6. Ерекше жүргізілетін істерді талап қою ережелері бойынша соттар қарайды. Бұндай істерді сот арыз беруші мен мүдделі адамдардың қатысуымен қарайды. Ерекше іс жүргізу тәртібімен қарайтын істерге мыналар жатады:
1) заңдық маңызы бар фактілерді анықтау;
2) азаматты хабар – ошасыз кетті деп тану туралы және азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы;
3) азаматты әрекетке қабілеті шектеулі немесе әрекетке қабілетсіз деп тану туралы;
4) азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы;
5) заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің банкроттығы туралы;
6) жылжымалы затты иесіз деп тану және жылжымайтын мүлікке комуналдық меншік құқығын тану туралы;
7) азаматтық хал актілері жазбаларының дұрыс еместігін анықтау туралы;
8) нотариаттық әрекеттерге немесе оларды жасаудан бас тартуға шағымдар бойынша;
9) бағалы қағаздар көрсетуші адамның жоғалған бағалы қағаздар және ордерлік бағалы қағаздар бойынша құқықтарын қалпына келтіру туралы;
10) бала асырап алу туралы істер жатады;
Егер істі ерекше іс жүргізу тәртібімен қарау кезінде соттың қарауына жататын құқық туралы дау туындаса, сот істі талап қою тәртібімен қарау туралы ұйғарым шығарады. Іс талап қою тәртібімен оның қозғалу орны бойынша қаралады. Арыз беруші мен басқа да мүдделі адамдарға сот белгілеген мерзімде орындау қажет екендігі түсіндіріледі. Егер де мүдделі адамның қарсылықтары болған жағдайда сот істі аумақтық сотта қарау ережелері бойынша басқа соттың қарауына беруі мүмкін. Сот ұйғарымы белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда арыз қаралмай қалдырылады, ал мүдделі адамға олардың жалпы негіздерде талап қою құқығы түсіндіріледі.
7.Сот адамның немесе ұйымдардың жеке немесе мүліктік құқықтарының туындауына, өзгеруіне немесе тоқтатылуна байланысты болатын фактілерді анықтайды. Ондай фактілерге:
- адамдардың туыстық қатынастарын;
- адамның біреудің асырауында болуы;
- тууды, асырап алуды, некелесуді, ажырасуды және қайтыс болуды тіркеу;
- мүлікті меншік, шаруашылық жүргізу және оралымды басқару құқықтарымен иелену, пайдалану және оған билік ету;
- жазатайым жағдай;
- азаматтық хал актілерін жазу органдары қайтыс болу оқиғасын тіркеуден бас тартқан жағдайда адамның белгілі бір уақытта белгілі бір мән – жайларда қайтыс болуы;
- мұрагерлік қабылдау және мұрагерліктің ашылу орны туралы істерді сот қарайды.
Сот арыз берушінің осы фактілерді куәландыратын тиісті құжаттарды өзге тәртіппен алуы мүмкін болмаған жағдайда, не жоғалған құжаттарды қалпына келтіруі мүмкін емес болған кезде ғана заңдық маңызы бар фактілерді анықтайды. Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы арыз берушінің тұрғылықты жеріндегі сотқа беріледі. Ал сот шешімі фактіні растайтын құжат болып табылады, ал мемлекеттік органдар тіркеуге тиісті фактіге қатысты алғанда оны тіркеу немесе ресімдеу үшін негіз болып табылады. Келесі ерекше іс жүргізу тәртібімен қарайтын іске – азаматты хабар – ошасыз кеткен азаматтың соңғы мәлім болған тұрғылықты жеріндегі сотқа беріледі. Арыз беруші – отбасы мүшелері, прокурор, қоғамдық бірлестіктер, қамқоршы мен қорғаушы орган және басқа да мүдделі адамдар болуы мүмкін. Судья арыз қабылдағаннан кейін іс қозғалғаны туралы арыз берушінің есебінен жергілікті газетте жарияланым беру туралы ұйғарым шығарады. Жарияланымда мыналар болуға тиіс:
- азаматты хабар – ошарсыз кетті деп немесе қайтыс болған деп жариялау туралы арыз келіп түскен соттың атауы.
- арыз берушінің атауы және оның тұрғылықты жері.
- жоқ адамның тегі, аты, әкесінің аты, туған жері мен соңғы жұмыс орны.
- азаматтың жүрген жерін білетін адамдарға жарияланым берілген күннен бастап 3 ай мерзімде сотқа ол туралы хабарлауды ұсыну.Бұндай істерге прокурор міндетті түрде қатысады, сондықтан сот істерді прокурордың қатысуымен қарайды. Хабар—ошарсыз кетті деп танылған немесе қайтыс болды деп жарияланған азамат келген немесе оның жүрген жері анықталған жағдайда сот жаңа шешіммен өзінің бұрын шығарған шешімінің күшін жояды. Бұл шешім АХАЖ кітәбіндегі оның қайтыс болуы туралы жазғаны жоюға негіз болып табылады. Келесі ерекше іс – азаматты әрекет қабілеттілігі шектеулі немесе әрекетке қабілетсіз деп таныну. Азаматтардың әрекет қабілеттігі шектеулі немесе әрекет қабілетсіз деп тану туралы арыз сол азамат тұратын жердегі немесе ол адам психоневрологиялық емдеу мекемесінде жатса, сол мекеме орналасқан жердегі сотқа беріледі. Арызда спирт ішімдіктерге немесе есірткі заттарға, өз әрекетінің нақты сипаты мен маңызын түсінбеуі немесе не істегенін білмеуі салдарынан азаматтың психикалық ауруы, ақылының кемістігін куәландыратын мән – жайлар жазылуға тиіс. Азаматтардың әрекет қабілеттігі шектеулі деп тану туралы арыз қабылдағаннан кейін судья процесте қозғалған іс бойынша азаматтардың мүддесін білдіру үшін ресми өкіл - адвокат тағайындалады, оның заңды өкіл өкілеттігі болады, әрі ол заң көмегін тегін көрсетеді. Арыз берушіні азаматтардың әрекет қабілеттігі деп тану туралы істі қарауға байланысты сот шығындарын төлеуден босатылады. Егер азаматты әрекет қабілеттігі шектеулі немесе әрекет қабілетсіз деп тануға негіздердің болмау фактісін анықтаса, онда сот арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім шығарады, және қамқоршы және қорғаншы органның әрекет қабілеттігі шектеулі азаматқа қорғаншы тағайындауына негіз болып табылады. Қамқоршы және қорғаншы орган әрекет қабілеттігі шектеулі немесе әрекет қабілетсіз азаматқа қорғаншы немесе қамқоршы тағайындалғаны туралы сотқа 10 күн ішінде хабарлауға тиіс. Келесі ерекше қаралатын іс – азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы істер жатады. Азаматты ауруханаға мәжбүрлеп жатқызу туралы арызды прокурор психиатр дәрігерлер комиссиясының психиатриялық стационарға болу қажеттігі туралы дәлелді қорытындысы қоса тіркеледі. Арызды азаматты ауруханаға мәжбүрлеп жатқызу туралы арыз психиатр дәрігерлер комиссиясы азаматты психиатрлық стационарға жатқызу қажеттігі туралы қорытынды шығарған кезден бастап 72 сағат ішінде беріледі. Судья арызды іс қозғалған кезден бастап 5 күн ішінде қарайды. Судья арызды мәні бойынша қарай келіп, шешім шығарады. Келесі жылжымалы мүлікті иесіз деп тану және жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншік құқығын жатқызамыз. Жылжымалы мүлікті иесіз деп тану туралы арыз осы мүлікті иеленуге кіріскен жеке тұлға тұратын жердегі немесе ұйым орналасқан жердегі сотқа беріледі. Арызда мүліктің иесіз деп тануға жататындығы көрсетілуге, оның негізгі ерекше белгілері сипатталуға, сол мүлікті меншік иесінің тастап кетуін куәландыратын дәлелдер келтірілуге тиіс. Жылжымалы мүлік иесінің болмауын не иесінің оған меншік құқығын сақтау ниетін көздемей тастап кеткенін тани отырып, сот жылжымалы мүлікті иесіз деп тану туралы және оны иеленуге кіріскен адамның меншігіне беру туралы шешім шығарады. Келесі іс – бала асырап алу туралы өтініштер бойынша іс жүргізу. Жасы кәмелетке толмаған ұл немесе қыз асырап алу туралы өтініш бала асырап алғысы келетін азаматтар баланың тұрғылықты жеріндегі аудандық және оған теңестірілген сотқа береді.
Баланы асырап алу туралы өтініште:
-
баланы асырап алушылардың аты – жөні, олардың тұрғылықты жері;
-
асырап алынатын баланың фамилиясы, аты, туған күні, айы, жылы, оның тұрғылықты жері, асырап алынатын баланың ата – аналары, аға – інілері мен апа – қарындасының бар – жоғы туралы мәліметтер;
-
бала асырап алушының баланы асырап алу жөніндегі негіздейтін мән – жайлар және осы мән – жайларды растайтын дәлелдемелер;
-
баланы асырап алушылар баланың туу туралы ант жазбасына тиісті өзгерістер енгізгісі келген жағдайда бала асырап алушыларды ата – аналар ретінде жазу туралы өтініш көрсетілуге тиіс.Бала асырап алу туралы істерді сот баланы асырап алушылардың өздерінің, қамқоршы және қорғаншы орган өкілдерінің, сондай – ақ прокурордың міндетті түрде қатысуымен қарайды, әрі сот жабық отырыста қаралады. Судья бұл іс бойынша шешім шығарады.Келесі іс – нотариаттық іс - әрекеттерге немесе оларды жасаудан бас тартуға жасалатын шағымдар жатады.
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
-
Ерекше талап қоюмен іс жүргізудің түсінігі және мәні
-
Ерекше талап қоюмен жүргізілетін істерді қарау және шешу кезінде сот ісін жүргізудің жалпы ережелерін қолдануы
-
Нормативтік құқықтық актілердің заңдылығына орай дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу
-
Органдар мен лауазымды тұлғалардың актілері мен әрекеттерін заңсыз деп тану туралы прокурордың жүгінуі
-
Ерекше іс жүргізудің түсінігі және мәні
-
Ерекше жүргізілетін істерді қараудың тәртібі
-
Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер бойынша іс жүргізу
-
Заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкердің банкроттығы туралы істер бойынша іс жүргізу
Ұсынылатын әдебиет
1. Баймолдина З.Х. Доказывание и доказательства в гражданском судопроизводстве: Научно-практическое пособие. Алматы: Жеті жарғы, 2001.
2. Баймолдина З.Х. Исковой порядок защиты прав в суде: Научно-практическое пособие. Алматы: Жеті жарғы, 2001.
3. Баймолдина З.Х. Разбирательство гражданских дел в суде первой инстанции: Научно-практическое пособие. Алматы: Жеті жарғы, 2001.
4. Викут М.А., Зайцев И.М. Гражданский процесс России: Учебник. М.: Юристъ, 1999.
5. Гражданский процесс: Учебник / Под ред. В.А. Мусина, Н.А. Чечиной, Д.М. Чечота. М.: ТОО “Фирма ГАРДАРИКА”, 1996.
6. Гражданское процессуальное законодательство: Комментарий / Под ред. М.К. Юкова. - М.: Юрид. лит., 1991.
8 Тақырып . Бұйрық арқылы іс жүргізу және сот бұйрығы.
-
Бұйрық арқылы іс жүргізу түсінігі, сот бұйрығын шығару талаптары
-
Сот бұйрығын шығару туралы арыз (нысаны мен мазмұны, қабылдау мен бас тарту, кемшілігін жою)
-
Сот бұйрығы, сот бұйрығының мазмұны
-
Сот бұйрығының күшін жою
-
Өндіріп алушыға сот бұйрығын беру және оны орындау
1. Сот бұйрығы өндіріп алушының ақшалай сомаларды өндіріп алу немесе мүлікті борышкерді немесе өндіріп алушыны олардың түсіндірмелерін тыңдау үшін шақырмай-ақ және сотта іс қарамай-ақ, даусыз талаптар бойынша борышкерден талап ету туралы арызы бойынша шығарылған судьяның актісі болып табылады. Сот бұйрығының мазмұны АІЖ Кодекстің 146-бабымен белгіленеді. Сот бұйрығының атқарушылық құжат күші болады. Ол бойынша өндіріп алу бұйрық берілгеннен кейін және сот шешімдерін атқару үшін белгіленгентәртіпте жүргізіледі. Сот бұйрығы:
- егер талап нотариатта куәландырылған мәмілеге негізделсе;
- егер талап жазбаша мәмілеге негізделсе және оны жауапкер таныса;
- егер талап төленбеген вексельге, акцептің болмауына және нотариус жасаған акцептің күні белгіленбеуіне білдірілген наразылыққа негізделсе;
- егер әкеліктің белгіленуіне немесе үшінші тұлғаларды тарту қажеттігіне қатысы жоқ, кәмелетке толмаған балалар үшін алименттерді өндіріп алу туралы талап мәлімделген болса;
- егер азаматтардан және заңды тұлғалардан салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша бересіні өндіріп алу туралы талап мәлімделген болса;
- егер қызметкерге аударылған, бірақ төленбеген жалақы мен өзге де төлемдерді өндіріп алу туралы талап мәлімделген болса;
- егер жауапкерді немесе борышкерді іздестіру жөніндегі шығындарды өндіріп алу туралы талаптарды ішкі істер органдары немесе қаржы полициясы мәлімдеген болса;
- егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес лизинг нысанасын даусыз талап ету туралы талап мәлiмделген болса;
- егер кепіл беруші-борышкерге кепілге салынған затынан өндіріп алу туралы ломбардтың талабы мәлімдеген болса, шығарылады.
2. Сот бұйрығын шығару туралы арыз осы Кодекстің 3-тарауында белгіленген соттылықтың жалпы ережелері бойынша сотқа беріледі.Арыз жазбаша нысандаберіледі.Арызда:
- арыз берілетін соттың атауы;
- өндіріп алушының аты, оның тұрғылықты жері немесе тұрған жері, заңды тұлғаның реквизиттері;
- борышкердің аты, оның тұрғылықты жері немесе тұрған жері, заңды тұлғаның реквизиттері;
- өндіріп алушының талаптары және ол негізделген мән-жайлар;
- мәлім етілген талаптарды растайын қоса тіркелетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс. Мүлік талап етілген жағдайда арызда осы мүліктің құны көрсетілуге тиіс. Арызға өндіріп алушы немесе оның өкілі қол қояды. Өкіл беретін арызға оның өкілеттігін куәландыратын құжат қоса тіркелуге тиіс.
Судья сот бұйрығын шығару туралы арызды осу Кодекстің 153, 154-баптарында көзделген негіздер бойынша қабылдаудан бас тартады немесе қайтарады. Сонымен бірге, судья арызды, егер:
- мәлім етілген талап осы Кодекстің 140-бабымен көзделмесе;
- борышкер Қазақстан Республикасы соттарының юрисдикциясы шегінен тыс болса;
- мәлім етілген талапты растайын құжаттар табыс етілмесе;
- табыс етілген құжаттар негізінде шешу мүмкін емес құқық туралы даулардың болуы көзделсе;
- арыздың нысаны мен мазмұны осы Кодекстің 141-бабының талаптарына сай келмесе;
- арызға мемлекеттік баж төленбесе, қайтарады.
Судья сотқа арыз түскен күннен бастап үш күн мерзім ішінде өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарым шығарады. Арыз берушінің талап қою бойынша іс жүргізу тәртібімен осы талап бойынша талап арызды қою мүмкіндігіне өтінішті қабылдаудан бас тарту кедергі келтірмейді.
Судья сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдауға және, егер арыз осы Кодекстің 141-бабының талаптарына сай келмесе немесе мемлекеттік баж төленбесе, өз ұйғарымымен өндіріп алушыға, кемшіліктерді жою немесе мемлекеттік бажды төлеу үшін үш күннен аспайтын мерзім белгілеуге құқылы. Егер өндіріп алушы судьяның нұсқауларына сәйкес ол белгілеген мерзімде кемшіліктерді жойса, мемлекеттік бажды төлесе, арыз оны сотқа алғаш тапсырған күні берілген деп есептеледі. Олай болмаған жағдайда судья осы Кодекстің 143-бабының екінші бөлігіне сәйкес арызды қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарым шығарады.
3.Сотбұйрығында:
- жүргізілетін істің нөмірі және бұйрықтың шығарылған күні;
- соттың атауы, бұйрық шығарған судьяның тегі және аты-жөні;
- өндiрiп алушының тегi, аты және әкесiнiң аты (eгep ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетiлген болса), оның тұрғылықты жерi немесе тұрған жерi, оның тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенi туралы мәлiметтер мен салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi немесе, егер өндiрiп алушы заңды тұлға болып табылса, оның атауы, нақты тұрған жерi не бiрыңғай Мемлекеттiк тiркелiмнен мәлiметтер, банк реквизиттерi мен салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
- борышкердiң тегi, аты және әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетiлген болса), оның тұрғылықты жерi немесе тұрған жерi, оның тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенi туралы мәлiметтер, оның жұмыс орны туралы мәлiметтер мен жұмыс орнының банк реквизиттерi (eгep сот бұйрығын шығару туралы арызда көрсетiлген болса), оның банк реквизиттерi мен салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi (eгep сот бұйрығын шығару туралы арызда көрсетiлген болса) немесе, егер борышкер заңды тұлға болып табылса, оның атауы, нақты тұрған жерi не бiрыңғай Мемлекеттiк тiркелiмнен мәлiметтер (eгep сот бұйрығын шығару туралы арызда көрсетiлген болса), банк реквизиттерi мен салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
- талапты қанағаттандыруға негіз болған заң;
- өндіріп алынуға жататын ақша соммаларының мөлшері немесе оның құны көрсетіле отырып, талап етілуге жататын мүліктің белгіленуі;
- егер оны өндіріп алу заңмен немесе шартпен көзделсе, тұрақсыздық айыбының мөлшері;
- борышкерден өндіріп алушының пайдасына немесе жергілікті бюджетке өндіріп алынуға жататын мемлекеттік баждың сомасы;
- сот бұйрығына шағым берудің мерзімі мен тәртібі көрсетіледі.
Кәмелетке толмаған балаларға алимент өндіріп алу туралы сот бұйрығында осы баптың кейбір тармақшаларында көзделген мәліметтерден басқа, борышкердің туған күні мен туған жері, оның жұмыс орны, оларды күтіп-бағуға алимент алып берілетін әрбір баланың аты мен туған күні, борышкерден ай сайын өндіріп алынатын төлемдердің мөлшері және оны өндіріп алудың мерзімі көрсетіледі. Сот бұйрығына судья қол қояды.
4. Егер борышкерден белгіленген мерзімде мәлім етілген талапқа келіспеген қарсылық түссе, судья сот бұйрығының күшін жойып, ол туралы ұйғарым шығарады. Сот бұйрығының күшін жою туралы ұйғарымда судья өндіріп алушы мәлім еткен талаптың талап қою бойынша іс жүргізу тәртібімен қойылуы мүмкін екенін түсіндіреді. Сот бұйрығының күшін жою туралы ұйғарымның көшірмесі оны шығарғаннан кейін үш күннен кешіктірілмей тараптарға жіберіледі. Егер борышкер болмаған жағдайда, құқықтары мен міндеттері сот бұйрығымен қозғалған тұлғадан шығарылған сот бұйрығының заң талаптарына сәйкес келмейтіндігі туралы арыз келіп түссе, судья сот бұйрығының күшін жояды. Сот бұйрығының күшiн жою туралы қаулы шағымдануға немесе наразылық келтiруге жатпайды.
5. Егер белгіленген мерзімде борышкерден сотқа қарсылық келіп түспесе, судья өндіріп алушыға оны орындауға көрсету үшін соттың мөрімен куәландырылған сот бұйрығын береді. Өндіріп алушының өтінуі бойынша сот бұйрығы тікелей соттың орындауы үшін жіберілуі мүмкін. Жергілікті бюджеттің кірісінде борышкерден мемлекеттік бажды өндіріп алу үшін соттың мөрімен куәландырылған сот бұйрығының жеке данасы тікелей соттың орындауы үшін жіберіледі. Өндіріп алушыға берілген сот бұйрығының көшірмесі сот жүргізетін істе қалады. Сот бұйрық шығарғаннан кейін судья тапсыру туралы хабарлай отырып, оның көшірмесін дереу борышкерге жібереді. Борышкер сот бұйрығының көшірмесін алған күннен бастап он күн мерзімде байланыстың кез келген құралдарын пайдалана отырып, мәлімделген талапқа келіспеген қарсылығын бұйрық шығарған сотқа жіберуге құқылы.
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
1.Бұйрық арқылы іс жүргізудің түсінігі.
2.Сот бұйрығы шығарылатын талаптар.
3.Сот бұйрығын шығару туралы арыз.
4.Сот бұйрығы, сот бұйрығының мазмұны.
5.Өндіріп алушыға сот бұйрығын беру және оны орындау.
Ұсынылатын әдебиет
1. Баймолдина З.Х. Доказывание и доказательства в гражданском судопроизводстве: Научно-практическое пособие. Алматы: Жеті жарғы, 2001.
2. Баймолдина З.Х. Исковой порядок защиты прав в суде: Научно-практическое пособие. Алматы: Жеті жарғы, 2001.
3. Баймолдина З.Х. Разбирательство гражданских дел в суде первой инстанции: Научно-практическое пособие. Алматы: Жеті жарғы, 2001.
4. Викут М.А., Зайцев И.М. Гражданский процесс России: Учебник. М.: Юристъ, 1999.
5. Гражданский процесс: Учебник / Под ред. В.А. Мусина, Н.А. Чечиной, Д.М. Чечота. М.: ТОО “Фирма ГАРДАРИКА”, 1996.
6. Гражданское процессуальное законодательство: Комментарий / Под ред. М.К. Юкова. - М.: Юрид. лит., 1991.
9 Тақырып. Апелляциялық сатыдағы сотта іс жүргізу.
1.Заңды күшіне енбеген сот актілеріне апелляциялық шағым беру, наразылық келтіру тәртібі мен мерзімі.
2. Апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша істерді қарау.
1. Осы тарауда көзделген ережелерге сәйкес заңды күшіне енбеген, ҚР Жоғарғы Сотының шешімдерінен басқа, бірінші сатыдағы сот шешімдеріне апелляциялық тәртіппен шағым мен наразылық жасалуы мүмкін. Апелляциялық сатыдағы сот (ағыл. Court appellate jurisdiction)- заңды күшіне енбеген, ҚР Жоғарғы Сотының шешімдерінен басқа, бірінші сатыдағы сот шешімдеріне апелляциялық шағым мен наразылықты қарайтын екінші сатыдағы (жоғары тұрған) сот апелляциялық сатыдағы сотта істер бірінші сатыдағы сотта істер қарау ережесі бойынша АІЖК – нің ерекшеліктерімен қаралады. Апелляция – бір қатар мемлекеттерде (қылмыстық және азаматтық істер бойынша) сот қаулысына шағымданудың бір нысаны, тараптардың шағымдары бойынша және шағымда көзделген талап шегінде істі мәні бойынша қарайтын екінші сатыдағы сот. Бұл ұғымның екі мағынасы бар: істі қараған төменгі сот қаулысын қайта қарату мақсатында жоғары тұрған (апелляциялық) сотқа жүгіну; жоғары тұрған сотқа шағым, онда қате немесе әділетсіз төменгі тұрған сот қаулысын өзгерту немесе күшін жою тұрады дәлелді өтініш. Сот шешіміне жазбаша нысанда апелляциялық шағым мен наразылық берілуі мүмкін. Сот шешіміне апелляциялық шағым жасау құқығы іске қатысушы тараптар мен басқа да тұлғаларға тиесілі. Сот шешіміне апелляциялық наразылық келтіру құқығы істі қарауға қатысушы прокурорға тиесілі. Жалпы ереже бойынша ҚР –ның Бас Прокуроры мен оның орынбасарлары, облыс прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарлары өздерінің құзіреті шегінде істі қарауға қатысуына қарамастан сот шешіміне наразылық келтіруге құқылы.
ҚР АІЖҚ 332- бап 4- бөлігіне сәйкес іске қатысуға тартылмаған, бірақ сот құқықтары мен міндеттері жөнінде шешім қабылдаған тұлғалар да (мысалы, үшінші тұлғалар) апелляциялық шағым беруге құқылы. Апелляциялық шағымдар, наразылықтар шешім, қаулы шығарған сот арқылы іске қатысушы тұлғалардың санына қарай көшірмелермен қоса беріледі. Егер судья қажет етсе апелляциялық шағымға немесе наразылықты берген тұлғаны апелляциялық шағымға немесе наразылыққа қоса тіркелген жазбаша айғақтардың іске қатысушы тұлғалардың санына қарай көшірмелерін беруге міндеттей алады. ҚР АІЖК 334- бап 3 бөлігіне сәйкес апелляциялық шағым немесе наразылық, ҚР – ның Жоғарғы Сотының шешімдеріне басқа, бірінші сатыдағы сот түпкілікті түрде шешім шығарғаннан кейін 15 (он бес) күн ішінде берілуі мүмкін. Себебі осы мерзім өткеннен кейін бірінші сатыдағы сот шешімі заңды күшіне енеді. Ал ҚР –ның Жоғарғы Сотының істі бірінші сатыдағы сот ретінде қараған кезде шығарған қаулылары апелляциялық тәртіппен шағымдануға, наразылық келтіруге жатпайды және олар жария етілген күннен бастап күшіне енеді.
2.Бірінші сатыдағы соттың апелляциялық шағымды, наразылықты алғаннан кейін:
- шағымның, наразылықтың және оған қоса тіркелген жазбаша дәлелдемелердің көшірмелерін келесі күннен кешіктірмей іске қатысушы адамдарға жібереді;
- шағымдануға, наразылық келтіруге белгіленген 15 күн мерзім өткеннен кейін істі апелляциялық сатыға жібереді;
- іске қатысушы адамдарды істі апелляциялық сатыда қараудың орны мен уақыты туралы тиісінше хабарлайды. Істің апелляциялық сатыда қаралатын күні туралы хабар іс апелляциялық сатыдағы сот отырысына қатысуқұқығын пайдаланудың нақты мүмкіндігіне ие болатындай есеппен берілуге тиіс. Апелляциялық шағымдануға, наразылық келтіруге 15 күн мерзім өткенге дейін істі соттан ешкім талап ете алмайды. Іске қатысушы тұлғалар сотта іс материалдарымен, сондай – ақ келіп түскен шағымдармен және оларға білдірілген қарсылықтармен танывуға құқылы. Осы апелляциялық шағымдар мен наразылықтарды қарайтын соттар:
- аудандық және оларға теңестірілген соттар шығарған шешімдерге облыстық және оған теңестірілген соттың азаматтық істер жөніндегі алқасы;
- облыстық және оларға теңестірілген бірінші сатыдағы соттар шығарған шешімдерге – ҚР Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі алқасы.
Апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша апелляциялық сатыдағы сот:
- істе бар және қосымша табыс етілген материалдар бойынша істің нақты мән – жайы анықталуының;
- материалдық құқық нормаларының қолданылуы мен түсіндірілуінің дұрыстығын;
- істі қарау мен шешу кезінде азаматтық іс жүргізу заңы нормаларының сақталуын тексереді. Апелляциялық сатыдағы сот құрамы кем дегенде 3 судьядан тұрады, бірінші сатыда қабалданған ҚР АІЖК –тің 237- бабындв аталған істер бойынша шешімдерден басқа, шешімнің орындалуын тоқтата тұрады.(ҚР АЖІК 343- бап) Істі апелляциялық тәртіппен қарау кезінде сот бірінші сатыдағы сот шешімінің заңдылығы мен негізділігін толық көлемінде тексеріледі. (ҚР АІЖК 345-бап 1) Апелляциялық сатыдағы сот мәлімделген талап қою шегінде жаңа фактілерді анықтап, тараптың дәлелді себептер бойынша бірінші сатыдағы сотқа беруге нақты мүмкіндігі болмаған жаңа дәлелдемелерді зерттей алады.(ҚР АІЖК 335-6 345-6 2-6). Апелляциялық сатыдағы сот шағымды немесе наразылықты қозғалыссыз қалдыру (ҚР АІЖК 336-6), қайтару (ҚР АЖІК 337-6) мүмкін. Апелляциялық шағым берген тұлға апелляциялық сатыдағы сот қаулы шығарғанға дейін одан бас тартуға, ол наразылық келтірген прокурор немесе жоғары тұрған прокурор наразылықты кері қайтарып алуға құқылы. Одан кейін шешгімге басқа адамдар шағым жасамаса немесе жоғары тұрған прокурор наразылық келтірмесе, сот шағымнан бас тартуды және наразылықты қайтарып алуды қабылдау туралы апеляциялық іс жүргізуді қысқартатын қаулы шығарады. Іс апелляциялық сатыда ол бірінші сатыдағы соттан келіп түскен күннен бастап 1 айлық мерзімнен кешіктірілмей таралуға тиіс. Апелляциялық сатыдағы сотта іс жүргізу ҚР АІЖК- тің 41 тарауында көзделген ережелер бойынша жүзеге асырылады. Апелляциялық сатыдағы соттың отырысына іс бойынша қорытынды беретін прокурор міндетті түрде қатысады.
Апелляциялық сатыдағы сотта істі талқылау бөлімдері: сот отырысын ашу. Төрағалық етуші сот отырысын ашып, қандай іс, кімнің шағымы немесе наразылығы бойынша және қай соттың шешімі қаралып отырғанын, сондай - ақ апелляциялық сатыдағы соттың құрамын және егер істің қаралуына қатысып отырса, прокурорды, сарапшыларды, сарапшыларды, мамандарды, аудармашылады хабарлайды.
Достарыңызбен бөлісу: |