1. Істі қатысушылардың келуін тексеру. Төрағалық етуші іске қатысушы адамдардың қайсысы келгенін анықтайды, келген адамдардың кімдер екенін анықтайды, өкілдердің өкілеттігін тексереді.
2. Іске қатысушы адамдарға олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді.
3. Іске қатысушы адамдардың сот отырысына келмеуінің салдары. Істің қаралатын уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланбаған іске қатысушы адамдардың біреуі сот отырысына келмеген жағдайда сот істі қарауды кейінге қалдырады. Содан кейін іске қатысушылардың соттың қайта өткізілетін отырысында істің қаралу уақыты мен орны жайында тиісінше хабарлайды. Бұл жағдайда істі талқылау басынан бастап жүргізіледі.
4. Соттың іске қатысушы арыздарын шешуі, іске қатысушы тұлғалардың апелляцияляқ сатыдағы істі қарауға байланысты барлық мәселелер бойынша арыздар мен өтініштерін сот іске қатысушы басқа тұлғалардың пікірін таңдағаннан кейін шешеді.
5. Істі мәні бойынша қарау. Істі мәні бойынша қарау судьяның шағым жасалған шешімінің мән – жайы, апелляциялық шағымның, наразылықтың дәлелдері және іс материалдары туралы баяндамасымен басталады. Соттың отырысына келген іске қатысушы тұлғалар мен өкілдердің түсініктемелерін тыңдайды. Апелляциялық шағым берген немесе наразылық келтірген тұлға және оның өкілі бірінші болып сөз сөйлейді. Егер екі тарап та шешімге шағым жасаған жағдайда бірінші болып талап қоюшы сөйлейді. Тараптардың түсініктемелерінен кейін сот істе бар және тараптар жаңадан табыс еткен, дәлелді себептермен олар бір сатыдағы соттың қарауына табыс ете алмаған дәлелдемелерді тексереді. Сотқа қосымша дәлелдемелер табыс еткен тұлғалар олардың қандай жолменалынғанын және қосымша дәлелдемелер табыс ету қажеттігі қандай мән – жайларға байланысты туындағанын көрсетуге міндетті. Апелляциялық сатыдағы сот іске қатысушы, сот отырысына келмеген адамдардың түсініктемелерін, сондай – ақ апелляциялық сатыдағы сои отырысына шақырылған куәлардың айғақтарын жария етуге құқылы. Егер бұл түсініктемелер мен айғақтарға тараптар дау шақырса, аталған адамдар апелляциялық сатыдағы сотқа шақырылуы мүмкін.
6. Сот жарыссөздері және прокурордың қорытындысы. Іс мәні бойынша қаралып біткен соң төрағалық етуші тараптар мен өкілдерден олардың жасайтын өтінімдері мен толықтырулары туралы сұрайды. Сот бұл өтінімдерді шешіп, содан соң жарыссөздеріне көшеді, бұл кезде апелляциялық шағым немесе наразылық берген адам бірінші болып сөйлейді. Шешімге екі тараптар шағым жасаған жағдайда бірінші болып талап қоюшы сөйлейді. Сот жарыссөздерінен кейін прокурор іс бойынша қорытынды береді. Содан соң сот соттың актісін қабылдауға арналған кеңесу бөлмесіне кетеді.
7. Апелляциялық қаула шығару және оны жария ету.
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
-
Апелляциялық сатыдағы сотта іс жүргізудің мәні мен маңызы
-
Апелляциялық шағым берудің объектісі
-
Апелляциялық шағымды қарайтын соттар
-
Апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы
-
Бірінші сатыдағы соттың ұйғарымына шағым беру
Ұсынылатын әдебиет
1. Учебник гражданского процесса / Под ред. М.К. Треушникова. М.: Спарк, 1996.
2.Хрестоматия по гражданскому процессу: Учебное пособие / Под общей ред. М.К. Треушникова. М.: Городец, 1996.
3.Баймолдина, З.Х. Гражданское процессуальное право Республики Казахстан: Учебник для вузов: В 2т. Т1. Общая часть(темы 1-15).-Алматы:КазГЮА,2001
4. Баймолдина, З.Х. Гражданское процессуальное право Республики Казахстан :Учебник для вузов: В 2 т. Т.2. Особенная часть( темы 16-30).-Алматы:КазГЮА,2001
10 Тақырып. Кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу.
1. Кассациялық қараудың нысаны.
2. Кассациялық шағымды немесе наразылықты қарау тәртібі.
3. Кассациялық сатыдағы соттың өкілеттілігі.
1. Кассациялық шағым, наразылық бойынша кассациялық сатыдағы сот аппелляциялық сатыдағы соттың қаулысы мен ұйғарымының заңдылығы мен негізділігін тексереді. Іс кассациялық тәртіппен қараған кезде сот істе бар материалдар бойынша шағымның, наразылықтың дәлелдері шегінде бірінші және аппелляциялық сатының сот актілерінің заңдылығы мен негізділігін тексереді. Кассациялық сатыдағы сот мәлімделген талап қоюдың шегінде бірінші және аппелляциялық сатыдағы соттарға дәлелді себептермен табыс етілмеген жаңа дәлелдемелерді зерттейді. Бұл сот кассациялық шағым мен наразылық бойынша істі ло келіп түскен күннен бастап бір ай мерзімде қарауға тиіс. Төрағалық етуші сот отырысын ашады және қандай істің, кімнің шағымы немесе наразылығы бойынша және қандай соттың қаулысына, ұйғарымына орай қаралуға жататынын хабарлайды. Кассациялық сатыдағы соттың отырысына іс бойынша қорытынды беретін прокурор міндетті түрде қатысады. Істің қаралатын уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланған іске қатысушы тұлғалар мен өкілдердің сот отырысына келмеуі істі қарауға кедергі болып табылмайды.Бұл сатыдағы сотта істі қарау судьялардың біреуінің баяндамасымен басталады. Баяндамашы істің мән-жайын, апелляциялық сатыдағы сот қаулысының және ұйғарымының мазмұныны, кассациялық шағымның немесе наразылықтың дәлелдерін және оларға келіп түскен пікірлерді баяндайды, сондай-ақ шешімнің дұрыстығын тексеру үшін соттың қарауы қажет болатын өзге де деректерді хабарлайды.Сот баяндамадан кейін сот отырысына келген, іске қатысушы тұлғалар мен өкілдердің түсініктемелерін тыңдайды. Кассациялық шағым немесе наразылық берген тұлға және оның өкілі бірінші болып сөз сөйлейді. Шешімге екі тарап шағымданған жағдайда талап қоюшы бірінші болып сөз сөйлейді. Іске қатысушы тұлғалардың кассациялық сатыдағы істі талқылауға байланысты барлық мәселелер жөніндегі арыздары мен өтініштерін сот іске қатысушы басқа тұлғалардың пікірін тыңдағаннан кейін шешеді. Сот істі кассациялық тәртіппен қарап:
- апелляциялық сатының қаулысы мен ұйғарымын - өзгеріссіз, ал шағымды немесе наразылықты қанағаттандырусыз қалдыруға;
- апелляциялық сатының қаулысы мен ұйғарымының күшін толық немесе бір бөлігінде жоюға және егер кассациялық саты апелляциялық сатыдағы соттың жіберген қателіктерін түзете алмаса, істі бірінші немесе апелляциялық сатыдағы сотқа судьялардың өзге құрамында жаңадан қарауына жіберуге құқылы. Кассациялық сатыдағы сот қандай да бір дәлелдемелердің дұрыстығы немесе дұрыс еместігі туралы, бір дәлелдемелердің басқаларынан артықшылығы туралы мәселелерді, сондай-ақ істі жаңадан қарау кезінде қандай шешімнің шығарылуға тиіс екені туралы алдын – ала шешіге құқылы емес;
- апелляциялық сатының қаулысы мен ұйғарымының толық немесе бір бөлігінде күшін жоюға және іс бойынша іс жүргізуді қысқартуға не арызды қараусыз қалдыруға;
- бірінші сатыдағы соттың шешімін күшінде қалдырып, апелляциялық сатының қаулысы мен ұйғарымының күшін жоюға;
- егер іс бойынша дәлелдемелерді жинау немесе қосымша тексеру талап етілмесе, бірінші немесе апелляциялық сатыдағы сот істің мән – жайын дұрыс және толық анықтаса, бірақ материалдың құқық нормаларын қолдануда қателіктерге жол берілсе, істі жаңадан қарауға жіберместен, бірінші немесе апелляциялық сатыдағы сот шешімінің қүшін жойып, қаулыны өзгертуге немесе жаңа қаулы шығаруға құқылы.
Бірінші немесе апелляциялық сатыдағы соттың іс жүргізу құқығының нормаларын бұзуы немесе дұрыс қолданбауы сот қаулысы мен ұйғарымының күшін кассациялық тәртіппен жоюдың негіздері болып табылады.
Кассациялық сатының сот актілері қаулы нысанында шығғарылады. Бұл қаулыда:
- қаулының шығарылған күні мен орны;
- қаулы шығарған соттың атауы мен құрамы;
- кассациялық шағым мен наразылық берген тұлға;
- шағым жасалған апелляциялық қаулының, кассациялық шағымның немесе наразылықтың және оларға берілген жазба пікірлердің, кассациялық сатыда істі қараған кездегі қатысушы тұлғалар түсініктемелерінің қысқаша мазмұны;
- соттың тұжырымдар жасауына алып келген дәйектер және сот басшылыққа алған заңдарға сілтеме;
- кассациялық шағымды немесе наразылықты қараудың нәтижелері бойынша тұжырымдар көрсетілуі тиіс.
Кассациялық сатының қаулысы бес күннің ішінде түпкілікті нысанда дайын болуға тиіс. Іске қоса тігілетін қаулының қарар бөлігін жария етуге жол беріледі.Сондай-ақ кассациялық сатыдағы соттың қаулысы шығарылған кезден бастап заңды күшіне енеді.
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары:
-
Кассациялық қараудың нысаны.
-
Кассациялық шағымды немесе наразылықты қарау тәртібі.
-
Кассациялық сатыдағы соттың өкілеттілігі.
Ұсынылатын әдебиет :
1. Учебник гражданского процесса / Под ред. М.К. Треушникова. М.: Спарк, 1996.
2.Хрестоматия по гражданскому процессу: Учебное пособие / Под общей ред. М.К. Треушникова. М.: Городец, 1996.
3. Баймолдина, З.Х. Гражданское процессуальное право Республики Казахстан: Учебник для вузов: В 2т. Т1. Общая часть(темы 1-15).-Алматы:КазГЮА,2001
4. Баймолдина, З.Х. Гражданское процессуальное право Республики Казахстан :Учебник для вузов: В 2 т. Т.2. Особенная часть( темы 16-30).-Алматы:КазГЮА,2001
11 Тақырып. Соттық қадағалау тәртібімен іс жүргізуі.
1. Сот қаулыларын қадағалау тәртібімен қайта қарау.
2. Істі қадағалау тәртібімен қарайтын соттар.
3. Наразылық келтіру және наразылықтың мазмұны.
4. Қадағалау шағымының мазмұны және оны алдын ала қарау.
5. Істі қадағалау сатысында қараудың тәртібі және қадағалау сатысындағы соттың шешімдері.
1.ҚР Жоғарғы Соты қадағалау алқасының қаулыларын қоспағанда, ҚР барлық соттарының заңды күшіне енген актілері, сот қадағалауы тәртібімен қайта қаралуы мүмкін, ол ҚР Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынымы немесе ҚР Бас Прокурорының наразылығы бойынша жол беріледі. Соттың заңды күшіне енген шешімдеріне, ұйғарымдарына, қаулыларына және сот бұрықтарына тараптар және апелляциялық шағымдар беруге құқығы бар іске басқа да қатысушылар істі қадағалау тәртібімен қайта қарау өкілетті сотқа тікелей шағымдана алады. Сондай – ақ заңды заңды күшіне енген сот актісіне:
- ҚР Бас Прокуроры – облыстық және оған теңестірілген соттың қадағалау алқасына, ҚР Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі алқасы мен қадағалау алқасына;
- ҚР Бас прокурорының орынбасарлары – облыстық және оған теңестірілген соттың қадағалау алқасына және ҚР Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі алқасына;
- облыстық прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар – облыстық және оларға теңестірілген соттың қадағалау алқасына наразылық келтіруге құқылы. Наразылықты жоғары тұрған прокурордың кері қайтарып алуы мүмкін. Сот бұндай жағдайда іске қатысушы тұлғаға наразылықтың кері қайтарып алынғаны туралы хабарлайды, әрі қадағалау сатысында іс жүргізудің қысқартылуына әкеп соғады. Облыстық және оған теңестірілген соттың қадағалау алқасы:
- аудандық және оларға теңестірілегн соттардың заңды күшіне енген шешіміне, қаулысына, ұйғарымына;
- облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі алқасының апелляциялық қаулыларына қадағалау наразылықтары, ұсынымдары бойынша істерді қарайды.
Ал ҚР Жоғарғы Сотынының азаматтық істер жөніндегі алқасы:
- облыстық соттардың қадағалау алқасының апелляциялық тәртіппен қаралмаған, істерді 1 саты бойынша қарау кезінде шығарылған шешімдеріне, қаулыларына,
ұйғарымдарына;
-
облыстық соттардың қадағалау алқаларының қаулыларына қадағалау наразылықтыры және ұсынымдары бойынша істерді қарайды.
ҚР Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының істі 1 сатыда қарау кезінде шығарған шешімдеріне, қаулыларына, ұйғарымдарына:
- ҚР Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі алқасыныңістерді апелляциялық және қадағалау тәртібімен қарау кезінде шығарған қаулыларына;
- ҚР Жоғарғы Соты қадағалау алқасының қадағалау наразылықтары мен ұсынымдары бойынша істерді қарайды.Материалдық нормалардың не іс жүргізу құқығының бұзылуы соттың заңды күшіне неген шешімдерін, ұйғарымдарын, қаулылырын қадағалау тәртібімен қайта қарауға негіз болады. Соттың шешімі, ұйғарымы, қаулысы заңды күшіне неген күннен бастап 1 жыл ішінде қадағалау шағымын, наразылығын беруге болады. Наразылықтың мазмұны:
- наразылық келтіріп отырған соттың атауы болуы тиіс;
- наразылық келтіріп отырған сот актілері көрсетілуі керек;
- сот актілері шығарылған істің мәні баяндалуы тиіс;
- материалдық құқық нормаларының дұрыс қолданылмауы немесе дұрыс түсіндірілмеуі немесе заңсыз сот актісінің шығарылмауына әкеп соққан, соттактісі шығарылған негізге алынған нормативтік құқықтық актіні ҚР Конституциялық Кеңесі Конституциялық емес деп тануы көрсетілуге:
- наразылық келтірілген лауазымды адамның ұсынысы немесе қорытындысы болуға тиіс.
Ал қадағалау шағымында мыналар көрсетілуге тиіс:
- шағым қолданатын лауазымды адамның аты – жөні;
- шағым беруші тұлғаның атауы, оның тұрғылықты жері немесе орналасқан орны және істегі іс жүргізу жағдайы;
- сот шешімінің, ұйғарымының, қаулысының мазмұны, сондай – ақ тұрғылықты жерін немесе орналасқан орны көрсетіле отырып іске қатысушы тұлғалар аталуға;
- істі 1 – ші, апелляциялық сатыларды қарайтын соттар және олар қабылдаған шешімнің мазмұны;
- шағым жасалып отырған, наразылық келтіру ұсынылатын сот шешімі, ұйғарымы, қаулысы көрсетілуге;
- сот қаулысының заңсыздығы немесе негіздігі неде екені және шағым беруші тұлғаның не өтінетіні көрсетілуге тиіс.
Қадағалау шағымына шағым берген тұлға немесе оның өкілі қол қоюға тиіс. Өкіл берген қадағалау шағымына сенімхат немесе өкілдің өкілеттігін куәландыратын басқа да құжат қоса тіркелуі тиіс. Шағымға іс бойынша шығарылған шешімнің, ұйғарымның, қаулыныңсот куәландырған көшірмелері қоса тіркелге тиіс. Облыстық және оларға теңестірілген соттарда қадағалау шағымын алдын – ала қадағалауды осы сот төрағасының тапсырмасы бойынша қадағалау алқасының судьясы ол келіп түскеннен бастап 15 тәулік ішінде жеке – дара жүзеге асырады. ҚР Жоғарғы Сотында қадағалау шаағымдарын алдын – ала қарау осы сот Төрағасының тапсырмасы бойынша ол келіп түскен күннен бастап 15 күн ішінде тиісті алқаларда жүзеге асырылады. Қадағалау шағымының алдын – алу қарау мерзімін дәлелді себептер болса, тиісті соттың төрағасы не тиісті сот алқасының төрағасы 1 айдан аспайтын мерзімге ұзарта алады.Қадағалау шағымын алдын – ала қараудың нәтижелері бойынша мынандай шешімдердің біреуі қабылданады:
- шағым жасалған сот актілерін қадағалау тәртібімен қайта қарау туралы;
- шағым жасалған сот актіларін қайта қараудан бас тарту туралы;
Шағым жасалған сот актісін қайта қарау туралы ұсынымды:
ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасының – облыстық соттық қадағалау алқасына, ҚР Жоғарғы Сотының алқасына және ҚР Жоғарғы Соты алқасының төрағасы – облыстық соттың қадағалау алқасына, ҚР Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі алқасына; сондай – ақ облыстық соттың қадағалау алқасының судьялары – осы соттың қадағалау алқасына енгізеді.Қадағалау сатысындағы іс ол келіп түскен күннен бастап 1 ішінде қаралуға тиіс, әйтсе де дәлелді себептер болған жағдайда мерзім қадағалау сатысының негізді қаулысымен ұзартылуы мүмкін. ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы, Бас Прокуроры және олардың орынбасардары өз құзыреті шегінде істі сұратып алумен бір мерзімде қадағалау тәртібімен тексеру үшін сот актісінің орындалуы 3 айдан аспайтын мерзімге тоқтата тұруға құқылы.
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
-
Соттық қадағалау тәртібімен сот актілерін қайта қарау сатысының мәні және маңызы
-
Заңды күшіне енген сот актілеріне шағым жасауға, наразылық келтіруге құқығы бар тұлғалар
-
Қадағалау шағымы
-
Қадағалау шағымын сотта алдын – ала қарау және оның іс жүргізушілік салдары
Ұсынылатын әдебиет
1. Баймолдина З.Х. Доказывание и доказательства в гражданском судопроизводстве: Научно-практическое пособие. Алматы: Жеті жарғы, 2001.
2. Баймолдина З.Х. Исковой порядок защиты прав в суде: Научно-практическое пособие. Алматы: Жеті жарғы, 2001.
3. Баймолдина З.Х. Разбирательство гражданских дел в суде первой инстанции: Научно-практическое пособие. Алматы: Жеті жарғы, 2001.
4. Викут М.А., Зайцев И.М. Гражданский процесс России: Учебник. М.: Юристъ, 1999.
5. Гражданский процесс: Учебник / Под ред. В.А. Мусина, Н.А. Чечиной, Д.М. Чечота. М.: ТОО “Фирма ГАРДАРИКА”, 1996.
6. Гражданское процессуальное законодательство: Комментарий / Под ред. М.К. Юкова. - М.: Юрид. лит., 1991.
12 Тақырып. Заңды күшіне енген шешімдерді, ұйғарымдарды және қаулыны жаңадан анықталған мән – жайлар бойынша қайта қарау жөніндегі іс жүргізу.
1.Соттың ұғымы және оның негіздері.
2. Қарау және қадағалау тәртібі бойынша қараудың айырмашылығы.
3. Іс жүргізу тәртібі.
1. ҚР АІЖК – нің 404-409 баптары заңды күшіне енген шешімдерді, ұйғарымдар мен қаулаларды жаңадан анықталған мән – жайлар бойынша қайта қарау жөніндегі іс жүргізу тәртібін реттейді. Азаматтық іс жүргізу құқығы істі сотта қадағалау тәртібімен қатар заңды күшіне енген сот шешімдерін, ұйғарымдарын және қаулыларын қайта қараудың екінші нысаны болып табылатан жаңадан анықталған мән – жйлар бойынша істерді қайта қарау ерекше тәртібін көздейді. Осы екі нысанның өз ара айырмашылығын прцессуалистер ең бастысы істерді қайта қарау мен әдістері бойынша жүргізеді.Сот шешімін, ұйғарымдарын және қаулыларын жаңадан анықталған мән – жайлар бойынша қайта қарау – азаматтық процестің дербес сатысы.ҚР АІЖК –сі бойынша заңды күшіне енген шешімдерді, ұйғарымдар мен қаулыларды жаңадан анықтаған мән – жайлар бойынша қайта қарау жөніндегі болып мыналар табылады:
- арыз берушіге белгілі болмаған және белгілі бола алмаған іс үшін елеулі мән – жайлар;
- заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленген, заңсыз не негізсіз шешім шығаруға әкеп соққан, куәнің көрінеу жалған жауаптары, сарапшының көрінеу жалған қорытындысы, көрінеу дұрыс аудармау, құжаттардың не заттай дәлелдемелердің жалғандығы;
- заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленген, тараптардың, іске қатысушы басқа адамдардың, не олардың өкілдерінің қылмысты әрекеттері немесе судьялардыңсол істі қарау негізінде жасаған қылмысты әрекеттері;
- белгілі бір шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны шығаруға негіз болған сот шешімінің, үкімінің немесе қаулысының не өзге де орган қаулысының күшін жою.
Сондықтан мұнда жаңа емес ал жаңадан анықталған мән – жайлар туралы айтылады, яғни сотта іс қарау кезінде белгілі болған іс үшін елеулі мән – жайлар туралы айтылады. Жаңадан анықталған мән – жайлар бұл сотта істі қарау кезінде болған және оны шешу үшін елеулі маңызы бар, арыз беруші не сотқа белгілі болмаған және белгілі бола алмаған, сондай – ақ осы іске қатысушы адамдардың құқықтары мен міндеттерініңғ пайда болуына,өзгеруіне немесе қысқартылуына әсер ететін заңды фактілерді айтамыз. Егер де жаңадан анықталған мән – жайлар сотқа шешім шығару кезінде бергілі болғанда, онда ол сол іс бойыншасоттың қорытынды шешіміне әсерін тгізеді. Егер соттың швғарған шешімінің негізділігіне әсер тигізетін жаңа дәлелдемелер анықталса, онда ол істі қадағалау тәртібі бойынша қайта қарауға негіз болып табылады. Сот шешімдерін ұйғарған және қаулыларын жаңалан анықталған мән – жайлар бойынша қайта қарауға негіз болған мән – жайлар дәлелденуі қажет, себебі осы сот актілерін қайта қарау туралы арызды шешетін сот қайта қарау үшін негіз бар- жоғын анықтауға тиіс.
2. Сот шешімдерін, қаулыларын, ұйғарымдарын жаңадан анықталған мән – жайлар юойынша қараудың және қадағалау тәртібі бойынша қайта қараудың бір – бірінен мынандай айырмашылығы бар:
- қайта қарау негіздері бойынша ( АІЖК 387- бап).
- қайта қарау объектісі бойынша
- істі қайта қарау туралы сұрақты тудыратын құқығы бар тұлғалар бойынша
- ісіті қайта қарайтын сот өкілеттігі бойынша
- істі қайта қараудың прокурорлық тәртібі бойынша.
Сот шешімін, ұйғарымын, және қаулыларын жаңадан анықталған мән – жайлар бойынша осы сот актілерін шығарған сот қайта қарайды, ол қадағалау тәртібі бойынша шығарған сот актісін қайта қарауды әр кезде жоғары тұрған сот жүзеге асырады.
3. Жаңадан аталған мән – жайлар бойынша істі қайта қарау жөнінде іс жүргізуді қозғау құқығы іске қатысқан (тараптар, үш – ші тұлғалар т.б) адамдарға, сондай – ақ прокурорға берілген. Олар арызды ұйғарым немесе қаулы шығарған сотқа беріледі. Іске қатысушы адамдар қайта қарау үшін негіз болатын мән – жайлар анықталған күннен бастап 3 ай ішінде сотқа арыз бере алады.Дәлелді себептер бойынша өткізіліп алынған мерзім жалпы тәртіп бойынша сотпен қалпына келтірілуі мүмкін. Прокурор үшін жаңадан анықталған мән – жайлар бойынша іс жүргізуді қозғау мерзімімен шектелмейді. Шешімді, ұйғарымды немесе қаулы жаңадан аталған мән жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды қайта қарайтын соттар:
- бірінші сатыдағы соттың заңды күшіне енген шешімін жаңадан анықталған мән – жайлар бойынша осы шешімді шығараған сот қайта қарайды;
Бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгерткен немесе жаңа шешім шығарған апелляциялық немесе қадағалау сатыларындағы ұйғарымдарды, шешімдерді, қаулыларды жаңадан анықталған мән – жайлар бойынша қайта қарауды шешімді өзгерткен немесе жаңа шешім шығарған сот жүргізеді. Жоғарыда аталған соттар жаңадан анықталған мән – жайлар бойынша шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны қайта қарау туралы арызды сот отырысында қарайды. Арыз берушіге және іске қатысушы адамдарға отырыстың өткізілетін уақыты мен орны туралы азаматтық іс жүргізу заңымен белгіленген жалпы ережелер бойынша хабарланады, алайда олардың келмеуі арызды қарауға кедергі болмайды. Істі жаңадан аяқталған мән – жайлар бойынша қайта қараған сот заң тараптарын сақтай отырып сот ұйғарымын шығарады. Сот жаңадан аяқталған мән – жайлар бойынша шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны қайта қарау туралы арызды сот отырысында қараған соң келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:
1. арызды қанағаттандыру немесе шешімнің, ұйғарымның немесе қаулының күшін жою туралы;
2. арызды қайта қараудан бас тарту туралы;
Егер сот арызды қанағаттандыру және шешімнің, ұйғарымның немесе қаулының күшін жою туралы ұйғарым шығарса сот істі ҚР АІЖК –те белгіленген ережелер бойынша қарайды, ал арызды қанағаттандыру туралы сот ұйғарымын шағымдануға немесе наразылық келтірілуге жатпайды.Егер сот арызды қайта қараудан бас тарту туралы ұйғарым шығарса, онда жоғары тұрған сотқа шағымдануға немесе наразылық келтіруге құқылы.
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
-
Жаңадан анықталған мән – жайлар бойынша сот актілерін қайта қарау азаматтықпроцестің сатысы ретінде
-
Жаңадан анықталған мән – жайлар бойынша сот актілерін қайта қараудың негіздері
-
Жаңадан анықталған мән – жайлар бойынша сот шешімдерін, қаулыларын және ұйғарымдарын қайта қарайтын соттар
Ұсынылатын әдебиет
1. Баймолдина З.Х. Доказывание и доказательства в гражданском судопроизводстве: Научно-практическое пособие. Алматы: Жеті жарғы, 2001.
2. Баймолдина З.Х. Исковой порядок защиты прав в суде: Научно-практическое пособие. Алматы: Жеті жарғы, 2001.
3. Баймолдина З.Х. Разбирательство гражданских дел в суде первой инстанции: Научно-практическое пособие. Алматы: Жеті жарғы, 2001.
4. Викут М.А., Зайцев И.М. Гражданский процесс России: Учебник. М.: Юристъ, 1999.
5. Гражданский процесс: Учебник / Под ред. В.А. Мусина, Н.А. Чечиной, Д.М. Чечота. М.: ТОО “Фирма ГАРДАРИКА”, 1996.
13 Тақырып. Соттың жойылған сот ісін немесе атқару ісін жүргізуді қалпына келтіру туралы арызды қарау.
-
Жойылған сот ісін немесе атқару ісін жүргізу, қалпына келтіру туралы арызды беруге құқығы бар тұлғалар
-
Арыздың мазмұны
-
Арызды қозғалыссыз қалдыру, қабылдаудан бас тарту, арызды қайтару
-
Арыз бойынша соттың шешімі
-
Жойылған іс жүргізуді қалпына келтіру жөніндегі арыздар бойынша сот актілеріне шағым берудің тәртібі
1. Жойылған сот ісін немесе атқару ісін жүргізуді қалпына келтіру туралы іс іске қатысушы адамдардың не прокурордың арызы бойынша қозғалады . 2. Арызда: арыз беруші нақ қандай іс жүргізуді қалпына келтіруді өтінетіні, мәні бойынша соттың шешім қабылданғаны немесе іс бойынша іс жүргізу қысқартылғаны, онда арыз берушінің іс жүргізуде қандай жағдайда болғаны, іс бойынша тағы да кімдердің қатысқаны және іс жүргізуде қандай жағдайда болғаны, олардың орналасқан немесе тұратын жері, арыз берушіге жоғалған іс жүргізудің мән-жайларынан ненің белгілі екені туралы, іс жүргізу құжаттары көшірмелерінің немесе ол туралы мәліметтердің жатқан жері, нақты қандай құжаттарды арыз беруші қалпына келтіруді қажет деп есептейтіні, оларды қалпына келтіру қандай мақсат үшін қажет екені көрсетілуге тиіс. Сақталып қалған және іске қатысты құжаттар немесе олардың көшірмелері, тіпті олар белгіленген тәртіппен куәландырылмаса да, арызға қоса тіркеледі.
Жойылған істі қалпына келтіру туралы арызға мемлекеттік баж төленбейді.
Достарыңызбен бөлісу: |