1 Аналитикалық химия пәні, мақсаты, міндеті. Аналитикалық қызмет. Анализ әдісініңжіктелуі


Анализдің нәтижелері мен өлшемдеріне келесі талаптар қойылады



бет6/52
Дата25.04.2024
өлшемі4.71 Mb.
#499836
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
Аналитика B

Анализдің нәтижелері мен өлшемдеріне келесі талаптар қойылады: олар дұрыс, дәл және қайталанғыш болу керек.
Сандық анализ – анализ жасайтын объектідегі (зат) химиялық компонентерінің мөлшері (концентрациясы, пайыздық мөлшері) мен салмағын (массасы) эксперименттік тұрғыдан анықтау (өлшеу).
Сандық анализдің негізін қалаушы М.В.Ломоносов:

  • анализге таразыны қолдануды кіргізді;

  • эксперимент (1756 ж.) жүзінде сандық анализ әдісін дәлелдеді.

Сандық анализ талаптары
Сандық анализді жүргізу үшін мына шарттарды орындау қажет:
-барлық операцияларды ерекше дәлдікпен мұқият орындау
- ерітінді көлемін 0,01 - 0,02 мл дәлдікпен өлшеу
- титрант концентрациясы 0,1Н артық болмауы
- зат өлшендісін 0,2 г кем емес және үтірден кейін төртінші таңбаға дейін дәлдікпен өлшеу
- өлшегіш ыдыстар мен аспаптарды калибрлеу және қалыпқа келтіру
- анализ нәтижелерін статистикалық өңдеу қажет
- анализ қателігін анықтап отыру керек.

Сандық анализдің үш түрі бар: толық, ішінара (жартылай) және жалпы.


-Толық сандық анализде анализденетін сынамадағы барлық компоненттердің мөлшері анықталады. Мысалы, қанды толық сандық анализдегенде 12 компонент: натрий, калий, глюкоза, билирубин және т.б. мөлшерін анықтайды. Цемент – CaO, MgO, Fe2O3, Al2O3, SiO2, CaSO4, SO3.
Толық анализ жүргізу үшін өте көп уақыт пен еңбек қажет.
-Ішінара сандық анализде тек қажетті компоненттер мөлшері анықталады.
-Жалпы сандық анализде анализденетін сынамадағы әрбір элемент мөлшері олардың қандай зат құрамына кіретініне тәуелсіз анықталады. Әдетте бұл элементтік анализ деп аталады.
Сандақ анализде есептеулерді және өлшеуді мұқият жүргізу керек. Химиялық анализ жасағанда есептеулер дәлдігі ГОСТ-пен немесе ТЖ-мен /техникалық жағдайлар/ анықталады.
Мысалы, концентрацияны есептегенде және гравиметриялық анализде аналитикалық таразыда заттың массасы төрт ондық белгілері бар санға дейін (0,1322 моль/л және 74,5744г) өлшейді. Титриметриялық анализде ерітіндінің көлемін бюреткамен өлшегенде екі ондық санға дейін (0,22мл).
Анализдің нәтижелері мен өлшемдеріне келесі талаптар қойылады: олар дұрыс, дәл және қайталанғыш болу керек.
Анализ қателігін анықтап отыру керек.

Аналитикалық химия басқа да көптеген ғылымдармен, сонымен қатар ауыл шаруашылығымен, өндірістермен, өнеркәсіптермен, медицинамен, геологиямен, экологиямен және т.б.тығыз байланыста.


Сандық анализдің көмегiмен мынандай мәселелердi шешуге болады:
-Заттың физикалық қасиетi мен химиялық құрамы арасындағы байланысты анықтауға болады.
-Шығарылатын заттың сапасын анықтау, қоршаған ортаны зерттеу.
-Бағалы қосылыстардың құрамын анықтау.
-Диагностикалық ауруларды анықтау.
-Биологтарға өсiмдiктер мен жан-жануарлардың өсуiне, ұлғаюына кейбiр әсер ететiн элементтердің сандық мөлшерiн анықтау.
Сонымен бiрге бұл анализ ғылыми зерттеу жұмыстарында қолданылады.
5. Аналитикалық анықтаулардың дәлдігі және оны өңдеу (анализ қатесі). Талдау қателіктерінің жіктелуі, есептеу жолдары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет