Ақылбеков Ә. Т. Кривобоков В. П. Даулетбекова А. К. Радиациялық және плазмалық технологиялар Орысша-қазақша терминология анықтамалығы астана-2012 +544 (038) ббк 24. 5 Я 2 а 38



бет42/54
Дата09.06.2016
өлшемі5.14 Mb.
#125080
түріСправочник
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   54

Установка плазменная

installation

Установки для генерирования плазмы разнообразных типов.



Плазмалық қондырғы

installation

Әртүрлі типтегі плазмаларды генерациялауға арналған құрылғы.


Установка гигагерцевая плазменная

Gigahertz plazma installation

Плазменные установки, которые работают на плазменных генераторах в диапазоне частот нескольких гигагерц (чаще всего 45 ГГц). Это соответствует диапазону частот микроволн, так что такая установка также называется МВ-плазменной установкой в отличие от ВЧ- и НЧ-установок или генераторов, которые работают в диапазонах МГЦ или кГц.


Гигагерцті плазмалық қондырғы

Gigahertz plazma installation

Жиілігі бірнеше гигагерц ( көбіне 45 ГГц) диапазонындағы плазмалық генераторларда жұмыс істейтін плазмалық қондырғылар. Бұл микротолқындар жиілігінің диапазонына сәйкес келеді, осылайша бұл қондырғыларды МГЦ немесе кГц жиіліктерінде жұмыс істейтін ЖЖ немесе ТЖ қондырғыларынан ерекшелендіріп, МТ-плазмалы қондырғы деп те атайды.



Устройство (источник), генерирующее ионизирующее излучение

Device (source) generating ionizing radiation

Электрофизическое устройство (рентгеновский аппарат, ускоритель, генератор и т.д.), в котором ионизирующее излучение возникает за счет изменения скорости заряженных частиц, их аннигиляции или ядерных реакций.



Ионданушы сәулелерді генерациялайтын құрылғы

Device (source) generating ionizing radiation

Зарядталған бөлшектердің жылдамдығының өзгеруі, олардың аннигиляциясы немесе ядролық реакциялардың есебінен ионданушы сәулелер туындайтын электрофизикалық құрылғы (рентгендік аппарат, үдеткіш, генератор және т.б.).



Ушире́ние

Line widening



Увеличение ширины спектральных линий по отношению к их естественной ширине.


Кеңею

Line widening

Спектрлік сызықтар енінің олардың табиғи еніне қарағанда ұлғаюы.


уширение доплеровское / Doppler broaden-ing — увеличение ширины спектральных линий, вызванное движением источника света относительно его наблюдателя.

доплерлік кеңею / Doppler broadening — жарық көзінің бақылаушыға қатысты қозғалысының салдарынан спектрлік сызықтар енінің ұлғаюы.

уширение ударное / collision broadening — уширение спек­тральных линий, вызванное взаимодействиями атомов и молекул с окружающими их частицами (в газе и в плазме – в результате их взаимных столкновений).

соққылық кеңею / collision broadening — атомдар мен молекулалардың оларды қоршаған бөлшектермен әсерлесуі нәтижесінде спектрлік сызықтарының ұлғаюы.


Ф

Фа́за в термодинамике

Phase; stage

Термодинамически равновесное состояние вещества, отличающееся по физическим свойствам от других возможных равновесных состояний (др. фаз) того же вещества.




Термодинамикадаға фаза

Phase; stage



Заттың басқа мүмкін болатын тепе теңдік күйлерінен физикалық қасиеті бойынша өзгеше болып келетін термодинамикалық тепе-теңдік күйі.


фаза внедрения / interstitial phase — промежуточная фаза, образующаяся в результате внедрения неметаллических атомов относительно малых размеров в междоузлия одной из идеальных или немного искаженных кристаллических решеток, образующейся атомами переход-ных металлов. В ф. в. атомы металла расположены по узлам решетки, не свой-ственной данному металлу в чистом виде.

енгізу фазасы / interstitial phase — салыстырмалы түрде кішкентай өлшемді бейметалл атомдарын өтпелі металл атомдары түзетін идеал немесе сәл қисайған кристалл торының түйін араларына ендіру нәтижесінде туындайтын аралық фаза. Ендіру фазасында металл атомдары оның таза күйіне тән емес тор түйіндерінде орналасады.


фаза колебаний / oscillation phase, wave phase — аргумент периодической функции, опи­сывающей колебательный или волновой процессы.

тербеліс фазасы / oscillation phase, wave phase — тербелмелі немесе толқындық процесті сипаттайтын периодты функцияның аргументі.

фаза Лавеса / Laves phase — интер-металлическое образование между металлами при отношении их атомных радиусов 1,10-1,60, имеющее структуру: кубическую — типа MgCu2, либо гекса-генную — типа MgZn2 или MgNi2. Такое отношение размеров атомов в ф. Л. Позво-ляет им плотнейшим образом заполнить пространство. Каждый атом А окружен 12 атомами В и на несколько большем расстоянии — четырьмя атомами А.

Лавес фазасы / Laves phase — құрылымы кубтік —MgCu2 секілді, немесе гексагенді —MgZn2 немесе MgNi2 секілді, атомдар радиусының қатынасы 1,10-1,60 болып келетін металдар арасындағы интерметалдық түзіліс . Лавес фазасындағы атомдар өлшемінің мұндай қатынасы оларға кеңістікте барынша тығыз орналасуына мүмкіндік береді. Әрбір А атомы 12 В атомдарымен және біршама ұзақ арақашықтықта 4 А атомымен қоршалған;

фаза метастабильная / metastable phase — фаза, образование которой приводит систему в состояние с относительным минимумом свободной энергии; может перейти в более устойч. под действием внешних факторов или самопроизвольно.

метатұрақты фаза / metastable phase — жүйенің еркін энергиясы салыстырмалы түрде минимум болып келетін фазалық күйі; сыртқы факторлардың әсерінен немесе өздігінен анағұрлым тұрақты күйге ауыса алады.

фаза начальная / epoch angle, initial phase, starting phase — фаза колеба­ний в начальный момент времени.

бастапқы фаза / epoch angle, initial phase, starting phase — бастапқы уақыт кезіндегі тербеліс фазасы.

фаза равновесная / equilibrium phase — фаза, которая при заданных термодинамических параметрах (температуре, давлении и концентрации компонентов) постоянно стабильна.

тепе-теңдік фаза / equilibrium phase — берілген термодинамикалық параметрлерде (температура, қысым және компоненттердің концентрациясы) үнемі тұрақты болатын фаза.

фаза рентгеноаморфная / x-ray amorphous phase — фазовое состояние твёрдого тела, которое имеет признаки аморфности на рентгенограмме (отсутствие пиков и наличие галло на угловой зависимости интенсивности рассеянного излучения).

рентгенді аморфты фаза / x-ray amorphous phase — рентгенограммада аморфтық қасиеттері (шыңдардың болмауы және шашыраған сәуле қарқындылығының бұрыштық тәуелділігінде галлоның болуы) байқалатын қатты дененің фазалық күйі.

фаза стабильная / stable phase — фаза, образование которой приводит всю систему в состояние с абсолютным минимумом свободной энергии.

См. также переход фазовый.



тұрақты фаза / stable phase — бүкіл жүйенің еркін энергиясы абсолют минимум мәніне ие болатын фазалық күйі.

Сон. қ. қараңыз: фазалық өту




Фазон

Phason


Составная квазичастица, образуемая электроном, локализованным вблизи гетерофазной флуктуации. Необычными примерами фазонов могут служить заряженные частицы в жидком гелии: вокруг положительного заряда образуется область затвердевшего гелия, а вокруг отрицательного – сферическая полость, в которой «располагается» электрон. Размеры этих образований довольно значительны: радиус области затвердевшего гелия 0,7 нм, а сферической полости около 2 нм.


Фазон

Phason


Гетерофазды флуктуацияның маңында орналасқан электрон туғызатын құрамдас квазибөлшек. Фазондардың ерекше мысалдары ретінде сұйық гелийдегі зарядталған бөлшектерді алуға болады:оң зарядтың айналасында қатайған гелий облысы, ал теріс зарядтың айналасында – «электрон» орналасатын сфералық қуыс пайда болады. Бұл түзілістердің өлшемдері айтарлықтай: қатайған гелий облысының радиусы 0,7 нм, ал сфералық қуыс облысы 2 нм.


Фазотро́н

Synchrocyclotron, phasotron

Резонансный циклический ускоритель тяжелых частиц (протонов, ионов), работающий при постоянном во времени азимутально-однородном (или почти однородном) магнитном поле и периодически изменяющемся по частоте высокочастотном ускоряющем напряжении.



Фазотро́н

Synchrocyclotron, phasotron

Уақыт бойынша тұрақты азимутты-біттекті магнит өрісі мен жоғары жиілікте периодты түрде өзгеретін үдеткіш кернеуінде жұмыс істейтін ауыр бөлшектердің (протондар, иондар) циклді резонансты үдеткіші.



Фа́зы рассе́яния

Scattering phase

Вещественные параметры, характери-зующие упругое рассеяние частиц.

См. также рассеяние.




Шашырау фазасы

Scattering phase

Бөлшектердің серпімді шашырауын сипаттайтын заттық параметрлер.

Сон. қ. қараңыз: шашырау.




Фа́ктор

Factor (лат. factor — делающий)

Причина, движущая сила какого-либо процесса, определяющая его характер или отдельные черты.



Фактор

Factor (лат. factor — жасаушы)

Қандай да бір процестің қозғаушы күші, себебі. Процестің сипаты немесе жекелеген қасиеттерін анықтайды.


фактор атомный / atomic factor — величина, характеризующая способность изолированного атома или иона когерентно рассеивать падающие на него рентгеновское излучение, электроны или нейтроны.

атомдық фактор / atomic factor — оқшауланған атомның немесе ионның оған түскен рентген сәулелерін, электрондарды немесе нейтрондарды когерентті шашырату қасиетін сипаттайтын шама.

фактор масштабный / scale factor — коэффициент, учитывающий изменения свойств материала (тела) при изменении его геометрических размеров.

масштабты фактор / scale factor — материалдың геометриялық өлшемінің өзгеруі нәмтижесінде оның қасиетінің өзгерісін ескеретін коэффициент.

фактор структурный / structure factor — величина, характеризующая способность элементарной ячейки кристалла к когер-ентному рассеянию рентгеновского излу-чения, гамма-излучения и нейтронов в зав-исимости от внутреннего строения ячейки.

құрылымдық фактор / structure factor — кристалдық элементар ұяшықтың оған түскен рентген сәулелерін, электрондарды немесе нейтрондарды сол ұяшықтың ішкі құрылымына сәйкес когерентті шашырату қасиетін сипаттайтын шама.


Фасе́тка ско́ла

Chip facet

Элемент поверхности хрупкого разрушения металла, в пределах которого разрушение развивается в одной или близких плоскостях.



Сыну фасеткасы

Chip facet

Металдың морт қирау бетінің элементі. Бұл элемент ішінде қирау бір немесе жақын орналасқан жазықтықтарда жүзеге асады.




Фермион

Fermion


Частица или квазичастица, обладающая полуцелым спином и подчинаятся статистике Ферми-Дирака.



Фермион

Fermion


Жартылай бүтін спинге ие және Ферми-Дирак статистикасына бағынатын бөлшек немесе квазибөлшек.


Фигу́ры Ли́хтенберга

Lichtenberg figures

Картины распределения искровых каналов, стелющихся по поверхности твердого диэлектрика при так называемом сколь-зящем разряде. Впервые наблюдались Г.К.Лихтенбергом (G. Lichtenberg) в 1777 г.



Лихтенберг пішіндері

Lichtenberg figures

Сырғанау разряды кезінде қатты диэлектрик бетіндегі ұшқындық каналдардың таралу бейнесі. Бұл бейнені ең алғаш 1777 жылы Г.К.Лихтенберг (G. Lichtenberg) байқаған.


Фигуры травления

Etch figures, etch patterns

Правильно ограниченные углубления (реже холмики), образующиеся на поверхности кристаллов в процессе травления. Фигуры травления закономерно ориентировано относительно кристаллографических направлений; они отображают симметрию граней и дефекты структуры кристалла.


Өңдеу фигуралары

Etch figures, etch patterns

Өңдеу процесі кезінде кристал түзілетін дұрыс шектелген (көбінесе холмики) тереңдеулер. Өңдеу фигуралары кристаллографиялық бағыттарға қатысты заңдылықпен бағдарланған: олар қырлар симметриясы мен кристалл құрылысының ақауларын көрсетеді.



Филаментация

Filamentation



  1. Спонтанное возникновение и рост мелкомасштабных неоднородностей поля при первоначально однородном волновом фронте. 2. Расслоение вещества.


Филаментация

Filamentation

1. Бастапқы біртекті толқынды фронт кезінде өрістің ұсақмасштабты біртексіздіктерінің спонтанды туындауы мен өсуі. 2. Заттың қабаттарға бөлінуі.



Фи́льтры я́дерные (трековые)

Nuclear filter

Микропористый фильтр, образующийся при облучении полимерной плёнки ускорен-ными тяжёлыми ионами с последующим вытравливанием разрушенных участков, полимера.



Ядролық (тректік) сүзгілер

Nuclear filter

Полимер қабыршықты үдетілген ауыр иондармен сәулелендіру кезінде полимердің қираған учаскілерін алып тастау арқылы жасалған микроқуысты сүзгі.



Фингал-процесс

Glazing


Разновидность остекловывания высокоактивных концентратов; заключается в одновременной выпарке, спекании и плавлении с суспензией, содержащей кремнезём-бораты.


Фингал-процесc

Glazing


Жоғары белсенді концентраттардың шынылануының бір түрі; буландыру, пісіру және құрамында кремнезем-бораты бар суспензиямен балқыту процестерін бірлестіре отырып жүргізуге негізделеді.


Фиссиум

Fissible material

Ядерное топливо, легированное элементами-продуктами деления.



Фиссиум

Fissible material

Бөліну өнімдерінің элементтерімен легирленген ядролық отын




Фле́кинг

Flaking

Шелушение поверхности в виде слоев неправильной формы или отделение от матрицы слоя сплошной пленки.





Фле́кинг

Flaking

Беттің дұрыс емес пішін түріндегі қабыршақтануы немесе қабат матрицасынан тұтас қабыршықтың бөлінуі.



флекинг радиационный / radiation flaking — шелушение поверхности, вызванное облучением

радиациялық флекинг / radiation flaking — беттің сәулелену арқылы туындайтын қабыршықтануы.


Фли́ккер-эффе́кт

Flicker effect

Медленные флуктуации то­ков и напряжений в электровакуумных и газоразряд­ных приборах, обусловлен­ные испарением атомов вещества катода; диффузией их из глубинных слоёв к поверхности; бомбардировкой катода положительными ионами, которая приводит к распылению, внедрению ионов и образованию слоёв примесных атомов; изменением структуры и физических характеристик катода.



Фли́ккер-эффе́кт

Flicker effect

Катод заты атомдарының булануына, атомдардың ішкі қабаттардан бетке қарай диффузиялануына, тозаңдануға, иондарды енгізуге және қоспалық қабаттардың түзілуіне әкелетін катодты оң иондармен ақтылауға, катодтың құрылымы мен физикалық сипаттамаларының өзгеруіне негізделетін электровакуумдық және газды разрядты құралдардағы токтар мен кернеулердің баяу флуктуациясы.



Флуктуа́ции

Fluctuation, от лат. fluctuatio – колебание

Случайные отклонения физических величин от их средних значений.

флуктуации электрические / electric fluctuation — хаотические изменения потенциалов, токов и зарядов в электрических цепях и линиях передачи, вызываемые тепловым движением носителей заряда и др. физическими процессами в веществе, обусловленными дискретной природой электричества, а также случайными изменениями и нестабильностью характеристик цепей.



Флуктуа́ция

Fluctuation, лат. fluctuatio – тесбеліс

Физикалық шаманың оның орташа мәнінен кездейсоқ ауытқуы.

электрлік флуктуациялар / electric fluctuation — Электр тогының дискретті табиғатына, сонымен қатар кездейсоқ өзгерістердің және тізбек сипаттамаларының тұрақсыздығына негізделген, заряд тасымалдағыштардың жылулық қозғалысы мен заттағы басқа да физикалық құбылыстар нәтижесіндегі электр тізбектерінде және берілу желілерінде потенциалдардың, токтар мен зарядтардың хаостық өзгерісі.



Флуктуон

Fluctuon


Квазичастица, наблюдающаяся в неупорядоченных сплавах и подобных им системах В неупорядоченных сплавах вокруг электрона образуется флуктуация концентрации одной из компонент сплава, которая создает для электрона потенциальную яму и, захватив его, тем самым может сделать флуктуацию устойчивой. Такие устойчивые образования и являются флуктуонами. Механизм образования флуктуонов близок к механизму образования поляронов.


Флуктуон

Fluctuon


Реттелмеген қорытпаларда немесе оларға ұқсас жүйелерде бақыланатын квазибөлшек. Реттелмеген қорытпаларда электронның айналасында қорытпаның бір компоненті концентрациясының флуктуациясы пайда болады. Ол электрон үшін потенциалды шұңқыр жасайды және оны қармай отырып флуктуацияны тұрақты күйге әкеледі. Осындай тұрақты түзілістер флуктуондар деп аталады. Флуктуондардың пайда болу механизмі полярондардың пайда болу механизміне ұқсас.

Флю́енс

Fluence


Отношение полного числа частиц, про­шедших за некоторый про­межуток времени через пло­щадку, перпендикулярную направлению потока частиц, к площади этой площадки.

Флю́енс

Fluence


Бөлшектер ағынының бағытына перпендикуляр бет арқылы қандай да бір уақыт аралығында өткен бөлшектердің толық санының осы беттің ауданына қатынасы.


Флю́енс нейтро́нов

Neutron fluence

Величина, равная отношению числа нейтронов, падающих за данный интервал времени на некоторую поверхность, расположенную перпендикулярно направлению распространения нейтронного потока, к площади этой поверхности.



Нейтрондардың флюенсі

Neutron fluence

Берілген уақыт аралығында қандай да нейтрондар ағынының таралу бағытына перпендикуляр орналасқан бетке түсетін нейтрондар санының осы беттің ауданына қатынасына тең шама.



Флюоресце́нция

Fluorescence

Длительное послесвечение вещества на собственной длине волны после накачки.



Флюоресце́нция

Fluorescence

Қоздырғаннан кейінгі заттың өздік толқын ұзындығында ұзақ уақыт сәуле шығаруы.



Фо́кус пла́зменный

Plasma focus

Нестационарный сгусток плотной высокотемпературной дейтериевой плазмы, являющийся локализованным источником нейтронов и жестких излучений; так же называют и электроразрядную установку, в которой получается эта плазма.



Пла́змалық фо́кус

Plasma focus

Нейтрондар мен қатты сәулелердің оқшауланған көзі болып табылатын тығыз жоғары температуралы дейтерий плазмасының стационар емес түзілісі; осы плазма алынатын электрлі разрядты қондырғыны да осылай атайды.



Фокусиро́вка

Focus, focusing

Создание сходящихся волновых фронтов сферической или ци­линдрической формы.



Тоғыстыру

Focus, focusing

Сфералық немесе цилиндрлік пішіндегі түйісетін толқындық шептерді түзу.


самофокусировка в ускорителях / self-focusing — свойство релятивистских электронных пучков, содержащих положи-тельные ионы, образовывать равновесные («самофокусирующиеся») конфигурации.

үдеткіштегі өзіндік тоғысу / self-focusing — құрамында оң иондары бар релятивистік электрондар ағының тепе-теңдік («өздігінен тоғысатын») конфигурацияларды түзу қасиеті.

фокусировка жесткая / strong focusing — фокусировка магнитным полем со знакопеременным градиентом.

қатты тоғысу / strong focusing — таңбасы ауыспалы градиентті магнит өрісімен тоғысыстыру.

фокусировка сильная / strong focusing — фокусировка частиц в ускорителе, при которой частота бетатронных (поперечных) колебаний частицы больше частоты обращения.

күшті тоғысу / strong focusing — бөлшектердің бетатрондық тербеліс жиілігі айналу жиілігінен артық болатын үдеткіштегі бөлшектердің тоғысуы.


фокусировка слабая / weak focusing — фокусировка частиц в ускорителе, при которой один оборот частица совершает меньше одного бетатронного (поперечного) колебания. К слабой фокусировке относится, например, фокусировка частиц магнитным полем с постоянным градиентом индукции.

әлсіз тоғысу / weak focusing — бөлшектердің айналу жиілігі бетатрондық (көлденең) тербеліс жиілігінен артық болатын үдеткіштегі бөлшектердің тоғысуы. Әлсіз тоғысуға, мысалы, бөлшектерді индукция градиенті тұрақты магнит өрісімен тоғыстыру жатады.

фокусировка частиц / particle focusing — создание условий, необходимых для устойчивого движения заряженных частиц в ускорителях и ряде других приборов.

бөлшектердің тоғысуы / particle focusing — үдеткіштер мен басқа да бірқатар құрылғыларда зарядталған бөлшектердің орнықты қозғалысына жағдай жасау.

фокусировка частиц в ускорителе / focusing of particle flux — обеспечение устойчивости поперечного движения ускоряемых заряженных частиц.

үдеткіштегі бөлшектердің тоғысуы / focusing of particle flux — үдетіліп жатқан зарядталған бөлшектердің көлденең қозғал-ысының орнықтылығын қамтамасыз ету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет