3. Әділеттілікті атқару барысында соттың бірінші институтының қызметі зор. Соттың мемлекеттік сот билігін жүргізу барысындағы әрекеттері проц -қ құжаттармен белгіленеді, бұл құжаттар қаулылар деп аталады. Қандай мақсатты көздегеніне орай соттың бірінші институтында шешім мен ұйғарым шығарылады.Шешім - істі негізгі мәнісімен қарауды аяқтауды мәлімдейтін және қаралып жатқан іс бойынша сотқа қойылған негізгі сұрақ бойынша жауап беруші қаулы. Сот шешімі ең алдымен мемлекеттік билік ұйымының әділеттік актісі. Соттың бірінші институтындағы сот талқысы іс мәні бойынша шешілгенде сот қаулысы шешім шығарылады. Бұл қабылданған шешім заңды және негізді болуы тиіс, әрі сот шешімді сот отырысында зерттелген дәлелдемелерге ғана негіздейді. Шешімнің заңдылығы - бұл азаматтық істі қарау, шешу барысында судьяның проц - қ және материалдық құқық нормаларын дәл және мүлтіксіз орындалуы, ал шешімнің негізділігі - бұл судьяның іс бойынша қорытындысының іс жүзіндегі қарым қатынасымен сәйкес келуі. Шешімнің негізділігін белгілейтін 3 шарт міндетті түрде орындалуы керек:
1) Шешімде іс бойынша анықтауға жататын юридикциялық фактілер туралы пікір айтылуы керек;
2) Бұл пікірлер фактілер шындығымен сәйкес келуі керек;
3) Фактілердің шындығы істегі бар сотпен тексерілген және бағаланған дәлелдемелермен бекітілуі керек;
Шешімнің анықтылығы - бұл оны орындау негізінде ешқандай балама ойлар тудырмау, ал шешімнің түсініктілігі - бұл азаматтық істі жүргізу кодексі бойынша әруақта шешім жазбаша түрде түсінікті жазылуы керек және шешім талапкердің талабының аумағында шешілуі керек және барлық талаптардың сұрағы қамтылуы тиіс.Іс мәні бойынша шешкен кезде сот қысқаша (қысқартылған) шешім шығарады, ал кіріспе, дәлелдеу және қорыту бөліктерінен тұрады. Шешім заңды күшіне енгенге дейін тараптардың жасаған жазбаша өтініші бойынша немесе өз қалауы бойынша сот кіріспе, сипаттама, дәлелдеу және қорыту бөліктерінен тұратын шешім шығарады. Сондай - ақ іс бойынша шешімге қаулы қабылдаған сот іске қатысушы адамның өтініші бойынша немесе өз бастамасы бойынша мынандай жағдайларда:
1) Іске қатысуына адамдар дәлелдемелер ұсынған және түсініктемелер берген қандай да бір талап бойынша шешім шығарылмаса;
2) Егер сот құқық туралы мәселені шеше отарып, алып берілген соманың, берілуге тиісті мүліктің мөлшерін немесе жауапкер жасауға тиісті әрекеттерді көрсетпесе;
3) Егер сот шығындары туралы мәселені сот шешпесе онда қосымша шешім шығарылады. Егер судья қосымша шешім шығарудан бас тарту туралы ұйғарым шығарса, онда оған жеке шағын, наразылық берілуі мүмкін. Шешім түсініксіз болған жағдайда істі қараған сот іске қатысушы адамның өтініші бойынша шешімді оның мазмұнын өзгертпей түсіндіруге құқылы. Шешімді түсіндіруге ол әрі орындалмаған және шешім мәжбүрлі түрде орындалуы мүмкін мерзім өткенге дейін жол беріледі. Бұл туралы мәселе сот отырысында шешіледі.
4. Шешім кеңесу бөлмесінде шығарылады. Бұл бөлмеде өзге адамның болуына жол берілмейді. Шешім ҚР- ның атынан шығарылады. Шешімнің кіріспе бөлігінде шешім шығарылған уақыт пен орын, шешім шығарған соттың атауы; соттың құрамы; сот отырысының хатшысы; сот приставы; тараптар; іске қатысушы басқа адамдар және өкілдер; даудың нысаны немесе мәлімделген талап көрсетіледі. Шешімнің сипаттау бөлігінде талап қоюшының талаптарын, жауапкердің наразылығын және іске қатысушы басқа адамның түсініктемесін қамтуға тиіс. Шешімнің дәлелдеу бөлігінде істің сот анықтаған мекен - жайлары, құқықтар мен міндеттер туралы соттың қорытындылары негізделген дәлелдемелері; сот қабылдамай тастаған белгілі бір дәлелдердің негіздері және сот басшылыққа алған заңдар көрсетіледі. Жауапкер талап қоюды мойындаған жағдайда дәлелдеу бөлігінде талап қоюдың танылғаны және оны соттың қабылдағаны ғана көрсетілуі мүмкін. Шешімнің қорыту бөлігінде талап қоюды қанағаттандыру туралы немесе талап қоюдан толық немесе оның бір бөлігінен бас тарту туралы сот қорытындысын, сот шығындарының бөлінуін, шешімге шағым беру мерзімдері мен тәртібін көрсетуді, сондай - ақ өзге де қорытындыны қамтуға тиіс. Судья шешімді жазбаша түрде жазады және оған қол қояды. Шешімге түзету судьяның қол қоюының алдында айтылуға тиіс. Сондай - ақ сот ақша сомаларын өндіріп алу туралы шешім шығарған кезде шешімнің қорыту бөлігінде өндірілетін ақша сомасының мөлшерін және валюта түрін цифрмен және сөздермен көрсетеді. Шарт жасасу немесе өзгерту кезінде туындаған дау бойынша қорыту бөлігінде шарттың әрбір даулы жағдайы бойынша шешім көрсетіледі, ал шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы дау бойынша шарттың түрі және тараптар шарт жасасуға міндетті талаптар көрсетіледі. Шешімнің мемлекет атынан шығуын ерекшелендіретін белгілері:
1) Бұл ерекше құжат мемлекет атынан арнайы өкілеттігі бар тұлғалармен шығарылады, яғни судьялар шығарады;
2) Шешім шығару барысында судьялар тәуелсіз және тек заңға бағынады;
3) Сот шешімі заңды күшіне енген соң республика аймағындағы барлық азаматтар мен мемлекеттің орындауына міндетті.Шешім іс қаралғаннан кейін дереу шығарылады. Айрықша күрделі істер бойынша дәлелді шешім жасау 5 күннен аспайтын мерзімге кейін қалдырылуы мүмкін, бірақ қысқаша шешімді сот істі қарау аяқталған отырыстың өзінде жариялауға тиіс. Жарияланған іске судья қол қойып, ол іске қоса тіркелуі тиіс.
Істі қараған сот іске қатысушы адамның арызы бойынша тараптардың мүліктік жағдайын немесе басқа да мән - жайларды негізге ала отырып, шешімнің орындалу мерзімін кейінге қалдыруға немесе оның мерзімін ұзартуға, сондай - ақ оны орындаудың әдісі мен тәртібін өзгертуге құқылы.
5. Адамдық, облыстық және оларға теңестірілген соттардың бір сатыда қаралған істер бойынша шығарған шешімдері, егер оларға шағым немесе наразылық келтірілмесе, оларға апелляциялық шағымдану, наразылық келтіру мерзімі өткен соң заңды күшіне енеді. ҚР Жоғарғы Сотының бір сатыда қаралған істер бойынша шығарған шешімдері олар жарияланған күннен бастап заңды күшіне енеді. Апелляциялық тәртіппен шағым немесе наразылық берілген жағдайда, егер шешімнің күші жойылмаған болса, апелляциялық сатыдағы сот қаулы шығарған күні заңды күшіне енеді. Шешім заңды күшіне енгенде тараптар мен іске қатысушы басқа да адамдар, сондай - ақ олардың құқық мирасқорлары сотта бұрын негіздер бойынша бұрынғы талап қою талаптарымен қайтадан арыздана алмайды; сондай - ақ сот анықтаған фактілер мен құқықтық қатынастарды басқа процесте даулай алмайды. Шешім дереу орындалатын жағдайдан басқа, ол заңды күшіне енгеннен кейін, заңмен белгіленген тәртіп бойынша орындалады. Ал мынандай :
