметтік-экономикалық жағдайларды жасау.
Білім бөлімінінің көрінісі – білім саласындағы азаматтардың бостандығы мен Конституциялық құқықтарын сақтауды қамтамасыз ету; білім саласындағы біріңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, білім мекемелерінің білім беру қызметкерлерінің сапасын әдістемелік және ғылыми әдістемелік қамтамасыз ету, өткізуді ұйымдастыру, жалпы білім беретін пәндерден аудандық олимпиадалар мен ғылыми-практикалық конференцияларды ұйымдастыру және өткізу.
3. Ағымды жағдайға талдау.
4. Зайсан аудандық білім бөлімінің білім беру жүйесінің
қазіргі заманғы ахуалы.
2010 жылдың 1 қаңтарында Зайсан ауданында 30 жалпы білім беретін мектеп, оның 4-і-бастауыш,5-і- негізгі, 21-і- орта мектептер, 3 мектепке дейінгі мекеме, 2 мектептен тыс мекеме болды. 2010 жылдың 1 қыркүйегінде мектеп саны 29. үшеуі- бастауыш, алтауы- негізгі, 20-ы орта мектептер, үш мектепке дейінгі мекеме, екі мектептен тыс мекеме жұмыс істейді. 2009-2010 оқу жылында жалпы саны6926 оқушыны қамтыса,2010-2011 жылда оқушы саны 6614 болды.
Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру
Мектепке дейін тәрбиелеу мен оқыту сапасын жоғарылатудың негізгі бағыттары мыналар болып табылады:
-
мектепте оқыту үшін қажетті практикалық дағдыларды, жеке тұлға мәдениетінің негіздерін қалыптастыру үшін жағдай жасау;
-
мемлекеттік тілді оқу, олардың физикалық және психикалық денсаулығын сақтау және нығайту;
-
мектепке дейінгі білім беру бағдарламасымен қамтуды біртіндеп көбейту арқылы балалардың білім алуына бастапқы тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;
-
мектепке дейінгі әр түрлі білім беру мекемелер жүйесін сақтау және дамыту;
-
жалпы дамыту, түзету, мектепке дейінгі құрастырылған ұйымдар, барлық түрлі және әр типті жалпы білім беретін және арнайы (тузету) мектептер; әр түрлі психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік және оңалту орталықтар, мектептен тыс ұжымдар жанында нашар қамтылған отбасылар балалары үшін мектепке дейінгі мини-орталықтардың жұмысын ұйымдастыру;
-
мектепке дейінгі мекемелерде және жалпы білім беретін мектептерде балалардың мектепалды дайындығын қамтамасыз ету, бұл міндеттерді шешу үшін педагогтардың біліктілігін арттыру;
-
балалардың, оның ішінде психикалық дамуында кемістігі бар балалардың өзін-өзі іс жүзінде көрсету үшін даму ортаны құру және жеке тұлғаны қалыптастыруға жеке бағытталған мектепке дейінгі мекеме моделін іске асыру үшін жағдай жасау;
-
мектепке дейінгі және мектепте білім алудың сабақтастығын қамтамасыз ету;
-
мектепке дейінгі білім беруде инновациялық процестерді қарқындату;
-
аудан бойынша мектепке дейінгі білім беру ахуалының мониторинг жүйесін құру.
- 2009 жылы Зайсан ауданы бойынша 1-4 жасар бала саны - 2957. - Аудан бойынша 5-6 жасар бала саны 1042. Бастауыш сыныптарда 734, мектепалды даярлыққа 559 бала тартылып отыр. Нәтижесінде 5-6 жас аралығындағы балалар 100% мектепке дейінгі білім берілуі қамтылып отыр.
- Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының /МДББҰ/ жалпы саны – 3.
- МДББҰ-дағы бала саны 2009 жылы - 315, ол 1-4 жасар бала санының 11,0 пайызын құрайды. Бала-бақшаға деген сұраныс жылдан жылға көбеюде, кезекте 480 бала тұр.
2009 жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі білім беру мекемелері 14 топқа өсіп,28 мекеме болды, соның ішінде 2 жеке меншік,2- жергілікті атқарушы органдар ашып берген,1-ведомствалық бала-бақша және 23 мектеп негізіндегі миниорталықтар.
Тұрғындардың мектеп алды даярлыққа деген сұранысын қамтамасыз ету үшін 2010 жылы жұмыс істеп тұрған мини-орталықтар негізінде 10 топ ашылды, яғни,1 топ бұрыннан жұм ыс істеп тұрған, №1 «Еңлік» бала-бақшасында, 3 топ жаңадан Қаратал және Сарытерек ауылында «Азамат», «Айгөлек» ашылған жеке меншік бала бақша ашылып жалпы саны 28-ге жетті.
6 жасқа дейінгі балаларды мектепалды даярлықпен қамту 63-ға жетті, ол 2009 жылға қарағанда 149,5 %-дан 135,5%-5а көп. Балаларды мектепалды даярлықпен қамту қалалық жерде 13,2-ға ,ауылдық жерде -50,8-ді құрады.
Сонымен қатар,2005 жылдан бері баланың туу тенденциясы байқалып, 2010 жылы кезекке тұруға тура пропорционалды болып жүр. 2010 жылы басында бала бақшаға кезекке тұрған балалар саны 601-ді құраса, 2010 ж. Аяғына тақау ол 281 орын болды.
2.2. Жалпы орта білім беру.
Жалпы білім беру мектептердің өзгеру динамикасы және контингенті.
|
2005
|
2006
|
2007
|
2008
|
2009
|
2010
|
Мектеп саны (бірл.)
|
30
|
30
|
30
|
30
|
|
30
|
Контингент (адам)
|
8004
|
7797
|
7521
|
7157
|
6926
|
6614
|
Оның ішінде қыз
|
3987
|
3891
|
3740
|
3562
|
3474
|
3369
|
Соңғы жылдарда (1994-2000 жылдар) ауылдық жерлерден кетуге байланысты, әсіресе 17 жас пен 40 жас аралықтардағы тұрғындар арасында байқалған демографиялық тенденция, аз жабдықталған мектептердің жыл сайын өсуіне әкеп соқты. Қазіргі кезде ауданда ауылдық мектептердің саны 23 бірлік, (79%), оның ішінде аз жабдықталғаны 19 (78,3%).
Жалпыға білім беру мектептерде контингенттің азаюы 1 бастауыш мектептің жабылуына әкеп соқты, 1 орта мектеп негізгі мектеп болып өзгертілді.
Ауданда 14 ауылдық аймақта (146 мектеп жасындағы балалар тұрады) мектеп жоқ, 2 ауылда мектеп жасындағы бала мүлдем жоқ, 12 ауылдық аймақтағы бала саны Үкімет қаулысына сәйкес ҚР 12 желтоқсан 2007 жылғы №1256 «Білім мекемелерінің кепілдендірілген мемлекеттік нормативті бекіту»
Ауыл аймақтарды оқумен қамту үшін, мектеп жоқ ауылдардағы 60 оқушыны 2 ауылдан 2 мектепке тасымалдайды. Тасымалдау үшін 2 автобус қолданылып жүр, олар мектептің 2 автобус қолданылып жүр, олар мектептің меншігінде (2009 жыл 1 автобус алынды).
ҚР білім сапасының басты көрсеткішінің 2010 жылғы мектеп бітірушілердің білімі, 2009 жылға қарағанда едәуір жақсы екенін көрсетті. ҰБТ ның қорытындысы бойынша орта балл 85,2 құраса, былтырғыға қарағанда 13,1 балға жоғары (2009 жыл орта бал-72,1).
2009-2010 оқу жылында аудан мектептерінің 70 оқушысы 6 облыстық, 3 республикалық олимпиадаларға басқа жарыстар мен конкурстарға қатысты. Соның 30-ы орын алды. (1 орын – 6, 2 орын – 9, 3 орын – 15 оқушы). Республикалық-интеллектуалдық олимпиадаға қатысқан 28 оқушының 1-2 орын, 2-3 орынды иеленсе, құрамында 24 оқушысы бар «Жалында» ансамблі «Айгөлек» теле жобасында «Үміт» номинациясына ие болды.
Жалпы білім беретін 29 мектептің 3-і бейімделген ғимараттарда отыр. Оқушылардың сапалы білім алу мақсатында жаңа мектептер салынуда.
2011-2012 жылдарда Зайсан қаласында 600 орындық мектеп-интернат салынады деп жоспарланған.
«Жол картасы» жобасымен 2010 жылы 4 мектеп мекемесі 49465, 0 мың теңгеге күрделі жөндеуден өтті. Жалпы білім беретін мектептердің кабинеттерін жаңа үлгімен жабдықтау (химия, биология, физика, лингофонды-мультимедиялық кабинет) 40 % құрайды. Ауданда 2010 жылы жергілікті бюджет есебінен Мукарама мектебінің жанынан 45000,0 мың теңгеге интернатқа күрделі жөндеу жүргізілсе, Қаратал мектебінің спортзалына, Ломоносов, Абай, Казахстан мектептерінің жылу қазандығы және Гагарин орта мектебінің , Балаларды дамыту орталығының төбесіне қаржы бөлініп ағымдағы жөндеу жүргізілді.
Аудандағы барлық мектептер компьютермен жабдықталған. Жалпы білім беретін мектептердің компьютерленуі 2009 жылы 1 компьютерге 12,6 оқушыны құрады (2009 жыл 12).
Кең көлемді интернет желісіне мектептің 16,6 % қосылған. Аудандық мектеп аралық ақпарат беру жүйелері жұмысын бастады. Білім сапасын көтеру мақсатында 2009-2010 оқу жылынан бастап пилоттық жоба шеңберінде оқу процесіне электорнды оқулықтар енгізілді.
Аудандық мектептерде 842 педагог қызметкерлер жұмыс істейді, оның 665-і немесе 78,9 % әйел қауымы. Соның ішінде ауылдық аймақтарда – 58,9 %. Жалақымен тартымдылықтың аздығынан жас мамандардың мектепке деген қызығушылығы жоқтың қасы.
Білім мекемелеріндегі тәрбие жұмысы оқушылардың әлеуметтік құқықтарына, жас таланттарды қолдауға, салаутты өмір салтына бейімделген.
Осы салада 2010 жылы 13 даталы күндерге байланысты мерекелік шаралар ұйымдастырылды, олар: Ұлы Отан соғысының 65 жылдығы, Қазақстан Республикасының Конституциясының 15 жылдығы, Астана күні, Абайдың 165 жылдығы, Достық газетінің 80 жылдығына арналды. Тәрбие жұмысының негізгі бөлігі Қазақстанлдық патриотизмге, азаматтыққа, толеранттылыққа бейімделген.
Жастардың патриоттық рухын қалыптастыруда, экологиялық даму қабілетін дамытуда, эстетикалық тәрбие, салаутты өмір салтын қалыптасыруда жұмыс жоғары деңгейде жүргізілуде. Қосымша білімнің жоғына қарамастан, балалар үнемі көптеген конкурстарда жүлделі орындар иеленуде, соның ішінде Халықаралық деңгейде.
Жазғы уақытта балалар мен жасөспірімдерді демалыспен, денсаулығын шынықтыру және еңбекпен жоғары деңгейде қамту (78% ). Жастарға арналған БРЭНД шараларын үнемі өткізу.
Білім беру ұйымдарында гендерлік теңдік бағдарламасын жүзеге асыру басталды.
Негізгі мәселелерін сараптау.
Білім сапасын арттыру мақсатында білім мазмұнын жаңалау қажет.
Мектеп ғимараттары және материалдық-техникалық жағдай қазіргі талаптарға сай келмейді.
Жасөспірімдер арасындағы қылмыс динамикасы оң болғанымен, оған бөлінген салмақ осы жылы 0,01% құрады.
Балалар мен жасөспірімдер арасындағы мінез-құлықтың аутодеструктивті мінез-құлықты айқындау (2010 жылы – 1, 2009 жыл – 1 өзіне-өзі қолжұмсаумен аяқталды).
Сыртқы және ішкі факторларға негізгі баға.
Сыртқы факторлар:
Демографиялық және миграциялық процестердің ықпалы;
Ауданда ақпараттық-коммуникативтік желінің дамуының жетіспеушілігі;
Халықтың шоғырлануының аздығы және аз жабдықталған мектептердің өсуі.
Ішкі факторлар:
Бала туылуының өсуі және зерттеулер көрсеткендей мектептердің жүктемелерінің өсуі;
Мектептердің материалды-техникалық базаларының нашарлығы және қосымша білімді ұйымдастыру;
ШҚМ мектептердегі мамандандырылған кадрлардың жетіспеушілігі;
Электрондық контентті жетілдіру және енгізу үшін педагог кадрлардың дайындығы нашар.
2.3. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен дамыту.
ҚР Білімді дамыту Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2005-2010 ж коррекциялық кабинеттері мен білімді дамыту және ООН балаларды қорғау Конвенциясына сәйкес ҚР заңы «Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік және дәрігерлік –педагогикалық қолдау» (№343 –ПҚРЗ, 11 шілде 2002 ж). Зайсан ауданы бойынша 2004 ж қаңтарда психология-педагогикалық коррециялық кабинет құрылды.
ППКК-ң негізгі мақсаты жасөспірімдер мен балалардың сөйлеу қабілеті нашар, ой-өрісі, көру, есту, тірек-қимыл аппараты, оқу-үлгерімі, қарым-қатынас, мінез-құлқын қалыпқа келтіру үшін педагоика-спихологиялық көмек педгогика-писхологиялық коррекция арқылы жүзеге асыру.
ППК кабинеті мамандандырылған білім мекемелерінің жұмысын қайталамайды, ол ең алдымен қандай да бір себептермен басқа коррекиялық мекемелерден коррекциялық көмек ала-алмаған балаларға коррекциялық көмек көрсетеді. Бұл кабинетте педагогикалық, медициналық, психологиялық көмек кешенді түрде көрсетіледі.
2005 жылы коррекциялық кабинет облыстық қаржыландыруға ауыстырылды. Техникалық және компенсаторлық қаржымен қамтамасыз ету жоспарын жүзеге асыру үшін ҚР Үкіметінің 13 мамыр 2008 ж №443 бабын бойынша 1962 мың теңге бөлінді, бұл ақша жұмысшылардың жалақысын төлеуге, кабинетті жабдықтауға, жиһаз алуға, кеңсе және шаруашылық, спорттық және техникалық тауарлар алуға жұмсалды.
Алматыдағы САТР орталығынан әдістемелік құралдар алынды. Жұмыс үшін 2 компьютер алынды, балалар үшін телевизор, видеомагнитафонмен тренажор, 2 касеталы магнитафон және емдеу-денешынықтыру сабағына спортты құрал-жабдықтар алынды, барлық кабинеттер жаңа жиһаздармен жабдықталды.
Кабинеттің материалдық-техникалық жағдайы орташа дәрежеде, ең бірінші мәселе ғимарат мәселесі, сонымен қатар коррециялық жұмыстар үшін жабдықтар алынған, бірақ қаржының жетіспеушілігінен аз мөлшерде алынды, мүмкіндігі шеутеулі балалармен жұмыс істеуге керекті әдістемелік құралдар жоқ (әртүрлі деңгейдегі), әдістемелік және дидактикалық құралдардың жетіспеушілігі орын алады, балаларға кітаптар, тіреу-қимыл аппараттары бұзылған балалармен жұмыс үшін қажетті құрал-жабдықтардың жоқтығы, негізгі себеп құрал-жабдықтардың қымбаттығы.
Негізгі коррекциялық кабинеттердің жағдайы жаман емес, аз болса да арнайы тренажерлар алынды, балаллармен жұмыс үшін құрал-жабдықтар, медициналық білімі бар мамандар, кестеге байланысты емдік-денешынықтырулар өткізіледі, коррекциялық кабинет көмекпен барлық деңгейдегі балалар қамтылады, мамандардың жұмыс істеуі үшін жағдай жасалған.
Кабинеттер керекті құрал-жабдықтармен жабдықталған, тексеруші мекемелер мен байланыс оңалған, мемлекеттік мекеме ретінде тіркеу жұмыстары жүргізілді. Кабинет заңды тұлға ретінде тіркеуден өтті, өзінің куәлігі, мөрі, банктік гегі бар.
Коррекциялық жұмыспен қатар мамандар кеңес береді, жиналыстар, спорттық жарыстар өткізеді. Аудандық әлеуметтік қамсыздандыру ұйымымен, мүгедектер қоғамымен, бірігіп мерекелік шаралар өткізеді.
31 бала жеке бағдарламамен үйден оқиды. Психофизиологиялық ұғымының бұзылуына байланысты және оқушылардың танымдық мүмкіндіктеріне қарай 3 нұсқа бойынша оқиды, ол дегеніміз арнайы оқу бағдарламасымен кітаптарды пайдалану керектігін көрсетеді, мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуында танымдық дамуының деңгейіне бағытталған.
Негізгі мәселелердің нәтижесі.
Аудандағы ахуал дамуының бұзылуын кешенді зерттеу, ерте жүйелі коррециялық-педагогикалық қолдау көрсетуге тек мүмкіндігі шектеулі әр үшінші бала ғана енгізіледі.
Мектепке дейінгі білім алу барлық бабаларды бірдей қамтамасыз ете алмайды. Мүмкіндігі шектеулі балалардың мектепке дейінгі білім алуы тек 34,7% (ол дені сау балалардың 51% құрайды).
Мемлекеттік тілде оқытатын коррециялық білім ошағы жоқ.
Негізгі сыртқы және ішкі факторларға баға:
Сыртқы факторы:
мүмкіндігі шектеулі балалар мен мүгедек балалардың сапалы білім алулары үшін жұмыс заңды түрде жолға қойылмаған;
халыққа жеткізілуінің нашарлығынан инклюзивті білім нашар енгізілуде.
Ішкі факторлар:
мүмкіндігі шектеулі балаларға ерте жастан кешенді коррекциялық-педагогикалық қолдау көрсетуге арнайы мекемелер жетіспейді;
арнайы құрал-жабдықтармен жабдықталмаған;
көзі көрмейтін балаларға арналған қазақстандық қазақ және орыс тілдеріндегі бедерлі-нүктелі әріпті оқулықтар жоқ;
мүмкіндігі шектеулі балалардың оқу мекемелеріне кедергісіз баруларына мүмкіндіктер толық жасалмаған;
Жалпы білім беретін мектептердің материалдық-техникалық жағдайы туралы мәліметтер.
- типтік ғимаратта орналасқан – 26.
- бейімделген ғимаратта – 3.
- 3-4 ауысымды оқитын – мектеп жоқ.
- оқушы орындарының жетіспеушілігі:
Зайсан қаласында 6 орта мектеп жұмыс істейді. Оның ішінде М.Дәуленов атындағы орта мектеп бейімделген ғимаратта орналасқан. Мектеп интернат 2000 жылдан бастап кәсіптік мектептің ғимаратында оқиды. Зайсан қаласы бойынша 583 оқушы орны жетіспейді.
Оқу –тәрбие процесін ұйымдастырудың сапасын, оқушылардың білімінің шеберлігінің, дағдысының деңгейін көтеруді қамтамасыз ететін маңызды фактордың бірі – мектептерде пән кабинеттерінің болуы болып табылады.
Аудан мектептерінде М.Дәуленов, Октябрь орта мектептері спорт залдарымен қамтамасыз етілмеген.
Мектептердің 40 пайызында лингафондық және мультимедиялық кабинеттері бар. Мектеп жиhаздары 1970 жылдары сатып алынған, моральдық және табиғи тұрғыдан ескірген және балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келмейді.
Мектептердің жаңа үлгідегі оқу кабинеттерімен қамтамасыз етілуі.
2005 жылдан бері аудан мектептері төмендегі жаңа үлгідегі пән кабинеттерімен жабдықталды. Оның ішінде:
5-химия, 6-биология, 15-физика, 12-мультимедия, 1-технология, информатика, интерактивтік, 6-дәрігерлік кабинеттер.
2010 жылы республикалық бюджеттен 2-мультимедиялық кабинет (Шекарашы, Жарсу) алынды. Жергілікті бюджеттен жоспарланған 2- мультимедиялық кабинетке қаржы бөлінбеді.2 мектепке дәрігерлік кабинет алынды (Абай,Амангельді).
2010 жылы Мукарама мектебіне интернатқа бала тасымалдау үшін 1 автобус-4187,0 мың теңгеге сатып алынса, білім бөлімінің шаруашылық бөлімшесіне 1-УАЗ автомобилі -2105,0 мың теңгеге, 2- жеңіл автокөлік 3097,0 мыңға сатылып алынды.Сонымен қатар Мукарама мектебінің жанындағы интернатқа тоңазытқыш, демалыс бөлмесінің жихазы, телевизор сатып алынса, Интернат,Биқадамова, Саржыра және Маметова мектептеріне тоңазытқыш сатып алынды. Мектеп-интернатына Трансформатор сатып орнатылды.
12 жылдық білім беру шеңберінде мектепке баратын 6 жасар балалар үшін мектептерде ойын және демалыс бөлмелерін жабдықтау, ыстық тамақпен қамтамасыз ету қажет. Осы мақсатта аудан бойынша 1-4 сынып оқушыларының 100 пайызы 3-жақты жасалынған меморандум негізінде тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде.
2010 жылы 1 балаға кететін шығын мөлшері 411, 431 ерекшеліктерге бөлінген қаржыны қосып есептегенде – 103,8 мың теңге, ал ағымдағы шығындар бойынша – 97,9 мың теңгені құрайды.
2009 жылы жалақы бөлінген қаржының 68,5 пайызын құрады.
411-431-барлығы мектепке жұмсалған қаражаттан 6,7 пайызды құрайды.
22 мектепте ыстық тамақ асхана жұмысы арқылы тамақтандырса, асханасы жоқ 7 мектепте үйден тамақтану ұйымдастырылып отыр, сонда нәтижесінде аудан көлемінде 1-4 сынып оқушылары /2345 бала/ 100 пайыз тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп отыр.
-Аудан бойынша аз қамтылған отбасы балалары оқулықтармен 100 пайызға қамтамасыз етілген.
Даму мүмкіндіктері шектелген балалардың білім алуға қол жетімдігін қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы бала құқы” туралы Заңына сәйкес әрбір бала отбасында өмір сүріп тәрбиеленуге құқылы, өз ата-анасын білуге және олардың тәрбиесі мен қамқорлығына бөленуге құқылы делінген.Бірақта біздің қазіргі қоғамда кейде балалардың бұл құқы толық сақталмай отырғанын білеміз. Бұл ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар.Ауданымызда 2009 жылы 35 осындай бала болып отыр. Ал тұлдыр жетім балалар 2009 жылы – 32
“Әлеуметтік жетімдер” немесе ата-ана қамқорлығынан айырылғандар қатары көбейіп отыр. Ата-анасының қамқорлығынан айырылғандар негізінен ата-анасының маскүнемдікке салынып бала тәрбиесімен айналыспауынан болып отыр.
Талдауымыз көрсеткендей мектептердегі тәрбиеленіп жатқан жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың көпшілігі 53 пайызы ата-анасы қайтыс болып жетім қалғандар, 2 пайызы ата-ана құқығынан айырылғандар, 1 пайызы іздестірілген ата-ана баласы, 2 пайызы ата-анасы сотталғандар, 2 пайызының ата-анасы ұзақ мерзімде емделуде, 33пайызының ата-анасы өз өтініштері бойынша баласынан бас тартқандар.
5.3. Арнайы білім беру ұйымдары.
- мемлекет тарапынан ерекше қамқорлыққа мұқтаж балаларды орталықтандырылған электронды есепке алатын жүйені құру;
- ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды уақтылы анықтау, орналастыру және әлеуметтік қолдау бойынша қорғаншылық пен қамқоршылық органдар жұмысын жетілдіру;
- интернат мекемелеріне басқару және педагогикалық білікті кадрларды іріктеуге бақылауды күшейту;
- даму мүмкіншіліктері шектеулі балалардың арнайы және медициналық-педагогикалық қолдауын қамтамасыз ететін мекемелердің материалдық-техникалық базасын жетілдіру.
-
Білім беру жүйесін ақпараттандыру.
Білім беруді ақпараттандырудың өзекті мәселелері:
-
аудан мектептерінің және білім берудің басқа да мекемелерінің қазіргі заманғы компьютер техникасымен жеткіліксіз жабдықталуы;
-
электрондық оқу бағдарламалары және құралдарымен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі;
-
оқу-тәрбие процесінде оқушылардың компьютерлік технологияларды пайдаланып іздену, зерттеу сипатындағы өз бетімен жұмысының жеткіліксіз қолданылуы;
-
білім беру мекемелерінің қызметінде оқушылардың қызығушылығын, бейімділігін және қабілеттерін, олардың даму деңгейін, кәсіби шеберлігінің компьютерлік диагностикасын құру жүйесінің жоқтығы;
-
білім беру мекемелерінің жаһанданған ақпараттық ресурстарына, бірінші кезекте Интернет желісіне кіру құралдарымен жеткіліксіз жабдықталуы.
Перспективалар:
- салалық ақпараттық жүйені құру;
- барлық білім беру ұйымдары мен мекемелерін қазіргі заманғы компьютерлік техникамен және телекоммуникациялық құралдармен, лицензияландырылған бағдарламалармен қамтамасыз ету;
-
оқушылардың өз бетімен, жеке, топтық жұмыстарын, компьютерді пайдаланып іздену және зерттеу сипатында практикалық және зертханалық жұмыстар көлемін көбейту мақсатында оқыту жұмысының дәстүрлі формасын қайта қарау;
-
оқушылардың жеке ерекшеліктері, бейімділіктері, қызығушылықтары және мұғалімдердің педагогикалық шеберліктері деңгейінің компьютерлік диагностикасын өткізу;
-
білім беру жүйесіндегі инновациялық процестерде ақпараттық және бағдарламалық қамтамасыз етуді құру жұмыстарын ұйымдастыру;
-
оқу процесіне интернеттегі дидактикалық материалдар қорын тарту;
-
компьютерлік тестілерді, білім беру сапасын бақылау және мониторингтің диагностикалық әдістемелерін құру және қолдану;
-
мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін үйренуде компьютерлік қолдауды қамтамасыз ету;
-
жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану және енгізу саласында педагогикалық және басқару кадрларды даярлау және қайта даярлау;
-
басқару ақпаратын жедел жинау, сақтау және талдау үшін компьютерлік жүйені құру;
-
электрондық оқу басылымдарын әзірлеу және енгізу процестерін жетілдіру, облыс өңірлерінде ақпараттық ресурстық білім беру орталықтарын құру.
-
Білім беру мекемелеріндегі тәрбие процесі.
- «Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерінде оқушы-жастардың Кешенді тәрбие бағдарламасы» және «Шығыс Қазақстан облысы жалпы білім беру ұйымдарының тәрбие бағдарламасы» іс-шараларын толық іске асыруға барабар жағдайлар жасау;
- қазақстандық отан сүйгіштікті, төзімділікті, жоғары мәдениеттілікті, адам құқықтары мен бостандығын құрметтеуге тәрбиелеу;
- оқушыларды жалпы адамзаттық құндылыққа, адамгершілік тұрғыдан өзін-өзі дамытуға бағытталған еркін, ізетті тұлға ретінде тәрбиелеу;
- білім алушылардан білім мен санатшылыққа табынуын, оқу қажеттілігін, табысты танымдық қызмет тәжірибесін қалыптастыру;
- балаларды адамдар арасындағы ізгілікті қарым-қатынас орната білуге бағытталған зорлықсыз рухта тәрбиелеу;
- балаларға өмірде өз орнын анықтай білетін қабілеттер мен бейімдерін, олардың жеке тұлғалығын, шығармашылық әлеуетін дамытуда пәрменді қолдау көрсету;
- адамға тұрмыста, көшеде, қоғамдық жерлерде, өндірісте қажетті мінез-құлқы нормаларын қалыптастыру;
- білім беру мекемелерінде тіршілік әрекетінің демократиялық салтын қалыптастыру, жеке тұлғаның өзін-өзі дамыту процесін педагогикалық қолдау құралдары мен формаларын эксперименталдық іздестіруді жалғастыру;
- балалар ұйымдары мен бірлестіктері қызметін жетілдіру және олардың өркенденуіне тиісті жағдай жасау;
- әлеуметтік ортамен, мектептен тыс мекемелермен байланысты қамтамасыз ету.
-
Қосымша білім беру.
Қосымша білім беру мекемелері жүйесін дамыту және олардағы оқушылар құрамын көбейту;
-
көрсетілетін қызметтер номенклатурасын кеңейту;
-
мемлекеттік емес бос уақытты ұйымдастыру мекемелерін құруға және әрі қарай дамуына жәрдемдесу;
-
әр деңгейлік пен жылжымалық принципі негізінде қосымша білім берудің мазмұнын жаңарту, қабілеттері ерте дамыған балаларды оқыту және тәрбиелеу үшін жағдай жасау;
-
қосымша білім беру мекемелеріндегі педагогтарды қайта даярлауды қамтамасыз ету.
-
Педагог кадрларының біліктілігін арттыру.
Педагог кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру саласында:
- орта мектептің 12-жылдық білім беруге көшу жағдайында мұғалімдерді қайта даярлауды жүзеге асыру;
- педагогтар мен жетекшілерді аттестациялау және қайта аттестациялаудың жаңа жүйесін, мұғалімнің педагогикалық қызметін сертификаттауды енгізу;
- еңбекті ынталандыру және педагогтарды жер-жерлерде тұрақтандыру тетіктерін жетілдіру;
- білім берудің жаңа мазмұнын, оқыту технологиялары мен оқыту әдістемелерінің өзгергенін ескере отырып, білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен басшыларын қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды жүзеге асыру;
- «Өзін-өзі тану» курсын көпшілікке енгізу үшін мұғалімдерді даярлау жүйесін құру;
- білім берудегі менеджмент бағдарламасы бойынша білім беру ұйымдарының жетекшілерін даярлауды жүзеге асыру көзделеді.
Білім беру бағдарламалары инновациялық педагогикалық технологияларды, іздену, зерттеу және шығармашылық қызмет дағдыларын, оқытудың ақпараттық және қашықтықтан оқыту технологияларын меңгерген көп тілді мұғалімдер даярлауға бағытталатын болады.
5.8. Балалардың дарындылығын дамыту.
-
әртүрлі әдістердің кең спектрі негізінде балалар дарындылығын анықтау мен диагностикалаудың кешенді ұстанымдарын іске асыру;
-
дарынды балаларды оқытуды ұйымдастыруда үш түрлі нұсқаны кеңінен қолдану:
-
жекелей оқыту – дарынды балаларды оқытатын арнайы білім мекемелерін құру;
-
дәстүрлі оқу орындарында (балабақшада немесе мектепте) дарынды балалар үшін арнайы қоса-жекеше оқыту топтары (сыныптар);
-
қоса оқыту – дарынды балаларды «табиғи ортада», яғни құрдастарынан оқшауламай бірге оқыту;
-
жеделдетілген оқыту қарқынына бағытталған арнайы топтар мен сыныптар құру арқылы ақыл-ой, әлеуметтік және дене дамуының деңгейі жоғары балалар үшін нақты білім беру мекемелерінің мүмкіндіктерін есекеріп «жеделдету» стратегиясын қолдану;
-
дарынды балаларды дамыту проблемаларын шешуге бағытталған, дәстүрлі оқу жоспарын арнайы біріккен курстармен толықтыратын «көлденеңінен кеңейту» шаралар жүйесін енгізу;
-
дарынды балаларды оқытуда оқу процесін дараландыру, проблемалық оқыту, танымдық әрекетін ұйымдастыруда оқушылардың бастамасын қалыптастыру мақсатында зерттеу ұстанымдары принципін іске асыру;
-
пәндер бойынша олимпиадалары, интеллектуалдық-шығармашылық ойындар, конкурстар, зерттеу жобалар мен жарыстардың рәсімі мен мазмұнын жетілдіру;
-
«Дарынды балалар» аудандық ақпараттық деректер банкін қалыптастыру;
-
ауданды дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау проблемаларын шешу аясында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту.
5.9. Білім беру мекемелерінің қызметін психологиялық қамтамасыз ету.
Аудандағы мектеп психологтарының қызметін талдау мынадай негізгі проблемаларды анықтауға мүмкіншілік берді:
-
білім беруде психологиялық қызметтің Тұжырымдамасын әзірлеу;
-
мектеп психологтарының қызметін үйлестіретін білім берудегі психологиялық қызмет орталығын ұйымдастыру;
-
мектептің психологиялық қызметінің іс-әрекетін материалдық–техникалық қамтамасыз етуді жетілдіру;
-
мектептің психологиялық қызметін мемлекеттік тілде ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау.
Бюджеттік шығындардың жинағы
мың. теңге
|
План
|
орындалуы
|
Негіздеме
|
2010 жыл
|
2010 жыл
|
1. Барлық бюджеттік шығындар:
|
1094904
|
1248638
|
|
464001000 Білім саласында жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты іске асыру қызметтері
|
4507
|
4120
|
|
464003000 Жалпы білім беру
|
978619
|
1119748
|
|
464 004 000 Білім берудің облыстық мемлекеттік ұйымдарында білім беру жүйесін ақпараттандыру
|
200
|
100
|
|
464 005 000 Облыстық білім беру ұйымдарында оқулықтарды және оқу әдістемелік әдебиеттерді алу және жеткізу
|
7321
|
11339
|
|
464 011029 Кадрларды қайта дайындау және аймақтық жұмыспен қамту стратегиясын іске асыруда білім беру объектілерін ағымдағы және күрделі жөндеуден өткізу
|
49465
|
49465
|
|
464 006 000 Балаларға арналған қосымша білім беру
|
24819
|
26476
|
|
464 009 000 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының қамтамасыз ету
|
29759
|
37390
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |