Педагогика тарихының маңыздылығы:
Қазіргі педагогикалық мәселелерді тандау толық және сапалы болмайды, егер біз педагогиканың феноменін дамуы мен пайда болуын логикалық түрде түсінбесек.
Өзінің тарихына бет бұру арқасында педагогиканың алдында жаңа перспективалар ашылады.
Қазіргі білім берудің алдында көптеген мәселелердің пайда болуы, әр түрлі педагогикалық білімдердің тиімді жолдарын іздеу, өткен шақтың теориялық және практикалық мұраларды зерттеп және белсенді пайдалануды талап етеді.
Дәріс № 2 Адамзат дамуының ерте кезеңінде тәрбие мен ұйымдастыру формаларының туындауы
Жоспары:
Алғашқы қоғамдағы тәрбие
Құлдық қоғамдағы тәрбие мен мектеп
Феодалдық қоғамдағы тәрбие мен мектеп
Ортағасырлық мектеп пед педагогика
Тәрбие үрдістерінің пайда болудағы белгілерін жаңартуға мүмкіндік беретін алғашқы тәрбие оқып білудегі дереккөздер:рухани, материалдық мәдениеттің ескерткіштері;сол уақытта адамзат өркениетінің балалық сатысында болған Австралия, Африка, Полинезия, Сібір, Оңтүстік және Солтүстік Америка аборигендерінің тұрмысын зерттеген XVIII-XIX ғғ. басындағы ғалымдар мен саяхатшылардың еңбектері;қазіргі заманғы өркениеттің әсері тимеген, аздаған алғашқы тайпалық белгілерді сақтаған қауымдастықтар жөніндегі қазіргі заманғы этнографиялық мәліметтер;археологиялық олжалар – бала ойыншықтары, тастағы бейнелер, тұрмыс заттары және жабайы құралдар;фольклор – ежелгі дәстүрлердің белгілерін сақтаған ертегілер, халық ойындары;тілдің метафоралық дәрежесі – эпос, мақал-мәтелдер.
Тәрбие 2-3 млн. жыл бұрын терімшілік пен аңшылыққа саналы түрде көшіп, адамның жануарлар әлемінен бөлінген дәуірде пайда болды. Ол өмір тәжірибесін берудегі барлық саладағы үрдіске ықпалдастық және синкретикалық түрде серіктесе алғашқы адамның ақыл-ойының, дене күшінің, парасаттылық-эмоциялық өсуіне жағдай жасады.
Қоғамдық тәжірибеден баюына және естің біртіндеп бейімделуі процесінде пайда болды дегенді нақтылайтын дәстүрлі тәрбиенің пайда болу тұжырымдамасы:
|