- алимент алып беру туралы;
- қызметкерге жалақы, бірақ 3 айдан аспайтын уақытқа алып беру туралы;
- жұмысқа қайта орналастыру туралы;
- мергітуден немесе денсаулықты өзгедей зақымдаудан, асыраушысынан айырылуынан келген зиянды, бірақ 3 айдан аспайтын уақытқа өтеу туралы шешімдер дереу орындалуға тиіс. Ал сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін атқару парағы жазылады, ол өндіріп алушыға беріледіне оның жазбаша өтініші бойынша оны аумағы бойынша атқарушылық іс жүргізудің тиісті органына орындау үшін жібереді. Атқару парағын бірінші сатыдағы сот шешімі заңды күшіне неген немесе іс жоғары тұрған соттан қайтқан күннен бастап 3 тәулік ішінде жазады немесе оларды:
- атқару құжатын бюерген соттың атауы;
- істің нөмірі және шешім шығарылған күн;
- шешімнің қорыту бөлігін сөзбе-сөз жазу;
- шешімнің күшіне енген уақыты;
- атқару құжаты берілген күн;
- өндіріп алушы мен борышкердің атауы, олардың мекен-жайы мен реквизиттері көрсетілуі тиіс. Сотың әрбір шешімі бойынша 1 атқару парағы беріледі. Сот атқару парағына сот актісінің көшірмесін не соттың мөрімен куәландырылған оның үзінді көшірмесін қоса тіркейді. Іске қатысушы, сот отырысына тараптар мен басқа да адамдарға түпкілікті нысандағы шешім шығарылған күннен бастап 5 күннен кешіктірілмей шешімнің көшірмелері жіберіледі немесе беріледі.
5. Іс мәні бойынша шешілмейтін бірінші сатыдағы сот актісі ұйғарым болып табылады. Соттың ұйғарымынан соттың өкімдік әрекеттері байқалады. Ұйғарымды топтау оның азаматтық іс бойынша шешілуі тиіс негізгі сұрағына қатынастылығына байланысты. Күрделі емес мәселелерді шешкен кезде сот отырыс залынан шықпай - ақ ұйғарым шығара алады. Мұндай ұйғарым сот отырысының хаттамасына енгізіледі. Ұйғарым шығарылған соң дереу жарияланады.Ұйғарымда:
- ұйғарымның шығару уақыты мен орны;
- ұйғарым шығарған соттың атауы, сот отырысындағы судьяның және хатшының тегі, аты - жөні;
- істің атауы;
- іске қатысушы адамның, өкілдердің, куәгердің, сарапшы, маманның, аударушының келгені туралы мәліметтер, оларға іс жүргізу құқықтары мен міндеттерінің түсіндірілгені туралы мәліметтер;
- төрағалық етушінің өкімдері және сот отырысы залында соттың шығарған ұйғарымы;
- іске қатысушы адамның және өкілдердің арыздары, өтініштері мен түсініктемелері;
- куәнің айғақтары, сарапшының өз қорытындыларын ауызша түсіндірулері, мамандардың түсіндірмелері;
- сот отырысы залында болған сұрақтар мен жауаптардың мазмұны;
- сот жарыссөздерінің мазмұны;
- шешім мен ұйғарымның мазмұны жария етілгені және түсіндірілгені, оларға шағым беру тәртібі мен мерзімі түсіндірілгені туралы мәліметтер;
- хаттаманың жасалған күні көрсетілуге тиіс. Хаттама сот отырысы аяқталған соң 3 күннен кешіктірілмей, ал жеке іс жүргізу әрекеті туралы хаттама ол жасалғаннан кейінгі келесі күннен кешіктірмей дайындалып; оған қол қойылуға тиіс. Күрделі істер бойынша сот отырысының хаттамасын дайындау және оған қол қою бұдан да ұзақ мерзімде, бірақ сот отырысы аяқталғаннан кейін 10 күннен кешіктірілмей жүзеге асырылуы мүмкін. Хаттамаға төрағалық етуші және хатшы қол қояды. Барлық өзгерістер, түзетулер, толықтырулар хаттамада айтылуға және оларды қол қоюымен куәландыруға тиіс. Іске қатысушы адамдар мен өкілдер хаттамамен танысуға және оған қол қойылған кезден бастап 5 күн ішінде хаттамада жіберілген қателіктер мен кемістіктерді көрсете отырып, оған жазбаша түрде ескертпелер беруге құқылы. Ал хаттамаға жасалған ескертпелер олардың берілген күнінен бастап 5 күн ішінде қаралуға тиіс.
6. Отырыстың өткізілетін орны мен уақыты тиісті түрде хабарланған, келмей қалуының дәлелді себептерін хабарламаған және істі өзі жоқта қарауды сұрамаған жауапкер сот отырысына келмей қалған жағдайда, егер талапкер бұған қарсы болмаса, іс сырттай іс жүргізу тәртібімен қаралуы мүмкін. Сондай- ақ іске бірнеше жауапкер қатысқан кезде сот отырысына барлық жауапкерлер келмей қалған жағдайда іс сырттай іс жүргізу тәртібімен қаралуы мүмкін. Ал егер сот отырысына келген талапкер жауапкер жоқта істі сырттай жүргізу тәртібімен қарауға келіспесе, сот істің қаралуын кейінге қалдырады және жауапкерге жаңа сот отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы хабарлама жіберіледі, ал жауапкер тағы да сотқа келией қалса, онда сот істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарайды. Сот істі сырттай іс жүргізу тәртібіиен қарау туралы ұйғарым шығарады. Сот сырттай іс жүргізу тәртібімен істі қарау кезінде іске қатысушы адамдар берген дәлелдемелерді зерттейді, олардың дәлелдерін ескереді және сыырттай шешім деп аталатын шешім шығарады.
7. Сырттай шешім ҚР – ның атынан шығарылады және ол кіріспе, сипаттау, дәлелдеу және қорытынды бөлімдерінен тұрады. Сырттай дәлелді шешім шығаруды кейінге қалдыруға жол берілмейді. Сондай – ақ сырттай шешімнің қорытынды бөлімінде жауапкердің бұл шешімінің қорытынды бөлімінде жауапкердің бұл шешімнің күшін жою туралы өтініш беруінің мерзімі мен тәртібі көрсетілуі тиіс. Жауапкер сырттай шешім шығарған сотқа өзі шешімнің көшірмесін алған кезден бастап 5 күн ішінде бұл шешімнің күшін жою туралы арыз беруге құқылы. Ал сырттай шешімнің көшірмесі жауапкерге оның шығарылған күнінен бастап 3 күннен кешіктірмей, оның тапсырылғаны туралы хабарланатын етіп жіберіледі. Сондай – ақ сырттай шешімнің көшірмесін сот отырысына қатыспаған талапкерге де 3 күн ішінде беруге міндетті. Сырттай шешімге тараптар бұл шешімнің күшін жою туралы арыз беру мерзімі өткен соң, ал арыз берілген жағдайларда бірінші сатыдағы сот арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарған кезден бастап 15 күн ішінде апелляциялық тәртіппен шағым беруі немесе прокурор наразылық келтіруі мүмкін. Сырттай шешімнің күшін жою туралы арызда:
-
сырттай шешім шығарған соттың атауы;
-
арыз берген тараптың атауы;
-
жауапкердің сот отырысына дәлелді себептермен келмей қалуын куәландыратын мән - жайлар туралы мәліметтер және бұл мән – жайларды растайтын дәлелдемелер, сондай - ақ шешімнің мазмұнына әсер етуі мүмкін дәлелдемелер;
-
арыз беруші тараптың өтініші;
-
арызға қоса тікелетін материалдардың тізбесі болуға тиіс.
Бұл арызға тарап немесе өкілеттігі болған жағдайда оның өкілі қол қойып, ол іске қатысушы азаматтардың саны бойынша көшірмелермен бірге сотқа табыс етіледі.Сот іске қатысушы адамдарға сырттай шешімнің күшін жою туралы арыздың қаралатын уақыты мен орнын хабарлайды, оларға арыздың және оған қоса тіркелген материалдардың көшірмесін жібереді. Сырттай шешімнің күшін жою туралы арызды сот оның сотқа келіп түскен кезінен бастап 15 күн ішінде сот отырысында қарайды. Сот отырысы өткізілеиін уақыт пен орын туралы хабарланған іске қатысушы адамдардың келией қалуы арыздың қаралуына кедергі болмайды. Ал сот сырттай шешімінің күшін жою туралы арызды қарап, арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы немесе сырттай шығарылған шешімнің күшіе жою және істі мәні бойынша соттың сол құрамында немесе өзге құрамында қайта қарау туралыұйғарым шығарды. Сырттай шешімнің күші жойылған жағдайда сот істі мәні бойынша қайта қарайды. Сот отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланған жауапкер келмей қалған жағдайда, істі жаңадан қараған кезде сот шығарған шешім сырттай шешім деп танылады. Жауапкердің бұл шешімді сырттай іс жүргізу тәртібімен қайта қарау туралы қайталап арыз беруге құқығы жоқ. Шешімнің заңды күшіне енуі қалай болса, сырттай шешімде де солай.
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
-
Сотта қарау және сотта қарауың бөліктері.Істі мәні бойынша қарау
-
Сот жарыссөздері.Істі қарауды кейінге қалдыру
-
Бірінші сатыдағы сот актілерінің түсінігі және олардың түрлері
-
Сот шешімінің маңызы және мәні.Шешімнің құрылымы, түрлері және мазмұны
-
Сотшешіміне қойылатын талаптар. Сот шешіміндегі кемшіліктерді оны шығарған соттың жоюы
-
Сырттай іс жүргізудің түсінігі және негіздері. Сырттай шешімге шағымдану
-
Сырттай шешімнің күшін жою туралы арыздың мазмұны. Сырттай шешімнің күшін жою туралы арызды қарау тәртібі
Ұсынылатын әдебиет
1. Баймолдина З.Х. Доказывание и доказательства в гражданском судопроизводстве: Научно-практическое пособие. Алматы: Жеті жарғы, 2001.
2. Баймолдина З.Х. Исковой порядок защиты прав в суде: Научно-практическое пособие. Алматы: Жеті жарғы, 2001.
3. Баймолдина З.Х. Разбирательство гражданских дел в суде первой инстанции: Научно-практическое пособие. Алматы: Жеті жарғы, 2001.
4. Викут М.А., Зайцев И.М. Гражданский процесс России: Учебник. М.: Юристъ, 1999.
5. Гражданский процесс: Учебник / Под ред. В.А. Мусина, Н.А. Чечиной, Д.М. Чечота. М.: ТОО “Фирма ГАРДАРИКА”, 1996.
7 Тақырып. Соттардың ерекше талап қоюмен жүргізілетін істерді қарауы Соттардың ерекше іс жүргізу тәртібімен істерді қарауы .
1. Ерекше талап қоюмен іс жүргізу: арыз беру немесе оны қарау тәртібі.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың қаулыларына дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу.
3. Мемлекеттік органның шешімдері мен әрекеттеріне дау айту туралы іс бойынша іс жүргізу.
4. Нормативтік құқық актілердің заңдылығына орай даулар туралы іс бойынша іс жүргізу.
5. Прокурордың органдар мен лауазымды адамдардың актілері мен іс әрекеттерін заңсыз деп тану туралы жүгінуі.
6. Ерекше іс жүргізу тәртібімен қарайтын істер. Ерекше жүргізілетін істерді қарау тәртібі.
7. Ерекше жүргізілетін істерге жалпы сипаттама
1. Билікті бөлу қағидаларына негізделген мәліметте сотқа арыз беру арқылы атқару және басқару органының қызметіне тексерілу жүргізілуі мүмкін. Қандай да болсын жоғары сапада өткізілген ведомствалық тексеру сот талқысына теңесе алмайды.Өйткені сот талқысының негізгі мақсаты – адамның құқығы мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан да заңда әкімшілік органмен лауазымды адамның заңсыз әрекетіне шағымдануға құқықтары көрсетілген, яғни мемлекеттік органның, жергілікті өзін - өзі басқару органының, сайлау комиссиясының, лауазымды адамның шешімімен, әрекетімен келіспеген азаматтар заңға сәйкес арызбен сотқа жүгінуге құқылы. Сондай – ақ сайлауға әзірлік және оны өткізу кезеңінде түскен арыз оның берілген күнінен бастап 5 күн мерзімде, ал дауыс беру күшінен 5 күн бұрын, ал дауыс беру күні түскен арыз дереу қаралуға тиіс. Арызды сот арыз берушінің, тиісті сайлау комиссиясы немесе мемлекеттік орган, жергілікті өзін - өзі басқару органы өкілінің қатысуымен қарайды. Сот отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланған аталған адамдардың сотқа келмеуі істің қаралуы мен шешілуіне кедергі болмайды. Соттың шешімі дереу заңды күшіне енеді және ол апелляциялық шағымдалуға жатпайды. Ол шешім тиісті мемлекеттік органға, жергілікті өзін - өзі басқару органына немесе сайлау комиссиясының төрағасына жіберіледі. Сот шешімінің орындалмауына кінәлі лауазымды адамдар заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікте болады.
2. Лауазымды адамдар шығарған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жөніндегі заңды күшіне енбеген қаулыларына әкімшілік жауаптылыққа тартылған, жәбір көрген адамдар және олардың заңды өкілдері мен қорғаушылары сотқа шағымдануы, сондай – ақ прокурор сотқа наразылық келтіруі мүмкін. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органның қаулысына әкімшілік жауапқа тартылған, жәбір көрсетуші және олардың заңды өнімдері мен қорғаушылары қаулының көшірмесі табыс етілген күннен кейін 10 күн ішінде тікелей сотқа шағым бере алады. Шағымда қандай қаулыға шағым жасалып отырғаны туралы деректер, оның шығарылған, азаматқа көшірмесі таратылған немесе хабарланған күні көрсетілуге тиіс. Шағым беру әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуын тоқтата тұрады. Сондай – ақ шағым беру мерзімінің өткізіліп алуы, әкімшілік жаза қолдану мерзімінің, сондай – ақ қаулының орындалу мерзімінің өтуі соттың шағымда қарауға қабылдаудан бас тартуына негіз болып табылмайды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға шағым жоғары тұрған органға және сотқа бір мезгілде түссе, онда шағымды сот қарайды. Сондай – ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға прокурор қаулының көшірмесін алған күннен бастап 10 күн ішінде сотқа наразылық келтіруі мүмкін. Сот түскен шағымды 10 күн мерзімде қарайды. Істі қараған кезде сот әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының заңдылығы мен негізділігін тексереді, ол заң негізінде жүргізіліп отыр иа және оны соғсн уәкілетті орган немесе лауазымды адам жүргізіп отыр ма, адамды әкімшілік жауапқа немесе оған жүктелген иіндетті орындауға тартудың белгіленген тәртібі сақталды ма, азамат құқық бұзушылық жасауға кінәлі ме дегенді анықтайды.Сот азаматты әкімшілік құқық бұзушылық құрамы немесе оқиғасы болмаған үшін әкімшілік жауапқа тарту негізсіз деп таныса, онда әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі қаулының күшін жою туралы және ол істі қысқарту туралы ұйғарым шығарады. Ал егер сот әкімшілік органның, лауазымды адамның әкімшілік жаза қолдану жөніндегі іс - әрекеті және негізделген деп таныса, онда сот қаулыны өзгертпейді және арызды қанағаттандырмайды.
3. Азамат және заңды тұлға мемлекеттік органның, жергілікті өзін - өзі басқару органының, қоғамдық бірлестіктің, ұйымның лауазымды адамның, мемлекеттік қызметінің шешіміне, әрекетіне тікелей сотта дау айтуға құқылы. Мемлекет органдардың, жергілікті өзін - өзі басқару органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, лауазымды адамның, мемлекеттік қызметшілердің сотта дау айтылатын шешімдеріне, әрекеттеріне:
1. Азаматтың және заңды тұлғаның құқықтары, бостандықтары және зағмен қорғалатын мүдделері бұзылған;
2. Азаматтардың өз құқықтары мен бостандықтарын, сондай – ақ заңды тұлғаның құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін жүзеге асыруына кедергі жасалған;
3. Азаматқа немесе заңды тұлғаға міндет заңсыз жүктелген немесе олар заңсыз жауапқа тартылған алқалық және жеке дара шешімдер мен әрекеттер жатады.
Сондай – ақ мемлекеттік органның, қоғамдық бірлестіктер мен лауазымды адамның мынандай шешімдері мен әрекеттерге:
- тексерілуі ҚР Қылмыстық Кеңесінің айрықша құзірітіне жатқызылған нормативтік құқықтік актілерге;
- оларға қаиысты заң сотқа шағымданудың өзгеше тәртібін көздейтін жеке – дара және нормативтік құқықтық актілерге сотта дау айтуға болмайды. Азамат пен заңды тұлға өз құқықтарының, бостандығының және заңмен қорғалатын мүдденің бұзылғаны туралы. Өздеріне мәлім болған күннен бастап 3 ай ішіеде сотқа арызбен жүгінуге құқылы, ал бұл 3 айлық мерзімді өткізіп алу соттың арызды қабылдаудан бас тартуына негіз болып табылмайды. Мерзімнің өткізіліп алу себебі сот отырысында арызды мәні бойынша қарау кезінде анықталады және арыздың қанағаттандырылуынаан бас тарту негіздемелерінің бірі болуы мүмкін. Ал арызды сот 1 ай мерзім ішінде адамның, заңды тұлға өкілінің, шешімдері мен әрекеттеріне дау айтылып отырған мемлекеттік орган, жергілікті өзін - өзі басқару органы, лауазымды адамның немесе мемлекеттік қызметшінің қатысуымен қарайды. Егер сот арызды орынды деп таныса, онла азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін бұзуға жол берілген бұрмалаушылықты толық көлемінде жоюға міндеттілігі туралы шешім шығарады. Ал егер дау айтылған шешімдер мен әрекеттер заңға сол сияқты және мемлекеттік органның, қоғамдық бірлестіктің, лауазымды адамның өкілеттігі шегінде шығарылып жасалғанын, адамның құқықтары мен бостандықтары бұзылмағанын анықтаса, онда арызды қанағаттандырудан бас тартады. Соттың шешімі жоғары тұрған органға, ұйымға, лауазымды адамға сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін 3 күн ішінде жіберіледі. Ал шешімнің орындалғаны туралы сотқа, азаматқа немесе заңды тұлғаға сот шешімі алынған күннен бастап 1 ай мерзімінен кешіктірілмей хабарлануға тиіс. Ал сот шешімінің орындалмағаны үшін кінәлі лауазымды адамдар заңда көрсетілген жауаптылыққа тартылады.
4. Мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның заңда қөзделген тәртіппен қадылданып, жарияланған нормативтік құқықтық актісімен азаматтардың немесе заңды тұлғаның ҚР Конституциясында, заңдарда және ҚР Президентінің жарлықтарында кепілдік берілген құқықтары мен заңды мүдделері бұзылып отыр деп санайтын азамат немесе заңды тұлға бұл актіні заңға толық немесе жекелеген бөлігінде қайшы келеді деп тану туралы арызбен сотқа жүгінуге құқылы. Арызда нормативтік актіні қабылдаған мемлекеттік органның атауы немесе лауазымды адам, оның қабылданған күні туралы қосымша деректер болып, осы ант немесе оның жекелеген ережелері арқылы азаматтардың немесе заңды тұлғалардың нақты қандай құқықтары, бойлары және заңды мүдделері бұзылып оттырған, дау туғызып отырған актінің ҚР Конституциясының қандай баптарына, заңның , жарлықтың қандай ережелеріне қайшы келетіндігі көрсетілуі тиіс. Арызға дау айтылып отырған актінің немесе оның 1 бөлігінің көшірмесі қоса тіркеліп, нормативтік құқық актіні қандай бұқаралық ақпарат органы және оны қашан жарияланғаны көрсетіледі. Іс арыз берілген күннен бастап 10 күн мерзімде азаматтардың немесе заңды тұлға өкілінің, прокурордың, нормативтік құқық актіні қабылдаған мемлекеттік орган немесе лауазымды адам өкілінің міндетті түрде қатысуымен қаралады. Егер сот арызды негізсіз деп таныса, сот оны қанағаттандырудан бас тарту жөнінде шешім шығарады. Ал арыз негізді болса, онда сот өз шешіиінде нормативтік құқықтық актіні толық немесе жекелеген бөліктерін акт қабылданған кезден бастап жарамсыз деп таниды, бұл туралы шешімнің қорытынды бөлігінде көрсетіледі.
5. Заңға сәйкес келмейтін нормативтік құқықтық актіге жәнежеке қолданылатын құқықтық актіге, сондай – ақ мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның іс - әрекетіне прокурордың наразылығы заңсыз акт шығарған немесе заңсыз іс - әрекет жасаған орган қабылдамаған жағдайда, прокурор наразылық келтірген актіні немесе іс - әрекетті заңсыз деп тану туралы арызбен сотқа жүгінеді. Сотқа арыз наразылықты қарау нәтижелері туралы хабарлама алынған кезден бастап 10 күн мерзімде немесе оны қараудың заңда белгіленген мерзімі өткеннен кейін беріледі. Сот прокурордың арызын 10 күн ішінде қарайды. Сот егер прокурордың арызының негізді екенін анықтаса, өтінішті қанағаттандыру немесе нормативтік құқықтық актіні, жеке қолданылатын құқықтық актіні немесе іс - әрекетті заңсыз деп тану туралы шешім шығарады. Ал егер арызды негізсіз деп таныса, онда арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім шығарылады.
Достарыңызбен бөлісу: |