І бөлім. Азамат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой- пікірлердің дамуы



бет5/139
Дата11.10.2023
өлшемі1.23 Mb.
#480401
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   139
дәріс кешені Педагогика2014

Инициацияға дайындау бағдарламасы:
- ер балалар үшін аңшыға, жер иеленушіге, жауынгерге т. б. қажет білімдер мен практикалық біліктілерді игеруді қамтитын ұзақ және күрделірек болды;
- қыздар үшін үй шаруашылығына кіріспе оқытылды.


Дәріс №3 : Ежелгі әлем. Ежелгі Шығыс және Көшпенді өркениет мемлекеттеріндегі тәрбие мен оқыту. Антикалық дәуірдегі білім берудің ерекшеліктері
Жоспары:

  1. Таяу және Қиыр Шығыс (IV-III мың б.з.д)ежелгі өркениет мемлекеттеріндегі мектеп.

  2. Ертедегі Грецияның философтары тәрбие туралы және мектеп жүйесі

  3. Эллинизм дәуіріндегі ағарту идеясы

  4. Ежелгі Римдегі тәрбие жүйесі мен мектебі,философтардың тәрбие мен оқыту туралы ой-пікірлері

Білім берудің тууы Ертедегі Шығыс елдерінде (Вавилония, Ассирия, Мысыр, Қытай, Үнді және т.б. ) бастауын алған. Бұл өркениетте мектептің үш негізгі түрі тұнғыш рет қалыптаса бастаған: абыздық мектеп - діни ұғымдарды дәстүрге айналдыратын, көп билік қолдарында болатын адамдар тобы, орда­лық мектеп – құл иелеушілердің балаларына арналған элитарлық мектеп, хатта­нушы іскер адамдарды даярлайтын мектеп- кәсіпке үйрететін пайдалы мектеп.


Мысыр елдерінде бұндай мектепте ер балалар 5-16 жыл оқыған. Білім беру мазмұны жазу, оқу, санаудан тұрған. Жазуға үйреткенде балалар 700-ден астам иероглифтің күрделі жүйесімен танысқан. Оқушының сауатын ашуда иерог­лиф­ті жаттату, мәтіндерді оқу, жаттығулар жаздыру т.б. сабақтар оқытылған.
Археологиялық зертеулерде папирусқа түсірілген мәтіндерде көне адам­дар­дың сауатын ашу мәдениеті көрінеді. Математикалық есептердің күрделі формалары болғаны сүреттеледі және оларды күнделікті тұрмыс-тіршілік жасаудың пайдалы қолданғаны тарихта қалған.
Мысыр мектебінде гимнастика, жүзу, мәдениетті мінез-құлыққа тәрбиелеу сабақтары жүргізілген. Бірақ, мектептерде қатан жазалау дәстүрі қалыптасқан. («Баланың ақылы оның арқасында»). Мектептегі оқу мерзімі тұрақты болмаған­дық­тан, оқу ұзаққа созылған. Мектепте оқуға тек қана үстем таптың балалары қа­былданған. Абыздық мектепте білім беру мазмұны кен салада көп пәндік бол­ған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет