«Азаматтық іс жүргізу құқығы» пәні бойынша «5В030100»- құқықтану мамандығына арналған ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені семей



бет4/11
Дата09.06.2016
өлшемі0.79 Mb.
#124824
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

3. Істің мән-жайларын ескере отырып, істі сотта қарауға әзірлеу тәртібімен судья:

- қажет болған жағдайларда жауапкерді шақырып, одан істің мән-жайлары бойынша жауап алады, талап қоюға қандай қарсылықтар бар екенін және бұл қарсылықтаордың қандай дәлелдемелермен расталуы мүмкін екенін және бұл қарсылықтардың қандай дәлелдемелермен расталуы мүмкін екенін анықтайды, жауапкерге оның құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;

- талап қоюшыдан ол мәлімдеген талаптардың мәні бойынша жауап алады, одан жауапкердің тарапынан мүмкін болатын қарсылықтарды анықтап алады, егер бұл қажет болса, қосымша дәлелдемелер беруді ұсынады, талап қоюшыға оның іс-жүргізу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;

- іске тең талап қоюшылардың, тең жауапкердің дербес талаптарсыз III тұлғалардың кіруі туралы мәселені шешеді, сондай-ақ тиісті емес жауапкерді ауыстыру туралы мәселені шешеді;

- тараптарға дауды шешу үшін олардың аралық сотқа жүгіну құқығын және мұндай әрекеттің салдарын түсіндіреді;

- мүдделі азаматтар мен ұйымдарға істі қараудың уақыты мен орны туралы хабарлайды;

- куәларды сот отырысына шақыру туралы мәселені шешеді;

- тараптардың өтініші бойынша және өз бастамасы бойынша сараптама тағайындайды, сондай-ақ іске маманды аудармашыны қатысуға тарту туралы мәселені шешеді;

- тараптардың өтініші бойынша ұйымдардан немесе азаматтардан дәлелдемелер талап етеді;

- жазбаша және заттай дәлелдемелерді сол жерде тексеруді жүргізеді;

- сот тапсырмаларын жібереді;

- талап қоюды қамтамасыз ету туралы мәселені шешеді;

- талапкердің өтініші бойынша оның берген арызын қайтару туралы ұйғарым шығарады;

- өзге де қажетті іс жүргізу әрекеттерін жасайды.



4. Сот:

- егер даулы құқық қатынасы құқық мирасқорлығына жол беретін болса, істе тарап болып табылатын азамат қайтыс болғанда немесе заңды тұлға қайта құрылған, таратылған жағдайда;

- талапкер әрекет қабілеттігінен айрылған жағдайда;

- азаматтық, қылмыстық немесе әкімшілік сот ісін жүргізуде қаралып жатқан басқа істің шешілуіне дейін бұл істі қараудың мүмкіндігі болмаса;

- құқықтық көмек көрсету жөніндегі тапсырмамен шет мемлекеттің сотына өтініш жасаған жағдайда іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға міндетті.

Сондай-ақ сот :



  1. тарап ҚР-ның Қарулы күштерінде, басқа әскерлерінде және әскери құрамаларында шақыру бойынша әскери қызметте болған немесе ол басқа да мемлекеттік міндетті орындауға тартылған болса;

  2. тарап емдеу мекемесінде болған немесе оның сотқа келуіне кедергі жасайтын сырқаты болған және ол медициналық мекеменің құжатымен расталған жағдайда;

  3. тарап істі қарау мерзімінен асатын мерзімде қызметтік іссапарда болған жағдайда;

  4. жауапкер іздеуде болған жағдайда;

  5. сот сараптама тағайындаған жағдайда;

  6. қорғаншылық және қамқоршылық орган бала асырап алу ісі жөнінде асырап алушылардың тұрмыс жағдайын зерртеу жөнінде асырап алушылардың тұрмыс жағдайын зерттеуді белгіленген жағдайда іске қатысушы адамдардың тұрмыс жағдайын зерттеуді белгіленген жағдайда іске қатысушы адамдардың өтініші бойынша немесе өз бастамасымен іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұра алады.

5. Істі тоқтата тұруды туғызған мән-жайлар жойылғаннан кейін іске қатысушы адамдардың арызы бойынша немесе соттың бастамасымен іс жүргізу қайта басталады. Іс жүргізу қайта басталған кезде сот іске қатысушы адамдарға азаматтық сот ісін жүргізудің жалпы ережелері бойынша хабарлайды. Соттың іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы ұйғарымына жеке шағым берілуі немесе наразылық келтірілуі мүмкін. Сот, егер:

- іс азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпаса;

- сол тараптардың арасындағы сол мәселе туралы дау бойынша және сол негіздер бойынша шығарылған, заңды күшіне енген сот шешімі немесе талап қоюшының өз талабынан бас тартуына немесе тараптардың бітімгершілік келісімін орнықтыруына байланысты іс бойынша іс жүргізуді қысқарту туралы соттың ұйғарымы болса;

- талап қоюшы өз талабынан бас тартса және бас тартуды сот қабылдаса;

- тараптар бітімгершілік келісімін жасаса және оны сот бекітсе;

- іс бойынша тараптардың бірі болып табылатын азамат қайтыс болғаннан кейін даулы құқықтық қатынас құқық мирасқорлығына жол бермесе;

- іс бойынша тарап ретінде әрекет жасайтын ұйым қызметі тоқтатылуына және құқық мирасқорлары болмауына байланысты таратылса, іс бойынша жүргізуді қысқартады. Іс жүргізу сот ұйғарымымен қысқартылады, егерде іс жүргізу қысқартылған жағдайда сол тараптар арасындағы, сол мәселе туралы дау бойынша және сол негіздер бойынша екінші рет сотқа жүгінуге жол берілмейді. Сонымен қатар, сот арызды қараусыз қалдыруға құқылы, ол мынадый негіздер арқылы қараусыз қалдырылады:

- арызды әрекет қабілеттігі жоқ адам берсе;

- арызға қол қойған және оны берген адамның арызға қол қоюға және оны беруге өкілеттігі жоқ болса;

- осы немесе басқа соттың іс жүргізуінде осы тараптар арасындағы, сол мәселе туралы дау бойынша және сол негіздер бойынша бұрын қозғалған іс бар болса;

- өздерінің қатысуынсыз істі қарауды өтінбеген тараптар екінші шақыру бойынша сотқа келмесе;

- өзінің мүддесіне сай іс қозғалған адам мәлімделген талапты қолдамаса;

- талап-арызды қайтарып алу туралы өтініш берілсе, ал жауапкер істі мәні бойынша қарауды талап етпесе арызды сот қараусыз қалдырады. Егер арыз қараусыз қалдырылған жағдайда сот ұйғарым шығарады, бұл ұйғарымда істі қарауға кедергі келтіретін мән-жайларды қалай жоюды көрсетуге міндетті. Ал арызды қараусыз қалдыруға негіз болған мән-жайлар жойвлғаннан кейін мүдделі адам жалпы тәртіп бойынша сотқа тағыда арыз беруге құқылы.

Судья істі дайын болды деп тани отырып, оны сот отырысында қарауға тағайындау туралы ұйғарым шығарады, тараптарға және процестің басқа да қатысушыларына істі қараудың орны мен уақыты туралы хабарлайды. Осы процессуалдық әрекетті жасау үшін судья хатшының жұмысын тікелей қадағалауға алу керек. Іске қатысушыларды хабарландыру олардың іс бойынша сот шақыруын алып үлгеруі және дайындалу мерзімін ескере отырып белгіленуі тиіс.Іске қатысушы адамдар, олардың өкілдері, сондай-ақ куәлар, сарапшылыр, мамандар, мен аудармашылар сот отырысының немесе жекелеген іс жүргізу әрекеттерін жасаудың уақыты мен орны туралы хабарландырылады және соттың шақыру қағаздарымен сотқа шақырылады. Егер ол мүмкін болмаса, бірге тұратын кәмелеттік жасқа толғандардың біреуіне немесе жұмыс орнына телефонграмма немесе телеграмма беру арқылы шақырылады. Шақыру қағазында немесе өзге де хабарлауда мыналар болуға тиіс:

1. сотқа хабарланатын немесе шақырылатын адамда көрсету(тегі, аты, әкесінің аты және олар жолданатын адамның тұрғылықты жері ұйымның атауы мен орналасқан жері);

2. соттың атауы мен нақты мекен-жайы;

3. адресатқа хабарлау немесе оны шақыру жүргізілетін істің атауы;

4. келетін жері мен уақыты;

5. іске қатысушы тұлғаларға іс бойынша оларда бар барлық дәлелдемелерді табыс етуді ұсыну;

6. адресат кім ретінде хабарланып немесе шақырылып отырғандығын көрсету;

7. хабарланатын немесе шақырылатын адамның сотқа келмей қалу салдарын және оның келмеу себебін сотқа хабарлауға міндетті екенін көрсету;

8. шақыру қағазын немесе өзге де хабарлауды, шақыруды жіберуші адамның қолы.



Шақыру қағазымен бірге судья жауапкерге талап арыздың көшірмесі мен арызға қоса берілген құжаттардың көшірмесін жібереді. Ал талапкерге шақыру қағазымен бірге судья жауапкердің жазбаша түсініктемелерінің көшірмесін және оған құжаттардың көшірмесін жібереді.Шақыру қағаздары хабардар етіліп, почта арқылы немесе судббя тапсырған адамдар арқылы жеткізіледі. Шақыру қағазын жеткізу тапсырылған адам оны тапсырған күні көрсетілген және адресаттың шақыру қағазының түбіртегін сотқа қайтаруға міндетті. Шақыру қағазы жіберілген азаматқа табыс етіліп, сотқа қайтарылуға тиісті түбіртегіне оның өз қолы қойылады. Ұйымға жіберілген шақыру қағазы оның өкіліне немесе басқару қызметін атқаратын тиісті адамға табыс етіледі, ол шақыру қағазының түбіртегіне оны алғандығы жөнінде өзінің қызметін, тегін және аты-жөнін көрсетіп қол қояды. Шақыру қағазын қабылдап алған адам мүмкіндігінше кідіртпей шақыру қағазын адресатқа тапсыруға міндетті. Адресат адам шақыру қағазының түбіршегіне адресаттың қайда кеткендігін және оның қашан келуі мүмкін екендігін белгілейді. Адресат шақыру қағазын немесе өзге хабарлауды, шақыруды қабылдаудан бас тартқан жағдайда оны жеткізуші немесе табыс етуші адам сотқа қайтарылатын шақыру қағазын немесе хабарлауды қабылдаудан бас тартуы туралы белгіні тұрғын үй пайдалану ұйымы, жергілікті өзін-өзі басқарушы органы немесе шақырылған адамның тұрғылықты жері бойынша тиісті атқарушы орган немесе оның жұмыс орны бойынша әкімшілік кукәландырады. Әйтсе де шақырудан бас тартуы істі қарауға немесе жасалған жекелеген іс жүргізу әрекеттерін жасауға кедергі болмайды. Егерде іске қатысатын адамдармен олардың өкілдері іс бойынша іс жүргізген уақытта сотқа өз мекен-жайының ауысқаны туралы хабарлауға міндетті. Мұндай хабарлау болмаған жағдайда шақыру қағазы немесе өзге де хабарлау сотқа белгілі соңғы мекен-жай бойынша жіберіледі.және адресат бұл мекен-жай бойынша тұрмаса да шақыру жіберілді деп есептелінеді. Жауапкердің іс жүзінде болған жері белгісіз болған жағдайда жергілікті өзін-өзі басқару органының, немесе жауапкердің соңғы белгілі тұрғылықты жері бойынша тиісті атқарушы органның немесе оның соңғы белгілі жұмыс орны бойынша әкімшіліктің шақыру қағазын немесе өзге де хабарлауды алғанын куәландыратын жазбамен олар сотқа келіп түскеннен кейін сот істі қарауға кіріседі. Мемлекет мүдделерне орай, сондай-ақ алимент өндіріп алу, асыраушысының қайтыс болуымен келтірілген зиянды өтеу туралы талап қою бойынша жауапкердің болған жері белгісіз болған жағдайда сот жауапкерді ішкі істер органдары немесе қаржы полициясы арқылы іздестіру жариялауға міндетті. Әйтсе де соттың жауапкерді іздестіруді жариялауы істі қарауға кедергі болмайды.

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

  1. Талап қою.Талап арыз және оның реквизиттері

  2. Талап арызды қозғалыссыз қалдыру. Талап арызды қабылдаудан бас тарту

  3. Талап арызды қайтару. Талап арызды қабылдау

  4. Істі сотта қарауға әзірлеу: түсінігі, мақсаты,міндеттері,мерзімдері

  5. Істі сотта қарауға тағайындау

Ұсынылатын әдебиет

1. Баймолдина З.Х. Доказывание и доказательства в гражданском судопроизводстве: Научно-практическое пособие. Алматы: Жеті жарғы, 2001.

2. Баймолдина З.Х. Исковой порядок защиты прав в суде: Научно-практическое пособие. Алматы: Жеті жарғы, 2001.

3. Баймолдина З.Х. Разбирательство гражданских дел в суде первой инстанции: Научно-практическое пособие. Алматы: Жеті жарғы, 2001.

4. Викут М.А., Зайцев И.М. Гражданский процесс России: Учебник. М.: Юристъ, 1999.

5. Гражданский процесс: Учебник / Под ред. В.А. Мусина, Н.А. Чечиной, Д.М. Чечота. М.: ТОО “Фирма ГАРДАРИКА”, 1996.


6 Тақырып. Бірінші сатыдағы сотта азаматтық істі қарау. Бірінші сатыдағы соттың актілері. Сырттай іс жүргізу және сырттай шешім.

1. Сотта іс қарау сатысының түсінігі, мәні. Сот отырысы және оның бөлімдері

2. Істі мәні бойынша қарау. Сот жарыссөздері.

3. Істі мәні бойынша қарауды аяқтау және шешімді жариялау.



4. Бірінші сатыдағы сот қаулыларының түсінігі мен түрлері. Соттың кемшілігі: түсінігі, түрлері және құрылымы.

5. Шешімнің мазмұны және оның ерекше белгілері. Сот шешімінің заңды күшіне енуі және шешімді орындау.

6. Сот ұйғарымы: түсінігі, мазмұны, шығару тәртібі. Сот хаттамалары: түсінігі, мазмұны.

7 Сырттай іс жүргізу негіздері, тәртібі. Сырттай шешім: түсінігі, мазмұны, шағымдану негіздері. Сырттай шешімнің күшін жою.

1. Сотта іс қарау – азаматтық істі қарап және сол азаматтық іс бойынша шешім қабылданатын азаматтық іс жүргізу процесінің сатысы. Азаматтық істер сотқа арыз түскен күмнен бастап 2 ай мерзім ішінде қаралып, шешеледі. Тек ерекше жағдайда сот кейбір істерді 1 ай мғерзім ішінде қарап, шешеді. Азаматтық істі қарау іске қатысушы азаматтарды міндетті түрде хабардар ете отырып, сот отырысында жүргізіледі, сондықтан да сот отырысы болатын күні мен мерзімі сот отырысына қатысушыларға толықтай хабарланды ма соны судья сот отырысына дейін тексеруі қажет. Сот отырысына төрағалық етушінің міндетін судья атқарады. Төрағалық етуші істің барлық мән-жайының толық, жан-жақты және объективті аңықталуын, іс жүргізу әрекеттерінде аңықтылықтың және тәртіптің сақталуын, процесе қатысушылардың өздерінің іс жүргізу құқықтарын жүзеге асыруын және олардың өз міндеттерін орындауын, процестің тәрбиелік ықпалын қамтамасыз ете отырып, отырыстың барысында басшылық жасайды, қаралатын іске қатысы жоқ мәселелердің барлығын сот қарауынан шығарып тастайды. Ал егерде процеске қатысушылардың кейбіреуі төрағалық етушінің іс-әрекетіне қарсылық білдірген жағдайда бұл қарсылық білдірулер сот отырысының хаттамасына енгізіледі, ал төрағалық етуші өзінің іс-әрекетіне қатысты түсініктеме береді. Төрағалық етуші сот отырысында тиісті тәртіптің қамтамасыз етілуіне қажетті шаралар қолданады, оның өкілі процеске қатысушылардың барлығы үшін, сондый-ақ сот отырыс залында қатысып отырған азаматтар үшін де міндетті. Сонымен қатар, судья сот отырысы залына кірген кезде залдағы барлық қатысушылар орындарынан тұрады. Іс шешім шағарусыз аяқталатын сот шешемін немесе сот уйғарымын сот отырысы залындағы жұрттың барлығы түрегеліп тұрып тыңдайды. Ал процеске қатысушылар судьяға түрегеліп турып жүгінеді және өздерінің айғақтары мен түсініктемелерін айтады, ал бұндай ережені орындамауға төрағалық етушінің рұқсатымен ғана жол берілуі мүмкін. Істі қарау кезінде тәртіп бұзған адамға төрағалық етуші соттың атынан ескерту жасайды, ал егер тәртіпті қайталап бұзған кезде іске қатысушы адам сот ұйғарымы бойынша сотта іс қараудың барлық уақытына немесе оның бір бөлігіне сот отырысы залынан шығарылып жіберілуі мүмкін. Егерде сот отырысында тәртіп бұзушының іс-әрекетінде қылмыс белгілері болса, онда сот тәртіп бұзушыға қатысты қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешу үшін материалдарды, бұл туралы прокурорға хабарлай отырып, тиісті анықтау немесе алдын-ала тергеу органына жібереді. Сондай-ақ істі қарау кезінде оған қатысушы азаматтар жаппай тәртіп бұзған кезде сот іске қатыспайтын азаматтардың барлығын сот отырысы залынан шығарып, істі жабық отырыста қарауы немесе істі қарауды кейінге қалдыруы мүмкін. Ал істі қарау үшін белгіленген уақытта төрағалық етуші сот отырысын ашады және қандай азаматтық іс қаралуға тиіс екенін жариялайды. Сот талқысы жүріп жатқан сот отырысы мынадай бөлімдерден тұрады:

  • сот мәжілісіне дацындалу бөлімі,

  • істі мән-жайы бойынша талқылау;

  • жарыссөзге кезек беруі және іс бойынша прокурордың қорытындысы;

  • сот шешімін шығару және шешімді жариялау.

Сот мәжілісіне дайындалу бөлімінде қаралып жатқан істі қарау жолдары, істі толықұ және объективті анықтау сұрақтары анықталады. Оларға:

1. процеске қатысушылардың келмеуінің салдары;

2. куәнің, сарапшының процеске келмеуінің салдары;

Ал сот отырысының хатшысы осы іс бойынша шақырылған адамдардан кімнің келгенін, келмеген адамдарға хабар берілген-берілмегенін және олардың келмеу себептері туралы қандай мәліметтердің бар екенін сотқа баяндайды. Ал төрағалық етуші келгендердің кім екенін анықтайды, содай-ақ лауазымды адамдар мен өкілдердің өкілеттіктерін тексереді.Сондай-ақ төрағалық етуші аудармашыға – оның сот жүргізіліп отырған тілді білмейтін адамдардың түсіндірмелерін, айғақтарын, мәлімдемелерін, ал бұл адамдарға іске қатысушы адамдар мен куәлардың түсіндірмелерінің, айғақтарының, мәлімдемелерінің, жария етілетін және істе бар құжаттардың, дыбыс жазбалардың, сарапшылар қорытындыларының, мамандар кеңесінің; судья өнімдерінің, сот қаулылары мен шешімдерінің мазмұнын аудару міндетін түсіндіреді. Сондай-ақ қате аударғаны немесе қате қорытынды бергені үшін жауапкершілік бар екенін ескертуге міндетті. Ал келген куәлар сот отырысы залынан шығарылады. Төрағалық етуші жауап алынған куәлардың жауап алынбаған куәлармен сөйлеспеуіне шаралар қолданылады. Сонымен қатар төрағаоық етуші со құрамын жария етеді, прокурор, сарапшы, маман, сот отырысының хатшысы, сот приставы ретінде кімдердің қатысатынын хабарлайды және іске қатысушы адамдарға олардың қарсылық білдіру құқығын түсіндіреді. Ал судьяға қарсылық білдіру үшін негіздерге:



  • осы істі бұрын қарау кезінде куә, сарапшы, маман, аудармашы, өкіл, сот отырысының хатшысы, сот орындаушысы, сот приставы ретінде қатысса;

  • іске қатысушы адамдардың немесе олардың өкілдерінің біреуінің туысы болса;

  • істің нәтижесіне жеке, тікелей немесе жанама түрде мүдделі не оның әділдігіне негізді күмән туғызатын өзге де мән-жайлар болса, онда істі қарауға қатыса алмайды.

Сонымен қатар, істі қарайтын соттың құрамына өзара туыс адамдар кіре алмайды.Сондай-ақ, сарапшы немесе маман, егер:

  • ол іске қатысушы адамдарға немесе олардың өкілдеріне қызмет жағынан немесе өзгедей тәуелді болса немесе тәуелділікте болып келсе;

  • ол тексеру жүргізіп, оның материалдары сотқа жүгінуге негіз болса не осы азаматтық істі қарағанда пайдаланылса, істі қарауға қатыса алмайды.

Прокурордың, сарапшының, маманның, аудармашының, сот отырысы хатшысының, сот приставының өздігінен бас тартуы, яғни қарсылық білдіруі туралы мәселені істі қарайтын сот шешеді. Істі жеке-дара қараушы судьға мәләмделген қарсылық білдіруді сол соттың төрағасы немесе сол соттың басқа судьясы, олар болмаған жағдайда-жоғары тұрған сот судьясы қарайды. Қарсылық білдіруді қабылдамай тастау немесе қанағаттандыру туралы ұйғарым шығарылады, оған шағым беруге немесе наразылық келтіруге жатпайды. Осы қабылданған ұйғарымға келіспеушілік туралы дәлелдер аппеляциялық немесе қадағалау шағымдарына, наразылық келтіруге енгізілуі мүмкін. Төрағалық етуші іске қатысушы адамдарға және өкілдерге олардың іс жргізу құқықтары мен міндеттерін, соның ішінде тараптарға дауды шешу үшін аралық сотқа жүгіну құқығын және осындай әрекеттің салдарын түсіндіреді. Сондай-ақ, іске қатысушы адамдардың пікірлері тыңдалған соң сот ұйғарымдарымен шешіледі. Ал іске қатысушы адамдар келмеу себептері туралы сотқа хабарлауға және бұл себептердің дәлелді екендігіне дәлелдемелерді ұсынуға міндетті. Ал егер іске қатысушы адамдардың біреуі сот отырысына келмеген жағдайда, оларға хабарланғаны жөнінде мәліметтер жоқ болса, істі қарау кейінге қалдырылады, сондай-ақ іске қатысушы адамдар сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарланса, бірақ олардың келмеу себептері дәлелді деп танылса, сот істі қараудыкейінге қалдырады. Ал егер келмей қалу себебін дәлелсіз деп таныса, онда сот істі қарауға құқылы. Ал сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарланған жауапкер болмаса, онда сырттай іс жүргізу тәртібімен, егер келмеу себептері туралы мәліметтер жоқ болса, немесе жауапкер іс бойынша іс жүргізуді қасақана созып отыр деп таныса, онда сот істі қарауға құқылы. Ал сот отырысына іске қатысушы адам өкілінің келмеуі істі қарауға кедергі бола алмайды. Ал сот отырысына куә, сарапшы немесе маман келмеген жағдайда сот іске қатысушы адамдардың істі олар жоқта қарау мүмкіндігі туралы пікірін тыңдап, сотта іс қарауды жалғастыру немесе онс кейінге қалдлыру туралы ұйғарым шығарады. Ал сот отырысына аудармашы келмеген жағдайда, егер аудармашы ауыстыру мүмкін болмаса, онда сот істі қарауды кейінге қалдыру туралы ұйғарым шығарады. Ал егер шақырылған куә, сарапшы, маман немесе аудармашы сот отырысына еріксіз келтіруі де мүмкін, ол сот ұйғарымы бойынша сот приставы мен ішкі істер органдары жүзеге асырады.Сонымен, сот процеске қатысушылардың біреуінің келмеуі, қарсы талап қою, қосымша дәлелдемелер ұсыну немесе талап ету, іске қатысуға басқа адамдарды тарту қажеттігі, істі қарауды кейінге қалдыруға жол беріледі. Ал іс кейінге қалдырылған кезде істің жаңа сот отырысында шешілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін уақыт ескеріле отырып, жаңа сот отырысының күні белгіленеді, бұл жөнінде келген адамдарға қол қойдырылып хабарланады.

2. Істі мән-жайы бойынша қарау төрағалық етушінің, талап қоюшының өз талаптарын қолдайтын-қолдамайтыны, жауапкер талап қоюшының талаптарын мойындайтын-мойындамайтыны және тараптардың істі бітімгершілік келісімімен афқтауды немесе істі аралық сотқа карауға беруді қалайтын-қаламайтыны туралы мәселелерді анқтауынан басталады. Талап қоюдан бас тартуды қабылдау немесе тараптардың бітімгершілік келісімін бекіту туралы сот ұйғарым шығарады, сонымен қатар іс жүргізу тоқтатылады. Ал жауапкер талап қоюды мойындаған жағдайда және оны қабылдаған кезде сот мәлімдеген талаптарды қанағаттандыру туралы шешім шығарады және істі мәні бойынша қарауды жалғастырады. Сосын іске қатысушы адамдар түсініктемелер береді, бірінші болып талапкер береді. Сот талап қоюшының және оның тарапынан қкатысатын III тұлғаның, жауапкердің және оның тарапынан қатысатын III тұлғаның, сондай-ақ іске қатысатын басқа да адамдардың түсініктемелерін тыңдайды. Прокурор, мемлекеттік органдардың жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың өкілдері, сотқа басқа адамдардың құқвқтары мен мүдделерін қорғауға жүгінген азаматтар 1-ші болып түсініктемелер береді. Іске қатысушы адамдар бір-біріне сұрақтар қоюға құқылы. Іске қатысушы адамдардың, жазбаша түсініктемелерін төрағалық етуші жариялайды. Сот іске қатысушы адамдардың түсініктемелерін тыңдап және олардың пікірлерін ескеріп, өзге де дәлелдемелерді зерттеудің тәртібін белгілейді. Ал дәлелдемелерді зерттеу куәдан жауап алудан басталады. Куәдан жауап алынғанға дейін төрағалық етуші куәнің кім екенін анықтайды, оның міндеттері мен құқықтарын түсіндіреді және оған жауап беруден бас тартқаны үшін және көрінеу жалған жауап бергені үшін қылмыстық жауапкершілік жөнінде ескертеді. Куәға-сондай-ақ өзіне-өзі, жұбайына және жақын туыстарына қарсы айғақ беруден, ал діни қызметшілерге өздеріне тәубаға келу кезінде сенім білдіргендерге қарсы айғақ беруден бас тартуға құқығы барын түсіндіреді. Куәдан оған оның міндеттері мен жауапкершілігі түсіндірілгендігі туралы қолхат алынады, және ол сот отырысының хаттамасына қоса тіркеледі.Ал 16 жасқа толмаған куәға судья оған іс бойынша мәлім нәрсенің бәрін шынайы айтып беру міндетін түсіндіреді, бірақ оған жауап беруден бас тартқаны үшін және көрінеу жалған жауап бергені үшін қылмыстық жауапкершілік жөнінде ескртілмейді. Куәдан жауап алған кезде әрбір куәдан жауап жеке-жеке алынады, әрі куәларға сұрақтар қойылоуы мүмкін. Қажет болған жағдайда сот осы немесекелесі отырыста куәдан 2-ші рет жауап ала алады, сондай-ақ олардың айғақтарындағы қавйшылықтардыайқындау үшін куәлар арасында беттстіру жүргізіледі. Жауап цифрлармен немесе есте сақтау қиын басқа деректермен байланысты болған жағдайда, куә жауап беру кезінде жазбаша материалдарды қолдана алады. Бұл материалдар сотқа және іске қатысушы адамдарға көрсетілді және соттың ұйғарымы бойынша іске қоса тіркелуі мүмкін. 14 жасқа толмаған куәдан жауап алу, ал соттың қалауы бойынша 14 жас пен 16 жас аралығындағы куәдан жауап алу да сотқа шақырылатын педагогтың қатысуымен жасалады. Қажет болған жағдайда кәмелетке толмағанкуәнің заңды өкілдері де шақырылады. Куәлардың жиналған айғақтары сот отырысында жария етіледі, содан кейін іске қатысушы адамдар осы айғақтарға өз көзқарастарын білдіруге және олар бойынша түсініктемелер беруге құқылы.Құжаттар немесе оларды қарау хаттамалары сот отырысында жария етіледі және іске қатысушы адамдарға, өкілдерге, сарапшыларға, маман мен куәларға көрсетіледі. Заттай дәлелдемелерді сот қарайды және олар іске қатысушы адамдарға, өкілдерг, сарапшыларға, маман мен куәларға көрсетіледі. Заттай дәлелдемелерді қарау хаттамалары сототырысында жария етіледі, содан соң іске қатысушы адамдар түсініктемелер бере алады. Сотқа ұсынылуы қиын немесе жеткізуге болмайтын құжаттар мен заттай дәлелдемелеролар орналасқан жерде қаралады және зерттеледі. Орналасқан жерінде қарау туралы сот ұйғарым шығарады. Қарау уақыты мен орны туралы іске қатысушыларға, иолардың өкілдеріне хабарланады, алайда олардың келмеуі қарауды жүргізуге кедергі келтірмейді. Ал қарау нәтижелері сот отырысының хаттамасына енгізіледі.Хаттамаға қарау кезінде жасалған немесе тексерілген жоспарлар, тәсілдер мен сызбалар, есептеулер, құжаттық көшірмелері, сондай-ақ қарау кезінде жасалған құжаттардың және заттай дәлелдемелерддің фотосуреттері, бейнежазбалар мен киноматериалдар қоса тіркеледі.Сонымен қатар, сот сарапшының қорытындысын тексеред, және сот отырысында жария етеді. Қорытындыны түсіндіру және оны толықтыру мақсатында сарапшыға сұрақтар қойылуы мүмкін. Сондай-ақ қажет болса қосымша және қайталама сараптама жасалуы мүмкін. Қосымша-жеткілікті, толық, жаңа мәселелер туындаса;қайталама-алдыңғы сараптама жеткілікті түрде негізделмесе, дұрыстығына күмән туса, сараптама нормалары бұзылса. Сарапшының қорытындысынан кейін іске маман қатысса, маманның жазбаша түрде берілген консультациясы сот отырысында жария етілежді. Ал маманның ауызшаа консультациясы мен түсіндірмесі сот отырысыныңі хаттамасына енгізіледі. Барлық дәлелдемелер қаралған соң судьяіске қатысушы адамдар мен өкілдарден олардыңіс материалдарын толықтыруларға ниеттерінің бар-жоғын ашықтай келе, мәлімдеулер болмаса төрағалық етуші істі зерттеу аяқталды деп жариялап, сотжарыссөздерін тыңдауға көшеді. Іске қатысушы адамдар мен өкілдердің сөздері сот жарыссөздері болып табылады. Алдымен талап қоюшы мен оның өкіл, сосын жауапкер мен оның өкілі сөз сөйлейді. Прокурор, мемлекеттік органның жәнежергілікті өзін-өзі басқару органының, ұйымдарының өкілдері және басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатынмүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінген азаматтар сотжарыссөздерінде соңынан сөз сөйлейді. Сондай-ақ прокурор сот жарыссөздерінен кейін жалпы істің мәні бойынша қорытынды береді.Сот жарыссөздерінен кейін, прокурор қорытынды бергеннен кейін сот шешім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетеді, төрағалоық етуші, бұл туралы сот отырысы залындағыларға хабарлайды. Соот шешімге қол қойған соң, сот отырысы залына келіп, сот шешімін түсіндіреді. Шешімнің шығарылған кезде судья іске қатысушы адамдарға және өкілдерге мшешіммен қашан танысуға және оның көшірмесіналуға болатынын жариялауға міндетті, әрі барлық әрекеттер біткен соң, төрағалық етуші сот отыс жабық деп жариялайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет