Практикалық сабақ №1
Тақырыбы: «Тағам биотехнологиясы» пәніне кіріспе
Сабақтың жоспары:
Тағам биотехнологиясы, жалпы міндеттері және олардың халық шаруашылығы үшін маңызы.
Тағамдық биотехнологияның даму тарихы және оның басқа ғылымдармен байланысы.
Тағамдық биотехнологияның принциптері мен әдістері.
Биотехнологиялық өнімдердің тағам өндірісінде қолданылуы
Биотехнология ғылымының маңызды салаларының бірі – тағам биотехнологиясы. Қазіргі таңда Жер шарын мекендеуші тұрғындар санының жылдам қарқынмен өсуіне байланысты, адамзат баласын азық-түлікпен қамтамасыз ету, күнделікті тұтынатын тағам өнімдерінің сапасына қадағалау жасап, тиісінше жоғарылату, тағам биотехнологиясының басты міндеті, өзекті зерттеу мəселелерінің болып табылады.
Өткен ғасырға дейін əлем халқы əзірлеу, өңдеу, өндіру, сақтау сияқты тағам биотехнологиясының əртүрлі тəсілдерін барынша кең көлемде қолданып келді. Ғылым мен нанотехнологиялар ғасыры атанып отырған, үстіміздегі ХХІ ғасырдағы əлем өркениетінің сұраныс-талабы тағам өнімдерін əзірлеу, өңдеу, өндіру технологияларының жаңа деңгейлерін игеруді қажет етуде. Тағам биотехнологиясына деген осындай қоғамдық сұраныс биотехнологтар, биологтар, тағам технологтары мен ауылшаруашылығындағы азық-түлік өндірушілерге аталған сала бойынша белгілі дəрежеде теориялық, тəжірибелік білім негіздерін игеруді, осы салада арнайы мамандар даярлауды қажетсінуде.
Қазіргі тағамдық биотехнологияда екі бағытты қарастыруға болады: биотехнологиялық әдістер арқылы жасалған заттар мен қосылыстарды (мысалы, органикалық қышқылдар, аминқышқылдар, дәрумендер) және биотехнологиялық процесстер негізінде тағамдық өндірістегі интенсификация
Қазіргі кезде тағамдық өндірісте биотехнологиялық әдістер кең қолданыс алуда. Тағамдық қоспаларды қолдану аясы кеңеюде соның ішінде микроб жасушаларының көмегімен алынған: органикалық қышқылдар, ферментті препараттар, дәмдеуіштер, қоюландырғыштар және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |