І бөлім. Азамат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой- пікірлердің дамуы


Тәрбие жөніндегі Квинтилианның негізгі ойлары



бет10/139
Дата11.10.2023
өлшемі1.23 Mb.
#480401
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   139
дәріс кешені Педагогика2014

Тәрбие жөніндегі Квинтилианның негізгі ойлары:

  • қажетсіз бейімдеушілік пен еліктеушіліктерді жеңе білу, тәрбиеге көмек зор;

  • тәрбие – еркін адамды қалыптастыру;

  • тәрбие мақсаты – азаматтық міндеттерді орындауға шынайы дайындау;

  • адамның, азаматтың идеалы – афиндық саяси қызметкер – Перикл;

  • білім беру – жалпының қолы жететіндей болу керек.

Квинтилиан білім берудің шыңы – шешендік өнерді игеру деп түсінді. Осындай жоғары нәтижеге жету үшін білім беру жүйесін ұсынды.

  • оның бірінші сатысы – үй тәрбиесі. 7 жасқа дейін бала латын және кей мөлшерде грек грамматикасын игеру керек деді. Үй тәрбиесі барысында мақтау, қызықтыру арқылы қызығушылық тудыру қажет. Алайда, бел­гі­лі шекті сақтау керек; грамматикалық мектепте бірнеше оқыту пәндері ұсынылды. Негізі – грамматика; шешендік (риторикалық) мектепте негізгі пән – шешендік. Оның не­гіз­гі түсінігі – «шешендік өнер» болды.


Дәріс № 4 Орта ғасыр дәуірі. Византиядағы педогогикалық ой-пікірдің дамуын оқыту. Орта ғасырда Индия мен Қытайдағы оқыту мен тәрбие Жоспар:
Жоспары:

  1. Византиядағы ағарті ісі мен педагогикалық идеяларының даму ерекшеліктері

  2. Византиялық білім беру жүйесінің сатылары. Мектеп түрлері, олардағы тәртіп пен әдістері

  3. Орта ғасырда Индиядағы оқыту мен тәрбие. Білім берудің буддиялық жүйесі.

  4. Орта ғасырда Қытайдағы білім беру мен мектеп, мемлекеттік емтихандар жүйесі.



Көне Шығыс өркениеті - білім беру саласының алғашқы негізі қоғамдағы тәрбие мен мектеп
Білім берудің тууы Ертедегі Шығыс елдерінде (Вавилония, Ассирия, Мысыр, Қытай, Үнді және т.б. ) бастауын алған. Бұл өркениетте мектептің үш негізгі түрі тұнғыш рет қалыптаса бастаған: абыздық мектеп - діни ұғымдарды дәстүрге айналдыратын, көп билік қолдарында болатын адамдар тобы, орда­лық мектеп – құл иелеушілердің балаларына арналған элитарлық мектеп, хатта­нушы іскер адамдарды даярлайтын мектеп- кәсіпке үйрететін пайдалы мектеп.
Мысыр елдерінде бұндай мектепте ер балалар 5-16 жыл оқыған. Білім беру мазмұны жазу, оқу, санаудан тұрған. Жазуға үйреткенде балалар 700-ден астам иероглифтің күрделі жүйесімен танысқан. Оқушының сауатын ашуда иерог­лиф­ті жаттату, мәтіндерді оқу, жаттығулар жаздыру т.б. сабақтар оқытылған.
Археологиялық зертеулерде папирусқа түсірілген мәтіндерде көне адам­дар­дың сауатын ашу мәдениеті көрінеді. Математикалық есептердің күрделі формалары болғаны сүреттеледі және оларды күнделікті тұрмыс-тіршілік жасаудың пайдалы қолданғаны тарихта қалған.
Вавилон елінде «клинопись» (көне руникалық) жазуға үйретумен бірге құқық, астрономия, астрология, медицина, дін сабақтары оқытылған.
Үстем таптың балалары әскери мектепте оқуға мүмкіндік алған. Ең жоғары деңгейде арнаулы таңдауымен қабылдайтын мектеп – «колесничий» мектебі болған.
Ежелгі Шығыс елдердің ішінде Үнді және Қытай білім беру жүйелері бел­гі­ленеді. Бұл елдер өздерінің егін шаруашылығы өте жоғары дамыған, сондық­тан әлеуметтік салалары да жоғары мәдениетті дәрежеде болған. «Веды» мұраларында діни ескерткіштері философиялық-әдеби жағынан өте құнды болған. Мектептерге екі сословиялық топтың балалары – брахман және кшат­рий қабылданған. Балалар 6 жастан бастап 22-24 жасқа дейін оқытылған. Оқу схолластикалық түрінде болған - құрғақ түрінде жаттату. Сонымен бірге мектеп шәкірттері философия, шешендік өнер сабақтары арқылы абыздық қызметке даярлық алған. »Веды» бағытында жастар әскери қызметке даярланып, грам­ма­тика, әдебиет, математика, тарих, медицина, әдеп, би және әуез өнері сабақта­ры­нан оқытылған. Осынан мынадай қорытынды жасауға болады:

  • жалпы білім берумен қатар арнайы білім (медицина) берілген;

  • абыз және әскери қызметкерлермен бірге хаттанушы, өлшеуші, іскер қызметкерлер даярланған;

  • оқу схолластикалық оқумен бірге өмірге бағыттаушы мазмұнында болған.

Қытай мемлекетінде қауымдық мектептер ІІІ-ІІ б.ғ.д. негізгі болған. Ер балалар найзаласу, күрес, әскери жаттығуларды жаттату, әскери ән айту, әскери дәстүрлерге үйрену сабақтарын алған. Жазу реформасы жүргізіліп, иероглиф саны бірнеше мыңға жетті. Қытайдың білім беру жүйесі үш сатыдан тұрған. Бірінші сатыда оқушылар ауызша жаттауға үйреніп, иероглифтерді таңдауға үйретілді. Екінші сатыда өлен жазуға, оның ережелеріне, стиллистика өнеріне үйретілді. Үшінші сатыда ғалым немесе іскер қызметкерлер жолын қуған адамдар арнайы білім алған. Жоғары білім – шешендік өнер және философияға үйрету болған. Ежелгі Қытайдың білім беру жүйесінде этикалық-саяси теория негізделген – Конфуцийдің теориясы.
Конфуцийлік философияның гуманитарлық сипаты, адамгершілік бағыты білім берудің принципі болды. Конфуцийдің педагогикалық көзқарасы «Луньюи», «Ли цзи» еңбектерінде сипатталған. Білім берудің негізгі мақсаты – әдеп­ті адамды, моральдық нормаларын сақтайтын әбден жетілген адамды тәр­бие­леу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет