Кіріспе зертханамен танысу. Тб бойынша нұсқаулық


КӨКӨНІСТЕРДІ ТЕРМИЯЛЫҚ АСПАЗДЫҚ ӨҢДЕУ КЕЗІНДЕ РЕДУЦИРЛЕНЕТІН ҚАНТТАРДЫҢ ЖИНАҚТАЛУЫ



бет8/30
Дата20.09.2023
өлшемі0.51 Mb.
#478027
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30
Физ-хим лаб 2020-2021

КӨКӨНІСТЕРДІ ТЕРМИЯЛЫҚ АСПАЗДЫҚ ӨҢДЕУ КЕЗІНДЕ РЕДУЦИРЛЕНЕТІН ҚАНТТАРДЫҢ ЖИНАҚТАЛУЫ

Тамыржемістерді (сәбіз және қызылша) термиялық аспаздық өңдеу кезінде сахарозаның гидролизі және жасуша қабырғаларын құрайтын жоғары молекулалық көмірсулардың ыдырауы нәтижесінде редуцирленетін қанттардың түзілуі жүреді. Түзілген редуцирленетін қант мөлшері жылулық әсерінің ұзақтығына және ортаның реакциясына байланысты. Жасушалық шырынның құрамында болатын, сондай- термиялық өңдеу кезінде қосылатын қышқылдар қатысында редуцирленетін қант мөлшері артады.


Жұмыстың мақсаты-тамыржемістерді термиялық өңдеудің ортаның реакциясы мен пісіру ұзақтығына байланысты редуцирленетін қанттардың жиналуына әсерін көрсету.
Зерттеу объектілері - сәбіз, қызылша.
Аспаптар, жабдықтар мен ыдыстар. Технохимиялық таразы; сыйымдылығы 0,5 л үш кастрөл; сыйымдылығы 250 мл үш өлшеуіш колбалар; үш воронка; үш пробирка; сыйымдылығы 500 мл екі химиялық стакан; пробиркаларға арналған қысқыш; пробиркаларға арналған штатив; электр плитасы; газ немесе спирт оттығы.
Реактивтер. 2%-дық күкіртқышқылды мыс ерітіндісі; 15%-дық натрий тотығы гидратының ерітіндісі; 4%-дық сірке қышқылының ерітіндісі.
Жұмысты орындау техникасы
Орташа өлшемді қызылша және / немесе сәбізді аршып, түтікшелеп турау керек немесе ірі үккіштен өткізу керек. Дайындалған сынаманы мұқият араластырып және үш тең бөлікке бөлу керек. 0,5 л сыйымдылығы бар әр түрлі кастрөлге қызылша немесе сәбіздің (шамамен 30 г) екі өлшендісін салып, көкөністерді толығымен жабатындай етіп дистилденген су құю керек. Қызылша қосылған бір кастрөлге 20 мл 4%-дық сірке қышқылын қосып, әмбебап индикаторды қолдана отырып, қышқыл қосылған және қосылмаған сынамадағы ортаның рН-ын анықтау керек.
Кәстрөлдердегі су деңгейін анықтап, кстрөлдің сыртқы бетіне жай қарындашпен белгілеп қою керек. Кастрөлдерді қақпақтармен жабу керек. Көкөністер салынған суды тез қайнағанға дейін жеткізіп, баяу отта пісіру керек: сәбіздің бір үлгісі — 15 минут, екіншісі — 30, ал қызылшаның екі үлгісі — 40 минут.
Қызылшаның (сәбіздің) үшінші сынамасын сыйымдылығы 500 мл бар химиялық стаканға салып, үстіне дистилденген су құю керек және барлық пісіру ұзақтығына тұндырып қою керек (бақылау тәжірибесі).
Алынған қайнатпаны суық суда тез суытып, қағаз сүзгілері арқылы сыйымдылығы 250 мл өлшеуіш колбаларға сүзіп алу керек. Қызылша немесе сәбіз тұндырмасын (бақылау тәжірибесі) да сыйымдылығы 250 мл өлшеуіш колбаға сүзіп алу керек. Қызылша немес сәбіз кесектерін 50 мл дистилденген сумен шайып, шайылған уды тиісінше колбаларға сүзіп алу керек. Колбаның құрамын дистилденген сумен белгіге дейін жеткізіп, жақсылап араластыру керек.
Пісіру нәтижесінде қызылша немесе сәбізден алынған, сондай-ақ шикі қызылша немесе сәбіздегі инвертті қанттың мөлшерін Троммер реакциясын қолдану арқылы салыстыруға болады.
Троммердің реакциясы гексозалардың қыздыру кезінде сілті ортада ондағы екі валентті мысты бір валентті мысқа дейін тотықсыздандыру қасиетіне негізделген. Бұл жағдайда гексозалар оксиқышқылдарға дейін тотығады. Реакция нәтижесінде айқын боялған ерімейтін өнімдер пайда болады: СuОН мыс тотығының гидраты (сары) және Cu2O мыс тотығы (қызыл).
Троммер реакциясын орындау кезінде қант ерітіндісіне сұйылтылған сілті ерітіндісі мен мыс сульфаты ерітіндісі қосылады:

Сахароза бұл жағдайда тотықсыздану қасиетін айқындамайды, ол оның құрылымына байланысты және біртіндеп тотыға бастайды, ал мыс оксиді гидратының сары тұнбасы моносахаридтер түзе отырып, гидролиз нәтижесінде ұзақ қайнатқанда ғана бөлінеді.
Троммердің реакциясын жүргізу үшін үш пробирканы алып, оларға 10 мл зерттелетін ерітінділерді құю керек. Бұл ретте, сәбіздің бақылау үлгісінен сүзіндіні бірінші пробиркаға, екіншісіне — 15 минут қайнатылған сәбізден алынған қайнатпа, ал үшіншісіне — 30 минут қайнатылған сәбізден алынған қайнатпаны құю керек, сол сияқты қызылшадан үлгілерді дайындау керек: біріншісі — бақылау, екіншісі — қышқылсыз қайнатылған қызылшадан алынған қайнатпа, үшіншісі-қышқыл қосып пісірілген қызылшадан алынған қайнатпа.
Әр пробиркаға 5 мл 15%-дық натрий тотығы гидратының ерітіндісін және 10 тамшы 2% мыс сульфаты ерітіндісін қосу керек. Бұл жағдайда Сu(OH)2 мыс тотығы гидратының көгілдір тұнбасы түседі, ол шайқалған кезде еріп кетеді. Пайда болған көгілдір ерітіндіні пробирканың құрамының шашырауына жол бермей, пробирканың жоғарғы бөлігінен бастап қайнағанға дейін қыздырғыштың жалынында абайлап қыздыру керек (сурет),. Пробирканы суретте көрсетілгендей көлбеу ұстау керек. Тұнба түсі мен мөлшерін белгілеп алу керек.

сурет. Троммер реакциясын жүргізу үшін пробирканы қыздыру

Жұмыста алынған нәтижелер кесте түрінде толтырылады.



Өнім

Тәжірбе шарттары

Тұнба мөлшеріа

Тұнба түсі

сәбіз

бақылау







15 мин қыздыру







30 мин қыздыру







қызылша

бақылау







Қышқыл қосылмаған қайнатпа







Қышқыл қосылған қайнатпа







Тұнба мөлшері мен олардың түсі бойынша термиялық өңдеудің әсері, атап айтқанда, ортаның реакциясы және тамыржемістерді пісіру ұзақтығы редуцрленетін қанттардың жиналуына әсері туралы қорытынды жасау керек.


7 Зертханалық жұмыс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет