1 апта Қарапайым деңгей Коммуникацияға қатысу Грамматикалық тақырып


ОСӨЖ: «Талғам туралы дауласпайды» тақырыбына эссе жазыңыз. Ортадан жоғары деңгей (В2)



бет109/137
Дата11.09.2023
өлшемі295.49 Kb.
#477090
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   137
УМКД каз яз 1-сем сабак

ОСӨЖ: «Талғам туралы дауласпайды» тақырыбына эссе жазыңыз.
Ортадан жоғары деңгей (В2)
12-апта
Қазақтың уақыт өлшемдері.
Мезгіл мәнді сөйлемнің берілуі. Барыс және шығыс септік+кейін, дейін, шейін, соң, бері, бұрын тіркестері арқылы жасалуы. Тұрақты тіркестер (сүт пісірім, ет асым, күн төбеге көтерлігенде, қас қарайған кезде) арқылы берілуі
Қазақтың уақыт өлшемдері – қазақ халқының тұрмыс-салт ерекшеліктеріне, кәсіптік қажеттілігіне байланысты қалыптасқан өлшем бірліктері. Мысалы, «бір қыдыру жер», «түстік жер», «айшылық жол» деген сөз тіркестері қашықтықты білдіреді. Шығыс халықтарының көбісінде ең кіші салмақ өлшеміне арпа дәні алынған. Кейбір жазба әдебиеттерде сақталған мәліметтер бойынша арпа дәні алтын мен асыл тастардың салмағын теңеуге арналған қазыналық өлшем ретінде қолданылған. Оған қарағанда бір арпа дәні шамамен 45 мг болған. Сондай-ақ, уақыт мөлшерін болжауға Күннің, Айдың немесе басқа да аспан шырақтарының көкжиекпен салыстырғандағы орны алынған. Егін шаруашылығымен айналысатын аймақтарда уақыт мөлшерін судың белгілі бір ыдыстан ығысып шығу мерзімі бойынша анықтаған. Жетілдіріле келе бұл ыдыстар су сағатына айналған. Мұндай бірліктердің басым көпшілігі адамның көзбен шамалауымен, жұмсалған күш сезімімен, белгілі бір қашықтықты жүріп өту мерзімімен мөлшерленген. Сондықтан халық арасында жылқыға байланысты «ат шаптырым жер», «бие сауым уақыт», «екі елі қазы» тәрізді қашықтықты, уақытты, қалыңдықты білдіретін өлшемдік мәні бар сөздер жиі айтылады. Байырғы өлшем бірліктері жуық мәнді болса да, халық қажетін өтеп отырған. Халық арасында сұйықтықты (қымыз, шұбат, т.б.) сақтайтын көнек, жанторсық, торсық, мес, саба тәрізді мал терісінен жасалған ыдыстар сол сұйықтықтың мөлшерін шамалауға жиі қолданылған.


Мезгіл мәнді сөйлемнің берілуі.
Мезгіл үстеулері, септік шылаулары,-ғанда, -генде, -кенде, -қанда және т.б. грамматикалық тіркестер арқылы жасалады.
Барыс және шығыс септік+кейін, дейін, шейін, соң, бері, бұрын тіркестері арқылы жасалуы.
Барыс септік жанама объектіні және қимылдың, іс-әрекеттің кімге, неге бағытталғанын, кейде мақсатын білдіреді. Мысалы: Толқынға толқын еркелеп, Меруерт көбікке оранып… Жарға жетер ентелеп (М. Жұмабаев). Барыс септікті сөз дейін, шейін, қарай деген шылаулармен тіркесіп те жұмсалады.
Шығыс септік қимылдың, іс-әрекеттің неден, қайдан шыққанын, басталғанын білдіріп, сөйлемде толықтауыш және мекен, мезгіл пысықтауыш кызметін атқарады. Мысалы: Толқыннан толқын туады (М. Жұмабаев). Бұл сапарга біз Москвадан келе жатырмыз (С. Мұқанов). Шығыс септікті сөз кейде баяндауыш та болады. Біз Жетісуданбыз. Шығыс септікті сөз кейін, соң, бері сияқты шылаулармен де тіркесіп жұмсалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет