105
бір-бірімен шатастыру орын алды. Сондықтан да пиритті темір дисульфиді деп атайтын болды.
Пиритте темір IV валентті болып керінеді, ал темірдің ондай валенттілігі болуы мүмкін емес. Зерттей келгенде бүл косылыста темір екі валентті, ол оның құрамындағы күкірт атомдарының арасында езара байланысы бар асқын қосылыс деп анықталды. Осыған орай, FeS- темір сульфиді, Ғе5г - темір персульфиді деп аталынатын болды. Сонда бұл жерде қосылыстардың құрамы ғана емес, химиялық байланысының сипаты да ескерілғендігі анық.
Біз пириттің бірнеше аталымын талдай келе, ішіндегі құрылысы мен құрамына сэйкес келетін ең тиімдісі темір персульфиді деген пікірге келдік. Алғашқы "пирит" деген атау ұлттық немесе табиғи тіл құрамына кіреді. Соңғы "персульфид" деген халықаралық атау, табиғи тіл немесе ұлттық тілге кірмейді. Бұл мысалға, осы екі заттың да химиялық номенклатураның қалыптасуына кеп эсері болғандықтан тоқталып отырмыз.
Сондықтан да біз келешектегі зерттеулерімізде осы олқылықтарды толтыруға тырысамыз. Қорыта келгенде, химиялық номенклатура мен символиканың арасындағы байланысты ұғынбайынша, заттың химиялық құрамын, қасиетін, қолданылуын, осыған орай оның номенклатурасы мен символикасын ғылыми тұрғыдан түсіну мүмкін емес.
Химия тілі гыльши жэне оқу танымының құралы. Химия тілі тек заттардың реакцияға түсуін түсіндірудің құралы ғана болып қоймай, ол оқушының қоршаған дүниені тануына негіз болатын басты құрал. Себебі химия - бүкіл жаратылыстану ілімдерінің арасында зат пен заттың, зат пен құбылыстың арақатынасын ұғындыратын, оларға байланысты заңдылықтар жайында білім беретін бірден-бір пэн.
Хи.мияны дұрыс ұғыну үшін, алдымен оқушыда қоршаған дүние, оның заттары жайында таным қалыптасады. Таным қажеттілік арқылы жүзеге асады, дені сау эрбір адамда таным қажеттігі бар. Ѳзінің тіршілік жэне рухани қажеттігін ѳтеу үшін оқушы дүниені танып білгісі келеді. Алайда ол ѳзіне қажетті иэрсеге, мэселен, оқу пэніне қызығады. Кейіннен бұл нэрсе оқушы іс-әрекетінің мақсатына, қозғаушы күші - мотивке айналуы мүмкін. Таным - адам
106
санасын дамытудың негізі жэне ол арқылы адам ѳзін қоршаған органы игеруге де үйренеді.
"Таным" - философиялық ұғым, "...айналадағы материалдық шындықтың адам санасында бейнеленуі. Қоршаған дүние обьеқтивті ѳмір сүретін болғандықтан, оның заттары мен құбылыстары санада бейнеленеді.
Адам баласы таным аркылы білмеуден білуге қѳшіп отырады. Ол затты, қүбылысты танығаннан кейін, енді таныс емес жақтарын білуге үмтылады.
Таным арқылы заттар мен қүбылыстардың басты белгілері, үқсастықтары мен айырмашылықтары жайындағы бейнені қабылдау нэтижесінде үғым туады. Таным ... практикалық қызмет барысында іске асады ".
Адам іс-эректтер арқылы ѳзінің танып-білғен қүбылыстарының басты-басты белгілерін, қасиеттерін есінде ерешие сақтайды. Осылардың негізінде үғым қалыптасады.
Химия ғылымы табиғатты танып білуғе жэне қоғамның материалдық игілігін жасауда маңызды рол атқаратын жаратылыстану ғылымдарының бірі. Олай болса, табиғат, қоғам жэне онда адамның алатын орны жайында алғашқы білім қалыптастыратын "дүниетану" пэнінің химиялық үғымдардың да негізін қалайтыны сѳзсіз. Себебі химия пэні табиғаттағы толассыз, тоқтаусыз жүзеге асатын зат айғіалымының мэнін, табиғат байлығын адам қажетіне жаратудың жолын, оны ондірудің тэсілін де үйретеді.
Белгілі психологтар Б.Г. Ананьев, Д.Н. Богоявленский, Л.С.
Выготский, П.Я.Гальперин, С.Л. Рубинштейн, А.Н.Леонтьев,
Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов жэне белгілі педагогтар М.Н.Скаткин,
Қайым, П.И. Пидкасистый, Т.И.Шамова, Г.И.Шукина, А.Е. Әбілқасымова, Н.Ф. Талызина еңбектерінде оқытудың танымдық іс-эрекеті теориясының негізіі қағидалары жарияланса, әдістемелік түрғыда аталған проблеманы химиядан Н.Д. Хмель, биологиядан Н.А.Рыков, И.Д.Синельникова, математикадан Б.Т.Дыбысбаев, С.М. Мәжидинова зерттеп, жеке пэндерді оқытуға байланысты ерекшеліктерін анықтады.
Педагогикалық әдебиеттерде танымды қалыптастырудың бірнеше жағдайлары айтылады. Соның бірі - оқушылардың таным әрекетін үйымдастыру формаларын, қүралдарын жэне эдістерін жетілдіру. Бүған жататындар: сабақгың дэстүрлі емес түрлерін
107
ѳткізу, оларда қолданылатын техникалық жэне кѳрнекі құралдардың тиімділігін арттыру болып табылады.
Сондай-ақ, ойындар ұйымдастыру; проблемалық жэне интегративті ұстанымдарды жүзеге асыру; пэн аралық және пэнішіндік байланыстарды ашып корсету; оқушылардың оздігінен білім алуын тиімді үйымдастыру; шығармашылық жэне зерттеу жүмыстарына белсенділік қалыптастыру; білім тексеру мен багалаудың алуан түрлерін үтымды пайдалану арқылы оқытудағы кері байланысты жетілдіру.
Оқыту кезінде, оқушының білмеуден білуге қарай дамуы барысында таным қалыптасады. Психологтардың пікірі бойынша, оқушының таным процестері - озіне тән ерекшелігі бар күрделі психологиялық қүбылыс. Олардың нәтижелі оқуына эсер ететін сыртқы жэне ішкі күштер немесе себептер болады. Эрине білім алуда ілгсрі қарай басуына себепкер болатын негізгі күш - түрлі қиыншылықтар. Бала білмеуден білуге қадам басқанда, эр түрлі кайшылықтар мен қиындықтарға кездеседі, оларды шешу, жеңу нэтижесінде оқу міндеттері жүзеге асырылады.
Оқыту үрдісіндегі ең негізгі қайшылық - педагогикалық міндет-талаптар мен оқушының мүмкіндіктерінің (білімі мен дағдысыиың жэне дамуының қазіргі деңгейі) арасындагы қайшылық. Бүган тағы да оқушының теориялық білімі мен шығармашылық ойлауы мен репродуктивтік ойлауы арасындағы және т.б. қайшылықтар жатады. Осындай қайшылықты шешу оқушының саналы түрде коп күш-жігер жүмсауын керек етеді және оның дамуына үлкен эсері болады. Мүндай қайшылықтар әсіресе химия пәнін оқытуда туып отырады.
Оқыту үрдісі - оқушы мен мүғалімнің озара бірлесіп жасайтын әрекеті. Білім алу - оқу барысьшда оқушының атқаратын іс-әрекетінің нэтижесі.
Білім беру барысында оқушылардың жеке түлғасын жан-жақты жеткізуге, олардың танымдық эрекетін дамытуға, ой-санасын калыптастыруга ерекше назар аудару - эр педагог мүғалімнің міндеті. Осы түргыдан алғанда оқушылар алған білімін жадында сақтап қана қоймай, оның ѳмірмен байланысын іс жүзінде қолдануга жаттыгады.
Химиядан сабақ берудің тиімді әдістерін қолдана отырып, оқушылардың ақыл-ойының дамуына, олардың оздігінен жүмыс істеу мүмкіндіктерін күшейтуге жагдай жасалады. Сонымен қатар
108
оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мәселесіне ерекше назар аударылады. Ғалымдар танымдық белсенділіқті үш деңгейде бѳліп қарастырган: жаңғырту, түсіидіруші жэне шығармашылық. Оқушылардың танымдық белсенділіктерін оқу үрдісімен ұтымды ұштастырған жағдайда сабақ тиімді ѳтеді. Әсіресе оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істей отырып, оқу белсенділіктерін арттыруға мүмкіндік мол. Танымдық белсенділікті арттыруды бірнеше жағдайда қарастыруға болады:
егер сабак балалардың ѳмірден түйген іс тэжірибелері мен білімдеріне баға беру негізінде ѳтетін болса, нэтижесінде оқушылар тақырыпты тереңірек меңгеріп, танымдық белсенділіктерін іс-тэжірибеде жемісті қолдана алады;
егер сабақ ойын түрінде ұйымдастырылса, оқушылар белсенділігінің сабақ барысында артуына жағдай жасалады. Осылардың нэтижесінде оқушылар тақырыптың мазмұнын ѳмірмен байланыстырып, күнделікті іс-тәжірибе мен білімге деген ұмтылыстары, қызығушылықтары артады.
Педагогикалық зерттеулер нэтижесі белгілі бір пэнге қызығудың сатылап қалыптасатынын кѳрсетеді. Оқушыда алдымен білуге эуестік, содан кейін білуге құмарлық, ең соңында қызығу пайда болады.
Оқушыларда қызьнуды тудыратын бірнеше жағдай болады, Ол, біріншіден, оқытудың мазмұны, мазмұнның тартымдылығы, жаңалығы, ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтарының енуі, таңдандыратын тарихи деректер, ғылыми білімнін іс жүзінде қолданылу дэрежесі т.б.
Екіншіден, білім береу мен тэрбиелеу барысында, мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасында сыйластық, ізеттілік, адамгершілік қатыпастың орнауы.
Осыдан келіп, оқушының білім алуға қызығушылығы туады: қызығу -> кейде білім алуға ыитығу, танымдық қызығу ->■ яғни, кейде бір пэнге қызығу болуы мүмкін.
Химиядан білім берудің оқу-тэрбиелік негізгі міндеті - оқушыларды тек білім жүйесімен ғана қаруландыру емес, сонымен бірге олардың алған білімін жадында сақтау жэне ойлау қабілетін, химиялық тіл шеберлігін, білімге қызығуын, дүниетанымдық
кѳзқарасын, ықыласынтасын, тѳзімділігін, іскерлігін.
109
ізденімпаздыгын жэне т.б. қасиеттерін жетілдіру болып табылады. Бүл міндеттерді оқушылардың танымдық эрекеті мен ақыл-ойын жетілдіру белсенділігін арттыру арқылы жүзеге асыруга болады. Ол үшін сабақ барысында оқушылардың оздігінен атқаратын жүмыс түрлерін кеңінен қолданган тиімді десек, соның бірі - танымдық ойындардың эр түрлі элементтерін енгізу. Химиядан берілетін білімнің тиянақгылыгын сабақ барысында түрлі дидактикалық ойын эрекеттері арқылы жүзеге асырудың мүмкіндігін біз де ашып корсетеміз. Мэселен, химиялық домино, лото, кесілген таңбалар осының айғағы. Оқушылардың білімін есепке алудағы танымдық ойынның ролі Н.К.Ахметовтың еңбегінде гылыми негізделген.
Химияны оқыту кезінде утым қалыптастырудың теориялық негізі туралы кѳптен шүғылданып жүрген эдіскер, педагог, галым Н.Е.Кузнецова, зат туралы, химиялық реакция жайлы білімнің жалпылануы мен қызметін, танымдық іс-эрекетін, теориялық түсінік белсенділігін, олардың творчествалық ойлауын дамытудың гылыми негізделген әдістемесі мен түжырымдамасын жасады. Оның пікірінше, хи.миялық тілдің барльпс қүрамдас боліктері туралы білім бірден берілмейді. Ол химияны тану, білу қүралы ретінде үғымның қалыптасуы мазмүнымен тығыз байланыста жүреді. Берілетін білім мен үғымның теориялық деңгейі ѳзгерген кезде, білімнің айтылу түрі озгеріп, таңбалық ақпарат қайта белгіленеді, сойтіп олар қатар дамиды.
Әрбір ғылым озінің маңызды жэне ерекше белгілерін оқушыларға ашып, қолайлы түсіндіретін тиімді тілде баяндайды. Сол сияқты химия ғылымының тілі де оз құрамына табиғи тіл сѳздері мен сойлемдерден басқа, ерекше бѳліктер: химиялық терминология, номенклатура жэне символиканы - "химиялық тілді" қамтиды. Химияны ғылымда тек ѳз тілі арқылы пайдалануға мүмкіндік туады.
Химия тілі ғылыми негізде қүрылады да, білім мен тэрбие қүралы ретінде оқыту жүйесінің қүрамдас болігі, химиялық білімнің берілу формасы және козі болып табылады.
Химия тілі химия ғылымының бір болігі ретінде қаралады. Эр ғылымның зертгейтін обьектісі, зертгеу нэтижесінде алынған білім жүйесі, оны тіркеп заттандыратын таңбалар жүйесі - ғылым тілі болады.
по
Әдетте, тар мағынада түсініп, осы үшеуінің ішінде білім жүйесін ғана ғылымға жатқызады. Білім - сананың қызметі, ол бақыланатын, зерттелетін объектіге айналу үшін тіл арқылы берілуі керек. Философиялық кең түсінікке жүгінсек, тіл - білімнің кѳріну, ѳмір сүру түрі. Ғылымның тілін ѳзінен бѳліп қарауга болмайды. Ғылым тілі оның жинаған білімін тіркеу, сақтау жэне үрпақтан үрпаққа жеткізу үшін қолданылады. Ғылыми білім оның зерттейтін объектісі, ақиқат болмыстың санадағы кѳрінісі.
Химия - заттардың сан алуан сапалық ѳзгерістерін зерттейтін жаратылыстану ғылымдарының бірі. Заттарды тэжірибелік зертгеуден алынған білім алдымен ғылым саласына орнайды, одан екінші салаға ауысу немесе қоғамдық сана қорына қүйылу үшін білім естілетін немесе кѳрінетін материяға айналуы қажет. Тіл - осындай дыбыстан не эріптен түратын материя. Химияның объектісі - зат. Ол да материяның нақты бір түрі. Химиялық білім мен тіл - химиялық дүниетанымның жемісі. Үшеуінің арасындағы тэуелділікті үшбүрыш арқылы корсету тиімді әрі корнекі:
Ғылыми білім
Зат Ғылым тілі
Ғылыми еңбекті оқығанда алдымен мэтін мазмүнынан ғылымның тілін қабылдаймыз, содан соң тілдің астарындағы мағынасы - білім арқылы заттардың алуан қүбылыстарын түсінуге үмтыламыз. Химиялық таным заттан тілге, тілден затқа қарай қарама-қарсы бағытта жүзеге асады. Ѳйткені ғалым зерттейтін заты жонінде озіне дейінгі ғылым арқылы тіркеліп жазылған білімді жетік игермесе, жаңалық ашуы мүмкін емес. XVIII гасырда А.Лавуазье ғылымсыз тіл, тілсіз ғылым жетілмейтінін дэл басып айтты. Ол жалпы жаратылыстану ғылымы үш боліктен: біріншісі - ғылыми деректер, екіншісі - олардан туындайтын козқарастар, үшіншісі - осы екеуін баяндайтын тіл, - дегенді айтты.
Әдебиеттерде ғылым тілін түсінудің торт түрлі деңгейін боліп корсетеді. Кең философиялық түсінік бойынша ғылым тілі ғылыми білімдер жүйесіне, яғни нағыз ғылымға теңестіріледі, ал тар лингвистикалық мағынада арнайы создіктен жэне арнайы синтаксистен тұратын таңбалар жүйесі ретінде анықталады. Тек бір
111
анықтамада ғана білім мен тіл байланысы керсетіледі де, ал қалған үшеуінде ғылым тілі таңбалар жүйесі ретінде сипатталады.
Табиғи тіл де таңбалар жүйесіне жатады. Кейбір ғалымдардың
пайымдауынша, ол семантикасының тұрақсыздығымен, прағматикасының байлығымен ерекшеленеді. Ғылыми тіл табиғи тілдің негізінде жасалып, іс жүзінде қолданысқа ие болады. Сондықтан да ғылыми тілдің құрамында табиғи тілден оқшау тұратын ѳзіне ғана тэн тілдік құралдары - таңбалары болады. Осындай, тілдік таңбалардың ең негізгісі жэне ертеден келе жатқаны
табиғи немесе ұлттық тіл. Ол таным мен қатынас құралы ретінде пайдаланылатын кѳп құрылымды жэне соған сай атқаратын қызметі де эр түрлі. Кез келген хабарламаны жеткізуде табиғи тілдің шектелғен мүмкіндігіне қарамастан, эр ғылым саласы ѳзінің бір құрылымды арнайы ғылыми тілін жасайды. Ғылыми тіл, оның ішінде химия ғылымының тілі жалпы халықтық тілдің күннен күнге дамып келе жатқан бір бѳлігі.
Ғылым тілі сол ғылымның құрамдас бѳліғі болып табылатындығы туралы пікір осы күнге дейін ѳз мэнін жойған жоқ. Ғылым тілі ғылыми таным нэтижелерін бір-бірімен байланыстырып, оқушылардың белгілі бір білім жүйесін қабылдауын жүзеге асырады. Химиялық таным объектілері - заттар, ал пэні - тұтастай заттардың химиялық қосылыстары, яғни оның молекулалық бертолидті формасы - ауыспалы күйі болып табылады.
Зерттеу үрдісінде алынған қосылыстар, эмпирикалық жэне теориялық білімдер ғылым мазмұнын құрайды. Ғылым мазмұны идеалды бейнелеу ретінде ғылым тілінде материалданады. Химиялық танымның жеке жақтары арасындағы озара байланысты 6-сызбанұсқа арқылы беруге болады.
|