7інші қара сөздің негізгі идеясы адам баласының туыла берілетін және жүре пайда болатын мінездері. Яғни бала туылғанда я жеп ішіп, жай өмір сүру үшін, я білім ғылымға ұмтылып, жаңаға бейім келеді. Басқалардың айтқанына сенбей, көңіл қошымыз болмаса да ақылды жанның айтқан сөзін зер сала тыңдап, жадымызда сақтаймыз.
Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі - білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген.
19ыншы қара сөз-Абай атамыз бұл қара сөз арқылы адамдардың бірден ақылды, атақты, данышпан болып туылуы мүмкін емес екендігін, адам барлығын біліп туылмайтынын түсіндіргісі келген. Өмірдегі қиыншылықтар мен түрлі қиын-қасіреттерді, жаман мен жақсыны көріп қана бұл дүниеде бір нәрсені біліп, үйренуге болады. Ең маңыздысы - өмірдегі әр болған оқиғадан өзіңе сабақ алу. Егер жақсы болса, одан да игі істерді жасауға тырысып, ал жаман болса, сол істерді жасамауға ниет қылған жөн. Бір сөзбен айтқанда, жақсыдан үйреніп, жаманнан жирену керек. Адам жақсы нәрселерді ескеріп, жаман нәрселерден сақтанып, тек қана жақсылық жасауға ұмтылып тұрса, онда ол адамның адамгершілігінің молдығын, жалпы "адам" деген атқа лайық екенін аңғаруға болады. Ал нағыз жақсы адамды мойындамай немесе оған сенбеген адамға артық сөз айтудың да керегі жоқ. Ондай адамдарға тырысып түсіндіргенше, жақсыларды мойындайтын жануарды баққан дұрыс дейді. Яғни, жақсыны мойындамау - жануардың ісінен бетер.
Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады. Мұндай сөзді есіткенде шайқақтап, шалықтанып не салбырап, салғырттанып есітсе, не есіткен жерде қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса, не сол жерде сөздің расына көзі жетсе де, шыға беріп қайта қалпына кетсе, естіп-есітпей не керек? Осындай сөз танымайтұғын елге сөз айтқанша, өзіңді танитұғын шошқаны баққан жақсы деп бір хакім айтқан екен, сол секілді сөз болады.
31інші қара сөз-жаман нәрселерден қашық болу, төрт нәрсеге берілмеу!
Естігенде бір нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені көргенде я естігенде ғибрәтләну керек , көңілденіп , тұшынып ,ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып,ойланып , көңілге бекіту керек;төртінші ой кеселдерінен қашық болу керек.Егер кез болып қалса,салынбау керек.Ой кеселдері : уайымшы салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу . Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.
Достарыңызбен бөлісу: |