1. Бұқар. «Ей, Абылай», «Жар басына қонбаңыз»



бет4/21
Дата10.03.2024
өлшемі54.42 Kb.
#494898
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Шығармалар

Әсемпаз болма әрнеге. Адам өмірге келгеннен соң, ес біліп, есейгеннен кейін алдына қойған белгілі мақсаты болуы керек. Білім алу, мамандық таңдау, ата-ана алдындағы парызын орындау. Ал, көрінгенге қызығып, анаған ұқсасам, мынаған ұқсасам деп жүрсе,ол адам өз бейнесін, өз болмысын жоғалтып, өмірде өз орнын таба алмай қалады. Сондықтан Абай атамыз айтқандай "Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де—бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар, қалан!".
Қайрат пен ақыл жол табар
Қашқанға да, қуғанға.
Әділет, шапқат кімде бар,
Сол жарасар туғанға. 2 бунақ, 8 буын, шалыс ұйқай, Шапқат (араб.) – қорғау, жебеу, рахымы тию.
Өлең сөздің патшасы сөз сарасы-Тақырып- Бұл өнер туындысы,әдеби шығарма-белгілі дәуірдегі қоғамдық шындық.Идеясы-Өлеңді түсіне білуге бағалауға шақырады. Сөздің асылы — поэзия екенін, жақсы сөз даналықтың айғағы екенін айтады.
Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.
Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол - ақынның білімсіз бишарасы.
Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы.
Бірінші қара сөзі. Абай жазуға қалай кіріскені туралы сөйлейді. Мұнда өмірбаяндық дерек бар және өзінің жалпы шығармалық еңбегіне қатысты ойлы түсінік береді. Бірақ кейін осы тақырыпқа өзге қарасөздерінде оралмайды. Бірінші қарасөзі алда айтатын қара сөздерінің «әлқиссасы» іспетті.
Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық – әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын. Идеясы әр адам өзінің жасай алатын және қолына келетін іс жасау керек және жүрегін не қалайды соны жасау керек
Ел бағу? Жоқ, елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді құдай сақтасын!
Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздеріне керегінше өздері бағар
Ғылым бағу? Жоқ, ғылым бағарға да ғылым сөзін сөйлесер адам жоқ.
Софылық қылып, дін бағу? Жоқ, ол да болмайды, оған да тыныштық керек.
Балаларды бағу? Жоқ , баға алмаймын. Бағар едім, қалайша бағудың мәнісін де білмеймін, не болсын деп бағам, қай елге қосайын, қай харекетке қосайын?
Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, егер кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет