Жалпылау есімдіктері.Жалпылау есімдіктері деп мағына жағынан кем дегенде екі я онан көп заттар мен құбылыстарды жинақтай атау үшін қолданылатын сөздерді айтамыз.
Жалпылау есімдіктеріне бәрі, барлық, барша, бар (бар адам), күллі, бүкіл, түгел деген сөздер ғана жатады.
Құранды етістіктер
Құранды етістіктер деп есім сөздерге белгілі көмекші етістіктер тіркесіп, оған қимыл мағынасын қосу арқылы жасалған етістіктер аталады. Мысалы, қызмет ет, кұрмет ет, жәрдем ет, адам ет, әлек қыл, алаң бол, қор бол, ит қыл т.б.Құранды етістік жасайтьш кемекші етістіктердің қызметін есім сөзден етістік жасайтын жұрнақпен салыстырып, олардың екеуінің де есім сөзден етістік жасайтынын көруге болады. Мысалы, жәрдем ет - жәрдемдес, сыйлық ет - сыйла, мазақ ет - мазақта, кұрмет ет -кұрметте, табыс ет – табыста
Құранды етістіктер деп есім сөздерге белгілі көмекші етістіктер тіркесіп, оған қимыл мағынасын қосу арқылы жасалған етістіктер аталады. Мысалы, қызмет ет, кұрмет ет, жәрдем ет, адам ет, әлек қыл, алаң бол, қор бол, ит қыл т.б.Құранды етістік жасайтын көмекші етістіктердің қызметін есім сөзден етістік жасайтын жұрнақпен салыстырып, олардың екеуінің де есім сөзден етістік жасайтынын көруге болады. Мысалы, жәрдем ет - жәрдемдес, сыйлық ет - сыйла, мазақ ет - мазақта, кұрмет ет -кұрметте, арман ет - арманда, үміт ет - үміттен.Құранды етістіктердің тілде синоним туынды түбір етістіктері бары анықталды. Ол әр есім сөзден тілде аналитикалық тәсіл арқылы да, синтетикалық тәсіл арқылы да туынды етістіктер жасалғанын білдіреді. Ал ол − құранды етістік жасайтын көмекші етістіктердің есім сөзге жұрнақ сияқты қимыл мәнін қосқанына толық дәлел.
Көмекші етістіктер арқылы жасалған құранды етістіктердің туынды етістік екенін олардың сөйлемде етістік сөздер үлгісімен түрленуі де дәлелдейді. Мысалы, Ант етеміз адым жер шегінбеуге. Жауқазындар гүл атты.Ой, тақсыр, айып етпе, шақырғанға деп айтты сасқаннан соң, қолын құшып . Назды мұң мен толқынды ыстық ой да, барлық пердесіз, қытықсыз шынын осы әнге табыс еткен.
1-тапсырма. «Иә, жоқ» әдісі бойынша есімдік және оның түрлері .
1.Есімдік сөз табы ма?
2.Ол зат есім, сын есім, сан есім орнына жұмсалады ма?
3. Есімдіктің 6 түрі бар
4.Сілтеу есімдігі «қай?» Деген сұраққа жауап береді.
5.«Анау» деген сұрау есімдігі.
6.«Өз елім - өлең төсегім» деген мақалдың ішінде есімдік бар.
7. Есімдіктер орынбасар сөз табы деп аталады.
8.Жалпылау, жинақтау мағынасын білдіретін Жалпылау есімдігі. 9.Болымсыздық мағынаны білдіретін сілтеу есімдігі.
10. «Әрқашан күн сөнбесін» сөйлемінде жіктеу есімдігі қолданылған.
2- тапсырма. Берілген есімдіктерді есімдіктің мағыналық түрлеріне қарай топтастырып жаз.
Әрқашан, әлдене, ешбір, кім, мынау, анау, ешбір, мен, бізге, өздеріміздің, түгел, бәрі, сол, біреу, неге.
3- тапсырма. Сөйлемдердегі есімдіктерді тауып мағыналық түрін анықтау. 1. Сен тұтас жер болып едің, Жер ана.
2. Сол оқиғаны есіне алғысы келмейді.
3. Алмат достарының қашан келетінін білмейді.
4. Өзін Мадиярға аға тұтып жүр.
5. Енді ол үшін бүкіл дүние тас қараңғы.
6. Басқа ешкім дыбыс шығарып сөйлемейді.
7. Кейбір жігіт жүреді мақтан сөйлеп.
Достарыңызбен бөлісу: |