Б. О. Сабатаева туризм инфрақҰрылымы оқулық



Pdf көрінісі
бет36/153
Дата06.03.2024
өлшемі2.79 Mb.
#494605
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   153
suraganova turizm inf

Гастрономиялық мекемелер
Туристік индустрияның тамақтану кəсіпорындарын сынып-
тау үшін төмендегі критерийлер қатары қолданылады, оның 
ішіндегі ең маңыздылары: 
1. Сауда – өндірістік қызметінің сипаты;
2. Орналасқан жері;
3. Қызмет көрсетілетін клиенттердің (қонақтардың) контин-
генті;
4. Өнім сұрыпталымы (мамандандыру);
5. Сыйымдылығы;
6. Қызмет көрсету түрі;
7. Жұмыс істеу уақыты; 
8. Қызмет көрсету көрсеткіші. 
Сауда-өндірістік қызметінің сипаты
Барлық тамақтану кəсіпорындарының келесі түрлерге бөлі-
неді: мейрамхана, бар, буфет, дəмхана, асхана жəне т.б. 


71
Тамақтану кəсіпорнының əр түрінің осы классификациялау 
белгісіне байланысты оған сəйкес тағамдар мен сусындардың түр-
түрі, қолданылатын қызмет көрсету түрлері мен қатар олардың 
орналасқан жері, клиенттердің қызмет көрсетілетін контенгенті –
сыныптаманың басты критерийлерінің бірі. 
Мейрамхана – қонақтарға тағамдар, сусындар, онымен 
қоса, фирмалық жəне күрделі даярланған кондитерлік өнім-
дердің кең сұрыпталымын ұсынатын тамақтану кəсіпорны. 
Мейрамханалардағы қызмет етудің жоғары деңгейі білікті аспаз-
шылармен, даяшылармен, метродетелдермен қамтамасыз етіледі
жəне демалыс пен көңіл көтеру шараларын ұйымдастырады. 
Кафе – қонақтарға тағамдар мен сусындардың, ұннан 
жасалған кондитерлік өнімдердің, қышқылдығы жоғары сүт 
өнімдерінің, демалыс пен көңіл көтеру шараларымен қоса 
шектеулі сұрыпталымын ұсынатын тамақтану кəсіпорны. 
Көптеген қонақүй кешендері өз құрылымында мейрамханалар-
мен қатар кішігірім кафе болғанын қалайды.
Бар – қонақтарға сусынның түр-түрін, десерт, тəтті тағамдар 
мен дəмтатымдарды ұсынатын маманданған тамақтану кəсіп-
орны. Барда жайлы демалуға, əуендер тыңдауға мүмкіндік бар. 
Буфет – сол жерде тұтынуға арналған суық дəмтатымдардың, 
бутербродтар, сусындар, тоқаштар мен кондитерлік өнімдердің, 
дайындалуы күрделі емес тəтті тағамдардың шектеулі 
сұрыпталымын сатылымға шығарады. Буып-түйілген өнімдерді 
өзімен бірге алып кетуге, сонымен қатар сатылымдағы тауарлар-
ды сыртқа сатылымға шығаруға рұқсат етіледі. Қонақүйлерде 
электрплиталарымен, тоңазытқыштармен, тоңазытатын сатушы 
сөрелерімен, кофеқайнатқыш жəне олардан басқа заманға сай 
жабдықтармен қамтылған буфеттер жұмыс істейді. 
Дəмхана – даярлануы күрделі емес тағамдар мен 
дəмтатымдарды, сорпаларды, салқын жəне ыстық сусындарды
ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді даярлайды, сатады жəне 
орнында тұтынуды ұйымдастырады.
Асхана – тамақтану кəсіпорны ретінде курорттық қонақүйлерде 
жиі кездеседі. Таңғы, түскі, кешкі астарды даярлауға, сатуға 
жəне тұрғындардың санына қарамастан сол жерде тұтынуды 
ұйымдастыруға, сонымен қоса өзімен бірге үйге алып кетуге 
арналған қызметтердің қосымша түр-түрін ұсынады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет