«Жеміс-көкөніс шаруашылығы, химия және өсімдік қорғау» кафедрасы



Pdf көрінісі
бет148/176
Дата02.01.2022
өлшемі1.62 Mb.
#453664
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   176
Tagibaev Sharap-negizderi

Бақылау сұрақтары 
1. Шарапты мөлдірлеу дегеніміз не? 
2. Мөлдірлеудің қандай түрлері. 
3. Шарапты  мөлдірлеуде  қандай  заттар  түрлерін  қолданылады  және 
оларға сипаттама.  
 
9 - тәжірибелік сабақ. 
Тақырып: «Шарап материалдарын өңдеудің технологиялық сұлбалары» 
Сабақтың  мақсаты:  Шарап  материалдарын  өңдеудің  технологиялық 
сұлбаларымен танысу және құруды үйрену. 
Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары 
Шарап материалдары мен шараптарға олардың құюға тұрақтылығы мен 
ары  қарай  тұрақтылығын  қамтамасыз  ету  үшін  оларды  өңдеудің  жалпы 
қабылданған  бірнеше  технологиялық  сұлбалар  бар.  Әрекет  етуші  ережелер 
мен нұсқаулықтар бойынша алынған, аталмыш шараптың талаптарына толық 
жауап  беретін,  құрамы  бойынша  толық  жетілдірілген,  сау,  кемшіліксіз 
шараптарды өзіне сәйкес типтік технологиялық сұлбалар бойынша өңдейді. 
Бір  мезгілде  бірнеше  лайлануларға  бейім  шараптарды  1,2,3,4  және  5 
сұлбаларда  қарастырылған  бірнеше  технологиялық  операциялармен  кешенді 
түрде өңдеу ұсынылады. Иісі мен дәмінде күшті саңырауқұлақтардың дәмі бар 
және  оксидазды  касспен  зақымданған  шараптарды  хересті  пленкамен  жауып 
сақтау  арқылы  жөндеуге  болады.  Бұның  алдында  оларды  5  минут  бойы  70°С 
пастерлеу керек. Өңделген шараптарды тағы соңғы рет сүзгілеуден өткізеді.  
Зауыт  зертханалары  қорытындыларына  сәйкес  қандай  да  бір 
лайлануларға бейім шараптар мен шарап материалдарын өңдеудің келесідей 
бес технологиялық сұлбасы бекітілген: 
 
1-ші сұлба 
 
Өңдеу 
ұзақтығы, күн 
Бентонитпен өңдеу (қажет болған жағдайда) желатин, балық желімі 
қосылған 
Мөлдірлеу  
Тұнбаны сүзгілеу арқылы алып тастау; сүзгілеу алдында 
мүмкіндігінше центрифугалау  

8-10 
Барлығы  
10-12 
2-ші сұлба 
 
Желатин немесе балық желімімен желімдеу 
Мөлдірлеу 
Тұнбаны сүзгілеу арқылы алып тастау 

10-12 

Барлығы 
12-14 
З-ші сұлба 
 
Калий гексациано-(II)-ферратымен өңдеу 



150 
 
Мөлдірлеу 
Тұнбаны сүзгілеу арқылы алып тастау 
15-20 

Барлығы 
17-22 
4-ші сұлба 
 
Суықпен өңделетін шараптар үшін 
а) ағында сақтап-жетілдірместен (сүзгілеу, салқындату
салқындату температусында сүзгілеу)  
б) салқындатылған ағында сақтап-жетілдіру (сүзгілеу, 
салқындату, 2-3 сағат бойы салғын ағында сақтау,салқындату 
ағынында сүзгілеу)  
в)  термос-цистернада  2-3  тәулік  ұстау  (сүзгілеу,  салқындату,  3 
тәулікке  дейін  термос-цистернада  ұстау,  салқындату  ағынында 
сүзгілеу)  
3-4 
5-ші сұлба 
 
Жылумен өңдеу: сүзгілеу, 60-70°С-қа дейін қыздыру (қажет болған 
жағдайда қыздырылған шарапты бірнеше сағат ұстау), сүзгілеу 
 
 
Аурулар  мен  лайлануға  бейім  шараптарды  келесідей  сәйкес  келетін 
сұлбалар бойынша өңдейді: 
 
Шараптың бейімділігі 
Өңдеу сұлбасы 
Қайтымсыз белокты лайлануға 
1 және 5 
Металлды кассқа 
3* 
Қайтымды каллоидты (белокты, бояғыш, фенолды заттар) 
лайлануларға 
4а немесе 4в 
Кристалды лайлануға 
4б немесе 4в 
Микробты лайланулар мен ауруларға 
5 немесе 1 және 
2 сілтілеумен 
(120 мг/л** 
дейін) 
Оксидазды кассқа 
5 немесе 1 және 
2 алдын-ала 
сілтілеумен 
 
* кейбір жағдайларда 3-ші сұлба бойынша өңдеу шарапқа 2 г/л дейін лимон 
қышқылын енгізумен ауыстырылуы мүмкін. 
**  осындай  шараптарға  бұлардан  бөлек  стерилдеуші  сүзгілеуді, 
антисептиктерді пайдаланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   176




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет