І бөлім. Азамат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой- пікірлердің дамуы



бет4/139
Дата11.10.2023
өлшемі1.23 Mb.
#480401
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   139
дәріс кешені Педагогика2014

Биологиялық-эволюциялық (Ш.Летурно, Дж.Симпсон, А.Эспинас) тәр­биенің пайда болуы – жоғары жануарларға тән, алғашқы адамдардың тәр­биелік қызметінде ұрпақтың жедел қамын қабылдауымен байла­ныс­ты;

  • Психологиялық (Г.Монро) – балаларда үлкендерге еліктеудің еріксіз инстинктік қызметтің пайда болуына байланысты.

    Алғашқы қоғамда тәрбие адамзат әрекетінің ерекше түрі болып, шамамен 40 мың жыл бұрын пайда болды. Тәрбиенің қызмет түрі ретінде қалыптасудағы алдыңғы жағдайлар мен өте маңызды факторлар:алғашқы дәуірдегі адамдар арасындағы материалдық байланыстың дамуы;
    адамнан-адамға, ұрпақтан-ұрпаққа бұндай байланыстарды, тәжірибені беру жолымен дамыту және ұстану қажет;өндірістік тәжірибенің күрделенуі оны игерудің белгілі бір ұйымдас­ты­ры­луын қажет еткенде, қарапайым еңбектің формалары эволюциясының нәтижесінде адамдардың қарым-қатынасқа деген қажеттілігінің пайда болуы.
    Стихиялық табиғи пайда болған тәрбие мақсаты:тіршілік етудің қарапайым түріне дайындық алғашында тәрбие күнделікті өмір сүру күресіне бағытталады;әлемнің табиғи феномен ретінде қабылдау – қоршаған дүние алғашқы қауымдық адамға санамен жасалған жанды дүниені елестету.
    Алғашқы қауымдық қоғамда оқытудың саралануы кезінде балалардың жасы мен жынысы дара көрсеткіштер болды. Алғашқы қауымдық тәрбие қауым­дық өмір салтынан бастау алатындықтан, күнделікті өмірге барлығын бір­дей топтық, ұжымдық негізде тәрбиеледі.
    Б.з.д. IX-VIII мыңжылдықтарда тәрбиенің мәні мен мазмұны сапа жағынан өзгеріп, жалпыға ортақ, тең қадағалаудағы қауымдық тәрбие сословиялық-отбасылыққа айнала бастады:
    - әлемнің бірқатар аймақтарында алғашқы қауымдық қоғамның әлеуметтік және мүліктік жіктелуі басталады;
    - жанұя негізгі әлеуметтік ұяшылдыққа айналады. Сол кездегі жанұялық тәрбиенің негізгі белгілері айқындалады;
    - балалар ата-анасының өнегесімен тәрбиеленеді. Ата-ана сөздерінен олар алдыңғы буын өкілдерінің тәжірибесі мен атқаратын, сондай-ақ еліктеу арқылы өмірлік тәжірибені алып отырады;
    - әртүрлі әлеуметтік топтар өкілдерінің тәрбиесінде (көсемдер, абыздар, жауынгерлер, қауымның қатардағы мүшелері) айқын айырмашылықтар пайда бола бастады;
    - элита (зиялы қауым) балалары үшін балалықтың мерзімі ұзартылып, сәйкесінше тәрбие ықпалы күшейе түсті;
    - тәрбиеге байланысты әрекеттер сәуегелік (сиқыр)қарапайым мазмұн ала бастады.
    Алғашқы қауымдық дәуір тәрбиесінің формалары мен әдістері көрген­сіз­деу, санадан тыс сипатта болды.
    Өмір сүру шарттарының күрделенуіне қарай әлеуметтік тәжірибе алма­су­дың міндеттері мен тәсілдері өзгерді. Бұл бірте-бірте арнайы белгіленген тұл­ға­лардың құзырына көше бастаған тәрбиенің ұйымдасқан түрлерінің негіздерінің пайда болуына әкелді.Аңшылар мен терімшілердің алғашқы қауымдық қауымдастығында ба­лалық шақ пен тәрбие берудің мерзімі не бары 9-11 жасқа дейін жалғасты.Ерте алғашқы қауымдық дәуірде тәрбиенің ықпалы өте аз болды. Қауым­дастықтың кішкентай мүшелерінің тәртібінде айтарлықтай еркіндік болды.Ең кішкентай ұл-қыздар әйелдердің қарауында болып, алғашқы еңбек дағдыларын үйренді.Ақсақалдар мен діни қызметкерлер балалардың қауымдастық белгілеген қағидаларын бұзбауын қадағалады.Тәрбиенің негізгі формасы бірлескен ойындар мен сабақтар болды.Есейе келе, ер балалар ерлердің жетекшілігімен оларға тән еңбек дағды­ла­рын үйренсе, жасөспірім қыздарды әйелдер үй шаруашылығын басқаруға бейім­деді.Алғашқы қауымдық кезеңнен соңына таман тәрбиелеудің ұжымдық дәстү­рі­нің нәтижесінде балалар мен жасөспірімдер үшін «Жастар үйлері» пайда бола бастады.
    Уақыт өте келе «Жастар үйлеріндегі» тәрбиелеушілер мен тәрбие­леуші­лер­дің құрамы, қызмет сипаты өзгереді:
    - матриархат кезінде әйелдер ер балалар мен қыздарды 7-8 жасқа дейін бірге тәрбиелеп, содан кейін бөлді;
    - патриахалды-рулық құрылыс кезінде ер балалар тәрбиесі толығымен ақсақалдар мен абыздардың қолына көшеді. «Жастар үйі» ер балалар мен қыздар үшін деп екіге бөлінеді;
    - мүліктік жіктелудің өсуіне байланысты ауқатты және қатардағы қауым­дастың мүшелері үшін бөлек жастар үйі пайда болады;
    - 10-15 жасқа жеткен барлық жасөспірімдер инициациядан (арнаулы емти­хан арқылы балалардың кәмелетке жеткенінің белгісі) – үлкендер қата­рына өту рәсімдерінен (діни рәсім, дәстүрлі ән шырқаумен жалғас­ты, ритуалды би, сиқырлы дуалау) өтті.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   139




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет