Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus)
Басылым: екінші
Ф ЕНУ 703-08-21. Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Екінші басылым
Атомның массасына электрондар үлес қоспайды, себебі электронның массасы өте аз
шама:
m (электрон) =
1836
1
m (протон); m (электрон) =
1836
1
m (нейтрон)
Атом электронейтрал бөлшек, себебі - ядро заряды электрондар санына тең:
протондар = ядро = электрондар =
элементтің реттік
саны заряды саны номері
Атом құрылысының кванттық теориясының негіздері. Атомның орбитальдық
моделін Дания ғалымы Нильс Бор 1913 ж ұсынды. Бор
Резерфордтың планетарлық
моделіне, Эйнштейннің жарық кванттары жөніндегі іліміне (1905), Планктың сәулеленудің
кванттық теориясына (1900) сүйенді. Планктың теориясы бойынша заттар электромагниттік
сәуле энергиясын жеке порциялар – кванттар түрінде сіңіреді немесе бөледі. Бор өзінің
теориясын постулаттар күйінде түйіндеді:
1. Электрон ядроны белгілі бір шеңберлі тұрақты (стационар)
орбита арқылы ғана
қозғала алады.
2. Электрон стационар орбита бойынша қозғалғанда энергия бөлінбейді.
3. Электрон стационар орбитадан басқа орбитаға өткенде энергия сіңіріледі.
4. Электрон басқа орбитадан стационар орбитаға қайта келгенде энергия бөлінеді.
Электрон стационар орбитада болғанда атом қалыпты жағдайда болады. Қалыпты
жағдайда атом өте ұзақ бола алады. Электрон басқа орбитаға көшкенде атом активтелген
(қозған) жағдайға көшеді. Активтелген жағдайда атом ұзақ уақыт бола алмайды.
Атомның
активтелген жағдайда өмір сүру уақыты 10
-5
с шамасынан аспайды.
1924 ж француз ғалымы Луи де Броиль толқындық-корпускалалық қасиет тек жарық
фотондарына ғана емес барлық микробөлшектерге тән деген идеяны ұсынды. Де Броиль
бойынша микробөлшектердің қозғалуын толқындық процесс деп қарастыру керек. Көптеген
ғалымдардың (Шреденгер, Гейзенберг) ғылыми ізденістері бұл гипотезаның дұрыстығын
дәлелдеп электронның толқындық және бөлшектік қасиеттерге ие екендігін көрсетті. Бұл
ұлы ғалымдардың ғылыми ізденістері атом құрылысының
кванттық теориясын онан әрі
дамытты. Атомда электрондар энергетикалық деңгейлерге орналасады, әрбір деңгейлер
деңгейшелерге
бөлінеді, ал әрбір деңгейшелерде орбитальдар (ұяшықтар) болатындығы
жөнінде көзқарас қалыптасты. Электрондардың қозғалу орбитасы шеңберлі емес эллипсті
деген тұжырым жасалды.
Атом құрамындағы электронның жағдайын сипаттау үшін
төрт кванттық сан
ұсынылды: басты квант саны (n), орбиталь квант саны (l), магнит квант саны (m
l
) және спин
квант саны (m
s
).
Достарыңызбен бөлісу: