Биологиялық мутагендер. Бактериялық уыттар, вирустар (герпес вирусы - гепатит вирусы, эпидемиялық паротит вирусы және т.б.). Жүкті әйелдерде вирусты инфекциялар ұрықта мутацияның пайда болуына әкеледі, сонын салдарынан кенеттен түсік жасуға тура келеді.
Мутация дамыған жасушаның түріне байланысты мутацияны
соматикалық
жыныстық деп беледі.
Соматикалық мутациялар соматикалык жасушада зиготалық кезеңнен бастап кез келген сатысында дамуы мүмкін. Бұл тұқым қуаламайды.
Жыныстық мутациялар (таралатын мутациялар) жыныс жасушаларында туындайды, онын салдары ұрпағының тағдырында көрініс алады және тұкым куалаушы аурулардын бiрден бір себебі болады. Осындай жағдайда ұрпақтың барлық жасушалары мутантты болады. Толық түрдегi ауру туындайды.
Мутациялар генетикалық материалдың бүлiну мөлшерiне байланысты
геномдық (сандық хромосомалық аберрация),
хромосомалықлық (құрылымдық хромосомалық абберациялар)
гендi (жеке гендердегі өзгерістер) деп бөлінеді.
Геномдық мутациялар мейоздагы хромосомалардың айырмашылықтарының бұзылыстарынан және ұрыктандырудың бұзылыстарынан дамиды. Геномдық мутацияның екi түрiн ажыратамыз
Полиплоидия - гаплоидты жиынтыққа қатысты хромосомдар санының өсуі. Қалыпты жағдайда организмнің соматикалык жасушалары диплоидты болады, яғни 2n хромосомадан тұрады, жыныс жасушалары - гаплоидты. Полиплоидты организмдер хромосома санының еселену дәрежесіне қарай 3n - триплоидті, 4n -тетраплоидті және т.б. бөлінуі мүмкін. Триплоид ұрықтанудың бұзылуы кезінде келесі жағдайларда дамуы мүмкін: дигения - диплоидты жұмыртқа жасушаларының гаплоидты сперматозоидпен ұрықтануы, диандрия - гаплоидты жұмыртқа жасушасының диплоидты сперматозоидпен ұрықтануы, диспермия - гаплоидты жұмыртқа жасушасының екі сперматозоидпен ұрықтануы.
Адамда полиплоидия тек түсік көп жасататындарда кездеседі, бұндай патоло-
гиямен ұрық өмір сүре алмайды.
Анеуплоидия - адам организміндегі жеке хромосомалар санының азаюы немесе көбеюі (моносомия - екі хромосомадан тек бір хромосома болады,
|