Кіріспе зертханамен танысу. Тб бойынша нұсқаулық



бет10/30
Дата20.09.2023
өлшемі0.51 Mb.
#478027
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30
Физ-хим лаб 2020-2021

Жұмыстың мақсаты-клейстер түзудің әртүрлі температуралық жағдайларында крахмал дәндерінің сыртқы түрінің өзгеруін бағалау; клейстер тұтқырлығының қыздыру температурасына, қайнау ұзақтығына, кейбір қоспаларды енгізуге тәуелділігін айқындау және сақтау кезінде крахмал клейстерінің сыртқы түрінің өзгеруін қадағалау.
Зерттеу объектісі-картоп крахмалы.
Аспаптар, жабдықтар мен ыдыстар. Технохимиялық таразы; электр плитасы; жарықтандырғыш микроскоп (микрофотокамерамен); заттық, жабын және сағаттық шынылар; шыны таяқшалар; химиялық стақандар; сыйымдылығы 100 мл үш конустық колбалар; диаметрі 1,5—2,0 мм капиллярлық вискозиметр; термостат; секундомер; екі монша — су және құмды.
Реактивтер. 0,004 н. Йодты калийдегі йод ерітіндісі; ас тұзының 1% ерітіндісі; лимон қышқылының 0,4% ерітіндісі; микроскоптауға арналған крахмал.
Жұмысты орындау техникасы
Қыздыру кезінде су суспензиясындағы крахмал дәндерінің сыртқы түрінің өзгеруі. 280 есе (окуляр 7, линза 40) үлкейту кезінде микроскоппен қарап, шикі картоп крахмалы дәндерін суретін салып алу керек (немесе суретке түсіру).
Препаратты дайындау үшін суға малынған шыны таяқшаның ұшымен шыныға кішкене крахмалды салады. Крахмалды бір тамшы сумен сулап, жабын шынымен жабу керек. Дәндердің мөлшеріне, пішініне және қабаттылықтың болуына назар аудару керек.
Екі су ваннасында суды тиісінше 70 және 90 °C дейін қыздыру керек. Крахмалдың 1%-дық су суспензиясын дайындау керек, ол үшін екі химиялық стаканға 0,5 г крахмалды технохимиялық таразыда өлшеп салады, әрқайсысына 50 мл су қосып, араластырады. Крахмал суспензияларын су моншасында үздіксіз араластыра отырып, келесі температураға дейін қыздыру керек: бірінші — 58 °C - қа дейін, екіншісі- араластыруды жалғастыра отырып 80 °C-қа дейін, оларды осы температурада 5 минут ұстап, содан кейін ағын сумен салқындату керек.
58 және 80 °C температурада клейстерленген крахмалдың боялмаған және йодпен боялған препараттарын дайындау керек. ол үшін зат шынысына тиісті клейстердің тамшысын жағып, оны жабын шынымен жабу керек, оның қасына (сол заттық шыныда) сол клейстерді тамызып, оны йод тамшысымен бояу керек және жабын шынымен шабу керек. Жабын шыныларынан аққан сұйықтықты сүзгі қағазымен алып тастау керек.
Препараттарды микроскоппен қарап, әр түрлі температурада клейстерлеу нәтижесінде крахмал дәндерінің түрінің өзгеруін (дәндердің пішіні мен мөлшерінің өзгеруі, қатпарлануының болуы немесе болмауы, мөлдірліктің пайда болуы) ескере отырып, олардың суретін салып алу керек (немесе суретке түсіріп алу).
Клейстердің дайындалған үлгілерінің бірін құмды ваннада қайнатып, 1 минут қайнату керек. Бір тамшы клейстерді зат шынысына тамызып, препаратты йод ерітіндісімен бояу керек, микроскоппен қарап, крахмал дәндерін суретін салып алу керек (немесе суретке түіру керек). Ыдыраған дәндерді пайда болуын белгілеу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет