Бақылау сұрақтары
Тамақ өнімдерінің микрофлорасы қалай жіктеледі?
Спецификалық тағам микрофлорасына мысал келтіріңіз.
Спецификалық емес тағам микрофлорасына мысал келтіріңіз.
Азық-түлік шикізаты мен тағам өнімдерінің ластану көздері.
Қоғамдық тамақтандыру және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарында бақыланатын гигиеналық нормативтерге микроорганизмдердің қандай топтарын бақылайды?
Жалпы микробтық ластану дегеніміз не?
Колиформды бактериялар қайда тіршілік етеді?
Энтерококкаларға сипаттама беріңіз.
Су микрофлорасы қалай жіктеледі?
Әдебиеттер
Кабылбекова Г.К. Тағамдық биотехнология. Дәрістер циклі. — Алматы: CyberSmith, 2019. -112 бет.
Х.Ж.Мақажанова, Ж.Т.Лесова, С.А.Надирова. Тағам биотехнологиясы: Оқулық. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2012.- 208 бет
Абилдаева Р.А., Тасыбаева Ш.Б., Абубакирова А.А. Тағам биотехнологиясына кіріспе пәні бойынша практикалық сабақтарға арналған практикум.- Алматы: «TechSmith» баспасы, 2018. – 116 б.
Х.А.Аубакиров, М.Д.Кенжеходжаев. Биотехнология: Зертханалық жұмыстар практикумы.-Алматы: «Отан» баспасы, 2014.-212 б.
Темербаева М.В., Султумбаева А.К. Тағамдық және биотехнологиялық өндірістерінің санитария мен гигиенасы: оқулық / М.В. Темербаева, А.К. Султумбаева. — Алматы: CyberSmith, 2019.- 336 б.
Практикалық жұмыс №3
Тақырыбы: Тағамдық өндіріске микробиологиялық және санитарлық гигиеналық бақылау
Сабақтың жоспары:
Шикізат пен дайын өнімнің негізгі түрлерінің биохимиялық құрамы мен микрофлорасы.
Санитарлық-микробиологиялық бақылау.
Өндірісті бақылау.
Тамақ өнімдерінің биохимиялық құрамы
Санитарлық микробиология адам денсаулығына қолайсыз әсер ететін қоршаған ортадағы микроорганизмдерді зерттейтін медициналық микробиологияның бөлімі.
Ол қоршаған орта объектілерінде:
патогенді, шартты-патогенді және санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдерді анықтау.
объектілерін залалсыздандыру тиімділігін бақылау тәсілдерін.
гигиеналық нормативтердің микробиологиялық көрсеткіштерін жасау.
Микробиологиялық анализ үшін сынаманы сақталған шарттар бойынша алады. Егер бірден анализ алуға кірісу мүмкіндігі болмаса, онда сынаманы тоңазытқышта 0-ден 5 С температурада сақтау рұқсат етіледі.
Алынған сынама қоректік ортаны егуге және дайындауға арналған. Анализді алады:
А) 1 дана пайдаланатын қаптағы өнімдерден;
Б) 500 см3 сұйық себілетін өнімдерден.
Сынаманы таңдау партия өлшеміне байланысты және бұл өнімдердің мемлекеттік стандары анықталады.
Сынамадан алынған микробиологиялық анализды асептика жолын бақылай отырып, келесі әдістермен жүргізіледі:
- қоректік ортаның зерттелген үлгісін бетіне немесе терең егу әдісі;
- қоректік ортаның бетіне фильтрді ауыстыру мен мембраналы фильтрацияны пайдалану;
- микроскопия;
- қондырғының санитарлы микробиологиялық бақылауын залалсыздау мен жуудан кейін жүргізеді;
- сынама алу жуатын және залалсыздайтын заттарды толық жойғаннан кейін жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |