1. Патологиялық физиология туралы түсінік, оның маңызы. Патофизиология



бет27/44
Дата17.09.2023
өлшемі111.86 Kb.
#477777
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   44
1. Патологиялы физиология туралы т сінік, оны ма ызы. Патофизи

Этиологиясы бойынша

  • кенеттен дамитын

  • ынталандыратын мутация деп бөлінеді.

Сыртқы және ішкі ықпалдар әсерінен өздігінен пайда болған мутацияны кенеттен дамитын (немесе нағыз) деп атайды. Мұндай мутациялардың себебіне табиғи радиация фоны космостык сәулелену, жер шарының сәулеленуі және ғимараттардың, радиобелсенді изотоптардың сәулеленуін (К-40, өсімдік текті тағам өнімдерімен түседі, көмірсу-14, радон және онын ыдырау өнімдері) жатқызамыз. Бұл тізімге организмде сутегі асқын тотығы мен бос радикалдардан (аутомутагендер) заталмасу үдерісі кезінде түзілетін эндогенді химиялық мутагендер кіреді. Кенеттен дамитын мутациялардың туындауында жас мөлшері үлкен рөл атқарады. Ер адамдарда жас мөлшері ұлғайған сайын жыныс жасушаларында гендік мутациялар жинақталады. Әйел адамдарда бұндай ерекшеліктер болмайды, бірақ анасының жасымен ұрпақта кездесетін хромосомалық аурулардың жиілігі арасында байланыс бар.


Ынталандырылған мутация арнайы бағытталған - физикалық, химиялық және биологиялык му тагендер іс-әрекетінен туындаған.
Физикалық мутагендер. Физикалық мутагендер арасында бірінші орында иондаушы сәулелер мен ультракүлгін сәулелер орналасады. Иондаушы сәулеленудің ерекшелігі мутацияларды сәулелік бүлінуге әкелмей, аз мөлшерде өршітеді.
Химиялық мутагендер. Оларға қышқылдар, спирттер, ауыр металдар және т.б. жатады. Химиялық мутагендер ауада (күкіртті сутек, мышьяк, меркаптан, хром, фтор, қорғасын және т.б.), топырақта (пестицидтер және басқа химикаттар), тағамдарда, суда және дәрілердің құрамында болады. Ең күшті химиялық мутаген құрамында бензопирені бар темекі түтінінің конденсаты болып табылады. Түтiн конденсаты мен ет пен балықты қуырғандағы сыртқы қабыршақ беттері триптофан пиролизаттарын құрайды, ол химиялык мутаген болып табылады. Химиялық мутагеннің ерекшелігі оның әсер етуінің жасушалық мөлшері мен цикліне байланы сты болуы. Мутаген мөлшері жоғары болған сайын, оның әсері күштірек болады. Сонымен қатар мутаген әсеріне ДНК түзілу сатысы (S-фаза) өте сезiмтал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет