3. Ғылыми дискуссиялардың ұйымдастырылуы.
1951 жылы тіл білімі жөнінде дискуссия болды. Онда базис пен қондырма жөніндегі академик Н.Я.Мардың концепциясы сынға ұшырады. Грузияда өмірге келген шотландтық бағбан мен грузин қызынан туған Николай Яковұлы Кеңес заманы алғашқы дәуірінің бетке ұстар атақты ғалымдарының бірі болды. Оның тіл тек қана таптық қоғамда пайда болады деген концеп циясы ғылымның дамуына көп кедергі жасады. Таптық қоғамға дейін адамдар тек қолдың қимылымен немесе бір бірімен ымдап қана түсініскен.Тіл, ойлау қабілеті және сана бір уақытта пайда болған деп дәләлдеді ғалым. Олай болатын болса алғашқы қауым мүшелерінде не ойлау қабілеті,немесе сана болмағаны ма? Н.Я.Маррдың концепциясына Сталин өзінің «Марксизм и языко знание» еңбегінде күйрете соққы береді.
Экономика теорисы туралы да дискусся болды. Саяси экономия оқулығы жарыққа шықты. 1952 жылы И.В.Сталин өзінің «Экономические проблемы социализма в СССР» мақаласымен пікір-таласты қорытындылады.
1968-71 жылдар аралығында ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарында феодализма генезисі мен абсолютизм тақырыбында дискуссиялар өтті. Кеңес ғалымдары Л.В. Черепниннің феодализм концепциясы, Н.М. Дружинин, В.К. Яцунский, Е.И. Индов еңбектеріндегі капитализм генезисі талқыға түсті. Капитализм дәуіріндегі Ресейдің аграрлық құрылымын зерттеген А.М. Анфимов, С.М. Дубровский, И.Д. Ковальченко және басқалар өз еңбектерін жарыққа шығарды.
4. Кеңес тарихғылымының көрнекті тұлғалары.
Борис Дмитриевич Гре́ков (1882–1953). Кеңес тарихшысы, 1901 жылы Варшава университетіне түсіп 1905 жылы москва университетіне ауысады. Жоғары білім алғаннан кейін бірнеше гимназиларда оқытушылықпен айналысты. 1910-1913 жылдары Михайловск селосындағы Шереметьв кітапханасының директры болып тағайындалды. 1913 жылы Б.Д.Греков Императорлық Археографиялық комиссия мүшесі болып сайланды. 1916–1918 жылдары Пермь университетінде орыс тарихы кафедрасын және тарих-филология факультетінің негізін қалаушы. 1936 жылы Ленинград қаласындағы Тарих институтының, 1938 жылы Москва Тарих институтының, 1947 жылы Материалдық мәдениет институтының директоры, 1946-1953 жылдары КСРО ҒА-ның тарих және философия бөлімшесінің академик-хатшысы қызметтерін атқарған атқарған. Киев Русі тарихының маманы. 1930-1950 жылдар арасында осы тақырыпқа арнап бірнеше монография жазды. 1937 жылы А.Ю. Якубовский екеуі қосылып жазған «Алтын Орда» шығармасы осы күнге дейін маңызын жойған жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |