Пленкообразователи
Film-forming agents
Вещества, способные образовывать пленку при нанесении на твердую поверхность; основные компоненты всех лакокрасочных материалов.
Пленка тудырушылар
Film-forming agents
Қатты бетке жаққанда пленка тудыруға қабілетті заттар; барлық бояғыш заттардың негізгі құрылымдық коммпоненттері.
|
Пло́тность вещества́
Density, tightness
Характеристика количества вещества, нормированная на единицу объёма или площади.
|
Зат тығыздығы
Density, tightness
Аудан немесе көлем бірлігіне нормаланған зат мөлшерінің сипаттамасы.
|
плотность вещества ядерная / nuclear density — количество атомов в единице объёма (обычно в одном кубическом сантиметре).
|
заттың ядролық тығыздығы / nuclear density — көлем бірлігіндегі атомдар саны(әдетте бір куб метрде).
|
плотность заряда линейная / linear charge density — отношение величины электрического заряда, находящегося между двумя поперечными сечениями тела, имеющего цилиндрическую форму, к расстоянию между этими сечениями.
|
зарядтың сызықтық тығыздығы / linear charge density — цилиндрлі формаға ие дененің екі көлденең қималарының арасындағы электр заряды шамасының аталған қималар арасындағы қашықтыққа қатынасы.
|
плотность заряда объёмная / charge concentration — отношение величины электрического заряда, находящегося внутри некоторого объёма, к величине этого объёма.
|
зарядтың көлемдік тығыздығы / charge concentration — қандай да бір көлем ішіндегі электрлік зарядының осы көлемнің шамасына қатынасы.
|
плотность заряда поверхностная / surface charge density — отношение величины электрического заряда, находящегося на некотором участке тонкого поверхностного слоя тела, к площади этого участка.
|
зарядтың беттік тығыздығы / surface charge density — дененің қандай да бір жұқа беттік қабатының бөлігінде орналасқан электрлік заряд шамасының осы бөліктің ауданына қатынасы.
|
плотность плазмы / plasma density — число свободных электронов в единице объема. Плотность ионов связана с ней посредством среднего зарядового числа ионов. Другой важной величиной является плотность нейтральных атомов. В горячей плазме она мала, но иногда может быть важным параметром для описания плазменных процессов.
|
плазма тығыздығы / plasma density — көлем бірлігіндегі еркін электрондар саны. Иондар тығыздығы онымен иондардың орташа зарядтық саны арқылы байланысты. Бейтарап атомдардың тығыздығы келесі бір маңызды параметрлердің бірі болып табылады. Ыстық плазмада ол өте аз, бірақ кейде плазмалық процестерді сипаттау үшін маңызды параметр болуы мүмкін.
|
плотность смещений атомов / displaced atoms density — количество смещений атомов со своих положений под действием излучений в единице объёма твёрдого тела за период испытаний, отнесённое к количеству атомов в единице объёма. Очень важная характеристика радиационной нагрузки на конструкционные материалы и тепловыделяющие элементы в активной зоне ядерных реакторов.
|
атомдардың ығысу тығыздығы / displaced atoms density — сынақ жүргізілген уақыт ішінде сәуленің әсерінен көлем бірлігіндегі өз орнынан ығысқан атомдар санының көлем бірлігіндегі атомдар санына қатынасы. Ядролық реакторлардың белсенді аймағындағы жылу бөлуші элементтері мен конструкциялық материалдарға түсетін радиациялық жүктеменің маңызды сипаттамасы.
|
плотность состояний / density of states — отношение числа состояний статистической системы с энергией, заключённой в некотором энергетическом интервале, к величине этого интервала.
|
күйлердің тыңыздығы / density of states — статистикалық жүйенің қандай да бір энергетиялық интервалдағы энергияға ие күйлер санының осы интервалдың шамасына қатынасы.
|
Пло́тность пото́ка (тока) частиц
Число частиц, движущихся в потоке, через единичное сечение,которое они пересекают, в единицу времени (обычно нормируется на один квадратный сантиметр в секунду). Важная характеристика интенсивности потока (тока) движущихся частиц. Широко используется в радиационных технологиях.
|
Бөлшектердің ағынының тығыздығы
Уақыт бірлігінде бір қима арқылы өткен ағындағы бөлшектер саны (әдетте ол секундына бір квадратты сантиметрге нормаланады). Қозғалыстағы бөлшектер ағыны қарқындылығының маңызды сипаттамасы. Радиациялы технологияларда кеңінен қолданылады.
|
плотность диффузионного потока / diffusion flux density — отношение числа частиц вещества, проходящего путём диффузии через участок поверхности равной концентрации, к площади этого участка и к промежутку времени, в течение которого осуществляется прохождение вещества.
|
диффузиялық ағын тығыздығы / diffusion flux density — концентрациясы біртекті бет бөлігі арқылы диффузия жолымен өтетін заттың бөлшектер санының осы бөліктің ауданына және заттың өтуі жүзеге асатын уақыт аралығына қатынасы.
|
плотность ионного тока / ion current density— величина тока ионов, падающих на поверхность твёрдого тела, отнесённая к единице площади поверхности.
|
ионды ағын тығыздығы / diffusion flux density — қатты дене бетіне түсетін иондар ағыны шамасының беттің аудан бірлігіне қатынасы.
|
плотность магнитного потока / magnet flux density — число линий потока на единицу площади, проходящих через поперечное сечение под прямым углом.
|
магнит ағынының тығыздығы / magnet flux density — аудан бірлігіндегі көлденең қиманы тік бұрышпен қиып өтетін ағын сызықтарының саны.
|
плотность потока нейтронов / neutron flux density — величина, равная отношению числа нейтронов, падающих в единицу времени на некоторую поверхность, расположенную перпендикулярно направ-лению распространения нейтронного потока, к площади этой поверхности.
|
нейтрондар ағынының тығыздығы / neutron flux density — қандай да бір бет ауданына перпендикуляр бағытта уақыт бірлігінде түсетін нейтрондар ағынынындағы нейтрондар санының осы бет ауданына қатынасына тең шама. Нейтрондар флюенсінің өзі.
|
плотность потока частиц / particle flux density — отношение полного числа частиц, прошедших за некоторый промежуток времени через площадку, перпендикулярную направлению потока частиц, к площади этой площадки.
См.также флюенс.
|
бөлшектер ағынының тығыздығы / particle flux density — бөлшектердің ағыны бағытына перпендикулярлы алаң арқылы қандай да бір уақыт аралығында өткен бөлшектердің толық санының осы алаңның ауданына қатынасы.
Сон. қ. қараңыз: флюенс.
|
плотность потока частиц критическая / critical flux density —наименьшая плотность потока частиц, испаряемых и падающих на подложку, при которой они конденсир-уются и формируют пленку (при данной температуре поверхности подложки).
|
бөлшектер ағынының критикалық тығыздығы / critical flux density —төсеніште конденсацияланатын және қабыршық түзетін, оған бағытталған және одан буланатын бөлшектер ағынның ең аз тығыздығы (төсеніштің берілген темпетратурасында).
|
плотность тока / current density — величина тока, переносимого проводником, отнесённая к площади его сечения, перпендикулярного направлению движения зарядов.
|
ток тығыздығы / current density — зарядтардың қозғалыс бағытына перпендикуляр қимасының ауданы қатынасына тең өткізгіштің тасмалдайтын ток шамасы.
|
Пло́тность пото́ка энергии
Energy flux density, power flux density, energy flux, energy fluence rate
Вектор, направленный в сторону переноса энергии, величина которого равна отношению мощности, переносимой через площадку, перпендикулярную направлению переноса, к площади этой площадки.
|
Энергия ағынының тығыздығы
Energy flux density, power flux density, energy flux, energy fluence rate
Энергия тасымалы бағытымен бағыттас, шамасы тасымал бағытына перпендикуляр бет арқылы тасымалданатын қуаттың осы бет ауданына қатынасына тең вектор.
|
плотность мощности объёмная / power bulk density, power packed density — количество энергии, выделившейся в облучаемом твёрдом теле в единицу времени, отнесённое к единице объёма.
|
қуаттың көлемдік тығыздығы / power bulk density, power packed density — сәулелендіруші қатты дененің уақыт бірлігінде бөліп шығарған энергияның көлем бірлігіне қатынасына тең шама.
|
плотность мощности поверхностная / power surface density — количество энергии, переносимой потоком частиц, падающих на поверхность, отнесённое к единице площади этой поверхности.
|
қуаттың беттлік тығыздығы / power surface density — осы бетке түсіп жатқан бөлшектер ағыны тасымалдайтын энергияның осы беттің бірлік ауданына қатынасына тең шама.
|
плотность энергии объёмная / energy bulk density, energy packed dens — количество энергии в веществе, нормированное на единицу объёма.
|
энергияның көлемдік тығыздығы / energy bulk density, energy packed dens — көлем бірлігіне нормаланған заттағы энергия мөлшері.
|
плотность энергии поверхностная /energy surface density — количество энергии, падающее на единицу площади поверхности.
|
энергияның беттік тығыздығы /energy surface density — аудан бірлігіндегі бетке түсетін энергия мөлшері.
|
Пове́рхность
Surface
Граница раздела фаз. Может быть внешней (фазовые контакты типа «пар-твёрдое тело») и внутренней. Свойства твёрдых тел сильно зависят от состояния поверхности. Подвержена существенным изменениям под действием излучений, плазмы, примесей и т.д. Поэтому в радиационных и плазменных технологиях является предметом пристального внимания.
|
Бет
Surface
Фазалардың бөліну шекарасы. Ол сыртқы және ішкі («бу-қатты дене» типті фазалық жанасулар) болуы мүмкін. Қатты денелердің қасиеттері беттің күйіне тәуелді болады. Сәуленің түсуінің, плазманың, қоспаның және т.б. әсерінен едәуір өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Сондықтан радиациялық және плазмалық технологияларда бұған үлкен мән беріледі.
|
поверхность атомно-гладкая / atomically smooth surface — гипотетическая (идеальная) поверхность, на которой все атомы лежат в одной атомной плоскости (отсутствует шероховатость).
|
атомдық-тегіс бет / atomically smooth surface — барлық атомдар бір атомдық жазықтықта жататын (кедір-бұдырлық жоқ) гипотетикалық (идеал) бет.
|
поверхность атомно-чистая /atomically pure surface — поверхность, на которой практически отсутствуют инородные атомы. На практике можно получать с помощью травления плазмой или ионными пучками.
|
атомды таза бет /atomically pure surface — бөгде атомдар мүлдем болмайтын бет. Практикада плазмамен немесе ионды шоғырлармен өңдеу арқылы алуға болады.
|
поверхность вицинальная / vicinal surface — поверхность, состоящая из узких террас, разделённых ступенями моноатомной высоты.
|
вицинальді беткей / vicinal surface — моноатомды биіктік сатылармен бөлінген тар террасалардан тұратын бет.
|
поверхность контактная / contact area — поверхность, по которой деформируемый металл контактирует с технологическим инструментом.
|
контактілі бет / contact area — деформацияланушы металлдың технологиялық құралмен түйіскен беті
|
поверхности сингулярные / singular surface — применительно к твёрдому телу - атомногладкие поверхности.
|
сингулярлы беттер / singular surface — қатты денелерге қатысты - атомды тегіс беттер.
|
поверхность удельная / specific surface — усредненный параметр размеров внутренних полостей (каналов, пор и т.д.) пористого тела или частиц дисперсной системы. Характеризуется отношением общей площади поверхности пор или диспергированной фазы к его объему или массе. У активных сорбентов может достигать 1000 м2/г и более.
|
меншікті бет / specific surface — дисперсті жүйе бөлшектерінің немесе кеуекті дененің ішкі қуыстарының орташаландырылған параметрі. Ол дисперсті фазаның немесе қуыстардың беттерінің жалпы ауданының оның көлеміне немесе массасына қатынасымен сипатталады. Белсенді сорбенттерде ол 1000 м2/г және одан да жоғары болуы мүмкін.
|
поверхность Ферми / Fermi surface — изоэнергетическая поверхность в пространстве квазиимпульсов, отделяющая область занятых электронных состояний металла от области, в которой при Т= 0 отсутствуют электроны. Электроны, имеющие энергию Ферми, расположены на поверхности Ферми.
|
Ферми беткейі / Fermi surface — металлдың квазиимпульстар кеңістігіндегі Т=0 кезінде электрондары жоқ электронды күй облысы мен толық толған облысты бөліп тұратын изоэнергетикалық бет. Ферми энергиясына ие электрондар Ферми бетінде орналасқан.
|
Повреждение
Damage, defect
Общий термин для обозначения изменений структуры и состава материалов, связанных с ростом, обработкой, деформацией и т.д.
|
Зақымдану
Damage, defect
Материалдардың өсуімен, өңдеуімен, деформациясымен байланысты одардың құрамы мен құрылымының өзгеруін сипаттауға арналған жалпы термин.
|
повреждение водородное / hydrogen damage — охрупчивание, растрескивание, образование вздутий и формирование гидридов, что является следствием присутствия водорода в некоторых металлах.
См. также охрупчивание водородное.
|
сутектік зақымдану / hydrogen damage — кейбір металдардың құрамында сутектің болуы салдарынан морт күйге айналуы, шытынауы, ісінуі мен гидриттердің қалыптасуы.
|
повреждения радиационные / radiation damages — деградация структуры и свойств металлов при воздействии высокоэнергети-ческих элементарных частиц (нейтронов, электронов, гамма-квантов, атомных ядер и ионов). Причина радиационных повреж-дений — выбивание частицами атомов металла из равновесных положений, приводящее к образованию точечных дефектов кристаллической решетки.
См. также охрупчивание нейтронное.
|
радиациялық зақымдану / radiation damages — жоғары энергиялы элементар бөлшектердің (нейтрондар, электрондар, гамма-кванттар, атомдық ядролар мен иондардың) әсері әсерінен металдардың құрылымы мен қасиеттерінің деградациясы. Элементар бөлшектердің соққысы металл атомдарын тепе-теңдік күйінен шығарып, кристалл торында нүктелі ақаулардың қалыптасуына әкеледі.
|
Поглотитель выгорающий
Burnable absorber
Поглотитель нейтронов, который расходуется в процессе эксплуатации реактора. Благодаря этому частично компенсируется потеря реактивности вследствие выгорания ядерного топлива. Избыточная реактивность необходима для обеспечения требуемого выгорания топлива в активной зоне реактора. Выгружаются из активной зоны вместе с топливом в процессе перегрузки.
|
Жанып кететін жұтушы
Burnable absorber
Реакторды қолдану процесінде шығындалатын нейтрондарды жұтушы. Осының арқасында ядролық отынның жануы салдарынан болатын реактивтілік шығынының орны жартылай толтырылады. Артық шамадағы реактивтілік реактордың белсенді аймағындағы отынның талап етілген мөлшерінің жанып кетуін қамтамасыз ету үшін қажет. Белсенді аймақтан қайта тиеу процесінде отынмен бірге шығарылады.
|
Поглоще́ние излучения
Radiation absorption
Уменьшение интенсивности потока излучения, проходящего через вещество.
|
Сәуленің жұтылуы
Radiation absorption
Зат арқылы өтетін сәуле ағыны қарқындылығының кемуі.
|
поглощение многофотонное / multiphoton absorption — практически одновременное поглощение атомом нескольких фотонов. Если интенсивность света велика, помимо однофотонных процессов рассеяния света атомом (фотоионизация, фотовозбуждение, рэлеевское и рамановское рассеяние) существенную роль играют многофотонные процессы. Многофотонными аналогами основных однофотонных процессов являются многофотонная ионизация и многофотонное возбуждение атома, многофотонное рэлеевское рассеяние света (возбуждение высших оптических гармоник падающего излучения) и многофотонное рамановское рассеяние света (гиперрамановское рассеяние). Они происходят в результате поглощения в элементарном акте нескольких фотонов. В каждом конкретном случае число поглощаемых фотонов определяется исходя из закона сохранения энергии при переходе между начальным и конечным состояниями и энергии фотона (частоты излучения). Так как в каждом элементарном акте поглощается несколько фотонов, то могут происходить и более сложные многофотонные процессы, в которых закон сохранения энергии выполняется в результате ряда последовательных процессов поглощения и испускания фотонов.
|
көп фотонды жұтылу / multiphoton absorption — атомның бірнеше фотонды бірден жұтуы. Егер де жарықтың қарқындылығы үлкен болса, жарықтың атомнан бірфотонды шашырауымен (фотоиондалу, фото қозу, рэлейлік және рамандық шашырау)қатар, көпфотонды процестер де маңызды роль атқарады. Көп фотонды иондалу және атомның көп фотонды қозуы, жарықтың көп фотонды рэлейлік шашырауы (түсетін сәуленің жоғары оптикалық гармоникасының қозуы) және жарықтың көп атомды рамандық шашырауы (гиперрамандық шашырау) негізгі бір фотонды процестердің көп фотонды баламасы болып табылады. Олар бір элементар актіде бірнеше фотондардың жұтылуы нәтижесінде жүзеге асады. Әрбір нақты жағдайда жұтылатын фотондардың саны фотонның энергиясы мен бастапқы және ақырғы күйлер арасындағы өту кезіндегі энергияның сақталу заңының негізінде анықталады. Әрбір элементарлы актіде бірнеше фотон жұтылатындықтан фотондарды жұту немесе оларды шығарудың тізбекті процестерінің нәтижесінде энергияның сақтау заңдары орындалатын өте күрделі көп фотонды процестер де орын алуы мүмкін.
|
поглощение резонансное / resonance absorption — избирательное поглощение частицы (нейтрона, гамма-кванта) атомными ядрами, обусловленное квантовыми переходами ядер в возбуждённое состояние.
|
резонансты жұтылу / resonance absorption — ядролардың қозу күйіне кванттық ауысуы нәтижесінде атомдық ядролардың бөлшектерді (нейтронды, гамма-квантты) іріктей отырып жұтуы.
|
Погрешность измерений (ошибка измерений)
Measurement error
Отклонение результата измерений от истинного значения измеряемой величины.
|
Өлшеулердің олқылығы (өлшеулердің қателігі)
Measurement error
Өлшеулер нәтижесінің өлшенуші шаманың ақиқат мәнінен ауытқуы.
|
Подви́жность носи́телей заря́да
Carrier mobility, charge carrier mobility
Отношение средней скорости направленного движения носителей зарядов, вызванного электрическим полем, к напряжённости этого поля.
|
Заряд тасығыштардың қозғалғыштығы
Carrier mobility, charge carrier mobility
Электр өрісінен туған заряд тасымалдаушылардың бағытталған қозғалысы орташа жылдамдығының осы өрістің кернеулігіне қатынасы.
|
Подло́жка
Support; substrate
Поверхность материала, на которую наносится каким-либо способом тонкая пленка или покрытие.
|
Төсеніш
Support; substrate
Қандай да бір амалмен материалдың жұқа қабыршықпен немесе қаптамамен қапталатын беті.
|
Подслой
Underlayer
Часть покрытия (например, плазменного), непосредственно прилегающая к подложке и выполняющая функцию связи между основной частью покрытия и подложкой.
|
Қабат асты
Underlayer
Жабынның (мысалы плазмалық) материал беті мен оның негізгі бөлігінің арасында байланыс функциясын атқаратын және төсенішке жанасып тұратын бөлігі.
|
|