І бөлім. Азамат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой- пікірлердің дамуы



бет8/139
Дата11.10.2023
өлшемі1.23 Mb.
#480401
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   139
дәріс кешені Педагогика2014

Демокрит (б.з.д. 460-370) – Ежелгі Грецияның тәрбие мәселесімен айна­лыс­қан алғашқы философтарының бірі. Оның ойынша тәрбие жақсы ойлауға, жақсы сөйлеуге, жақсы істеуге жетелейді деген.Демокриттің педагогикалық ойын мынадай түрде реттеп көрсетуге болады:Тәрбиеші адамды қалыптастырып, өзгерткеннен – адам табиғаттың «микрокосмос» бөлшегі болып табылады.Ата-ана баланы бар пәрменімен тәрбиелеу керек. Білім беру және тәрбиелеу процесі ауыр, бірақ адам табиғатын қалып­тас­тыратын қайырымды еңбек.Білім беру – білмеген саны емес, сапасы қажет.Оқушыларды білгісіздікке қол жеткізуде, борыш, жауапкершілік сезімін оятуда – табиғи жолмен әрекет ету керек.Негізгі принциптер:ата-баба рухына сыйынды; балалар мен құлдар отбасындағы әкеге бағынуда тең болды; анасының беделі мен ықпалы өмір бойы күшті болды; қыздар отбасылық өмірге отбасында тәрбиеленді; ұлдар тәжірибелік білім алып, әкесінің қасында жүріп, оның міндеттері мен мемлекеттік ісімен танысты.
Спарта және Афинадағы тәрбие жүйесі өз жалғасын ежелгі Рим тәрбие жүйесінде алған. Балалар 7 жасқа дейін жанұя тәрбиесінде болған. Рим тәрбие­сін­де азаматтық тәрбие саласы басым болғанын көруге болады. Негізгі мақсаты – қоғамның белсенді мүшесін даярлау болған. Бұл тұлға өз мемлекетіне сөзсіз беріліп, оны қорғап, саяси және әлеуметтік жағынан өркендеуге ат салысатын аза­мат болу тиіс. Рим империясы қалыптасқан кезенде тәрбиенің сипаты өзгер­ді. Грамматикалық мектептер кен тараған мектептердің бірі болған – 11-12 жас­тағы ер балалар оқытылған. Негізгі пәндер: латын грамматикасы, рим әде­биеті, грек тілі. Нәтижесінде мектеп түлектері саяси және құқық қызметке дай­ын­­далған.
Рим Республика кезінде (б.д.д. 1 ғ.) риторлық мектептер маңызды мек­теп­тердің бірі болған. Бұл мектепте 13-14 жастағы ер балалар 5-6 жыл оқытылған. Бі­лім мазмұны тереңдетілген түрде үйретілген – жалпы гуманитарлық ба­ғы­ты­мен бірге күрделі философиялық негізі, тарих, құқықтану, шешендік, ақындық еңбектері жан-жақты зерттелген. Оқу пәндердің ішінде риторика (шешедік өнер) сабағы ерекшеленеді, оның ғылыми негіздерін тұнғыш рет жасаған фило­соф­тар Цицерон, Квинтилиан т.б. Квинтилианның еңбегі «Шешендік өнерге үйре­ту» римдік білім беру жүйесінің қайнар көзі болып табылады. Өз риторлық мектебінде Квинтилиан гуманды педагогиканың принциптерін ұсынған. Бала­ның табиғаты еркін даму керек деп есептеген.Осы мақсатты жүзеге асы­ру­да пе­да­гог-тәрбиешінің рөлі өте зор. Сондықтан, ұстаз шәкірттерінің жас және жеке да­ралық ерекшеліктерін ескеру керек, деген
Римдегі мектептік білім беру сипаты – элинизмдік мектептен онша көп айыр­­машылығы болмады. Оқыту әдісі сол, ал білім беру мақсаты біршама прагматикалық сипатта болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет