І бөлім. Азамат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой- пікірлердің дамуы



бет6/139
Дата11.10.2023
өлшемі1.23 Mb.
#480401
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   139
дәріс кешені Педагогика2014

Ежелгі Мысырдағы мектептік білім беру жөніндегі алғашқы мәліметтер б.з.д. 3 мыңжылдықта пайда болды. Бұл дәуірдегі мектеп пен тәрбие мыңдаған жылдар бойы адам идеалы орныққан бала, жасөспірім, жастарды қалыптастыру керек болды.
Ежелгі Мысырдың негізгі орында отбасы тәрбиесі болды:қыздар мен ұлдарға тең көңіл бөлінді;жер бетіндегі өткізілген өмір о дүниедегі бақытпен анықталады деп балаларға ұғындырылды;бала ең алдымен тыңдай және орындай білуі керек болды;дене жазалаудың қажеттілігі және табиғилығы мойындалды;әкеден балаға мамандықты мұра етіп беру дәстүрі.
Мемлекеттік мектептер патша мен шонжарлардың сарайлары мен шіркеу­ле­рінде болды.
Ежелгі Мысыр мектептеріне тән оқыту сипаттамалары:негізгі мақсаты – Мысыр мемлекетінің әкімшілігін құрайтын қызметкер­лер­ді дайындау;мектеп диалектикасы утилитаризмдегімен ерекшеленді;оқыту ережесі бойынша 5 жылдан басталды;кәсіптік білім беру кейде 25-30 жылға дейін созылды;оқушылар мұғалімдеріне әкесіндей көзқараста болу керек болды;мектеп білім ғана бермеді, сондай-ақ, тәртіп стилін тәрбиеледі;дене жазаларын кең қолданды;білім негізі – жазудың күрделі жүйесін оқыту. Оқушылар мәтінді жаттан түрде көшірді, хат «құдай сөзі» деп саналды;білім өзіне сондай-ақ, діни мәтіндер мен кіші формулалар жөнінде білімді қосты;білім мәтінді жаттаудан қалыптасты;математикалық тапсырмалар практикалық сипатта болды;музыкалық аспаптарды оқытуға аз көңіл бөлінді.
Шумерлік мектептер – ең алдымен шіркеу жанында орналасты. Шіркеу­лер Шумерде маңызды экономикалық рөл атқарып, жазба құжаттарын және сауатты іскерлерді дайындауды қажет еткен ірі шаруашылық жүргізді. Б.з.д. ІІІ ғ. ортасында барлық Шумер қалаларына ортақ мектеп жүйесі қалыптасты.Б.з.д. ІІ мыңжылдықтың басында шіркеу шаруашылығының ыдырауына байланысты шіркеу мектептерінің мән-мағынасы жоғалып, оның орнына қала басшыларының қолдауымен ашылған жеке меншік мектеп орындары ашылды. Ондағы мұғалімдер оқушылардан уақыттылы төлемақы алып, сондай-ақ, оған қоса, кеңейту төлемақыларын алатын тәжірибе жазушылар болды.Вавилон елінде «клинопись» (көне руникалық) жазуға үйретумен бірге құқық, астрономия, астрология, медицина, дін сабақтары оқытылған.Үстем таптың балалары әскери мектепте оқуға мүмкіндік алған. Ең жоғары деңгейде арнаулы таңдауымен қабылдайтын мектеп – «колесничий» мектебі болған.
Антика дәуірінің қоғамдық-мәдени ерекшеліктері. Ғылым жүйесінің пайда болуы. Спарта және Афинадағы тәрбие жүйесі, олар­дың ерекшеліктері. Алғашқы оқу-тәрбие мекемелердің пайда болуы. Ежелгі грек философиясы – педагогикалық ғылымның пайда болуына себеп болған­ды­ғы. Ертедегі грек ғалымдары мен философтары (Платон, Демокрит, Сократ, Аристотель) өздерінің еңбектерінде тәрбие мен оқыту туралы ой-пікірлері. Мектеп жүйесінің эллинизм дәуірінде пайда болуы (Эпикур, Эвклид, Мусеум т.б.) Рухани - адамгершілік тәрбие римдік педагогимкалық жүйеде. Жан-жақты үйлесімді дамыған жеке тұлғаны дамыту – тәрбиенің мақсат-мұраты ретінде. Рим­дегі грамматикалық, риторикалық мектептері. Цицерон, Катон, Сенека, Плу­тарх ойшылдары тәлім-тәрбие туралы. Квинтилиан адам табиғаты, оны бі­лім арқылы жетілдіру туралы. Грек - римдік білім беру жүйесі басқа адами өркениеттерге ықпал жасауы, тарауы.
Біздің заманымызға дейінгі II-мыңжылдықта Крит адамзат өркениетінің және Европадағы алғашқы өркениеттерден бірі болды.Криттегі білім беру - әлеуметтік-экономикалық, саяси және діни ортаға ежел­гі мәдениетті кіргізу үрдісі деп айтуға болады. Криттегі қоғамда жас ұрпақ­ты тәрбиелеу – «пайдес» терминімен аталып өзіне ресми, сондай-ақ ресми емес білім беру, тәрбие түрлерін қосты.Білім беру отбасында және әр түрлі қоғамдық, діни іс-шаралар, қызмет тү­рінде, мәселен, би, театр, атлетикалық сайыстар барысында жүзеге асырылды.Антикалық Критте ресми білім беру – маманданған жазбашылардан хат үйре­нуі болды.Жоғарғы тап білім беруінде – хат тану ғана емес, сондай-ақ, математика, музыка, би, сурет, астрономия, құқық және дін бойынша курстар, архитектура, медицина мен әскер жаттығулары кірді.
Гомерлік Грециядағы тәрбие берудің негізгі әдісі – үлгілер еліктеу. Соның ішінде – аңыздық үлгілерге. Олар - әрқашан алда болу және басқалардан асып түсу принципін ұстанды. Гомердің поэмасы мен аңыздарынан – ер балаларды са­дақ лақтыруға, жүгіруге, атпен жүруге, аңшылыққа және мерда ойнауға үйрет­кеннен көруге болады.Гректік тәрбиелеу – мемлекеттік функциялардың негізгі ретінде қа­растырылды. Мұнда алғаш рет барлық еркін халыққа білім беру және тәр­биелеу (әсіресе ер балалар) міндеті қойылды.Б.з.д. VII-VI ғғ. негізгі тәрбие институты – діни жүйесі болды.Гомерлік Грецияға тән, жеке жетістіктер идеясымен қатарласа Спартан­дық­­тар қала-мемлекетінің гүлдену идеясын алға тартты. Білім беру төңіре­гін­дегі жаңа тәртіп, саяси жаңа құрудың кең бөлігі болды.Спарта үшін ең басты іс қауіпсіздік және құлдарды бақылау болды. Бұл спартандық тәрбие жүйесін айқындады. Оның негізгі мақсаты – қала-мем­ле­кетіне деген сенімділік пен батылдыққа тәрбиелеу болды:дене және ақыл-ой күштіліігн қалыптастыру;балаларды ауыртпалыққа төзе білуге, жақсы жауынгер және азамат болуға үйрету.Спарталық білім беру ұйымы жан-жақты жоспарланды. Спарталық балалар бірге тұрды және бірдей жағдайда ойнап, тәрбиеленіп, дайындық жұмыстарын жүргізді. Спартадағы қыздар - ұлдар дене жағынан күшті және денсаулығы мықты болу бағытында тәрбиеленді.Балаларды топтарға бөлді. Оларды 19-20 жас аралығындағы түлектер бас­қар­ды. 7 жастағы бала топ мүшесі болып, бүкіл күнін сонда өткізді. 12 жаста үйден кетіп, басқа топ мүшелерімен тұрды.
Қала-мемлекетте барлық тәрбиеге жауапты «педоном» болды. Оның қолында таяқша, ол сол арқылы тәртіпті реттеп отырды. Спарталық тәрбие жүйесі өз бастауын УІІІ-ІУ б.д.ғ. алған. Ежелгі Грецияда әскери-дене сипа­тын­да білім беру, тәрбиелеу үрдісі қалыптаса бастаған. Әлеуметтік-тарихи жағдаят­тарға байланысты спарталық педагогиканың негізгі мақсаты - үлкендерге сөзсіз бағыну, денесін шынықтыру, әскери қызметке даярлау. Спарталық мемлекетте білім беру ісі құл иелеушілердің қолында болған. Ал «илоттар» және «периэкилерде» (құл адамдар) оқуға мүмкіндігі болмаған. Тәрбие жүйесі мемлекет тарапынан ұйымдастырылып, құл иелеушілердің балалары 7 жастан бастап 15 жасқа дейін отбасынан бөлек тәрбиеленген. Сабақтарына санау, жазу, оқу және әскери-дене шынықтыру жаттығулары үйретілген. 15 жастан 20 жасқа дейін спарталарлықтар әуез өнеріне, ән айтуға үйретілген. Балалар қатан тәрбиеде – аштыққа, суыққа, шөлге, қиындыққа шыдамды етіп жаттықтырылған, әскери ойындар ұйымдастырылған. Шәкірттердің ақыл-ойын дамыту мақсатында сұрақтарға қысқа және нұсқа жауап беру үйретілген. Спарталық тәрбие қыз балаларға да арналған. Оларды денелерін шынықтыруға дағдыландырылған.
Афинадағы тәрбие жүйесі УІІ-У б.д.ғ. қалыптасқан. Ежелгі Афинадағы не­гіз­гі мақсат – жан-жақты үйлесімді дамыған адамды тәрбиелеу. Онда қоғамдық мін­детті білім жүйесі болмады: 7 жасқа дейін отбасында тәрбиеленді. Одан кейін қыздар отбасында қалды, ал ер балалар ақылы оқу орындарына барды.Мектеп жүйесі бірнеше түрлерден құрылған: грамматист мектебінде сауа­тын ашу сабақтарын алған, кифарист мектебінде әуез өнері, өлең айту, тақпақ айту сабақтары жүргізілген. 12-16 жастағы балалар палестра мектебінде оқыған – гимнастика сабақтары негізгі болған, сонымен қатар жүгіру, секіру, күрес, қылыштасу, найзаласу үйретілген. 16-18 жастағы оқушылар (тек қана ерек­ше бай, ақ сүйек адамадардың балалары) гимнасий мектебіне қабылдан­ған. Онда жастар философия, әдебиет, саясат,шешендік өнер сабақтарын оқы­ған. Бұл мектептер саяси қызметке - «эфебия» - мемлекетті басқаруға, Афи­на­лық заңдар, кәсіби әскери дайындық алуға даярланған. Бұл мектепте оқуға ақы­сы өте жоғары болған, бірақ деңгейі де өте жоғары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет