І бөлім. Азамат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой- пікірлердің дамуы



бет7/139
Дата11.10.2023
өлшемі1.23 Mb.
#480401
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   139
дәріс кешені Педагогика2014

Ежелгі Грецияның білім беру жүйесінің теориялық негізін жасаған грек философтары- Платон, Аристотель, Сократ т.б. Олардың фило­со­фия­лық-педагогикалық ой-пікірлері еңбектерінде өте жақсы сипатталған.
Платон тәрбиені мемлекет тарапынан ұйымдастыру керек деген (трак­тат­тары «Мемлекет», «Заңдар») Тәрбие адамдардың жақсы қасиеттерін күшейтуге бағытталу тиіс, олардың рухани идеяларын дамытуға байланысты деген. Педа­го­гиканың мақсаты – адамның бойындағы жағымды табиғи қа­сиет­терін әбден жетілдіру, деп есептеген. Өте жоғары талапты Платон жастарды тәрбиелейтін тәлімгерге қойған- ол жоғары рухтық идеяны қамтамасыз ете алатын болу ке­рек, оның өмірлік принципі - Әділдік және Жарасымдық орнату. Платон тео­рия­лық педагогикамен шектелмей, Афина қаланың жанында Ака­де­мия мек­те­бін ашқан. Кейін бұл мектеп антикалық идеалистік философияның ортасы бо­лып қалыптасты (бұнда алғашқы философиялық білімін Аристотель алған).
Аристотельдің трактаттарында («Саясат», «Әдеп», «Рух туралы») педа­го­ги­ка, тәрбие мәселелері зерттелген. Аристотель адамның кейбір психикалық қызметін талдаған (ойлау, есте сақтау, көңіл-күй т.б.). Адам бойында үш түрлі руха­ни күштері бар: 1) тамақтану, ұрпақ тарату; 2) сезімтал болу; 3) саналы түрде ойлану. Сондықтан, тәрбие үш топқа бөлінеді: дене, адамгершілік, ақыл-ой тәрбиесі. Тәрбиенің мақсаты- адамның рухын жоғары деңгейге жеткізу.Аристотельдің ашқан Ликей мектебі бірнеше ғасырлар өмір сүрді.
Афиналық тәрбие жүйесінің белгілі өкілі Сократтың шәкірті Платон бол­ған. Ауызша баяндау әдісі негізінде өз әдісін қалаған – сократтық әңгімелесу. Сократтың шеберлігі - әңгімені құрастырғанда шәкірттерін шындық пен ақиқат жолын табуға әкелу («майевтика»). Сократтың ойынша, адам табиғатынан жақ­сы­лыққа ұмтылады, тәрбие барысында осы құндылықты негізге алып, жас ұрпақ­ты жақсылыққа, жігерлікке, адамгершілікке баулуға болады. Қоршаған орта адам табиғатына кедергі жасайды, одан құтылу үшін адамға білім, тәжі­ри­белі пайдалы іс-әрекет қажет, деген. Сократтың педагогикалық ой-тұжы­рым­дары:адам өміріндегі мақсаттардың ішіндегі ең бастысы – рухани;жақсылық пен шынайылыққа бағытталған адамның ақыл-есі;жеке және қоғамдық тұрмыс арасындағы қарсылықты болдырмау бағы­ты;ұстаздың міндеті – оқушының күшті рухани күшін ояту;өзін-өзі тану – адамның мүмкіндіктерін көрсетудегі ең дұрыс жол.Оның диалектикалық басты жетістіктерінің бірі – диалектикалық дау (майевтика).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет