Ақылбеков Ә. Т. Кривобоков В. П. Даулетбекова А. К. Радиациялық және плазмалық технологиялар Орысша-қазақша терминология анықтамалығы астана-2012 +544 (038) ббк 24. 5 Я 2 а 38



бет7/54
Дата09.06.2016
өлшемі5.14 Mb.
#125080
түріСправочник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   54

Загрязне́ние


Contamination

Примесь или инородное тело, находящееся в материале или окружающей среде, которая воздействует на свойства материала или процесса.





Ластану

Contamination

Материалдың немесе процестің қасиеттеріне әсер ететін, материалдың немесе қоршаған ортаның құрамында болатын қоспа немесе өзге текті дене.


загрязнение радиоактивное / radioactive contamination, radioactive pollution — присутствие радиоактивных веществ на поверхности, внутри материала, в воздухе, в теле человека или в другом месте, в количестве, превышающем уровни, установленные действующими нормами и правилами.

радиоактивті ластану / radioactive contamination, radioactive pollution —материалдың бетінде, ішінде, ауада, адамның денесінде немесе басқа жерде радиоактивті заттардың мөлшерінің, нормалар мен ережелерде тағайындалған мөлшерден көп болуы.


загрязнение поверхности неснимаемое (фиксированное) / fixed surface contamination — радиоактивные вещества, которые не переносятся при контакте на другие предметы и не удаляются при дезактивации.

бекітілген беттік ластану / fixed surface contamination — басқа заттармен байланыс кезінде тасымалданбайтын және дезактивация кезінде жойылмайтын радиобелсенді заттар.

загрязнение поверхности снимаемое (нефиксированное) / removable surface contamination (loose-surface contamination) — радиоактивные вещества, которые переносятся при контакте на другие предметы и удаляются при дезактивации.

бекітілмеген беттік ластану / removable surface contamination (loose-surface contamination) — басқа денелермен байланыс кезінде тасымалданатын және дезактивация кезінде жойылатын радиобелсенді заттар.


Зака́лка

Hardening, quenching

Термическая обработка материалов, заключающаяся в их нагреве и последующем быстром охлаждении с целью фиксации высокотемпературного состояния материала или предотвращения (подав-ления) нежелательных процессов, проис-ходящих при его медленном охлаждении. Закалка возможна только для тех веществ, равновесное состояние которых при высокой температуре отличается от равно-весного состояния при низкой температуре (например, кристаллическая структура).

Ширату


Hardening, quenching

Материалды жоғары температуралы күйінде сақтап қалу үшін немесе баяу суыту кезінде жүзеге асатын қажетсіз процестерді болдырмас үшін қыздырып, кейіннен жылдам суыту арқылы жүзеге асатын материалдарды термиялық өңдеу. Ширату тек жоғары температурадағы тепе-теңдік күйі төменгі температуралардағы тепе-теңдік күйінен өзгеше (мысалы, кристалдық құрылымы) болатын заттар үшін ғана мүмкін.



закалка плазменная (пламенная) поверхностная / plasma (flame) surface hardening — процесс повышения твердости поверхности железных сплавов и сталей, в котором используется интенсивный нагрев их плазмой или пламенем вплоть до некоторой критической температуры, после чего заготовка немедленно охлаждается.


плазмалық (алаулық) беттік ширату / plasma (flame) surface hardening — бұйым плазмамен немесе алаумен қарқынды түрде, қандай да бір критикалық температураға дейін қыздырылып, кейіннен бірден суытылатын, темір қоспалар мен болат бетінің қаттылығын арттыру процесі.


Зако́н Буге́ра —Ла́мберта — Бе́ра

Bouguer-Lambert-Beer law, Beer-Lambert-Bouguer law

Определяет ослабление пучка монохроматического света при его распространении через поглощающую среду, в частном случае — через раствор поглощающего вещества в непоглощающем растворителе. В частности позволяет вычислить функцию энерговыделения при расчёте параметров диссипации энергии луча в технологических операциях с использованием лазера.



Бугер – Ламберт – Бер заңы

Bouguer-Lambert-Beer law, Beer-Lambert-Bouguer law

Жұтатын ортада таралған, атап айтқанда – жұтпайтын қоспадағы жұтатын ерітінді арқылы өтетін, монохромат жарық шоғының әлсіреуін анықтайды. Лазер қолданылатын технологиялық операцияларда сәуле энергиясы диссипациясының парметрлерін есептеу кезінде энергияны бөлу функциясын есептеуге мүмкіндік береді.



Закон Генри

Henry s law

Устанавливает прямо пропорциональную зависимость концентрации с газа, растворенного при постоянной температуре в данном растворителе, от парциального давления р над поверхностью раствора: с = Гр, где Г – коэффициент (или константа) Генри, который зависит от температуры.



Генри заңы

Henry s law

Еріткіштегі тұрақты температура кезінде ерітілген газ концентрациясының ерітінді бетіндегі парциалдық р қысымға тура пропорционалды тәуелділігін орнатады: с = Гр, мұндағы Г – температураға тәуелді Генри коэффициенті (немесе константасы).



Законы Фика

Fick's laws

Основные феноменологические законы диффузии; сформулированы в 1855 г. А. Фиком (A. Fick).

закон Фика второй / second Fick's law — описывает нестационарный случай изменения концентрации диффундирующих частиц С во времени t и пространстве х: dC/dt= 2C/dx2.

закон Фика первый / first Fick's law — устанавливает для стационарной диффузии пропорциональность плотности потока диффундирующих частиц j градиенту их концентрации С и коэффициенту диффузии, т.е. в одномерном приближении j = -DδC/dx, где D — коэффициент диф­фузии, х — координата.



Фик заңы

Fick's laws

1855 жылы А.Фик (A. Fick) тұжырымдаған диффузияның феноменологиялық негізгі заңы.

Фиктің екінші заңы- диффузияланушы бөлшектердің С концентрациясының t уақыт бойынша және х кеңістікте стационар емес өзгеру жағдайын сипаттайды: dC/dt= Dδ2C/dx2.

Фиктің бірінші заңы- стационар диффузия үшін диффузияланушы бөлшектердің j ағын тығыздығына олардың концентрация-ларының С градинетіне пропорционалдығын анықтайды, яғни бірөлшемді жуықтауда j = -DδC/dx, мұндағы D — диффузия коэффициенті, х — координата.



Замедле́ние

Slowing down, deceleration; delay; (of neutrons) moderation

Уменьшение кинетической энергии частиц (обычно нейтронов) в результате их многократного столкновения с ядрами.



Баяулау

Slowing down, deceleration; delay; (of neutrons) moderation

Бөлшектердің (әдетте нейтрондардың) ядромен бірнеше рет соқтығысуының нәтижесінде кинетикалық энергиясының азаюы.


Замедли́тель нейтро́нов

Neutron moderator, moderator of neutrons, moderator

Вещество с малой атомной массой в активной зоне ядерного реактора, служащее для уменьшения кинетической энергии быстрых нейтронов до величин энергии тепловых нейтронов, которые вызывают деление ядер урана-235, урана-233 и плутония-239. Наиболее распространенные замедлители нейтронов - графит, обычная вода, тяжелая вода и берилий, которые слабо поглощают тепловые нейтроны. В реакторах на быстрых нейтронах, в которых для деления используются нейтроны большой энергии, замедлитель отсутствует.


Нейтрондарды баяулатқыш

Neutron moderator, moderator of neutrons, moderator

Жылдам нейтрондардың кинетикалық энергиясын уран-235, уран-233 және плутоний-239 ядроларының ыдырауын тудыратын жылулық нейтрондардың энергиясына дейін төмендетуге арналған ядролық реактордың белсенді аймағындағы атомдық массасы аз зат. Кең таралған нейтронды баяулатқыштар – графит, әдеттегі су, ауыр су және жылулық нейтрондарды әлсіз жұтатын бериллий. Жылдам нейтрондардың реакторында жоғары энергиялы нейтрондар бөлу үшін қолданылады, баяулатқыш болмайды.



Замеще́ния (дефекты замещения)

Substitution, displacement (substitutional defect, anti-site defects)

Нарушения в узлах кристаллической решётки, вызванные тем, что некоторые места, нормально занимаемые атомами одного сорта, занимаются атомами другого сорта.



Орын басу (орын басу ақаулары)

Substitution, displacement (substitutional defect, anti-site defects)

Бір сорттың атомдары алатын кейбір орындарды басқа сорттың атомдары алуы туғызатын кристал торы түйіндеріндегі бұзылулар.



Заря́д электри́ческий

Charge


Физическая величина, являющаяся источ-ником электромагнитного поля, посред-ством которого осуществляется взаимо-действие частиц, обладающих этой харак-теристикой. Зарядом называют также некоторые аддитивные величины, сохран-яющиеся (точно или приближенно) в процессах превращения частиц, обуслов-ленных определенными типами взаимо-действия (например, барионное число, лептонное число, гиперзаряд, странность).


Электрлік заряд

Charge


Осы сипаттамаға ие бөлшектердің өзара әсерлесуін жүзеге асыратын электромагниттік өрістің көзі болып табылатын физикалық шама. Заряд деп сонымен қатар бөлшектердің қандай да бір өзара әсерлесуінің белгілі бір типтерімен шартталған, түрлену процестерінде сақталатын (дәл немесе жуықтап) кейбір аддитивті шамаларды (мысалы, бариондық сан, лептондық сан, гиперзаряд, қыңырлық) да айтады.

заряд иона / ion charge — образуется в результате потери или приобретения одного или нескольких электронов атомом. Поэтому всегда кратен заряду электрона. Может меняться вследствие дополнительной ионизации или рекомбинации.

ион заряды / ion charge — атомның бір немесе бірнеше электронын жоғалту немесе қосып алуының нәтижесінде туындайды. Сондықтан шамасы әрқашан электрон зарядының шамасына еселі болып келеді. Қосымша иондалу немесе рекомбинация нәтижесінде өзгеруі мүмкін.

заряд позитрона / positron charge — положительный, по абсолютной величине равен заряду электрон ( +1,6х10-19 кулона).

позитронның заряды / positron charge —абсолют шамасы бойынша электронның зарядына тең ( +1,6х10-19 кулон), оң заряд.

заряд пространственный / space charge, volume charge — элек­трический заряд, рассредоточенный в некотором объёме.

кеңістіктің заряд / space charge, volume charge — қандай да бір көлем ішінде жинақталған электрлік заряд.

заряд электри­ческий индуцированный / induced electric charge — электрический заряд, возникающий в части нейтрального проводника в результате разделения имеющихся в нем положительных и отрицательных электрических зарядов.

индукцияланған электрлік заряд / induced electric charge — бейтарап өткізгіштің бөлігінде ондағы оң және теріс электрлік зарядтардың екі жаққа бөлінуі нәтижесінде туындайтын электрлік заряд.


заряд электрический элементарный / elementary charge — минимальный электрический заряд, которому кратны все электрические заряды тел.

элементар электрлік заряд / elementary charge — денелердің барлық электрлік зарядтары оған еселі болып келетін минимал электрлік заряд.

заряд электрона / electron charge — фундаментальная константа. Равен -1,6х10-19 кулона. Принято считать отрицательным.

электронның заряды / electron charge — іргелі тұрақты шама. Мәні 1,6х10-19 Кулонға тең. Таңбасы теріс деп есептеледі.

заряд эффективный / effective charge функция, описывающая изменение заряда (константы взаимодействия), которое необ-ходимо осуществить, чтобы скомпен-сировать изменение величины ренормир-овочного параметра.

эффективті заряд / effective charge қайта нормалаушы параметр шамасының өзгерісін толықтыру үшін жүзеге асыру керек болатын заряд өзгерісін сипаттайтын функция.




Затенение

Shading, shadowing, blocking

Пространсвенное перераспределение ионов в пучке вдоль траектории движения из-за их рассеяния на атомах (ионах) мишени. В результате за атомом мишени образуется область, называемая конусом затенения, и которого полностью исключены траектории рассеянных ионов.

См. также конус затенения, фокусировка, блокировка.




Көлеңкелеу

Shading, shadowing, blocking

Шоқта иондардың нысана атомдарында шашырауынан болатын қозғалыс траекториясы бойымен иондардың кеңістіктік қайта таралуы. Нәтижесінде нысана атомының артында шашыраған иондардың траекториясы толығымен жойылған көлеңкелеу конусы деп аталатын облыс пайда болады.



Защита радиационная

Radiation protection, radiation shielding, radiative absorption

Комплекс организационных и технических мероприятий по предотвращению вредного воздействия излучений ионизирующих на организм человека. Различают воздействия, при которых тяжесть поражения зависит от индивидуальной дозы облучения, полученной отдельным органом или всем телом человека (лучевая болезнь, лучевые ожоги, катаракта и т.п.), и воздействия, обусловленные коллективной дозой (суммой индивидуальных доз определенного контингента людей) и определяющие опасность генетических нарушений в популяции. Первые называются нестохастическими эффектами, вторые - стохастическими эффектами излучения. Соответственно,радиационная защита должна обеспечивать безопасные условия для отдельных лиц, их ближайшего и отдаленного потомства и человечества в целом.



Радиациялық қорғаныс

Radiation protection, radiation shielding, radiative absorption

Адам ағзасына иондаушы сәулеленің зиянды әсерінің алдын алу үшін жүргізілетін ұйымдастыру және техникалық іс-шаралар жиыны. Әсер етуінің мынадай екі түрін бөліп қарастырады: біріншісі, зақымдану дәрежесі адамның жеке ағзаларының немесе бүкіл денесінің сәулеленуінің жеке дозасына (сәулелік ауру, сәулелік күйіктер, катаракт және т.б.) тәуелді және екіншісі, популяцияда генетикалық өзгерістерге әкелетін ұжымдық дозаға (белгілі бір адамдар тобына келетін жеке дозалар жиыны) негізделген әсерлер. Алғашқысы - стохастикалық емес эффектілер, ал екіншісі - стохастикалық эффектілер деп аталады. Сәйкесінше, радиациялық қорғаныс жекелеген адамдарды, олардың жақын және алыс ұрпақтарын және жалпы алғанда бүкіл адамзатты қауіпсіздікпен қамтамасыз етуі қажет.



Захва́т радиацио́нный

Radiation absorption, radiation capture

Ядерная реакция, в которой налетающая частица захватывается ядром-мишенью, а энергия возбуждения образующегося составного ядра излучается в виде гамма - квантов (иногда конверсионных электронов). Является, например, преобладающим процессом взаимодействия тепловых нейтронов с ядрами материалов-поглотителей (бор, кадмий и т.д.).



Радиациялық қармау

Radiation absorption, radiation capture

Ұшып келе жатқан бөлшек ядро-нысанамен қармалып, пайда болған құрама ядроның қозу энергиясы гамма-квант (кейде конверсиялық электрондар) түрінде сәулеленетін ядролық реакция. Мысалы, жылулық электрондардың жұтқыш-материал (бор, кадмий және т.б.) ядроларымен өзара әсерлесуі негізгі процес болып табылады.



Захва́т электро́нный

Electron trapping, electron capture

Тип бета-распада ядер, состоящий в захвате ядром электрона с одной из внутренних оболочек атома.



Электрондық қармау

Electron trapping, electron capture

Ядро атомның ішкі қабаттарындағы бір электронын қармап алуы кезінде жүзеге асатын ядроның бета-ыдырауының түрі.



Захоронение отходов радиоактивных

Radioactive waste disposal, landfill, burial of radioactive waste

Безопасное размещение радиоактивных отходов без намерения их последующего извлечения.



Радиобелсенді қалдықтарды көму

Radioactive waste disposal, landfill, burial of radioactive waste

Қолданысқа жарамсыз радиобелсенді қалдықтарды қоршаған ортаға қауіпсіз етіп орналастыру.



Зеркало магнитное

Magnetic mirror

Устройство для отражения заряженных частиц. Частицы в магнитном поле движутся вследствие силы Лоренца по винтовым траекториям. Если магнитные силовые линии расходятся пучком, сила Лоренца в среднем за один оборот частицы вокруг этих линий имеет составляющую, направленную в сторону более слабого магнитного поля. В местах резкого возрастания магнитного поля это явление приводит к отражению заряженных частиц.



Магниттік айна

Magnetic mirror

Зарядталған бөлшектерді көрсетуге арналған құрылғы. Бөлшектер магнитті өрісте Лоренц күшінің салдарынан винтті траектория бойынша қозғалады. Егер магниттік күш сызықтары шоқ түрінде таралатын болса, онда осы сызықтарды бір рет айналып шыққандағы орташа Лоренц күші анағұрлым әлсіз магнит өрісіне қарай бағытталған құраушыға ие болады. Магнит өрісінің күрт артқан жерлерінде бұл құбылыс зарядталған бөлшектердің шағылуына әкеледі.



Захват электронный

Electron trapping, electron capture

Тип бета-распада ядер, состоящий в захвате ядром электрона с одной из внутренних оболочек атома.



Электрондық қармау

Electron trapping, electron capture

Ядро атомның ішкі қабықшаларының бірінен электронды қармауға негізделетін ядроның бета-ыдырау типі.



Зи́верт

Sievert (Sv)

Единица эквивилентной дозы излучения. Обозначение – Зв. 1 Зв = 1 Дж/кг = 100 бэр.



Зи́верт

Sievert (Sv)

Сәулелену мөлшерінің эквиваленттік бір-лігі. Белгіленуі – Зв. 1 Зв = 1 Дж/кг = 100 бэр.



Зо́на

Zone


Область в пространстве координат, энергии и т.д., для которой свойственны общие признаки (физические параметры, функции и т.д.).


Аймақ

Zone


Координата, энергия және т.б. кеңістіктеріндегі сипаттамалары (физикалық параметрлері, функциялары және т.б.) ортақ облыс.

зона аварии радиационной / radioactive accident zone — территория, где уровни облучения населения или персонала, обусловленные аварией, могут превысить пределы доз, установленные для нормальной эксплуатации техногенных источников ионизирующего излучения.

радиациялық апат аймағы / radioactive accident zone — техногендік иондаушы сәуле көздері апатының нәтижесінде халықтың немесе қызметкерлердің сәулелену дәрежесі қалыпты қолданыс үшін рұқсат етілген шекті дозадан асып кеткен территория.


зона акти́вная (ядерного реактора) / reacting core, active sectoin — пространство, заполненное тепловыделяющими элементами с ядерным топливом, теплоносителем и (в случае аппарата на тепловых нейтронах – замедлителем), в котором происходит контролируемая цепная реакция деления ядер тяжёлых элементов (урана, плутония). Она сопровождается выделением осколков деления, нейтронов, гамма-квантов, электронов. Активная зона может использоваться как источник ионизирующих излучений при радиационных испытаниях и технологической обработке материалов и изделий.

См. также замедлитель нейтронов, элемент тепловыделяющий.



белсенді аймақ (ядролық реактордың)/ reacting core, active sectoin — ауыр элементтердің (уран, плутоний) басқарылатын тізбектік реакциясы жүретін, ядролық отыны бар жылубөлгіш элементтермен, жылутасығыштармен (егер аппарат жылулық нейтрондармен жұмыс істесе - тежегіштермен) толтырылған кеңістік. Тізбекті реакция кезінде ыдырау жарықшақтарының, нейтрондардың, гамма-кванттың, электрондардың бөлінуі жүзеге асады. Белсенді аймақ радиациялық сынақтар және материалдар мен бұйымдарды технологиялық өңдеу кезінде иондаушы сәулелердің көзі ретінде қолданылуы мүмкін.

Сон. қ. қараңыз: нейтрондарды тежегіш, жылу бөлінетін элемент.



зона Бриллюэна / Brillouin zone — ячейка обратной решетки кристалла, содержащая все трансляционно-неэквивалентные точки.

Бриллюэн аймағы / Brillouin zone — барлық трансляциялық-эквивалентті емес нүктелерді қамтитын кристалдың кері торының ұяшығы.

зона валентная / normal band, valence band — область допустимых значений энергии электронов в кристалле, целиком заполненная валентными электронами при абсо­лютном нуле температуры.

валенттік аймақ / normal band, valence band — абсолют нөл температурада валенттік электрондармен толық толтырылатын, кристалдағы электрондар энергиясының рұқсат етілген мәндерінің аймағы.

зона волновая / wave zone — область про­странства, отстоящая от из­лучающей системы на рас­стояниях, значительно превы­шающих размеры системы и длину излучаемых ею волн.

толқындық аймақ / wave zone — сәуле шығаратын жүйеден жүйенің өлшемінен және ол сәулелендіретін толқындардың ұзындығынан айтарлықтай үлкен қашықтыққа тұратын кеңістік аймағы.

зона воспроизводства / blanket — часть ядерного реактора, содержащая воспроизводящий материал, и предназначенная для получения в ней вторичного ядерного топлива.

қайта өндіру аймағы / blanket — қайта өндіру материалы бар және де онда екінші ретті ядролық отынды алуға арналған ядролық реактордың бөлігі.


зона дальняя волновая / far wave field region, far zone, far-field zone — область волнового поля, в которой наблюдается дифракция Фраунгофера.

алыс толқындық аймақ / far wave field region, far zone, far-field zone — Фраунгофер дифракциясы бақыланатын толқындық өріс аймағы.

зона запрещённая / band gap, energy gap, forbidden gap, gap, forbidden zone, forbidden band — область значений энергий в спектре кристалла идеального, которые не могут иметь электроны, фотоны, а также некоторые другие квазичастицы.

тыйым салынған аймақ / band gap, energy gap, forbidden gap, gap, forbidden zone, forbidden band — электрондар, фотондар, сондай-ақ кейбір басқа да квазибөлшектер бола алмайтын идеал кристалдың спектріндегі энергия мәндерінің аймағы.

зона наблюдения / control area, radiation-control area, coverage — территория вокруг радиационного объекта за пределами санитарно-защитной зоны, где проводится радиационный контроль и на которой при возникновении проектной радиационной аварии может потребоваться проведение мер защиты населения.

бақылау аймағы / control area, radiation-control area, coverage — радиациялық бақылау жүргізілетін және жобалық радиациялық апат туындаған кезде ондағы тұрғындарға қауіпсіздік шараларын жүргізу қажет болуы мүмкін радиациялық объекттің айналасындағы санитарлық-қорғаныс аймағынан тыс территория.

зона примесная / impurity band, extrinsic zone — это зона проводимости в полупроводнике, которая создана благодаря большому содержанию примесей.В этой ситуации примесные уровни перекрываются и создают зону проводимости.

қоспалық аймақ / impurity band, extrinsic zone — қоспаның көп болуына байланысты пайда болған жартылай өткізгіштегі өткізгіштік аймақ. Бұл жағдайда қоспалық деңгейлер бір-бірімен қабаттасып өткізгіштік аймақ тудырады.

зона проводимости / conducting [conduction] band — валентная зона, в которой электронами заняты не все уровни энергии.

өткізгіштік аймақ / conducting [conduction] band — энергиялық деңгейлері электрондармен толығымен толтырылмаған валенттік аймақ.

зона разрешённая / permitted band, allowed band — область энергий, которые могут иметь электроны в идеальном кристалле.

тыйым салынған аумақ / permitted band, allowed band — идеал кристалдағы электрондар бола алатын энергиялар аймағы.

зона санитарно-защитная / buffer area, control area — территория вокруг радиационного объекта, на которой уровень облучения людей в условиях нормальной эксплуатации техногенных источников ионизирующего излучения может превысить установленный предел дозы облучения населения.

санитарлы-қорғаныс аймағы/ buffer area, control area — иондаушы сәуленің техногендік көздерін қалыпты қолдану кезінде ондағы адамдардың сәулелену деңгейі тұрғындардың сәулеленуінің шекті дозасынан асып кетуі ықтимал радиациялық объект айналасындағы территория.

зона энергетическая / energy band, band — одна из разрешённых или запрещённых зон.

энергетикалық аймақ / energy band, band — рұқсат етілген немесе тыйым салынған аймақтардың бірі.


Зо́нд

Sample electrode, probe, tester

Датчик (прибор) для исследования вещества или поля в труднодоступных местах.



Зо́нд

Sample electrode, probe, tester

Қол жетуге қиын жерлердегі өрісті немесе заттарды зерттеуге арналған датчик (құрал).


зонд акустический / acoustic sounder, sound probe — устройство для измерения звукового давления.

акустикалық зонд / acoustic sounder, sound probe — дыбыстық қысымды өлшеуге арналған құрылғы.

зонд атомный / atom probe — комбинация ионного проектора с масс-спектрометром, позволяющая регистрировать отдельные ионы, вырванные с по­верхности анализируемых твёрдых веществ.

атомдық зонд / atom probe — талдау жасалынып жатқан қатты заттардан жұлып алынған жекелеген иондарды тіркеуге мүмкіндік беретін иондық проектор мен масс-спектрометрдың комбинациясы.

зонд Лэнгмюра / Langmuir probe — прибор (метод) для определения температуры и концентрации электронов в плазменных разрядах по вольт-амперной характеристике небольших дополнительных электродов. В различных вариациях используется для анализа лабораторной и космической плазмы.

Лэнгмюр зонды / Langmuir probe — қосымша электродтардың вольт-амперлік сипаттамасы бойынша плазмалық разрядтағы электрондардың концентрациясын және температурасын анықтауға арналған құрал (тәсіл). Сонымен қатар, зертханалық және ғарыштық плазманы талдау үшін де қолданылады.

зонд электрический / electric(-al) probe, potential probe — электрод, вводимый в среду для определения  характеристик электрического поля, заряда и тока в различных точках пространства.

электрлік зонд / electric(-al) probe, potential probe — кеңістіктің әртүрлі нүктелеріндегі электрлік өрістің сипаттамасын, токты және зарядты, анықтау үшін ортаға енгізілетін электрод.


И

Изгиб

Bending


Вид деформации, характеризующийся изменением кривизны оси (бруса, балки, стержня) или срединной поверхности (пластинки, оболочки) под действием внешних сил или температуры. Может быть стимулирован облучением.



Иілім

Bending


Сыртқы күштерді немесе температураның әсерінен болтанын өс қисықтығының (діңгектің, бөрененің, өзектің) немесе орта бетінің (тілімшенің, қабықшаның) өзгерісімен сипатталатын деформация түрі. Сәулеленумен стимуляциялануы да мүмкін.

изгиб поперечный / cross bending, lateral bending, lateral flexule - происходит как под действием изгибающих моментов, так и поперечных сил, например, в случае действия на брус сосредоточенных сил.

көлденең иілім / cross bending, lateral bending, transverse bending, lateral flexule - июші моменттер әсерінен де, көлденең күштер әсерінен де, мысалы, діңгекке бағытталған күштер әсер еткен жағдайда іске асады.

изгиб продольный / columnar deflection, lateral deflection, buckling - возникает под действием на стержень продольных сжимающих сил, при достижении которыми определенных величин может произойти потеря устойчивости равновесия.

бойлық иілім / columnar deflection, lateral deflection, buckling - белгілі бір шамаларға жеткенде тепе теңдік тұрақтылығын жоғалуы орын алатын бойлық сығушы күштердің стерженьге әсер етуінен туындайды.

Излом ./ Fracture,break, breaking, chink, fissure, rupture, bent fracture

Дефект поверхности материала в виде отдельных шероховатых полосок, нерегулярно расположенных поперечных темных полосок, волнистых относительно широких полосок.



Сынық/ Fracture,break, breaking, chink, fissure, rupture, bent fracture

жеке кедір-бұдырлы жолақтар, жүйесіз орналасқан бойлық қара түсті сызықтар, толқынды қатынасты кең сызықтар түріндегі материал бетінің ақауы.



излом волокнистый / fibrous fracture- встречается, когда металл достаточно пластичен для удлинения кристаллов перед разрушением.

талшықты сынық / fibrous fracture- металл жойылу алдында ұзарту үшін жеткілікті түрде созылғыш болғанда кездеседі.

излом вязкий / ductile fracture, shear fracture, tough fracture- вид излома в кристаллических материалах, проходящий вдоль плоскости скольжения, ориентированный в направлении касательного напряжения.

тұтқыр сынық / ductile fracture, shear fracture, tough fracture – жанама кернеу бағытына қарай бағытталған тайғанау жазықтығының бойымен өтуші кристалды материалдардағы сыну түрі.

излом зернистый / granular fracture- тип неровной поверхности разрушения при изломе металла. Характеризуется грубым, зерныстым внешним видом, в отличие от гладкого или волокнистого.

түйіршікті сынық / granular fracture- металдың сынуы кезінде беттің тегіс емес бұзылу түрі. Тегіс немесе талшықты сынуға қарағанда дөрекі, түйіршікті сыртқы түрімен сипатталады.

излом кристаллический / crystalline fracture – излом, имеющий вид блестящих кристаллических граней на поверхности поликристаллического металла, возникающий в результате раскалывания многих индивидуальных кристаллов.

кристалды сынық / crystalline fracturе – көптеген дербес кристалдарды бөлу нәтижесінде туындайтын, поликристалды металл бетінде жылтыр поликристалды қырлар түріне ие сыну.

излом межзеренный (межкристал-литный) / intergranular fracture – хрупкое разрушение поликристаллического материала, при котором процесс разрушения происходит между зернами или кристаллитами этого материала.

түйіршікаралық сынық – (кристаллитаралық) / crystalline fracture – бұзылу процесі осы материалдың түйіршіктері немесе кристаллиттері арасында жүретін поликристалды материалдың нәзік бұзылуы.

излом хрупкий / brittle fracture – разрушение обычно поликристаллического металла, в котором большинство зерен разрушилось сколом, приводящим к острым граням разлома.

морттық сынық / brittle fracture – дәндерінің көбісі нақыспен бұзылғандықтан, сынықтың өткір қырларына алып келетін қарапайым поликристалды металдың бұзылуы.

излучения ионизирующие / ionizing radiation потоки фотонов или частиц, взаимодействие которых со средой приводит к ионизации ее атомов или молекул. Различают фотонное (электромагнитное) и корпускулярное ионизирующее излучение. К фотонному относят вакуумное ультрафиолетовое и характеристическое рентгеновское излучения, а также излучения, возникающие при радиоактивном распаде и других ядерных реакциях (главным образом, гамма - излучение) и при торможении заряженных частиц в электрическом или магнитном поле - тормозное рентгеновское излучение, синхротронное излучение.

К корпускулярному ионизирующему излучению относят потоки альфа- и бета-частиц, позитронов, ускоренных ионов и электронов, нейтронов, осколков деления тяжелых ядер и др. Заряженные частицы ионизируют атомы или молекулы среды непосредственно при столкновении с ними (первичная ионизация). Если выбиваемые при этом электроны обладают достаточной кинетической энергией, они также могут ионизировать атомы или молекулы среды при столкновениях (вторичная ионизация); такие электроны называются дэльта-электронами.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет