Қарапайым білім беру – әр түрлі бағдарламасы бар, белгілі оқу мерзімі жоқ жеке меншік оқу мекемелерінде – тривиальдық мектептерде берілді. Кейде ұлдармен қатар қыздар да білім алды. Балалар – жерде, ал мұғалім столдың басында отырды. Балаларды Рим заңдарына, оқуға, жазуға, есептеуге үйретті.
Жоғарғы сипаттағы мектептер – грамматикалық – алғашында грек мұғалімдері ашты. Оның элиннистік әлемдегі мектептерден айырмашылығы болмады. Б.э.д. II ғ. бастап латындық және грек-латын аралас грамматикалық мектептер тарала бастады. Онда 12-16 жастағы ұлдар оқытылды. Бұл мектептерге арналған – Гомердің, Вергилдің, Цицеронның, Титтің және т.б. авторлардың шығармаларынан үзінділер келтірілген оқулықтар шығарылды. Ақсүйектен шыққан жастарға Грециядағыдай шешендік мектептер болды.
Шешендер мектебінде сөз үлгісінің құрылымы қалыптасты:
Рим байларының балаларына өзіндік тәрбие орталықтары – жастар коллегиясы орталығы құрылды. Римдік жазушы және оқымысты Варрон (116-27 б.э.д.) тоғыз негізгі мектеп пәндерін атады:грамматика; риторика; диалектика; арифметика; геометрия; астрономия; ән айту; медицина; архитектура.
Мектеп пәндері «еркін өнер» деп аталды, себебі еркін азаматтардың балаларына арналды. Рим тарихында мектеп курсын екі бөлімге бөлу «жеті еркін өнер» бекітілді:тривиум – грамматика, риторика және диалектика;квадриум – арифметика, геометрия, астрономия,ән шырқау.Бұл топташаны жасаушы Боэций (480-575 б.э.д.). Оның жасаған оқулықтары ортағасырлық мектепке күшті әсерін тигізді.Ежелгі Римнің педагогикалық идеялары – эллиндік философиялық ойларын күшті ықпалымен дамыды.
Плутарх (45-127) Катон, Цицерон ізімен отбасында тәрбиелеуге ерекше ыждағаттылықпен қарады. Ол қатан жазалауды қолдамады. Оның айтуы бойынша, баланы ұру «киелігі қол көтерумен» тең деп қарады.
Адвокат, әрі шешен Квинтилиан (42-118) Рим философиялық педагогикалық ойлардың жарқын тұлғасы.
Негізгі еңбектері – 12 кітаптан тұратын трактат «Шешендік білім беру», біршама белгілі «Ұлдың үй-іші тәрбиесі» мен «Шешендік білім беру» еңбектері.
Достарыңызбен бөлісу: |